4. Магистраль құбырларындағы азаматтық қорғаныс
инженерлік-техникалық іс-шаралары
160. Жер үсті құбырларын салуда магистраль құбырларының трассаларын (газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын) қирауы мүмкін аймақтардан тыс, ал оларды тереңдетіп орналастырған кезде – күшті қирау аймақтарынан тыс өткізілуін жоспарлау көзделеді.
Ықтимал аз қираулар аймақтарында магистральдық құбырларды тек кедергілер арқылы ғана ашық (тереңдетілмеген) салуға болады.
Ықтимал апаттық су басу аймақтарында магистральдық құбырлар салуда ашық (тереңдетілмеген) учаскелердің саны барынша азайтылады және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.
161. Магистральдық құбырлар трассасындағы қотарғыш насостық және компрессорлық станцияларды ықтимал күшті қираулар аймақтарынан және ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналастыруды қажет етеді.
Ғимараттар мен құрылыстардан қотарғыш насостық және компрессорлық станциялары құбырларының барынша аз алыстатылуын магистральдық құбырларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес алу керек.
162. Магистральдық газ құбырларын жобалауда олардың жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан газ құбырларымен сақиналануы көзделеді.
5. Теңіз және өзен көліктерінің объектілеріндегі азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шаралары
163. Теңіз және өзен көліктерінің жағалық объектілеріндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар:
1) ықтимал күшті қираулар аймақтарындағы, қосалқы жүк алмасу пункттерінде, рейдтік жағдайларда теңіз жүк алмасу жұмыстарын орындау пункттерінде, сондай-ақ қосалқы кеме жөндеу базаларда, қайта жабдықтау мен шашыраңқы орналастыру жағдайындағы кеме жөндеу және жүзетін доктар тұрақтарында орналасқан теңіз пункттерінде орналасқан порттар, кеме жөндеу зауыттары және өзен кемелерін жөндеу-пайдалану базалары үшін электр энергиясымен (оның ішінде кеме электр станцияларынан жағалауға электр энергиясын беру есебінен), сумен, жанармаймен, майлау және басқа да материалдармен, қосалқы бөлшектермен тұрақты түрде жабдықтау;
2) теңіз көлігі объектілерін су асты ядролық жарылыстарының гравитациялық толқындарының әсерінен, ал өзен көлігі объектілерін – су тораптарының қысымдық фронтының қирауы кезіндегі су қоймаларының үдемелі жұмыс істеу мүмкіндігін есепке ала отырып, алып толқын әсерінен қорғау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру көзделеді.
164. Қосалқы жүк алмастыру пункті, қосалқы кеме жөндеу базасы және жүзетін доктар тұрақтарын азаматтық қорғаныс бойынша санатталмаған және санатталған порттар мен порт пункттерінде, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған қирауы мүмкін аймақтардан тыс орналасқан жабдықталмаған жағалаулар мен өзен жағаларында және азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңыздағы санаттағы ұйымдарда, сондай-ақ су асты ядролық жарылыстарының гравитациялық толқындарының зақымдаушы әсерінен тыс аймақтарда құрылады.
Қосалқы жүк алмастыру пункттері мен қосалқы кеме жөндеу базаларын порт және техникалық кемелердің жүзу құралдарын тарта отырып, негізінен жылжымалы жүк алмастыру және кеме жөндеу құралдарын қолдану есебінен жүзеге асыру керек.
165. Қосалқы жүк алмастыру пункттері, қосалқы кеме жөндеу базалары, жабдықталмаған су жағаларындағы жүк операцияларын жүргізу үшін таңдалған жерлер және рейдтік жүк алмастыру жұмыстарының пункттері республикалық маңыздағы темір жол немесе автожол желілерімен байланыстырылады.
166. Порттың бас жоспарын әзірлеуде ашық сақталатын жүктерге арналған алаңдар мен жабық қоймалардың, ал кеме жөндеу зауытының бас жоспарын әзірлеуде жабық өндірістік ғимараттарды жөндеу жұмыстары өндірісіне және ірі габаритті тораптар, бөлшектер мен материалдарды қоймаға салуға арналған ашық алаңдармен кезектесіп келуін қажет етеді.
167. Пост және кеме жөндеу зауыттарын жобалауда азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстары су асты ядролық жарылыстарының гравитациялық толқындарымен немесе гидротораптардың қирауы кезіндегі ықтимал ірі толқындар басып қалу аймақтарынан тыс орналасады. Су баспайтын аймақтар болмаған жағдайда қорғаныс құрылыстарын аталған құрылыстардың есебінен аспайтын қысым туғызбайтын биіктіктегі толқындардың әсер ететін жерлерінде орналастырылады.
168. Разрядты жүктерді тиеу (түсіру) айлақтары, вагондардың (цистерналар) жиналуына (бос тұруы) арналған теміржол жолдары, мұндай жүктері бар кемелердің су айдындары өндірістік және қойма ғимараттарынан, сондай-ақ басқа да айлақтардан, өзге жүктері бар кеме тұрақтарының орындарынан және өзі тұтанғыш және тез жанғыш жүктерді орналастыратын орындардан 250 метрден кем емес қашықтыққа алыстайды.
Разрядты жүктері бар аталған жағалау объектілері күшті әсер ететін улағыш заттарды тасуда, су бүркеніштерін қою жүйесімен және су құйғышпен (газсыздандырғыш), сондай-ақ ықтимал қауіпті химиялық зақымдау аймақтарында тұратын жұмысшы персонал мен халықты күшті әсер ететін улағыш заттардан болатын авария туралы құлақтандырудың жергілікті жүйесімен жабдықталады.
169. Аялдау және бункерлік мұнай базаларын жобалауда теміржол цистерналарынан сұйық отынды кемелерге айлақсыз құю, сондай-ақ танкерлерді жүзетін бункерлік мұнай базалары ретінде қолдану көзделеді.
170. Азаматтық қорғаныстың топтарына жатқызылған қалаларда орналасқан порттар мен кеме жөндеу зауыттары, сондай-ақ жеке орналасқан азаматтық қорғаныстың санаттарына жатқызылған порттар мен кеме жөндеу зауыттары басқарудың қорғалған пункттерімен қамтамасыз етіледі.
171. Қосалқы жүк алмастыру пункттері, қосалқы кеме жөндеу базалары мен жүзу құралдары тұрақтарының базалары азаматтық қорғаныстың құлақтандыру дабылдарын жеткілікті қабылдау және жіберудің қажетті байланыс құралдарымен, жүк алмастыру жұмыстарына басшылықты жүзеге асырумен, кәсіпорындардың өнеркәсіптік жұмыстарымен, сондай-ақ кеме қозғалысын басқарумен қамтамасыз етіледі.
6. Әуе көліктерінің объектілеріндегі азаматтық қорғаныс
инженерлік-техникалық іс-шаралары
172. Соғыс уақытында азаматтық авиацияның тұрақты жұмыс істеуін арттыру мақсатында азаматтық авиация ұйымдары үшін шоғырландырылған аэродромдар көзделеді.
173. Шоғырландырылған аэродромдар ретінде барлық аэродромдарды (қажет болғанда алдын ала жабдықтау) және ең алдымен ықтимал қирау аймақтары мен ықтимал апаттық су басу аймақтары, сондай-ақ бейбіт уақытта арнайы дайындалатын автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерін қолдану көзделеді.
174. Жаңа әуежайлар салу және қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде адамдардың санитариялық өңдеу, техника мен мүлікті залалсыздандыру бойынша инженерлік-техникалық іс-шаралары көзделеді.
175. Жаңа әуежайларды жобалау кезінде, сондай-ақ қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде ықтимал қирау аймақтарында орналасқан әуежайлардың жанармай және майлау материалдарының тиісті қоймаларын қайта жөндеу кезінде жанармай және майлау материалдарына арналған жер асты сыйымдылықтары құрылыстары қарастырылады.
Тиісті негіздеме болғанда жер үсті жатқызылған сыйымдылықтарда жанармай және майлау материалдарын сақтауға болады.
176. Ықтимал қирау аймақтарынан тыс орналасқан әуежайлар ықтимал қирау аймақтарынан тыс орналасқан электр энергиясы мен электр жүйелерінің сыртқы көздерінің орталықтандырылған электрмен жабдықтауымен қамтамасыз етіледі.
Егер әуежайлардың электрмен жабдықтау желілері ықтимал қирау аймақтары шегімен өтетін болса, олардың кабельдік орындалуы ескеріледі.
177. Соғыс уақытында әуе қозғалысын, өндірісті, азаматтық қорғанысты және әуеайлақ ауданындағы әуе қозғалыстарын басқару үшін азаматтық авиация аудандарында әуежайларды басқарудың қорғалған пункттері құрылады.
178. Өндірістік-шаруашылық қызмет пен азаматтық қорғанысты басқару үшін басқарудың қорғалған пункттері құрылады. Азаматтық авиацияны ұйымдастыруды басқарудың қорғалған пункттері әуежайларды басқарудың қорғалған пункттері функциясын да орындайды.
179. Әуе қозғалыстарын басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында басқарудың қорғалған пункттерін ықтимал қирау аймақтары мен ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналастыру көзделеді. Жекелеген жағдайларда авиацияны басқарудың басқа да пункттерімен біріктірілуі мүмкін.
180. Түрлі мақсаттағы басқарудың қорғалған пункттері және оларға жіберілетін радиоорталықтар осы Нұсқаулыққа сәйкес қорғау дәрежесін қамтамасыз етуге есептеледі.
Жіберілетін радиоорталықтар ықтимал қирау аймақтары мен ықтимал апаттық су басу аймақтарынан тыс орналастырылады.
8-тарау. Ауыл шаруашылығы малдарын, өсімдік шаруашылығы мен азық-түліктерді қорғау
1. Ауыл шаруашылығы малдарын қорғау
181. Ықтимал қирау аймақтарынан тыс орналасқан аудандарда азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалар мен азаматтық қорғаныс бойынша ерекше маңызды санаттағы ұйымдарда соғыс уақытында радиоактивті ластанудан (зақымдалудан) ауыл шаруашылығы малдарының қорғалуы көзделеді.
Аталған малдардың қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін даярлық инженерлік-техникалық іс-шаралар бір тәулік ішінде тиісті қорғау режиміне ауысу мүмкіндігін қамтамасыздандыруды ескере отырып, алдын ала бейбіт уақытта жүргізіледі.
182. Малдарды сумен қамтамасыздандыру үшін фермерлер мен кешендерде қорғалған су жинау ұңғымалар жабдықталады. Резервтік сумен қамтамасыз ету ретінде жұмыс істеп тұрған және жаңартылатын шахталық және құбырлы құдықтардың, сондай-ақ қорғалған резервуарлардың қолданылуы көзделеді.
183. Ластанған (зақымданған) жануарларға ветеринарлық өңдеу жүргізу үшін фермерлер мен кешендердегі арнайы алаңдардың жабдықталуы көзделеді.
184. Мал шаруашылығы фермерлері мен кешендерінде, сондай-ақ құс фабрикаларында электрмен жабдықтаудың автономды көзі болуы ескеріледі.
2. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдері
мен азық-түлік тауарларын қорғау
185. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ұйымдарының, сондай-ақ базалар, тоңазытқыштар мен азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалардың жаңасын жобалау және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезінде осы өнімдер мен тауарлардың радиоактивті заттардың аэрозольдері мен улағыш заттар, биологиялық (бактериялық) құралдардан зақымдалудан қорғалуы көзделеді.
186. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ұйымдарының, сондай-ақ базалар, тоңазытқыштар мен азық-түлік сақтауға арналған қоймалардың өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың қоршалған құрылыс құрылымдары осы құрылымдардың нығыздалуы немесе герметикалануы есебінен қамтамасыз етілетін радиоактивті заттар, улағыш заттар, биологиялық (бактериялық) құралдардың аэрозольдері үшін қажетті өткізбеушілігі болуы тиіс.
187. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың үй-жайларын, сондай-ақ базалар, тоңазытқыштар мен қоймаларды азық-түліктерді сақтау үшін қалыңдату (герметизациялау) жаппай зақымдау құралдарынан сақтау үшін азық-түлік тауарларын, азық шикізаттары мен жем-шөпті сақтауға арналған базаларды, тоңазытқыштарды, қоймалар мен басқа да үй-жайларды қалыңдату (герметизациялау) бойынша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
188. Газды ортада сақталуға лайықталған азық-түлік қоймалары герметикалануға жатады және қосымша герметикалануға жатпайды.
9-тарау. Қалалық, ауылдық қоныстардың және шаруашылық жүргізу объектілерінің жарықтық бүркемеленуі
189. Жарықтық бүркемелеу тәуліктің қараңғы кезінде айқындауды қиындататын қалалық және ауылдық қоныстар мен ұйымдарды әуеден визуальды немесе көрінетін аймаққа (0,40 – 0,76 мкм) есептелген оптикалық құралдар көмегімен бақылау жолымен анықтауды қиындататын жағдай туғызу үшін жүргізіледі.
190. Жарықтық бүркемелеу аймағына кіретін қалалық, ауылдық қоныстар мен объектілердің жарықтық бүркемеленуі екі: жартылай және толық қараңғылау режимінде көзделеді.
Осы режимдерде жарықтық бүркемелеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін даярлық іс-шаралары алдын ала бейбіт уақытта өткізіледі.
191. Жартылай қараңғылау режимінде толық қараңғылау режиміне өтуге дайындықтың аяқталуы қарастырылады. Жартылай қараңғылау режимі қалалық, ауылдық қоныстар мен объектілердің қалыпты өндірістік қызметін бұзбауы керек.
Дағдылы жарықтандырудан жартылай қараңғылау режиміне ауысу 16 сағаттан кем емес уақытта жүргізіледі.
Жартылай қараңғылау режимі толық қараңғылау режимінің жұмыс уақытынан басқа, ол енгізілгеннен кейінгі уақытта тұрақты түрде жұмыс істейді.
192. Толық қараңғылау режимі «Әуе дабылы» дабылы бойынша енгізіледі және «Әуе дабылын тоқтат» дабылының хабарлануымен тоқтатылады.
Жартылай қараңғылау режимінен толық қараңғылау режиміне ауысу 3 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырылады.
Өндірістік оттардың (алау, ыстық шлактар, балқытылған металдар және тағы сондай) жарықтық бүркемеленуі кезінде толық қараңғылау режиміне 10 минутқа дейінгі уақытта өту ұзақтығының көбеюі мүмкін. Бұл жағдайда өндірістік үй-жайлардың ішкі электрмен жарықтануын, онда орналасқан өндірістік оттардың жарықтық бүркемеленуі аяқталғаннан кейін, бірақ «Әуе дабылы» дабылы берілгеннен кейінгі 10 минуттан кейін ажыратуға болады.
193. Қала көлігін, сондай-ақ оның қозғалысын жартылай қараңғылау режимінде реттеу құралдарын жарықтық бүркемелеуге болмайды.
Толық қараңғылау режимінде қалалық жер үсті көлігі тоқтайды, оның жарықтандыру оттары, сондай-ақ қозғалысты реттеу құралдары ажыратылады.
194. Темір жол, әуе, теңіз, автомобиль және өзен көліктерін жарықтық бүркемелеу қалалық және елді мекендерді және ұйымдарды жарықтық бүркемелеуді жобалау нормаларының талаптарына, сондай-ақ көліктің тиісті түрлерінің жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып әзірленетін жарықтық бүркемелеу бойынша ведомстволық нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
10-тарау. Адамдарды санитариялық тазалауға, киім және
автокөлікті арнайы өңдеуге бейімделген
коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер
195. Қайта салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған қоғамдық моншалар, кір жуатын және химиялық тазалау кәсіпорындары, сондай-ақ автокөлікті жуу бекеттері соғыс уақытында сондай-ақ өндірістік аварияларда, апаттарда немесе табиғи зілзалаларда сәйкесінше адамдарды санитариялық тазалауға, киімді және автокөлікті арнайы өңдеуге бейімделеді.
Бұл жобаларда екі кезеңді бөліп көрсеткен жөн:
1) 1-кезең – жаңа объектілерді салу және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау барысында, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді түрлі жөндеу кезінде алдын ала орындалуы тиісті даярлық іс-шаралары, бұл кезеңде объектілерді 24 сағат ішінде адамдарды санитариялық тазалау режиміне, киім мен автокөлікті арнайы өңдеу өткізуді қамтамасыз ететін, бірақ олардың бейбіт уақыт режиміндегі жұмысын қиындатпайтын аса қиын құрылыс-монтаж жұмыстарын кіргізген жөн;
2) 2-кезең – адамдарды санитариялық тазалау, киім мен автокөлікті арнайы өңдеу режиміне объектілерді ауыстыру бойынша соғыс уақытында жүзеге асырылатын іс-шаралар. Осы кезеңге 1-кезеңде орындалуы мақсатқа сәйкес келмеген іс-шаралар енгізіледі.
196. Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді радиоактивті заттар, улағыш заттар, биологиялық (бактериялық) құралдар жұқтырған (ластанған) адамдарды санитариялық тазалау, киім мен автокөлікті арнайы өңдеу үшін жобалау кезінде ластанған адамдар ағынының тиісті өңдеуден өткен ағынмен тоғыспауына жол бермейтіндей осы объектілердің тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін және өңдеу ағынын көздейді.
197. Адамдарды санитариялық тазалау режимінде монша немесе душтың өткізу шамасы, киімді арнайы тазалау режиміндегі кір жуу орны немесе химиялық тазарту кәсіпорнының өндірістік қуаты, сондай-ақ автокөлікті арнайы тазалау бойынша учаскенің өткізу қабілеті Адамдарды санитариялық тазалау, киімді және автокөлік қозғалыс құрамын арнайы тазалауға арналған коммуналдық-тұрмыстық объектілердің қолайлығын жобалау нормасының талаптарына сәйкес анықталады.
_________________________________________
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен
мазмұны жөніндегі нұсқаулығына 1-қосымша
Ықтимал күшті және әлсіз қирау аймақтарының шекаралары
-
|
Ықтимал қирау аймақтарының шекаралары
|
Күшті
|
Әлсіз
|
Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қалалар
|
Қаланың жобалау құрылысының шекарасында
|
Қаланың жобалау құрылысының шекарасынан 7 км
|
Азаматтық қорғаныс бойынша қалалардың тобынан тыс орналасқан аса маңызды объектілер
|
Объектінің жобалау құрылысының шекарасынан 3 км
|
Объектінің жобалау құрылысының шекарасынан 10 км
|
____________________________
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық
іс-шаралары көлемі мен мазмұны
жөніндегі нұсқаулығына
2-қосымша
Күшті әсер ететін улы заттар сыйымдылықтарынан ықтимал қауіпті химиялық зақымдау аймағы
шекараларын қашықтату
1-кесте
Қоршау биіктігі
(тұғы
рық, стақан, м)
|
Күшті әсер ететін улы заттар сыйымдылықтарынан ықтимал қауіпті химиялық зақымдау аймағы
шекараларын қашықтату, шақырым
|
Аммиак
|
Циан сті сутегі
|
Нит
рил акрилді қыш
қыл
|
Күкіртті
ангидрид
|
Күкіртті сутегі
|
Күкіртті көміртегі
|
Фосген
|
Хлор
|
Хлорпикрин
|
Сірке ангидриді
|
Хлорлы винил
|
Дихлорэтан
|
Азот қыш
қылы
|
Тұз қыш
қылы
|
Бром метилі
|
Изоцинат метилі
|
Қор-
шау-
сыз
|
1,15
|
2,6
|
0,9
|
1,1
|
0,9
|
0,2
|
8
|
5,7
|
1,8
|
0,15
|
0,45
|
0,3
|
0,45
|
0,8
|
0,65
|
4,5
|
1
|
0,35
|
1,25
|
0,43
|
0,5
|
0,45
|
0,07
|
2,5
|
1,2
|
0,6
|
0,06
|
0,07
|
0,13
|
0,21
|
0,38
|
0,45
|
1,6
|
2
|
0,25
|
1
|
0,3
|
0,38
|
0,35
|
0,07
|
1,9
|
1
|
0,45
|
-
|
0,06
|
0,08
|
0,14
|
0,33
|
0,38
|
1,5
|
3
|
0,23
|
0,95
|
0,27
|
0,35
|
0,3
|
0,07
|
1,65
|
0,9
|
0,38
|
-
|
-
|
0,06
|
0,12
|
0,3
|
0,48
|
1,5
|
Ескерту. 1- кестеде көрсетілген қашықтықты:
қоршалмаған сыйымдылықтар үшін - резервуар қабырғасынан;
қоршалған сыйымдылықтар үшін – қоршаудың (тұғырықтың, стақанның) ішкі шекарасынан анықтау керек.
Сыйымдылықтардағы күшті әсер ететін улы заттардың басқа мөлшерінде ықтимал қауіпті химиялық зақымдау аймағы
шекараларын қашықтатуды анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген коэффициенттерді пайдалану қажет.
2-кесте
-
Күшті әсер ететін улы заттар мөлшері, т
|
1
|
5
|
10
|
25
|
50
|
100
|
250
|
500
|
1000
|
2000
|
5000
|
10000
|
20000 және одан артық
|
Түзету коэффициенті
|
0,1
|
0,3
|
0,4
|
0,7
|
1
|
1,5
|
2,5
|
3,6
|
5,3
|
8,9
|
13
|
19
|
28,2
|
Достарыңызбен бөлісу: |