Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»



жүктеу 0,9 Mb.
бет2/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#17212
1   2   3   4   5   6

ҚР-ның ҚНмЕ 3.01-07-2007 «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларының құрамы, әзірлеу, келісі және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасының Құрылыстық нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес қала құрылысы жобалары;

ҚР-ның ҚН 1.02-03-2011 «Құрылысқа құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және жобалық құрамы тәртібі» Қазақстан Республикасының Құрылыстық нормалары талаптарына сәйкес құрылысқа арналған жобалық құжаттама құрамында көзделген.


15. Бөлімді әзірлеу үшін шығыс деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымдарының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.

Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (олардың құзыреті шегінде) белгіленген аудандық жоба жай-күйі туралы шығыс деректерді және бөлімді ұстау бойынша ұсынымдар мен талаптар беріледі.

16. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары» бөлімі мәтіндік және графикалық бөлімнен тұруы және мына деректерді қосу тиіс.

Қала құрылыс жобалары үшін:

- жалпы түсіндірме жазба (жобалататын аумақтың онда орналасқан, соның ішінде ықтимал қауіпті объектілердің қысқаша сипаттамасы, ауданның табиғи-климаттық жағдайы, бөлімді қабылдау нәтижесі және т.б.);

- жобалық шешім бөлімі (өндірістік күштерді орналастыру және халықты қоныстандыру, азаматтық қорғаныс бойынша қалалар топтары мен объектілер санаттары, сипаттамаларын есепке ала отырып, ықтимал қауіптер аймақтары, қосымша ақпарат);

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шешім бөлімі (халықты құлақтандыру жүйелері жөнінде, кәсіпорындар технологиялық процестерін авариясыз тоқтату, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа іс-шаралар жөнінде шешімдер);

- соғыс уақыты жағдайындағы шешім бөлімі (мейлінше көп жұмыс істейтін ауысым саны, қорғау құрылыстарының саны мен орналасуы, мейлінше көп жұмыс істейтін ауысым есебінен шыға отырып, оның сыныбы, сиымдылығы, жай-күйі, қосымша құрылысқа қажеттілігі және негіздемесі. Жеке қорғау құралдарының қажет санының болуы мен есебі. Қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға жататын халықтың саны, басқа іс-шаралар).

Құрылысқа арналған жобалық құжаттама үшін:

- жалпы түсіндірме жазба (азаматтық қорғаныс жөніндегі жобалау объектісінің санаты туралы есепке алу деректері, жақын орналасқан объектілер азаматтық қорғаныс бойынша санаты, ауданның табиғи-климаттық жағдайлары туралы деректер, бөлімді қабылдаудың нәтижесі және т.б. жүргізіледі);

- жобалық шешім бөлімі (тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің түріне, қорғау қасиеттеріне талаптар, сипаттамаларына және жобаланатын объектіде азаматтық қорғаныс паналау қорғау құрылыстарын қабылдауға әзірлігі немесе қажеттілік болмаған жағдайда оған негіздеме. Азаматтық қорғаныс қорғау құрылыстардың болуы, жақын орналасқан аумақтағы объектілер немесе елді мекендердің сипаттамалары туралы мәліметтер);

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шешім бөлімі (құрылыс алаңдары аумағында байқалатын қауіпті табиғи процестер: жер сілкіністері, сырғымалар, селдер және басқа алдына ала қорғау шаралары туралы мәліметтер. Мейлінше көп жұмыс істейтін ауысымды құлақтандыру жүйесі жөнінде, объектінің технологиялық процестерін авариясыз тоқтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелері жөнінде шешімдер, жобалау кезінде ескерілуі қажет қосымша мәліметтер);

Қосымша талаптар:

- күшті әсер ететін улы заттар, жарылғыш жаттар, тез тұтанатын және жанатын заттарды пайдаланатын, өндірілетін немесе сақталатын объектілер үшін (басқару пульттерінің орналасу және олардың негізгі элементтерінің қосарлану орындары туралы мәліметтер. Сыйымдылықтар мен коммуникацияларды ауаның соққы толқынының қиратуларынан қорғау. Қауіпті сұйықтықтардың төгілуін жою, аса қауіпті учаскелерді босату жөніндегі іс-шаралар. Соғыс уақытында өндірістің жұмыс істеуі үшін қажет кәсіпорындардың кіреберіс жолдарында, аралық қоймаларда және технологиялық сыйымдылықтарда тұрған қауіпті заттардың қорын және сақтау мерзімдерін мейлінше азайту үшін барынша мүмкін болатын іс-шаралар. Жарылғыш материалдарды сақтау орындарын сенімді күзетті қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер);

- магистральді мұнай, газ құбырлары үшін (магистральдық құбыр жолдарындағы бір техникалық коридордағы, жылына шатты отын тоннадағы мұнайды, газды тасымалдаудың барынша көп көлемі туралы мәлімет. Магистральді құбыр жоларының көрші техникалық коридорларға дейінгі, қайта айдайтын сорғылар мен компрессорлық станциялар арасындағы бір коридордағы сияқты, көрші техникалық коридорлардағы қашықтық. Соққы толқын қысымынан (импульсынан) іске қосылатын ажырату құрылғыларының, тұйық учаскелердің арасындағы бөгеулердің, газ құбырлары шығыршықтарының болуы).

- атом станциялары үшін (елді мекендерді, қорықтарды, табиғи ұлттық бақты, су объектілерін жобалау құрылыстары шекарасына дейін қашықтық, Санитариялық-қорғау аймағы мен бақылау аймағы өлшемдерінің негіздемелері: есептеу техникасымен, байланыс, құлақтандыру, объектілер аумағындағы радиациялық және метеорологиялық ахуал туралы ақпарат жинау құралдарымен жарақталған қосалқы басқару пункттерін салу жобалары. Зақымдалуы ықтимал аймаққа кіретін халықтың саны, ондағы қоныстану тығыздығы туралы мәлімет, көрсетілген аймақтан халықты эвакуациялау мүмкіндігіне негіздеме.Үш-төрт бағыттан атом станциясына шығуды қамтамасыз ететін қауіпті радиоактивті ластануы ықтимал аймақта жолдардың болуы және оны жабу туралы мәлімет).

- гидротехникалық құрылыстар үшін (құрылыстардың беріктігі туралы ақпарат. Құрылыстың қирауы кезінде жарып өтетін толқынының және төменгі бьефте ықтимал су басу аймағының шекараларының параметрлерін айқындау. Құрылыстардың бұзылуының алдын алу үшін олардың төменгі бьефтерде су деңгейінің көтерілуі туралы сигналдар беруді қамтамасыз ететін аспаптардың болуы және сипаттамалары туралы мәлімет)

- теңіз және өзен көлігі объектілері үшін (шоғырлану жағдайларында қайта жабдықталу қосалқы теңіз пункттері туралы мәлімет. Жағалау объектілерін электр энергиясымен, сумен, жанатын, жағатын және басқа материалдармен, қосалқы бөлшектермен тұрақты жабдықтау жөнінде шешім.ықтимал апатты су басу аймағында теңіз көлік объектілерін, ал өзен көлік объектілерін су қоймалары гидротораптарының бұзылу кезінде жарып өтетін толқын әсерінен қорғау жөніндегі шешім. Күшті әсер ететін улы заттар төгілген жағдайда жағалау объектілерінде су қалқаны немесе газсыздандырғыштарды орнату жүйелерінің, сондай-ақ авариялар туралы құлақтандыру жергілікті жүйелерінің болуы).

- әуе көлігі объектілері үшін (шоғырлану әуежайларының болуы, орналастыру орындары және сипаттамалар туралы мәлімет, адамдарды санитариялық тазартуды, техника мен мүлікті зарасыздандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шешім. Жанар-жағармай материалдары қоймаларын қорғау жөніндегі іс-шаралар туралы мәлімет).

- ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіптік объектілер үшін (Радиоактивтік заттардан, уландыратын заттардан және бактериялық құралдардан ауыл шаруашылық малдарын және агроөнеркәсіптік өндіріс өнімдерін қорғау жөніндегі шешім. Ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіптік кешендерде электрмен жабдықтау автономдық көздерінің болуы және сипаттамасы туралы мәлімет).



2-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстары


  1. Жалпы ережелер

17. Халықты қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың негізгі әдістері, оларды қорғаныс құрылыстарында паналату болып табылады.

Осындай мақсатта ұйымдар мен халықтың қажеттіліктері үшін пайдаланылатын баспаналар мен радиацияға қарсы жасарын паналар – қорғаныс құрылыстарының жоспарлы қажетті қор жинауды жүзеге асырады.

Қорғау құрылыстары паналаушыларды қабылдау үшін 12 сағаттан аспайтын мерзім ішінде дайындыққа келтіріледі, ал атом станциялары мен химиялық қауіпті объектілерде паналаушыларды дереу қабылдауға әзірлікке келтіріледі.

Химиялық қауіпті объектілердің құрамына кіретін қорғау құрылыстары мен атом станцияларында бірінші кезекте іске қосылатын объектілерді қосу қажет. Бұл ретте атом станцияларының құрылысын салу кезінде баспаналарды пайдалануға беруде олардың бірінші энергиялық блогын физикалық қосу көзделеді.

18. Соғыс уақытында қатты қирауы мүмкін аймақтарға орналасқан және өзінің жұмысын жалғастырып жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ететін ұйымдардың кезекші және желілі ауысымдарда жұмыс істейтін персоналын қорғау паналарда көзделеді.

Атом станцияларында осы станциялардың жұмысы мен тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ететін станция персоналын, әскери және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамын қоса алғанда, кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін станциялар паналарында қорғау көзделеді.

Қатты қирауы мүмкін аймақтардың шегінде орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың және басқа да ұйымдардың көп жұмысшылар істейтін ауысымы, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда, ауылдық елді мекендерде тұратын халықты және көрсетілген қалалар мен ауылдық мекендерге эвакуацияланған халықты радиацияға қарсы жасарын паналарда қорғау көзделеді.

19. Ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілер үшін қорғау құрылыстарының қоры (көп жұмысшылар істейтін ауысым) осы ұйымдардың аумағында немесе оған жақын жерлерде құрылады.

20. Бейбіт уақытта қорғау құрылыстарының қорын құру:

1) халықтың мүддесін қорғауда ғимараттарды бейімдеу және пайдалануды ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қажеттіліктері үшін жер асты құрылыстарын кешенді игеру, нақты айтқанда:

әртүрлі мақсаттарға арналған жаңадан салынып жатқан және жұмыс істеп жатқан ғимараттар мен құрылыстарда жер төлелерді қорғау құрылыстарына бейімдеу;

жаңадан салынып жатқан және әртүрлі мақсаттарға арналған жеке тұрған қазылған құрылыстарды қорғау құрылыстарына бейімдеу;

метрополитендерді паналайтын жерлерге бейімдеу;

халықты қорғау үшін жер асты кен орындарын, үңгірлер мен басқа да жер асты қуыстарын бейімдеу;

2) салынған және жаңадан салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың төменгі бөлігіндегі және жер асты қабаттарындағы үй-жайларды қорғау құрылыстарына бейімдеу немесе жеке тұрған биік қорғау құрылыстарын салу арқылы жүзеге асырылады.

21. Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарын жобалау ҚР-ның ҚН 2.04-09-2002 «Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына және басқа нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

22. Паналайтын жерлер мен радиацияға қарсы жасырын паналар қорғау құрылыстарын орналастыру схемаларына сәйкес паналаушылар жиналу радиусының шегінде орналастырылады.

Көрсетілген схемалар осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың барлық түрінде:

- Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемаларынан, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларынан;

- ұйымдар мен өнеркәсіптік салаларды дамыту мен орналастыру схемаларынан;

- аудандық жобалау схемалары мен жобаларынан басқа азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары бөлімдерінің құрамында әзірленеді.

23. Ұйымдар мен елді мекендердегі тұрғын ұй құрылыстарында объектіні, елді мекенді, ауданды және қаланы басқару пунктінің бірі қорғау құрылыстары болып жабдықталады.

Атом станциясының аумағында немесе олардан шамалы алшақтықта есептеу техникасымен, байланыс, құлақтандыру құралдарымен, станция аумағындағы, санитариялық-қорғау аймағында және атом станциясын бақылау аймағында радиациялық және метеорологиялық жағдай туралы ақпарат жинаумен жарақтандырылған аварияға қарсы іс-қимылдарды басқаратын қорғаныс пункттері құрылады.

24. Алып жүруге жарамсыз ауру адамдарды, сондай-ақ қатты қирауы ықтимал аймақтарда орналасқан жаңадан жобаланған, құрылысы салынып жатқан және жұмыс істеп жатқан денсаулық сақтау мекемелеріндегі (ауруханалар мен емханалардағы) медициналық және қызмет көрсетуші персоналды баспаналардапаналату көзделеді. Бұл ретте көрсетілген аурулардың саны бейбіт уақыттағы емдеу мекемелерінің жалпы жобалау сыйымдылығының 10 % кем болмайтындай етіп қабылданады.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және сол санаттағы объектілердің қатты қирауы ықтимал аймақтарға орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерінің ауру адамдарын, медициналық және қызмет көрсету персоналын бейбіт уақытта олардың жұмыс істеу шарттары бойынша мекеменің толық сандық құрамына жобаланатын радиацияға қарсы жасырын паналарда қорғау көзделеді.

Бейбіт уақытта жұмыс істейтін және құрамында кереуеттер қоры немесе ауру адамдарды, медициналық және қызмет көрсету персоналын қорғауға арналған негізгі үй-жайлардан басқа соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелері бар денсаулық сақтау мекемелерінің қорғау құрылыстарында емдеу процесін жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі жұмыс істейтін үй-жайлар көзделеді.

25. Пайдалы қазбалар өндіретін ұйымдардың ауысыммен жұмыс істейтін персоналын шахталар мен кендердің жер асты тау-кен қазбаларында орналасқан қорғау құрылыстарында паналату көзделеді.

Көрсетілген құрылыстарда жер бетінде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау мүмкіндігі болмаған жағдайда оларды 17-тармаққа сәйкес қорғау құрылыстарында паналату көзделеді.

26. Қатты қирауы ықтимал аумаққа орналасқан жаңа құрылыстарды салуға немесе оларды кеңейтуге, қайта жаңартға және пайдалануға объектілерді техникалық қайта жарақтандыруға қатысушы құрылысшылар, басқа да жұмысшылар мен қызметшілер осы объектілердің ең көп жұмыс істейтін ауысымын қорғау үшін радиациядан қорғау баспаналарын паналайды.

Қатты қирауы ықтимал аумақтың шегінде объектілер салынған жағдайда көрсетілген халықтың құрамы жұмыс орны, тұрған немесе көшкен жері бойынша радиациядан қорғану баспаналарын паналайды.

27. Жұмыс істейтін ауысым саны 50 және одан да аз адамнан тұратын ұйымдарда ұйымдардың ең көбірек жұмыс істейтін ауысыммен паналатуды қамтамасыз ететін қорғау құрылыстарын салуға рұқсат беріледі.





  1. Азаматтық қорғаныс паналайтын жерлері

28. Паналайтын жерлер ядролық қарудың және қарапайым зақымдау құралдарының (тікелей түсуін ескермей), бактериялық (биологиялық) құралдардың, уландыратын заттардың, сондай-ақ ядролық энергия қондырғыларының, өрт кезіндегі жоғары температурадан және жанған өнімдер мен күшті әсер ететін улы заттардың негізгі топтарынан және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес қауіпті химиялық зақымдау аймағындағы авариялар (қираулар, өрт) кезіндегі зақымдау факторларының есептік әсерінен паналаушыларды қорғауды қамтамасыз етуге есептелген.

26. Барлық паналайтын жерлер 100 кПа (1 кгс/см 2) ауа соққы толқынының шебінде артық қысымның әсер етуінен паналаушыларды қорғауы және 1000-ға тең қоршау конструкторларынан өтетін радиацияны әлсіздендіру дәрежесі болуы тиіс.

Қорғау қасиеттері бойынша паналайтын жер бес сыныпқа бөлінеді. Қорғау қасиеттері бойынша паналайтын жер бес сыныпқа бөлінеді. Әрбір сынып үшін жарылыс толқынының шебіндегі артық қысымның және кіретін радиацияны әлсіретулер шегі бойынша олардың қорғау қасиеттеріне талаптар қойылған:

Ι сыныпқа арналған ΔРизб=5 кгс/см2 (0,5 МПа), Косл=5000;

II сыныпқа арналған - ΔРизб=3 кгс/см2 (0,3 МПа), Косл=3000;

III сыныпқа арналған - ΔРизб=2 кгс/см2 (0,2 МПа), Косл=2000;

IV сыныпқа арналған - ΔРизб=1 кгс/см2 (0,1 МПа), Косл=1000;

V сыныпқа арналған - ΔРизб=0,5 кгс/см2 (00,5 МПа), Косл=500, қайда:

ΔРизб – жаралыс толқынының шебіндегі артық қысым;

Косл – радиацияның әлсірету коэффициенті.

29. Паналайтын жерлердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері оған екі тәулік ішінде неғұрлым көп жұмыс істейтін ауысымдағы паналаушыларды үздіксіз қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады.

Паналайтын жерлерді ауамен жабдықтау екі режим бойынша: таза желдету (1-режим) және сүзгішті желдету (2-режим) арқылы жүзеге асырылады. Жанатын өнімдерден ауаның қауіпті газдануы мүмкін орындарда, қауіпті химиялық зақымдануы мүмкін аймақтарда, қатты қирауы және апаттық су астында қалуы мүмкін атом станциясының маңайына орналасқан баспаналарда ішкі ауаны бастапқы қалпына келтірумен толық немесе жартылай оқшаулау режимі (3-режим) қарастырылуы тиіс.


  1. Радиациядан қорғау жасырын паналар

30. Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы (ластануы) кезінде паналаушыларды иондалған сәуленің әсер етуінен қорғауды және екі тәулік бойы паналаушылар санының үздіксіз келуіне рұқсат беруді қамтамасыз етуге есептеледі.

31. Радиацияға қарсы жасырын паналарды жобалау ҚР-ның ҚН 2.04-14-2003 «Радиацияға қарсы жасырын паналарды жобалау жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және басқа нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

32. Радиациядан қорғау жасырын паналардың аз қирауы ықтимал аймақтарға, сондай-ақ қатты қирауы мүмкін аймақтан тыс жерлерге орналасқан санатталған объектілерде орналасқан жағдайда оларды қоршайтын конструкциялар ауа соққы толқынының 20 кПа (0,2 кгс/см²) артық қысымына есептелуі тиіс.

33. Радиациядан қорғау жасырын паналардың орналасқан жеріне қарай сыртқы радиация сәулесінің төмен дәрежесі – қорғау коэффициенті Кқ:

1) қатты қирауы ықтимал аймақтардан тыс азаматтық қорғау бойынша санатталған объектілерге орналасқан ұйымдардың жұмыс істейтін ауысымдары үшін-200-ге;

2) қатты қирауы ықтимал аймақтардың шекарасындағы қауіпті радиоактивті зақымдануы (ластануы)ықтимал аймақтарда:

санатталмаған ұйымдардың жұмыс істейтін ауысымдары, азаматтық қорғаныс құрамалары мен соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелері үшін-200-ге;

азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің халқы мен көшірілетін халық үшін-100-ге;

3) қатты радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтарда:

санатталмаған ұйымдардың жұмыс істейтін ауысымдары мен соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелері үшін-100-ге;

азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің халқы мен көшірілетін халық үшін-50-ге;

4) қатты радиоактивті зақымдануы (ластануы) ықтимал аймақтардың шегінде:

санатталмаған ұйымдардың жұмыс істейтін ауысымдары мен соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелері үшін-20-ға;

азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің халқы мен көшірілетін халық үшін-10-ға тең болуды қамтамасыз етеді.



  1. Атом станциялары орналасқан аудандардағы

қорғау құрылыстары
34. Атом станциялары орналасқан аудандардағы ұйымдардың жұмысшы ауысымдарын және халықты қорғау қарапайым қорғаныс талаптарына жауап беретін қорғау құрылыстарында:

атом станцияларының айналасындағы қауіпті радиоактивті зақымдану (ластану) болуы ықтимал аймақтың шекарасына жақын жатқан 30 шақырымдық жолақта - Кқ 200-ге тең радиациядан қорғау жасырын паналарында;

атом станцияларының айналасындағы қалған аумақта - Кқ 30-тармақтың 3) және 4) тармақшаларына сәйкес радиациядан қорғау жасырын паналарында жүзеге асырылады.

35. Атом станцияларының қирауы ықтимал аймақта орналасқан қорғау құрылыстарында паналаушыларды ядролық энергия қондырғыларының қирауынан болатын радиоактивті заттардан (инертті газдардың радионуклидтерінен басқа) қорғау қосымша қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл құрылыстардағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі паналаушылардың 5 тәулік бойы болуына есептеледі.



3-тарау. Объектілерді орналастыру және қалаларды жоспарлау


  1. Жалпы ережелер

36. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың күшті қираулар болуы мүмкін аймақтарына және сол санаттағы ұйымдардың апаттық су астында қалуы мүмкін аймақтарда, сондай-ақ қалада өнеркәсіптік, коммуналдық және тұрғын үй-азаматтық қажеттіліктер үшін қажетті ұйымдардан басқа өнеркәсіптік ұйымдардың құрылысын салуға және оларды кеңейтуге тыйым салынған немесе шектелген өңірлер мен қалаларда жаңа өнеркәсіптік ұйымдарды орналастыруға болмайды.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік ұйымдарды, сондай-ақ сол санаттағы ұйымдарды одан әрі дамыту ұйымдардың өндірістік алаңдарының, жұмысшыларының санын және зиянды су ағындылары мен төгінділерінің көлемін арттырмай, оларды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру есебінен жүзеге асырылады.

Жаңа өнеркәсіптік ұйымдардың тобы мен азаматтық қорғаныс бойынша жеке санатталған ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың жобалық құрылысының шекарасына:

1) азаматтық қорғаныс бойынша ерекше топтағы қалалар үшін кемінде 60 шақырым;

2) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшін кемінде 40 шақырым;

3) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға және азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдарға жатқызылмаған кемінде 25 шақырым қашықтыққа орналасқан экономикалық болашағы бар шағын және орташа қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде салады.

37. Шағын және орташа қалаларда жаңа өнеркәсіптік ұйымдарды орналастыру кезінде жаңа өнеркәсіптік ұйымдарды салу кезінде жалпы объектілері бар өнеркәсіптік ұйымдарды (өнеркәсіптік тораптарды) топпен орналастыруға баса назар аударылады.

Экономикалық болашағы бар шағын және орташа қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерге орналасқан жалпы объектілері бар ұйымдардың (өнеркәсіптік тораптардың) тобында жұмыс істейтіндер санын 20 мыңнан асырмау көзделеді.

38. Жаңа порттар мен кеме жөндеу зауыттарының құрылысы азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қирауы ықтимал қалалардан және осы санаттағы ұйымдардан тыс олардан қирауы мүмкін неғұрлым үлкен аймақтың аумағына тең қашықтықта толқынның бұзып өтуінен апатты су басуы ықтимал аймақтан тыс, сондай-ақ су астында болатын ядролық жарылыстардың гравитациялық толқындарының ең төменгі әсер етуін ескере отырып жүзеге асырылады.

Көрсетілген объектілердің бас жоспарларын әзірлеу қазіргі заманғы зақымдау факторларының әсер етуін азайтатын табиғи жағдайларды барынша пайдалануды ескере отырып жүргізіледі.

39. Азаматтық авиацияның жаңа әуежайларын, хабар беру және қабылдау радиоорталықтарын, есептеу орталықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығы кешендері мен ірі фермаларды, құс фабрикаларын жобалау кезінде оларды қирауы ықтимал аймақтардан және апатты су басу аймақтарынан тыс жерлерге салу көзделеді. Бұдан басқа, аталған объектілер екінші рет зақымдау факторының көзі болуы мүмкін объектілерден (химиялық кәсіпорындар, атом станциялары, әсері күшті улы заттар, мұнай, мұнай өнімдері, газ және т.б. ) қауіпсіз қашықтықта орналастырылады.

Мемлекеттік материалдық резервтер базасы, республикалық және облыстық маңызы бар қоймалар, базистік қоймалар және министрліктер мен ведомстволардың аймақтық материалдық-техникалық жабдықтау базалары, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар мен жабдықтардың қоймасы қирауы ықтимал аймақтардан және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс орналастырылады.

2. Атом станцияларын, күшті әсер ететін улы заттармен, жарылғыш заттармен және материалдармен, тез тұтанатын және жанғыш заттармен жұмыс істейтін ұйымдарды орналастыру
40. Атом энергиясын пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу атом энергиясын пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен ережелер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.

41. Жұмыс істеп тұрған, жобаланған және салынып жатқан атом станцияларында атом станцияларының аумағында және осы станцияларды қадағалау аймағында радиациялық жағдайды автоматты бақылау, қызмет көрсетуші персонал мен халықты, сондай-ақ атом станцияларының аумағында және осы станциялардың кенттерінде жүргізілетін аварияға қарсы іс-қимылды басқарудың қорғалған пункттерін радиациялық қауіпсіздік туралы құлақтандыру және ақпарат беру жүйесін құру көзделеді.

42. Күшті әсер ететін улы заттарды, жарылғыш заттарды, материалдарды және жанғыш заттарды сақтау үшін базистік қоймалардың құрылысын қала сыртындағы аймақта қолданыстағы республикалық және ведомстволық нормаларға сәйкес қашықтықта салу көзделеді.

43. Су жиегінен 200 метр (бұдан әрі-м) және одан да кем қашықтықта өзен жағалауларында салынған мұнай және мұнай өнімдерінің базистік қоймалары қалалық және ауылдық елді мекендерден, кеме айлақтарынан, өзен бойындағы вокзалдардан, ірі рейдтерден және кеменің тұрақты орындарынан, гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстардан, кеме жасау және кеме жөндеу зауыттарынан, темір жол көпірлері мен су жіберу станцияларынан кемінде 100 м қашықтықта төмен (су ағысымен) салынады.

Бұлай орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда мұнай және мұнай өнімдерінің базистік қоймаларын көрсетілген объектілерден мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын жобалау нормаларында көзделген жоғары (су ағысымен) қашықтықта орналастырылады.

44. Әуежайларды жобалау кезінде авиациялық отынның, жанар-жағармай материалдарының қоймасы әуежайдың негізгі құрылыстарына, көрші кәсіпорындарға, қалалық және ауылдық елді мекендерге қатысты жер белгісінен төмен орналасқан учаскелерде орналастырылады.

Жанар-жағармай қоймалары тек жоғары немесе көрсетілген объектілерден тұрған жермен бір деңгейде орналасқан жағдайда жер үсті резервуарларының зақымдалуы мүмкін кезде мұнай өнімдерінің төгілуін болдырмайтын қондырғылар орнату көзделеді.

45. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ көрсетілген сұйықтардың базистік қоймалары азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен санатталған объектілердің өнеркәсіптік ұйымдары, автомобиль және темір жолдар орналасқан жерлерден төмен ыдыс қираған жағдайда жанғыш сұйықты қауіпсіз жерге бұру мүмкіндігін ескере отырып орналастырылады.

Бұл жағдай қамтамасыз етілмеген жұмыс істеп тұрған ұйымдарда аумақ периметрі бойынша объектінің жоспарланған аумағының үстінде барлық резервуарлар мен технологиялық қондырғылар сыйымдылығынан тез тұтанатын және жанатын сұйықтың 50 % төгілуін ұстап қалуды қамтамасыз ететін биіктікке автомобиль жолдарының жолақтарын салу қажет.

Мұнайдың, мұнай өнімдерінің және сұйытылған газдардың жер астындағы қоймаларын көрсетілген қоймаларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес орналастыру қажет.

46. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және осы санаттағы ұйымдарда күшті әсер ететін улы заттар мен жарылу қаупі бар заттарды сақтауға арналған базалар мен қоймаларды орналастыру кезінде осы базалар мен қоймаларда көрсетілген заттардың қорын министрліктер мен ведомстволар белгілейді.


жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау