Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және осы санаттағы ұйымдардың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарды орналастыру



жүктеу 0,9 Mb.
бет3/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#17212
1   2   3   4   5   6

3. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және осы санаттағы ұйымдардың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарды орналастыру
47. Жаңа базаларды, бөлу тоңазытқыштарын және азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және осы санаттағы ұйымдардың халқын ағымдағы жарақтандыру тауарларын сақтауға арналған басқа да қоймаларды салу бұл тауарлардың қорларын сақтауға арналған қойма сыйымдылықтарындағы қажеттіліктерден аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың халқын азық-түлікпен ағымдағы жарақтандыруға арналған базистік азық-түлік қоймалары осы қалалардың маңында орналастырылады. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың халқын азық-түліктің негізгі түрлерімен жарақтандыратын азық-түлік қоймаларын бір жерге шоғырландыруға жол берілмейді.

48. Азық-түлік қоймалары, бөлу тоңазытқыштары және республикалық және облыстық маңызы бар керек-жарақ заттар қоймалары, сондай-ақ 44-тармақта көрсетілген азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың халқын жарақтандыруға арналған тауарлар сақтауыштары қатты қирауы мүмкін аймақтардан және апатты су басуы мүмкін аймақтардан тыс жерлерде орналасады.

49. Жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және салу белгіленіп отырған ірі су қоймаларының апатты су басуы ықтимал аймақтарында жаңа қалалық және ауылдық елді мекендерді, сондай-ақ маңызды шаруашылық немесе қорғаныс объектілерін салуға жол берілмейді. Мұндай құрылыстарды тиісті қорғаныс іс-шараларын жүргізе отырып, тек ерекше жағдайларда ғана салуға рұқсат беріледі.

Қалаларда апатты су басуы ықтимал аймақтарда жаңа тұрғын аудандар салуға жол берілмейді.

50. Медициналық және әлеуметтік маңызы бары объектілер қауіпсіз аймаққа орналастырылады.

Соғыс уақытында құрылатын емдеу мекемелері де соларға арналып бейімделген қауіпсіз аймақтардағы, жыл бойы жұмыс істейтін, жалпы алаңы кемінде 2000м² күрделі қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда орналасады.

Эвакуацияланған халықты қала сыртындағы аймаққа орналастыру кезінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалпы ауданның 2,5 м² бір адамға есептеліп жүзеге асырылады.


4. Қалалардың құрылысын жоспарлау және салу
51. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалар - шағын және орташа қалалардың базасында дамып отырған ауданаралық және аудандық қоныстанып мекендеу жүйелерінің орталықтары Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жобалық құрылысының шекарасынан осы Нұсқаулықтың 33-тармағында көрсетілген қашықтықта орналастырылады, ал қоныстанудың ауданаралық және аудандық жүйелері орталықтары халқының ең көп саны және орталықтар арасындағы ең төменгі қашықтығы осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

52. Ауданаралық қоныстану жүйесіндегі қалалардың, оның ішінде азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аумақтық дамуы азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған басқа қалалар мен ұйымдарды орналастыру бағытында жоспарланбайды.

53. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың бас жоспарларында халқының саны осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес айқындалатын қалаішілік жоспарланған және тұрғын үй аудандарын бөлу жүргізіледі.

54. Қалалардың тұрғын үй аудандары мен шағын аудандарындағы халықтың барынша тығыздығы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада келтірілген көрсеткіштерден аспауы тиіс.

55. Тау-кен жұмыстары жүргізілмеген пайдалы қазбалары бар аудандарда орналасқан қалаларда ықшам аудандарындағы халықтың барынша тығыздығын: қалалардың шеткі аудандарында – 5 пайызға, орталық аудандарда 10-пайызға арттыруға жол беріледі.

Тау-кен жұмыстары жүргізілетін аумақтардағы ықшам аудандар халқының тығыздығын 10-пайызға азайтады.

56. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың бас жоспарының жобасында, сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында, ықшам аудан, квартал, қала құрылысы кешенін немесе қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды салу жобасында (жұмысшы жобасында), жаңадан жобаланатын, кеңейтілетін, реконтрукцияланатын және техникалық қайта жарақтандырылатын жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік және байланыс ұйымдарының жобаларында (жұмыс жобаларында) «сары сызықтардың» - тұрақты жұмыс істейтін қалалық магистральдарды бойлай орналасқан тұрғын үй және қоғамдық құрылыстардың өнеркәсіптік, коммуналдық-қойма ғимараттарының үйінділері таралуы ықтимал аймақтар шекарасының жоспары беріледі.

«Сары сызық» шегіндегі жолдың үйінді басып қалмайтын бөлігінің ені

7 метрден кем болмауы керек.

57. «Сары сызықтан» құрылысқа дейінгі аралық әр түрлі қабатты ғимараттардың үйінділері түсуі мүмкін аймақтарды есепке ала отырып, осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Магистральды көшелердің екі жағында орналасқан ғимараттар арасының қашықтығы олардың ықтимал құлауы мүмкін аймағының және «сары сызық» шегіндегі жолдың құламайтын бөлігінің көлденең жағының тең сомасында қабылданады.

58. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған бар қалаларды кеңейту және реконструкциялау, жаңа қалаларды жоспарлау мен құрылысын салу кезінде қаланың көгалдандырылған (саябақтар, бақтар, бульварлар) және құрылыс салынбаған жерлерін (су айдындары, спорт алаңдары және т.б.) қаланың қоныстанған аумағын ені кемінде 100 метрлік өрттің өтуіне жол бермейтін бос жермен - I, II, IIIа отқа төзгіштік дәрежесіндегі ғимараттар мен құрылыстардың дені басым болса, 2,5 м² аспайтын көлемдегі, IIIа, Vа, V отқа төзгіштік дәрежесіндегі ғимараттар мен құрылыстардың дені басым болса, 0,25м² аспайтын көлемдегі учаскелерге бөлуді қамтамасыз ететін бір жүйеге байланыстырады.

Көгалдандырылған жерлер мен құрылыс салынбаған аумақтар жүйесі магистральды көшелер желісімен бірге қаланың қираған бөлігінен, ол зақымдалған жағдайында халықтың саябақтарға және қауіпсіз аймақ ормандарына еркін шығуы қамтамасыз етіледі.

59. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың магистральды көшелері көліктің тұрғын үй ауданынан және өнеркәсіптік ауданнан қала сыртындағы жолдарға кем дегенде екі бағыт бойынша шығу мүмкіндігін ескеріп салынуы керек. Аталған магистральдар басқа магистральды автомобиль және темір жолдармен түрлі деңгейде қиылысады.

Тиісті негіздемелер болған кезде қоғамдық көліктің, метрополитен станциясының аялдамалары, көлік қатынасының қиылысуы, жер асты жаяу жүргінші жолдары кіретін көп деңгейлі аялдау-ауысып отыру тораптарының жүйесін құруға рұқсат етіледі.

60. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың қалаішілік көлік желісін жобалау кезінде тұрғын үй - өнеркәсіптік аудандар арасында сенімді қатынасты, қала сыртына апаратын тұрақты істеп тұрған магистральдарға еркін жүріп өтуді, сондай-ақ қала орталығының, қалалық тұрғын үй және өнеркәсіптік аудандардың темір жол және автобус вокзалдарымен, жүк станцияларымен, өзен және теңіз кемежайларымен, әуежайлармен неғұрлым қысқа әрі ыңғайлы байланысы қамтамасыз етіледі.

Көлік желісін жобалау кезінде жол қатынасының қала және жақын жатқан аудан аумағы бойынша қайталануын көздейді.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда көшелер мен автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарының өзара қиылысы қосалқы үстінен өтетін жер болуы керек.

61. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған бар қалаларды жаңасының құрылысын салуды жоспарлау, салу және дамыту кезінде жаңа сұрыптау темір жол станцияларын және тораптарын ықтимал қатты қираулар аймақтарынан және ықтимал апатты су басу аймақтардан тыс орналастырады.

Қала аумағына жолаушы және жүк станцияларын ғана салуға жол беріледі.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аудандарын реконструкциялау кезінде бұрынғы сұрыптау темір жол станцияларын және тораптарын ықтимал күшті қираулар аймақтарынан және ықтимал апатты су басу аймақтарынан тыс шығарып орналастыру көзделеді.

62. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы автобустарға, жүк және жеңіл автомобильдерге, қалалық көлік түрлеріне арналған гараждар, көше тазалау машиналарын өндірістік-жөндеу базалары, троллейбус деполары мен трамвай парктері жинақы және қаланың шетінде немесе жер асты бөлігінде орналастырылады.

63. Өрт сөндіру депосы ғимаратының гараж үй-жайлары негізгі өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру заттарын беретін машина) резервінің 100% орналастыруды қамтамасыз етеді.

64. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және ұйымдарда өрт сөндіру үшін пайдалану мүмкіндігімен жасанды су айдындарды орналастыру көзделеді.

Су айдындарын, табиғи су айдындары мен оларға кірме жолдарды ескере отырып, орналастырады. Су айдындарының жалпы сыйымдылығын қаланың (объектінің) 1 м²-не кем дегенде 3000 м³ есебінен алу қажет.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аумағында өзендер мен су айдындарының жағалауларында 500 метр сайын жылдың кез келген уақытында кемінде үш автомобильдің бір мезгілде су алуын қамтамасыз ететін өрт сөндіру машиналарының кірме жолдарын көздейді.


4-тарау. Ұйымдарда және инженерлік жүйелерде азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
1. Жалпы ережелер
65. Қирауы мүмкін аймақтарға орналасатын өндірістік ғимараттарды жобалау кезінде жеңіл қоршау конструкцияларын қолданған жөн.

66. Пайдалану шарттарында рұқсат етілген жағдайларда технологиялық жабдықтар ашық алаңдарда немесе шатыр астына орналастырылады.

67. Ұйымдардың өндірістік, қойма және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарының отқа төзгіштік дәрежесі азаматтық қорғаныс бойынша объектілер санатына және олардың орналасу орнына қарай айқындалады:

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған ұйымдардың өндірістік, қойма ғимараттары және құрылыстары олардың отқа төзгіштігі ІІ дәрежеден кем емес орналасуына, азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ғимараттары мен құрылыстары орналасқан орнына қарамастан отқа төзгіштік дәрежесі III а-дан төмен болмайды.

Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың олардың орналасу орнына қарамастан әкімшілік және қосалқы ғимараттарының отқа төзгіштік дәрежесі IIІ-дан төмен болмайды, ал азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ғимараттар мен құрылыстар олардың орналасқан орнына қарамастан отқа төзгіштік дәрежесі IIIа, IIIб, IVа болуы мүмкін. Бұл ретте отқа төзгіштік дәрежесі IIIа-дан төмен ғимараттардың саны объектідегі ғимараттардың жалпы санының 50% аспайды.
2. Күшті әсер ететін улы заттары, жарылғыш заттары және материалдары бар ұйымдарда заматтық қорғаныстың

инженерлік-техникалық іс-шаралары
68. Күшті әсер ететін улы заттар, жарылғыш заттар мен материалдар шығаратын немесе қолданатын ұйымдарда:

ғимараттар мен құрылыстарды климат жағдайын ескере отырып, каркастан, жеңіл қоршау конструкциялы және арасы толтырылған материалдардан салуды жобалау;

басқару аппараттарын ғимараттың төменгі қабатында орналастыру, сондай-ақ олардың негізгі элементтерін ұйымның басқару пунктінде қосарлануын көздеу;

қажет болған жағдайда сыйымды ыдыстар мен коммуникацияны соққы толқыннан қираудан қорғауды көздеу;

қауіпті сұйықтардың төгілуін болдырмайтын шаралар, сондай-ақ аварияларды технологиялық жүйенің неғұрлым осал учаскелерін қайтарма қақпақшамен ажырату, ұстап қалатын жерлерге және қоймаларға бағыттау жолымен оқшаулау шараларын әзірлеу және жүргізу;

авария болған жағдайда технологиялық жүйенің аса қауіпті учаскелерін нормалар мен ережелерге сәйкес, сондай-ақ өнімнің ерекшелігін (тез полимеризацияланатыны, төмен температурада ыдырайтындығы, қатты белсенділік және т.б.) есепке алып, тереңде орналастырылған сыйымдылықтарға аудару (құю) қажет.

69. Күшті әсер ететін улы, жарылыс қауіпті заттар шығаратын немесе оларды пайдаланатын ұйымдарда соғыс уақытында ұйымдардың кірме жолдарда тұрған және аралық қоймалар мен технологиялық сыйымдылықтардағы заттардың қорын және сақтау мерзімін мүмкіндігінше өндірістің жұмыс істеуіне қажетті мөлшерге дейін азайту шаралары көзделеді.

Соғыс уақытында күшті әсер ететін улы, жарылғыш заттар мен материалдардың қолданылатын мөлшерін азайту мақсатында өндірудің буферлік түріне көшу көзделеді.

70. Күшті әсер ететін улы, жарылғыш заттарды авариялық сыйымдылықтарға аудару, құю жүйесін автоматты түрде іске қосумен көзделеді, бұл жағдайда технологиялық жүйенің қауіпті учаскелерін аударып құюды қолмен қосу қондырғысы міндетті түрде болады.

71. Күшті әсер ететін улы заттар бар объектілерде бұл заттармен қоршаған ортаның ластануын анықтайтын және ол туралы объектінің жұмыс істейтін персоналын, сондай-ақ қауіпті химиялық улану болуы мүмкін аймақтардағы халықты хабарландыратын жергілікті жүйелер құрылады.


3. Су жабдықтауда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
72. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған жеке қалаларды немесе құрамында топтарға жатқызылған және азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдары бар бірнеше қалаларды қамтамасыз ететін жаңадан жобаланатын және реконструкцияланған сумен жабдықтау жүйелерінің кемінде екі тәуелсіз су көзі, оның біреуі жер астында болуын көздейді.

Сумен жабдықтау жүйесін сумен екі тәуелсіз көзден қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда бірі ықтимал қатты қирау аймағынан сырт орналасатын бас құрылыстың екі тобын орнатумен көздердің бірінен сумен жабдықтауға жол беріледі.

73. Бас құрылыстардың жиынтықтағы қуаты бейбіт уақыттағы норма бойынша есептеледі. Бас құрылыстардың бір тобы істен шыққан жағдайда қалған құрылыстың қуатымен авариялық режим бойынша ұйымдардың өндірістік-техникалық қажеттілігіне, сондай-ақ бейбіт уақыттағы халық санына бір адамға тәулігіне 31 л нормамен су беру қамтамасыз етіледі.

Барлық бас құрылыстар істен шыққанда немесе сумен жабдықтау көзі зақымданған жағдайда халықты ауызсумен кепілді қамтамасыз ету үшін бір адамға тәулігіне кем дегенде 10 л норма бойынша ауызсудың кем дегенде 3 тәуліктік запасын құру мақсатында резервуар көзделеді.

Ауызсудың резервуары ауаны радиоактивтік заттардан және сұйық тамшы улы заттардан тазалау үшін сүзгіш-сіңіргішпен жабдықталады және қатты қирауы мүмкін аймақтар шегіне орналасады. Қирауы мүмкін аймақтарда резервуарларды орналастырған жағдайда олардың конструкциясы ядролық жарылыстың әуелік соққы толқынының шебі барысында қатты қысым әсеріне есептеледі.

Ауызсудың резервуарлары сондай-ақ жылжымалы ыдыста су тарату үшін герметикалық (қорғаныс-герметикалық) люктермен және бұйымдармен жабдықталады.

Орталықтандырылған электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатқан жағдайда сумен қамтамасыз ететін қауіпсіз аймақта қорғалған сумен жабдықтау объектілерінің жиынтық жобалық өнімділігі халықтың, оның ішінде эвакуацияланғандардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауызсу жеткілікті түрде көзделеді және халық үшін есептен бір адамға тәулігіне 25 л белгіленеді.

74. Қалалар мен ұйымдарды техникалық сумен жабдықтау жүйесінің жаңасын жобалау және қолданыстағысын реконструкциялау кезінде айналымдық сумен жабдықтау жүйесін қолдану көзделеді.

75. Кешенді мақсаттағы гидротораптарының жоғарғы және төменгі бьефінде орналасқан жылу және атомдық станциялардың сумен жабдықтау жүйесін жобалаған кезде гидротораптардың қысымды шебінің құрылыстары бұзылғанда бұл станцияларды техникалық сумен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар көздеу ұсынылады.

Аталған техникалық сумен жабдықтауды және осы жүйелер жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қолдану техникалық-экономикалық салыстыру негізінде белгіленеді.

Атом станциясы айналасындағы жерлерде ықтимал қауіпті радиоактивтік зақымдану (ластану) аймақтарында орналасқан қалалық және ауылдық жерлерде және күшті әсер ететін улы заттары бар ұйымдардың айналасында ықтимал қауіпті химиялық зақымдану аймақтарында халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін судың жер асты көздерінде артығымен базаланған қорғалған орталықтандырылған ( топтық) сумен жабдықтау жүйесін құру қажет.

76. Қалалық, ауылдық жерлерді және өнеркәсіптік ұйымдарды сумен жабдықтау үшін, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді суару үшін барлық қолданыстағы су алу ұңғымалары шаруашылық ауызсу қажетіне жылжымалы ыдысқа құйылу жолымен су беруге мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз етіледі, ал секундына 5 л және одан астам дебитпен ұңғымалар, сонымен қатар, олардан өрт автомобильдерімен су алуға арналған қондырғылармен қамтамасыз етіледі.

77. Соғыс уақытында қолдануға көзделген жаңа және қолданыстағы су алу ұңғымаларын жөндеуді жобалаған кезде бататын сорғыларды (электр қозғалғыштармен оқшауланған) қолданған дұрыс. Ұңғыма бастары ядролық жарылыстың әуелік соққы толқыны шебіндегі артық қысымнан олардың қорғалуын қамтамасыз ететін құдықтарда орналастырылады.

Қолданыстағы және резервтегі ұңғымалардың бастары конструкциясының сумен жабдықтауды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес толық қымталуын қамтамасыз етіледі.

Өнеркәсіптік ұйымдарды қалалық сумен жабдықтау желілеріне қосқан кезде ұйымдардағы ұңғымаларды қымтайды және оларды резервтік ретінде ықтимал пайдалану үшін сақтайды.

Одан әрі пайдалануға жарамайтын су алу ұңғымалары тығындалады, ал өздігінен құйылатын ұңғымалар крандық-реттеуіш құрылғылармен жабдықталады.

78. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың және азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінде суды мұнараларды жанамалай желіге су беру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

79. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларда және азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан азаматтық қорғаныс санаттарына жататын ұйымдарда бірнеше дербес су құбырларын (коммуналдық және өнеркәсіптік) жобалаған кезде санитариялық қағидаларды сақтай отырып, біреуінен келесісіне су беру мүмкіндігін көздейді.

80. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан топтарға жататын қалалардың және азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдардың өндірістік қажеттіліктері үшін техникалық су құбырларын жобалаған кезде оларды өрт сөндіру мақсаты үшін пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз ету қажет.

82. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан топтарға жататын қалалар мен азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар құбырларының зақымданған учаскелерін ажырату үшін өрт гидранттарын, сондай-ақ ысырмаларды ғимараттары мен құрылыстары қираған кезде үйіндісі жоқ аумаққа орналастырады.

83. Халықты және ауыл шаруашылығының малдарын сумен жабдықтау үшін бар және жобаланатын шахталық құдықтар мен жер асты суын алу үшін басқа да құрылыстар оларға радиоактивтік қалдықтар мен сұйық-тамшы улағыш заттардың түсуінен қорғалады.

84. Зақымдаудың қазіргі заман құралдарын ықтимал қолдану жағдайында қалалық сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралар белгіленген тәртіппен әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары бекітетін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.



4. Газ жабдықтаудағы азаматтық қорғаныстың

инженерлік-техникалық іс-шаралары
85. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылатын қалаларды газбен жабдықтау кезінде екі және одан да көп дербес магистральды құбырлардан газ беру осы газ құбырларына қосылған және көрсетілген қалалардың жобалық құрылысы шегінде орналасқан газ үлестіру станциялары арқылы жүзеге асырылады.

86. Азаматтық қорғаныс жөніндегі топқа жатқызылатын қалалардың жаңасын жобалаған және қолданыстағы газ желілерін реконструкциялау кезінде соққы толқынның қысымынан (серпінінен) іске қосылатын сөндіру құрылғыларының көмегімен қалалардың жеке аудандарындағы (учаскелерде де) сияқты ажырату мүмкіндігі көзделеді.

87. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда газ үлестіру станциялары мен газ үлестірудің пункттерінің жер асты бөлігі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардан тыс жерлерде орналасқан азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың газ үлестіру пункттері оларға сөндіру құрылғысын орната отырып, жер асты айналма газ құбырларымен жабдықталады.

Жер асты байпастарымен газ бөлу станцияларының немесе газ бөлу пункттерінің жер үсті бөлігі істен шыққан кезде газбен жабдықтау жүйесіне газ беруді қамтамасыз етіледі.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және сол санатталған ұйымдарда жоғары және орта қысымды газ құбырларының жер асты және шығыршықталған желісі көзделеді.

88. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда газбен жабдықтаудың жаңа жүйесін және қолданыстағыны реконструкциялауды жобалаған кезде негізгі тораптық нүктелерге (газ бөлу станциясының шыға берісінде тірек газ бөлу пунктінің алдына, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардағы су бұру) соққылық толқын қысымынан (серпінінен) іске қосылатын сөндіру құрылғысын, сондай-ақ тұйықталған газ құбырлары арасында маңдайша орнату көзделеді.

89. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және сол санатталған ұйымдарда сұйытылған көміртекті газ толтыру станциясын, газ толтыру пункттерін қауіпсіз аймаққа орналастыру қажет.
5-тарау. Электрмен жабдықтау мен гидротехникалық құрылыстарда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
1. Электрмен жабдықтауда азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары
90. Энергетикалық құрылыстар мен электр желілерін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен бейбіт және соғыс уақыты жағдайларындағы ерекше маңыздылығы бар объектілер тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуді есепке ала отырып, жобаланады.

Энергия жүйелері электр желілерінің схемасы қажет болған жағдайда энергия жүйесі тәуелсіз жұмыс істейтін теңдестірілген бөліктерге автоматты түрде бөлу мүмкіндігін көздейді.

91. Энергетикалық жүйені жобалаған және оларды біріктірген кезде электр станцияларын азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және сол санатталған ұйымдардың ықтимал қирау аймағынан тыс, сондай-ақ ықтимал апатты су басу аймағынан тыс орналастырады, бұл ретте қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және сол санатталған ұйымдардың жобалық құрылысының шегінен 1 млн. кВт жоғары қуаттылықпен, олардың ықтимал әлсіз қирау аймақтарына тең сома қашықтығында орналастырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда олардың белгіленген қуаттылығынан тыс тұрғын үй және өнеркәсіптік құрылыс орталықтарынан барынша алыс жылу электр орталықтарын ғана орналастыруға жол беріледі.

500 кВт және одан жоғары кернеулікпен электр беру желілері мен қосалқы станцияларды және электр беру транзиттік желілері мен жоғары кернеулік желілерін құрайтын энергия жүйелерінде 220 және 330 кВт кернеулікпен тораптық қосалқы станцияларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және сол санатталған ұйымдардың ықтимал қирау аймақтары шегінен, сондай-ақ ықтимал апатты су басу аймақтан тыс салады.

92. 110-330 кВт кернеумен электр желілерінің электр беруді бөлу желілерін шығыршықтап, жекелеген көздерді зақымдау мүмкіндігін есепке ала отырып, электрмен жабдықтаудың бірнеше көздеріне қосу қажет, сондай-ақ мүмкіндігінше түрлі трасса бойынша өтеді.

93. Энергия жүйелері және олардың бірлестіктерінің запастағы қала сыртындағы командалық-диспетчерлік пункттері және қорғалған қалалық командалық-диспетчерлік пункттері болуы тиіс.

Қала сыртындағы командалық-диспетчерлік пункттер азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және санатталған ұйымдардың ықтимал қатты қирау аймағының, ықтимал апатты су басу аймағы шегінде орналасады. Қала сыртындағы командалық-диспетчерлік пункттер ядролық жарылыстың зақымдау факторларынан жұмыс істейтін персоналдар мен жабдықтарды қорғауды, сондай-ақ улы заттардың және зақымдаудың биологиялық (бактериялық) әсерінен жұмыс істейтін персоналды қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қала сыртындағы командалық-диспетчерлік пункттерін қоршайтын конструкцияларды 100 кПа (1 кгс/см²) тең соққы толқынның алғы шебіндегі артық қысымды есепке алады.

Қалалық командалық-диспетчерлік пункттері жұмыс істейтін персоналды қорғау үшін көзделген паналайтын жердің біріне орналасады.

94. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың сыртқы электрмен жабдықтау схемасын жобалау кезінде оларды электрмен жабдықтауды бөлігі қирауы мүмкін аймақ шегінен тыс орналасатын бірнеше тәуелсіз қоректендіру (электр станциясы және қосалқы станция) көздерінен қарастырады. Бұл ретте көрсетілген көздер мен олардың электр беру желілері олардың бір уақытта істен шығу мүмкіндігін болдырмау үшін бір-бірінен қашықта болуы қажет.

Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың электрмен жабдықтау жүйелері электр берудің әуе желілерімен қысқа маңдайша құрылысы есебінен қираған объектілердің айналасына электр энергиясының транзитін қамтамасыз етуді есепке алу қажет.

95. Бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда орналасқан аса маңызды объектілерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында осы қалаларда электр берудің әуе желілерін кабелдік желілермен ауыстыруды көздейді.

Көрсетілген тұтынушыларды қоректендіретін электр берудің жаңа желілері кабельдік орындаумен жобаланады.

96. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда электр жүктемесін төмендету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін соғыс уақытында ажыратылмайтын объектілердің электрмен жабдықтау жүйелері басқа объектілердің электрмен жабдықтау жүйесінен бөлек болады.

Ажыратылмайтын объектілер екі тәуелсіз және аумақтық тартылған қоректену орталықтарынан (көздерінен) екі кабелдік желі бойынша электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

97. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың электрмен жабдықтау ұйымдары азаматтық қорғаныстың тиісті органдарымен келісу бойынша жұмыстың белгіленген режиміндегі жүктемені көрсете отырып, соғыс уақыты жағдайында жұмысын тоқтатпайтын электр энергиясын тұтынушылардың тізбесі жасайды.

98. Ажыратылмайтын объектілерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін қоректендірудің автономиялық көздерін орнатуды көздейді. Олардың саны, түрі, қуаттылығы, қосу жүйесі, құралымдық орындалуы құрылыс нормаларымен және қағидаларымен, сондай-ақ тиісті салалардың технологиялық жобалау нормаларымен регламенттеледі. Қоректендірудің автономиялық көздерінің қуаттылығын соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын 1-ші санатты қабылдағыштарды электр энергиясымен қамтамасыз ету толықтығы есебінен белгілейді. Электрмен қоректендірудің аса қуатты автономиялық көздерін орнату техникалық-экономикалық есептермен негізделеді.

99. Тұтынушы ұйымының алаңішілік электр желілерінің схемаларында жекелеген объектілерді орталықтандырылып қысқа уақытқа ажыратуға, электрмен жабдықтауда мерзімді және қысқа уақытқа үзіліске жол беретін шаралар көзделеді.

100. Магистральды құбырлардың (газқұбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдерінің құбырлары) жобаланатын айдайтын сорғылық және компрессорлық станцияларды электрмен жабдықтау оларға автономиялық резервтік көздерді орната отырып, қатты қирауы ықтиал аймақтар шегінен тыс орналасқан электрмен жабдықтау және электрдің қосалқы станциялары көздерінен жүзеге асырылады.

101. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың жылу электр станцияларының агрегаттарын тоқтату және қосу үшін оларды электр жүйесінен ажыратқаннан кейін қирауы ықтимал аймағынан тыс орналасқан электр станциясында жеке автономиялық көз - қоректендірудің резервтік көзі көзделеді.

102. Теңіздер мен өзендер жағасында орналасқан азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда кеме электр қондырғысынан электр энергиясын қабылдау үшін екі-үш жағалау қондырғысын құру көзделеді.

103. Жұмыс істеп жатқан атом станцияларының жаңасын салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларында станциялардағы авариялар туралы дабыл беру үшін сигналдау жүйесін, сондай-ақ қоршаған ортаның радиациялық ластану деңгейін анықтау және қауіпті радиоактивтік ластануы мүмкін аймақтарда тұратын жұмыс персоналы мен халықты құлақтандыру үшін жергілікті жүйе көзделеді.

104. Қатардан шығуы қолданыстағы санитариялық нормалары бойынша халықтың сәулеленуінің шектен тыс деңгейіне әкеп соғатын атом станцияларының ғимараттарын, құрылысын, жабдықтары мен конструкциясын жобалау атом станцияларын жобалау, құрылысы және оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау