Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 3,41 Mb.
бет11/18
Дата20.11.2018
өлшемі3,41 Mb.
#21887
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

* Климаттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, метеорологиялық жабдық құрамына өлшеудің басқа ауқымдары бар аспаптар қосыла алады.

Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз

ету қағидаларына

4-қосымша

Метеорологиялық мәліметтер мен болжамдарды құрастыру кезінде пайдаланылатын ауа-райы құбылыстарының терминдері мен қысқартулары


  1. Ауа-райының құбылыстары ағылшын атауларынан қысқартылған сөздер арқылы беріледі, бұл ереже бойынша, әдетте сөздің екі әрпінен тұрады.

  2. Құбылыстың қарқындылығы/жақындығы мына белгілермен беріледі:

  1. «+» – heavy – күшті;

  2. «-» - feeble, light – әлсіз;

  3. «белгісі жоқ» – moderate;

  4. «VC» - vicinity- төңірек

  1. Ағымдағы ауа-райы құдылыстарының сипаттамасын көрсету үшін пайдаланылатын дискрипторлар:

  1. SH – shower – Нөсер, нөсерлі. Нөсерлік жауын-шашын туралы хабарламалар үшін қолданылады;

  2. FZ – freezing (fog, drizzle, rain) – қататын. Салқындаған су тамшылары және жауын-шашыннан тұратын құбылыстарға қолданылады, FG, DZ, RA-мен пайдаланылады;

  3. MI –shallow (minimum) – төмен. Жер деңгейінен 2 метрден төмен (6 фут);

  4. BC – patches (broken, covering) – әуеайлақтың кей жерлерін жабатын тұман тізбегі;

  5. PR – partial – бөлшектік. Әуеайлықтың айтарлықтай бөлігін тұман басып, ал қалған бөлігінде тұман болмаған жағдайда пайдаланылады;

  6. BL – blowing – жаяу бұрқасын. Ағымдағы ауа-райының құбылыстарының жер деңгейінен 2 метрге дейін желмен көтерілетін (6 фут) түрлері үшін пайдаланылады

  7. DR – drifting, low drifting – Жаяу бұрқасын. Ағымдағы ауа-райының

құбылыстарының жер деңгейінен 2 метрге дейін желмен көтерілетін (6 фут) түрлері үшін пайдаланылады

  1. Ауа-райы құбылыстарының тобы келесі бірізділікте қалыптасады: бірінші болып, қажеттілік бойынша құбылыстың қарқындылығы немесе жақындығы, одан кейін интерсвалсыз дискриптор болады, сосын интервалсыз, бақыланатын ауа-райы құбылыстарына сәйкес келетін немесе үйлесетін қысқарту (мысалы, қатты нөсерлі жауын +SHRA болып кодталады).

Әуеайлық шекарасынан тыс, алайда әуеайлақтың ӘБН 16 км әрі емес, бақыланатын ауа-райы құбылыстары үшін VC – vicinity көрсеткіші пайдаланылады.

5. Төменде мәліметтер мен болжамдарға кіретін, осы құбылыстардың қысқартылған шартты белгілері және авиация үшін маңызды құбылыстарды сипаттайтын сәйкес келетін хабарламадар көрсетілген:

1) Тоқтаусыз жауын-шашындар.

Қарқындылықтың айтарлықтай өзгеруінсіз бірқалыпты түсумен сипатталады. Бірте-бірте басталады және тоқтайды. Үздіксіз жауу ұзақтығы әдетте бірнеше сағатқа созылады (кейде 1-2 тәулік), бірақ кейбір жағдайларда әлсіз жауын-шашын бір сағатқа, жарты сағатқа созылуы мүмкін. Әдетте қабатты-жауынды немесе көпқабатты бұлттардан түседі және көптеген жағдайда бұлттылық тұтас болады (8 октант), тек кей кездері айтарлықтай (5-7 октант – әдетте жауын-шашын жауу кезеңінің басында немесе соңында). Кей кездері әлсіз қысқа мерзімді ақ жауын қабатты, қабатты-шоғырланған, биік-шоғырланған бұлттардан болуы байқалады, бұл жағдайда бұлт көлемі 5-8 октантты құрайды. Аязды ауа-райында (ауа температурасы -10...-15°С төмен) әлсіз қар аз бұлтты аспаннан да жаууы мүмкін.

DZ –– drizzle – сіркіреме. Өте ұсақ тамшы түріндегі, диаметрі 0,5 мм-илиметрден кіші, қабатты бұлттар мен тұманнан түсетін жауын-шашын. Сіркіреу тамшыларының су бетіне әсері аңғарылмайды. Құрғақ беттер баяу және бірқалыпты дымқылданады. Су бетіне түскен тамшылар таралатын дөңгелектер жасамайды.

FZDZ – freezing drizzle – қататын сіркіреме. Сіркіреме салқындаған ұсақ тамшылардан тұрады, ауаның салқын температурасында (көбіне 0...-10°С, кейде -15°) түседі, заттарға жауған тамшылар қатқылданып көктайғақ жасайды.

Қататын сіркіремеде - mod ice (FZDZ) қалыпты салқындау туралы ақпарат кезінде AIRMET хабарламаларында қолданылуы мүмкін.

RA –– rain – жаңбыр. Айтарлықтай мөлшердегі сұйық тамшылар түріндегі жауын-шашын (диаметрі 0,5-тен 5милиметрге дейін), көп жағдайда қабатты-жауынды бұлттылықтан түседі. Жаңбырдың кейбір тамшылары су бетінде таралып кететін дөңгелек ізін қалдырады, ал құрғақ беттерде дымқыл таңба ретінде көрінеді.

FZRA freezing rain – қататын жаңбыр. Ауаның төмен температурасында (көбіне 0...-10°С, кейде -15°С-қа дейін) түсетін салқындаған тамшылардан тұратын жаңбыр, заттарға түсу кезінде тамшылар қатайып, көктайғақ қалыптастырады.

Қататын жаңбыр кезіндегі қатты көктайғақ туралы ақпарат беру кезінде SIGMET хабарламаларында – sev ice (FZRA) қолданылады.

SN snow – қар. Мұз кристалдары түріндегі қатты жауын-шашын, олар ауа температурасына байланысты оқшауланған немесе біріккен болады. Көп жағдайда ауаның төмен температурасында қар кристалдары түрінде (қар қылауы) немесе қар үлпегі түрінде жауады.

RASNrain and snow – қар аралас жаңбыр (жаңбыр көбірек).

SNRA – snow and rain- жаңбыр аралас қар (қар басым).

Әлсіз оң температураларда (әдетте +30С астам емес) немесе нөлдік температурада жауатын аралас жауын-шашын тамшылар мен қар ұшқындарының қосындысы ретінде жауады. Көбінесе бұл еріп жатқан қар ұшқындары бар жаңбыр болады.

SG – snow grains - қар түйірі. Сіркіреудің қатқан баламасы. Ұсақ қарлы түйіршік түріндегі қатты жауын-шашын, олардың диаметрі әдетте 1 миллиметрден кем. Аз мөлшерде және көбінесе шарбы-түйдек (St) бұлттардан жауады.

PLice pellets – мұзды қиыршық. Ауа температурасы -5 бастап +10°С дейін болғанда диаметрі 1-3 миллиметр мөлдір (немесе мөлдірлеу) мұзды қиыршық түрінде жауатын нөсер сипатты қатты жауын-шашын; қиыршықтардың ортасында – мөлдір емес ядро. Қиыршықтар біршама қатты (саусақпен біраз күш жұмсағанда езіледі), қатты бетке түскен кезде ыршып түседі. Бірқатар жағдайларда қиыршықтарды су бұлдыры басуы (немесе су тамшыларымен бірге жаууы) мүмкін және егер ауа температурасы нөлден төмен болса, заттаға түскен кезде қиыршықтар қатып, мұз шөгінділерін түзеді.

IC – ice crystals, diamond dust – мұзды тікен (алмас тозаң). Аязды ауа райында (ауа температурасы -10...-15°С төмен) түзілетін, ауада қалқып жүретін өте ұсақ мұз кристаллдары түріндегі қатты жауын-шашын. Күндіз күн сәулелерінің жарығына, түнде – айдың сәулелеріне немесе шамдардың жарығына жарқырайды. Мұзды тікендер түнгі уақытта шамдардан аспанға жоғары қарай әдемі жарқырайтын «бағандар» құруы сирек емес. Көбінесе ашық ауа райында немесе аспанда бұлт аз болған кезде немесе шарбы-қабатты немесе шарбы бұлттар бар болған кезде байқалады. Көріну бағыттар бойынша алуан түрлі болуы мүмкін, бірақ ол әдетте 1000 метрден астам болады. Осы құбылысқа байланысты көріну 5000 метр немесе одан кем болған жағдайда ғана хабарланады.

2) Нөсерлі жауын-шашын. Конвекциялық бұлттардан жауатын, жиі қысқа мерзімді және қатты жауын-шашын. Нөсер жауын-шашынның кенет және қарқындылығының жылдам өзгерістерімен сипатталады. Үздіксіз жауу ұзақтығы әдетте бірнеше минуттан 1-2 сағатқа дейінгі (кейде бірнеше сағат, тропиктерде – 1-2 тәулікке дейін) мерзімді құрайды. Найзағайдың және желдің қысқа мерзімге күшеюінің (дауылдың) ілесуі сирек емес. Түйдек-жаңбырлы бұлттардан жауады, бұл ретте бұлттардың мөлшері біршама (6-8 октант) да, азғана (4-5 октант, ал бірқатар жағдайларда тіпті 2-3 октант) да болуы мүмкін. Нөсер сипатты жауын-шашынның басты белгісі – олардың жоғары қарқындылығы емес (нөсерлі жауын-шашын әлсіз болуы да мүмкін), конвекциялы бұлттардан (көбінесе түйдек-жаңбырлы) жауу фактісінің өзі болып табылады, осының өзі жауын-шашын қарқындылығының ауытқуын анықтайды. Ыстық ауа райында әлсіз нөсер жаңбыр қуатты түйдек бұлттардан, ал кейде (өте әлсіз нөсер жаңбыр) – тіпті орташа түйдек бұлттардан да жаууы мүмкін. Нөсерлі жауын-шашын кезінде көріну 50 метрден кемнен бастап 5000 метрден астамға дейін ауытқиды.

SHSN - snow shower – нөсерлі қар. Нөсер сипатты қар. Бірнеше минуттан бастап жарты сағатқа дейінгі уақыт кезеңінде көлденең көрінудің 6-10 километрден 2-4 километрге дейін (ал кейде 500-1000 метрге дейін, бірқатар жағдайларда тіпті 100-200 метрге дейін) шұғыл ауытқуларымен (қар «зарядтары») сипатталады. Түйдек-жаңбырлы бұлттардан (Cb) жауады.

SHRA - rain showers – нөсер жаңбыр. Нөсер сипатты жаңбыр. Жауудың басталуы мен аяқталуының кенеттілігімен, қарқындылығының шұғыл өзгеруімен ерекшеленетін сұйық ірі тамшылы жауын-шашын, кейде айзағай және бұршақ, дауылды жел ілесіп жүреді. Түйдек-жаңбырлы бұлттардан (Cb) жауады.

SHRASN - showers of rain and snow – қар аралас нөсер жаңбыр (жаңбыр басымды).

SHSNRA - showers of snow and rain – жаңбыр аралас нөсер қар (қар басымды).

Тамшылар мен қар ұшқындарының қосындысы түрінде жауатын (көбінесе ауаның температурасы оң болғанда) нөсер сипатты аралас жауын-шашын.

GR – grain – бұршақ. Жылдың жылы мезгілінде (ауа температурасы +10°С-тан жоғары болғанда) пішіні мен мөлшерлері алуан түрлі (әдетте бұршақтардың диаметрі 2-5 миллиметрді құрайды) мұз бөлшектері түрінде жауатын қатты жауын-шашын. Кейде салмағы килограмм және одан да артық өте ірі бұршақ байқалады (ондайда бұршақ өсімдіктерге, автомобильдердің беттеріне айтарлықтай зақым келтіреді, терезе шыныларын және т.с.с. сындырады). Бұршақ жауудың ұзақтығы әдетте көп емес – 1-2 минуттан 10-20 минутқа дейін. Көп жағдайларда бұршаққа нөсер жаңбыр мен найзағай ілесіп жүреді. Ең ірі бұршақтардың диаметрі 5 миллиметр немесе одан да көп болған жағдайда хабарланады.

GS – small hail and/or snow pellets – ұсақ бұршақ және/немесе қарлы қиыршық. Ауа температурасы нөлдің маңайында болғанда жауатын нөсерлі сипаттағы қатты жауын-шашын, диаметрі 2-5 миллиметр мөлдір емес ақ қиыршықтар түрінде болады, қиыршықтар нәзік, саусақпен оңай мыжылады. Нөсер қардың алдында немесе онымен бірге жаууы сирек емес.

GS аббревиатурасының көмегімен атмосфералық жауын-шашынның екі алуан түрі туралы хабарланады, атап айтқанда:

шағын бұршақ – диаметрі 5 миллиметрге дейінгі жартылай мөлдір мұз бөлшектері, қатты жерге түскенде дыбыс шығарып секіреді. Шағын бұршақ толық немесе жартылай мұз қабатымен жабылған қар қиыршығынан тұрады да, қар қиыршығы мен бұршақ арасында аралық саты болып табылады.

қар қиыршығы – ақ, күңгірт, жұмыр мұз бөлшектері, Шамамен 00С температурада қармен бірге жауады. Қар қиыршығының диаметрі әдетте 2-5 миллиметр, ол шашыраңқы, жеңіл езіледі, қатты жерге құлағанда секіреді.

Ең ірі бөлшектердің (бұршақтардың) диаметрі 5 миллиметрден кем болғанда хабарланады.

3) Электрлік құбылыс - найзағай.

TS thunderstorm – найзағай. Атмосфералық электрдің қуатты разрядтары (бұлттар арасында немесе бұлт пен жер арасында), жарық жарқылы (нажағай) және бірнеше километр қашықтықта (кейде 15-20 километрге дейін) естілетін кенет дыбыс гүрілдері (күн күркіреуі) ілесіп жүреді. Найзағайлар түйдек-жаңбырлы бұлттарға байланысты, нөсер жаңбыр және дауыл ілесіп жүруі сирек емес, бір қатар жағдайларда – бұршақ жауады.

«TS» қысқартулары төмендегі найзағай туралы хабарлау үшін қолданылады:

жаңбырмен (TSRA);

қармен (TSSN);

бұршақпен (TSGR);

шағын бұршақпен және/немесе қарлы қиыршықпен (TSGS);

немесе осы элементтердің басқа үйлесулерімен (мысалы: «TSRASN»);

немесе құрғақ найзағай туралы (TS), бұнда күн күркіреуі естіледі, бірақ әуеайлақта жауын-шашын байқалмайды.

4) Көрінуді нашарлататын құбылыстар (гидрометеорлар). Ауаның ылғалдылығы жоғары болған кезде түзілетін құбылыстар (гидрометеор қарауыту түрлері):

BR brume, mist – мұнар. Қалқыма өте ұсақ су тамшылары немесе мұздың ұсақ кристаллдарында жарықтың шашырауынан туындайтын және 1 бастап 10 километрге дейін көлденең көрінуді (жерде тұрған бақылаушының көзі деңгейінде, яғни жер бетінен шамамен 2 метрдей) нашарлататын жер бетіне жақын ауаның әлсіз көмескіленуі. Ауаға көгілдірлеу-сұр реңк береді. Тұман алдында немесе тұманнан кейін, көбінесе өзіндік құбылыс ретінде байқалуы мүмкін. Жауын-шашын кезінде, әсіресе сұйық және аралас (жаңбыр, сіркіреме, қар аралас жаңбыр және соған ұқсас) жауын-шашын кезінде жауатын жауынның жартылай булануы есебінен атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы ауаның ылғалдануы салдарынан жиі байқалады. Мұнарлану кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85-90%-дан асады, сирек жағдайларда мұнарлану ылғалдылық 70%-дан артық болған кезде де байқалады. METAR (SPECI) мәліметтерінде мұнарлану (BR) туралы көріну 1000 метрден 5000 метрге дейін олған кезде хабарланады.

FG – fog – тұман. Көріну 1000 метрден кем қашықтыққа әкеліп соғатын ауада судың өте ұсақ тамшылары мен мұз кристаллдарының жиналуы. Тұман кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы әдетте 100%-ға жақын (тым болмағанда 85-90%-дан асады). Дегенмен қатты аязда (-30°С және одан төмен) елді мекендерде, теміржол стансаларында және әуеайлақтарда тұмандар ауаның кез келген салыстырмалы ылғалдылығында (тіпті 50%-дан кем болғанда) – жанармай жанған кезде (қозғалтқыштарда, пештерде) түзілетін және газ шығаратын түтіктер мен түтіндіктерден атмосфераға лақтырылатын су буының конденсациясы есебінен байқалуы мүмкін. Тұмандардың үздіксіз ұзақтығы әдетте бірнеше сағаттан (кейде жарты сағат, бір сағат) бастап әсіресе жылдың суық мезгілінде бірнеше тәулікке дейінгі мерзімді құрайды. Көрінетін тұман – тігінен әлсіз дамыған тұман байқалуы мүмкін, бұнда аспанның жағдайын (бұлттардың саны мен пішінін) анықтауға болады немесе тұтас тұман – тігінен біршамажақсы дамыған тұман, бұнда аспанның жағдайын (бұлттардың саны мен пішінін) анықтау мүмкін емес. Мәліметтерде «MI», «BC», «PR» немесе «VC» қысқартулары ілесіп жүретін жағдайларды есепке алмағанда, көріну 1000 метрден кем болған кезде хабарланады.

MIFG minimum fog, shallow fog – төмен (жұқа) тұман. Жер (немесе су қоймасы) бетінен тұтас жұқа қабатпен немесе жеке жұлмалар түрінде төмен төселетін (2 метр биіктікке дейін) тұман. Әдетте кешкі, түнгі және таңғы сағаттарда байқалады.

BCFG broken, covering – тұман тізбектері (үзіктері, жұлмалары). Тұман жер-жерлерде, тізбектей, толқындай. Жер-жерлерде әуеайлақты жауып тұрған тұман тізбектері.

PRFG – patches fog, aerodrome partially covered by fog – ішінара тұман. Әуеайлақтың бөлігін жабатын тұман. Әуеайлақтың айтарлықтай бөлігі тұманмен жабылған, қалған бөлігінде тұман жоқ.

VCFG – fog in vicinity – әуеайлақ маңайындағы тұман. Әуеайлақ периметрінен 8 километр шегінде байқалатын, бірақ әуеайлақта болмайтын тұман.

Төмен тұман (MIFG), тұман тізбектері (BCFG) немесе ішінара тұман (PRFG) болған кезде, сонымен қатар әуеайлақ маңайында байқалатын тұман (VCFG) болған кезде аспаптармен өлшенген және мәліметтерге енгізілген көріну 1000 метрден артық болуы мүмкін, себебі әуеайлақтағы көріну белгілің бір нүктелерде және 1,5 немесе 2 метрден бастап 5 метрге дейін биіктікте өлшенеді. Мәліметтерде көрінуді нашарлататын басқа да құбылыстар көрсетіледі.

FZFG – freezing fog – қататын тұман. Қалқыма жағдайындағы өте суытылған тамшылардан тұрады, өте суытылған сіркіреме түрінде жауады. Теріс температураларда түзіледі, -300С дейін ғана қолданылады, себебі одан төмен температураларда өте суытылған тамшылар жоқ болады.

5) ауада қатты бөлшектердің бар болуына байланысты ауа райы құбылыстары (қарауыту түрлері литометеорлар):

FU – fume, smoke – түтін. Көлденең көрінуді 5000 метрге дейін және одан кем нашарлататын, жанармай мен басқа да заттардың жануы нәтижесінде туындайтын кішігірім бөлшектердің атмосферадағы жүзінділер. Алыстағы заттар сұрлау немесе сарғыш реңкке ие болады. Егер су тамшылары жоқ болса және салыстырмалы ылғалдылық 90%-дан аспаса, түтін туралы көлденең көріну 1000 метрден кем болған кезде хабарланады.

METAR (SPECI) мәліметтерінде түтін (FU) туралы көріну 5000 метр және одан кем болған кезде хабарланады.

HZ - haze – қарауыту. Құралданбаған көзбен көрінбейтін және көлденең көрінуді 5000 метрге және одан да кем азайып, ауаға жылтыраушы түр беретіндей біршама көп өте кішкентай құрғақ бөлшектердің ауадағы жүзіндісі. Бұл ретте салыстырмалы ылғалдылық жиі 50% және одан кем болады.

SA – sand – құм. Көрінудің 5000 метрге дейін және одан да кем азаюына әкеліп соқтыратын жерден көтерілген құмның кішігірім бөлшектерінің ауадағы жүзіндісі.

DU – dust (widespread) - шаң (торлаған). Көрінудің 5000 метрге дейін және одан да кем азаюына әкеліп соқтыратын жерден көтерілген шаңның кішігірім бөлшектерінің ауадағы жүзіндісі.

VA – volcanic ash – жанартау күлі. Жанартаулар атқылау кезінде атмосфераға лақтырылатын, мөлшері бойынша бірталай айырмашылығы бар атмосферада болатын шаң немесе бөлшектер. Ірірек бөлшектер мен ұсақ бөлшектердің жинақталуы қозғалтқыштарды қоса алғандағы ұшақтардың күрделі зақымдарына әкеліп соқтыруы мүмкін.

6) желге байланысты ауа райы құбылыстары:

BLSNblowing snow – қарлы жаяу бұрқасын. Көлденең көрінуді біршама нашарлатып, бірнеше метр биіктік қабатта қар жабынын жер бетінен желмен көшіруі. Бұл ретте тік көріну жап-жақсы, аспанның жағдайын (бұлттардың мөлшері мен пішіні) анықтау мүмкіншілігі бар. Бұлт аз ауа райында да, қар жауып тұрғанда да байқалуы мүмкін. Әдетте құрғақ қатып қалмаған қар жабыны болғанда және жел жылдамдығы 7-9 м/с және одан артық болған кезде туындайды.

BLDU/ BLSA - blowing dust/ sand – шаң/құм жаяу бұрқасыны. Көріну айтарлықтай нашарлай отырып, жер бетінен шаң мен құмның көп мөлшерлерін желмен жер беті деңгейінен 2 метр және одан артық биіктікке көшіру. Топырақ беті құрғақ және жел жылдамдығы 6 м/сек кем емес болған кезде туындайды.

DRSA/ DRDU - drifting/drifting dust – құм/шаң борасыны. Көрінудің маңызды нашарлауына әкеліп соқпайтын (егер басқа атмосфералық құбылыстар жоқ болса, 2 метр деңгейіндегі көлденең көріну 10 километр және одан артық) шаңды (топырақ, құм бөліктерін) желмен жер беті деңгейінен 0,5-2 метр биіктік қабатта көшіру. Әдетте топырақ беті құрғақ және жел жылдамдығы 6-9 м/сек кем емес болған кезде туындайды.

DRSN – drifting snow – қар борасыны. Көрінудің маңызды нашарлауына әкеліп соқпайтын (егер басқа атмосфералық құбылыстар – қар жауу, мұнарлану және тағы сол сияқтылар жоқ болса, 2 метр деңгейіндегі көлденең көріну 10 километр және одан артық) қар жабынын желмен жер беті деңгейінен 0,5-2 метр биіктік қабатта көшіру.Бұлт аз ауа райында да, қар жауған кезде де байқалуы мүмкін. Әдетте құрғақ, қатып қалмаған қар жабыны және жел жылдамдығы 5-6 м/с және одан артық болған кезде туындайды.

DS/SS – duststorm/sandstorm – шаңды/құмды дауыл. Көлденең көріну айтарлықтай нашарлай отырып, бірнеше метр биіктік қабатта жер бетінен шаңның/құмның (топырақ, құм бөлшектерінің) көп мөлшерлерін желмен көшіру. Бұл ретте шаңның (құмның) ауаға көтерілуі және сонымен бірге үлкен аумақта шаң қону байқалады. Осы аймақтағы топырақтың түсіне қарай алыстағы заттарсұрғылт, сарғыш немесе қызғылт реңңке боялады. Әдетте топырақ беті құрғақ және жел жылдамдығы 10 м/с және одан артық болған кезде туындайды.

PO – dust/sand whirls (dust devils) – шаңды/құмды құйындар (шаңды құйындар). жер бетінен көтерілген шаң және басқа да жеңіл заттектерді тартатын, жердің құрғақ әрі шаңды немесе құмды бетінің үстінде жылдам айналатын ауа бағаны. Құмды және шаңды құйындардың диаметрі бірнеше метр болады. Тігінен олар әдетте 100 метрден жоғары болмайды, бірақ өте ыстық және шөл аудандарда олардың биіктігі 600 метрге жетуі мүмкін.

Құйындар жіңішке алаппен өтеді, сондықтан метеостанцияның өзінде жел әлсіз болуы мүмкін, бірақ нақты құйынның ішінде жел жылдамдығы 8-10 м/с және одан артық болады. 2 метр деңгейдегі көлденең көріну 10 километр және одан артық.

FC – funnel cloud (tornado or waterspout) – шұңғыма тәріздес бұлт (торнадо немесе су құйыны). Диаметрі бірнеше ондық метр болатын қатты құйын болып табылатын құбылыс. Бұлтты баған немесе түйдек-жаңбырлы бұлттың негізінен төмен қарай түсетін, бірақ жерге жетуге міндетті емес шұңғыма тәрізді бұлттың болуымен сипатталады. Түйдек-жаңбырлы бұлттан түсетін құйын мен құрлық немесе судың бетінен көтерілетін құйын біріккен кезде түзіледі. Құйынның ең жіңішке бөлігі – ортасында, кейде ортасында құйын үзіледі. Құйындағы қозғалыс сағат тілінің жүрісі бойынша да, сағат тілі жүрісіне қарсы да болуы мүмкін. Жылдамдықтары 50-100 м/с, кейде 150 м/с (600 км/сағ) дейін. Егер бұндай бұлт жер бетінде болса, ол торнадо деп, ал егер су бетінде болса – су құйыны деп аталады.

SQ – squall – дауыл. Қысқа уақыт ішінде (1-2 минут уақыт мерзімінде 8 м/с-қа және одан артық) желдің кенеттен шұғыл күшеюі, бағыт өзгерістері қатар жүреді. Дауыл кезінде желдің жылдамдығы 10 м/с-тан артады (20-25 м/с және одан артық болуы мүмкін). Массаішілік дауылдар түйдек-жаңбырлы бұлттылықпен, фронтальды – шұғыл айқындалған суық фронттарға байланысты. 500-2000 метр қабатта көлденеңінен бірнеше километрге таралады. Авиациялық метеорологиялық мәліметтерде 1 минуттан кем байқалатын кезде орташа жылдамдығы 8 м/с кем емес және максималды жылдамдығы 11 м/с кем емес болғанда көрсетіледі. Дауылмен нөсер жаңбыр мен найзағай, бірқатар жағдайларда – бұршақ, ал егер топырақ құрғақ және жауын-шашын болмаса – шаңды дауыл жиі қатар жүреді.


Азаматтық авиацияны метеорологиялық

қамтамасыз ету қағидаларына

5-қосымша
GAMET болжамдарының мазмұны
1. GAMET нысанындағы болжамда көрсетілген тәртіппен төмендегі ақпарат болады:





Деректер түрінің көрсеткіші

FA - GAMET ақпараты үшін

A1A2

Елдің немесе аумақтың көрсеткіштері

RS - Еуропа аумағы

RA – Азия аумағы

KZ – Қазақстан Республикасы


ii

Парақтың нөмірі (51)

Өңірлік пайдалану үшін

ДМҰ атауы: T1T2A1A2ii CCCC YYGGgg

CCCC - осы мәліметті тарататын байланыс орталығының орналасқан орнының индексі (ИКАО);

YYGGgg – уақыт\күні тобы, онда YY - күн, ал GGgg – GAMET мәліметті таратудың UTC сағат пен минуттағы уақыты;

Мысалдар: FARS31 RUАА 121200;

FARА31 ALAC 110010;

FAKZ31 UAAA 110010.

1) GAMET nnnn «YUCC» жататын ҰАА немесе СТА қызмет көрсететін ӘҚҰ органының орналасу жерінің көрсеткіші;

2) хабарламаның шартты белгісі: «GAMET»;

3) UTC әрекет ету кезеңін көрсететін «күн-уақыт» топтары, VALID nnnnnn/nnnnnn «VALID 220600/221200»;

4) мәліметті дайындаған метеорологиялық органның орналасу жерінің көрсеткіші, одан кейін дефис тұрады, «YUDO-»;

5) келесі жолда – GAMET болжамы дайындалған ҰАА/СТА немесе олардың бөліктерінің орналасқан орнының көрсеткіші, nnnn nnnnnnnnnn FIR [/n][BLW FLnnn] немесе СТА [/n][BLW FLnnn] «YUCC AMSWELL FIR/2 BLW FL120»;

6) келесі жолда - «SECN 1» қысқартуды пайдаланумен болжамның бірінші бөлімінің басталуын көрсетуі;

7) кең кеңістіктегі жылдамдығы 15 м/с-тан жоғары жерге жақын жел, «nnn/[n]nnMPS «SFC WIND: 10/12 310/18MPS»;

8) көрінуді нашарлататын ауа райы құбылыстарын қоса алғанда 5000 м кем кең кеңістіктегі көріну, SFC VIS: [nn/nn] «SFC VIS: 06/08 N OF N51 3000M BR», «SFC VIS: 06/09 NW OF LINE N5200 E00900-N5430 E01130 2000-4000M RA»;

9) найзағайлар, қатты құмды дауыл, шаңды дауыл және жанартау күлін қоса алғанда ерекше ауа райы жағдайлары (SIGMET хабарламасы шығарылып қойған құбылыстарды санамағанда) SIGWX[nn/nn], «SIGWX: 11/12 ISOL TS»;

10) таулардың жабылуы MT OBSC: [nn/nn], « MT OBSC: S OF N48 MT PASSES»;

11) кең кеңістіктегі төменгі шекарасы жер беті деңгейінен (AGL) немесе еңіздің орташа деңгейінен (AMSL) 300 м кем ажыратылған немесе тұтас бұлттылық және (немесе) кез келген түйдек-жаңбырлы (СВ) немесе көлемді мұнаратәріздес түйдек (TCU) бұлттар SIG CLD: [nn/nn], «SIG CLD: 06/09 N OF N51 OVC 200/800M AGL» «SIG CLD: 10/12 ISOL TCU 400/3000M AGL»;

12) мұздану (конвекциялы бұлттарда туындайтын мұзануды және SIGMET хабарламасында шығарылып қойған қатты мұздануды санамағанда), ICE[nn/nn]: «ICE: MOD FL050/080», «ICE: N OF N49 AND W OF E070 MOD BLW FL070»;

13) турбуленттік (конвекциялы бұлттарда туындайтын турбуленттікті және SIGMET хабарламасында шығарылып қойған турбуленттікті санамағанда), TURB: [nn/nn] «TURB: MOD ABV FL090», «TURB:07/09 N OF N45 MOD SFC/4000М AMSL»;

14) таулы толқын (SIGMET хабарламасында шығарылып қойған қатты таулы толқынды санамағанда), MTW: [nn/nn] «MTW: N OF N63MOD ABV FL080»;

15) аймақты болжам әрекет ететін тиісті ҰАА/СТА немесе олардың кіші ауданына қатысты SIGMET хабарламалары, SIGMET APPLICABLE: «SIGMET APPLICABLE: 3, А5, В06» или «SIGMET APPLICABLE: AT TIME OF ISSUE NIL»;

16) келесі жолда – «SECN II» қысқартуды пайдаланумен аймақтық болжамның екінші тарауының басталуын көрсету;

17) қысым орталықтары, фронттар және олардың күтілетін қозғалысы мен дамуы PSYS:[nn]: «PSYS: 06 N5130 E01000 L 1004 HPA MOV NE 25KMH WKN», PSYS: 09 WARM FRONT ALONG N48 MOV N 20KMH NC», «PSYS: 06 N57 W072 L 964HPA STNR NC 09 N47 E048 H 1030HPA STNR NC»;

18) келесі абсолюттік биіктіктер үшін жел мен ауа температурасы: 600, 1500 и 3000 м, WIND/T: «WIND/T: 600M N5500 W01000 270/18MPS PS03

1500M N5500 W01000 250/20MPS MS02

3000M N5500 W01000 240/22MPS MS11 »,

«WIND/T: 300M AMSL N4930 E01200 110/30KMH MS08

600M AMSL N4930 E01200 120/40KMH MS13

1500M AMSL N4930 E01200 140/40KMH MS20

3000M AMSL N4930 E01200 160/50KMH MS25»;

19) 11-тармақшадан басқа жер бетінен (AGL) немесе теңіздің орта деңгейінен (AMSL), бұлттардың төменгі және жоғарғы шеттерінің биіктіктерін, түрін, санын көрсетумен бұлттылық туралы ақпарат, CLD [nn/nn]: «CLD: BKN SC 900/2400M AGL» немесе CLD:NIL;

20) қату деңгейі - жер бетінің деңгейінен (AGL) немесе теңіздің орта (AMSL) деңгейінен 00С сәйкес келетін биіктікті көрсету, егер ол\олар болжам берілетін ауа кеңістіктің жоғарғы шекарасынан төмен болғанда FZLVL: «FZLVL: 1000M AMSL»;

21) әсер ету кезеңінің ішінде болжанатын QNH ең аз мағынасы, MNM QNH: «MNM QNH: 1004HPA»,

MNM QNH : 03/05 1010HPA

05/07 1009HPA

07/09 1008HPA;

22) егер өңірлік аэронавигациялық келісіммен талап етілсе, теңіз бетінің температурасы және теңіз жағдайы, SEA: «SEA: T15 HGT 5M»;

23) жанартау шығарылымдары – жанартау атауы VA: «VA:ETNA», «VA:NIL»;

24) GAMET болжамының барлық тармақтары жаңа жолдан басталады.

25) Қауіпті құбылыстардың туындауы күтілмеген немесе олар SIGMET хабарламасына енгізіліп қойған жағдайда аймақтық болжамнан жоғарыда көрсетілген 7)-15) тармақшалар алынып тасталынады. Қауіпті құбылыстар пайда болмаған және ешқандай SIGMET ақпараты қолданылмаса осы тармақтың 7)-15) барлық тармақшалары «HAZARDOUS WX NIL» - ауа райының қауіпті құбылыстары жоқ – деген терминмен жазылады;

26) Қауіпті құбылыс GAMET болжамына енгізілген, бірақ ол болмаған немесе бұдан әрі болжанбаса, тек тиісті метеорологиялық элементті өзгертетін GAMET AMD түзету шығарылады.

GAMET аймақтық болжамының мысалы:

YUCC GAMET VALID 220600/221200 YUDO–

YUCC AMSWELL FIR/2 BLW FL100

SECN I

SFC WIND: 10/12 310/18МPS



SFC VIS: 06/08 N OF N51 2500M -SN BR

SIGWX: 11/12 ISOL TS

MT OBSC: MT PASSES S OF N48

SIG CLD: 06/09 N OF N51 OVC 300/600M AGL 10/12 ISOL TCU 300/3000M AGL

ICE: MOD FL050/080

TURB: MOD ABV FL090

SIGMETS APPLICABLE: 3, 5

SECN II


PSYS: 06 N5130 E01000 1004HPA MOV NE 25KМН WKN

WIND/T: 600M N5500 W01000 270/13MPS PS03

1500M N5500 W01000 250/20MPS MS02

3000M N5500 W01000 240/18MPS MS11

CLD: BKN SC 800/2400М AGL

FZLVL: 1000M AGL

MNM QNH: 1004HPA

SEA: T15 HGT 5M

VA: NIL

Мазмұны: 100 эшелоннан төмен ұшу ақпаратының ауданы AMSWELL* (РЦ атауы YUCC – AMSWEL) екі қосымша аудан үшін Донлон/халықаралық әуежайдың метеорологиялық органмен (YUDO) жасалған кіші биіктіктерде (GAMET) ұшулар үшін аймақтық болжам әсер ету кезеңі осы айдың 22 күні 06.00 UTC бастап 12.00 UTC дейін.



1-бөлім:

SECN I





Жер бетіндегі желдің бағыты мен жылдамдығы:
(SFC WIND)

10.00 UTC мен 12.00 UTC арасында жер бетіндегі желдің бағыты 310º; желдің жылдамдығы 18 м/с

Жер бетіндегі көріну: (SFC VIS)

06.00 және 08.00 UTC арасында солтүстік ендік 51 градустан солтүстікке қарай көріну 2500 метр (сәл қар мен мұнарлану үшін);

Ауа райының ерекше құбылыстары:
(SIGWX)

11.00 UTC мен 12.00 UTC арасында оқшауланған бұршақсыз найзағайлар

Таулардың жабылуы: (MT OBSC)

Солтүтсік ендіктің 48 градусынан оңтүстікке қарай таулар жабық

Маңызды бұлттылық:

(SIG CLD)



06.00 мен 09.00 UTC арасында солтүстік ендіктің 51 градусынан солтүстікке қарай төменгі шекарасы теңіз деңгейінен 300 метр және жоғарғы шекарасы 600 метртұтас бұлттылық; 10.00 UTC мен 12.00 UTC арасында төменгі шекарасы жер деңгейінен 300 метр және жоғарғы шекарасы 3000 метр жеке оқшауланған қуатты-түйдек мұнара тәріздес бұлттар;

мұздану: (ICE)

орташа 050 және 080-дағы ұшу эшелондарының арасында

турбуленттік: (TURB)

орташа 090 ұшу эшелонынан жоғары (кем дегенде 100 ұшу эшелонына дейін);

SIGMET хабарламалары:

(SIGMETS APPLICABLE)



SIGMET 3-ші және 5-ші хабарламасы белгіленген әрекет ету мерзімі ішінде және тиісті қосымша аудан үшін күші бар

II бөлім:

SECN II





Барийлік жүйелер:

(PSYS)


06.00 UTC-та солтүстік ендіктің 51,5 градус, шығыс бойлықтың 10 градус нүктесінде 1004 гПА төмен қысым орталығы, солтүстік-шығыс бағытта 25 км/сағ жылдамдықпен ауысуы және әлсіреуі күтілуде.

жел және температура: (WIND/T)

600 м биіктікте теңіз деңгейінен солтүстік ендіктің 55 градус нүктесінде және батыс бойлығының 10 градусы жел бағыты 270 градус, жел жылдамдығы 13 м/с, температура плюс 3°С; 1500 метр биіктікте теңіз деңгейінен солтүстік ендіктің 55 градус нүктесінде және батыс бойлығының 10 градусы жел бағыты 250 градус, жел жылдамдығы
20 м/с, температура минус 2°С; 3000 метр биіктікте теңіз деңгейінен солтүстік ендіктің 55 градус нүктесінде және батыс бойлығының 10 градусы жел бағыты 240 градус, жел жылдамдығы
22 м/с, температура минус 11°С

бұлттылық: (CLD)

төменгі шекарасы 800 метр қатпарлы-үйме жыртылған бұлттар және теңіздің орта деңгейінен 2400 метр жоғары шекара

нөлдік изотермияның биіктігі: (FZLVL)

жер деңгейінен 1000 метр

минималды мәні
QNH: (MNM QNH)

1004 гПА

теңіз: (SEA)

Температура 15°С; теңіздің жай-күйі (толқындардың биіктігі) 5 метр

жанартау күлі: (VA)

Жоқ

Азаматтық авиацияны

метеорологиялық қамтамасыз

ету қағидаларына

6-қосымша

SIGMET және AIRMET хабарламалары элементтерінің

мазмұны мен тәртібі


1. SIGMET/AIRMET хабарламасы көрсетілген тәртіпте орналасқан мына ақпараттан тұрады:

1) SIGMET (YUCC) хабарламасы жататын ҰАА (FIR) немесе СТА қызмет көрсететін ӘҚҚ органының орналасқан орнын көрсетуші.

SIGMET/AIRMET тиісті ҰАА (FIR) немесе СТА қызмет көрсететін ӘҚҚ органының орналасқан орнын көрсетушімен белгілейді. SIGMET хабарламасы ҰАА және СТА бүйір шекаралары шегіндегі барлық әуе кеңістігіне жатады. SIGMET шығару хабарламасын шақыртқан осы метеорологиялық құбылыс әсер ететін нақты аймақтар және (немесе) ұшу эшелондар хабарлама мәтінінде көрсетіледі;

2) SIGMET, хабарламасының және реттік нөмірінің шартты белгісі. SIGMET хабарламаларының реттілігі цифрлармен немесе цифрлар мен әріптер қисындасуларымен көрсетіледі;

3) UTC; VALID 221215/221600 әрекет аралығын көрсететін «күні - уақыты» топтары;

4) «YUDO-» мәтінінен преамбуланы бөлу үшін соңынан дефис қойылатын – хабарламаны даярлағанның ОМС орналасқан орнын көрсетуші;

5) келесі қатарда - SIGMET/ AIRMET: UACC ASTANA FIR, UAAA ALMATY СТА хабарламасы шығарылатын FIR немесе CTA атауы;

6) осы Ереженің 337-тармағында келтірілген SIGMET/AIRMET хабарламаның шығуын ескертетін құбылыс және құбылысты бейнелеу;

7) ақпарат бақылау мәліметтерінің ақпараты болып табылуын және оның жаңару мүмкіндігін немесе ол болжам болып табылуын көрсету. Нақты құбылыс – OBS қысқартуы қолданылады, болжанатын құбылыс - FCST қысқартуы қолданылады және бақылау уақыты/әрекет уақыты UTC;

8) орналасқан орны (мүмкіндігінше бойлығы мен ендігі бойынша және (немесе) халықаралық жоспарда жақсы танымал пункттерді немесе географиялық атауларды көрсетумен) FCST S OF N2630 AND W OF E12300 TOP FL450

9) Ұшу эшелоны немесе абсолюттік биіктік ТОР FL500

10) орын ауыстыру немесе күтілетін орын ауыстыру (бағыт және жылдамдық) километр сағатта немесе түйіндерде өрнектелген олардың он алты компастық румболарын немесе стационарлық орналасқан орнын көрсетумен: MOV E 40KMH немесе STNR.

11) INTSF, WKN немесе NC қысқартуларын қолдана отырып, интенсивтіліктің өзгеруі;

12) Болжанатын уақыт құбылысын көрсету: FCST AT 2200Z

13) SIGMET хабарламасы әрекеті кезеңінің соңында болжанатын құбылыс: S OF S350 AND W OF E170

2. Найзағалар мен түйдек-жаңбырлы бұлттар ауданда:

1) егер олар мұнарға немесе түтінге жасырынса немесе қараңғылықтан бақылау қиын болса, жасырын (OBSC);

2) егер бұлттардың қабаты арасында болса және оңай танылмаса, бүркемеленген (EМBD);

3) егер әсер ету ауданы 50 %-дан кем максималды жамылған жеке элементтерден тұрса (белгіленген уақыт немесе болжам әрекеті кезеңінің ішінде), жеке, оқшауланған (ISOL);

4) егер олар әсер ету ауданы 50-75 % максималды жамылған жеке элементтерден тұрса (белгіленген уақыт немесе болжам әрекеті кезеңінің ішінде) немесе болжанатын әсер ету (белгіленген уақыт немесе болжам әрекеті кезеңінің ішінде), сирек (OCNL);

5) егер аудан шегінде, әсер ету ауданы 75 %-дан аса максималды жамылған көрші найзағай фронты арасындағы интервалдары немесе осы болжанатын әсер ету (белгіленген уақыт немесе болжам әрекеті кезеңінің ішінде) болмашы немесе жоқ болса, жиі (FRQ) болып саналады;

3. дауыл сызығы (LSQ) жеке бұлттар арасындағы болмашы аралықтар бар немесе осындай аралықтар жоқ кезінде, кейбір фронтты бойлай найзағайдың болуын тұспалдайды.

4. бұршақ (GR) найзағайдың қосымша сипаты үшін қажет болған жағдайда қолданылады.

5. Күшті турбуленттік (SEV TURB) күшті жерге жақын желмен, құйынды ағынмен байланысты тек кіші биіктіктердегі турбуленттікке немесе бұлттылықтағы немесе оның шегіндегі (САТ) турбуленттікке жатқызады. Конвективтік бұлттармен байланысты турбуленттік көрсетілмейді.

6. Егер ол конвективтік бұлттардан тыс мұздануға жатса, күшті мұздану (SEV ICE) көрсетіледі. Қататын жаңбыр (FZRA) аса суытылған жаңбырмен байланысты, күшті мұздану жағдайына жатады.

7. Таулы толқыны (MTW):

1) егер жылдамдығы 3,0 м/с (600 фут/мин) немесе одан аса бәсеңдейтін ағынмен жалғасса және (немесе) күшті турбуленттік болжанса, күшті;

2) егер жылдамдығы 1,75-3,0 м/с (350-600 фут/мин) бәсеңдейтін ағынмен жалғасса және (немесе) қоңыржай турбуленттік байқалса немесе болжанса, қоңыржай турбуленттік болып саналады.

Азаматтық авиацияны

метеорологиялық қамтамасыз

ету қағидаларына

7-қосымша


Ұшу құжаттамасында қолданылатын карталар үлгілеріндегі

белгілер мен қысқартулар




  1. Айрықша ауа-райы құбылысы үшін шартты белгілер


Ескерту:

*- Ұшу құжаттамасы үшін FL100 дейін ұшу кезінде бұл нышан «дауыл бағытын» білдіреді.

**- Келесі ақпарат карта алаңында көрсетілуі қажет: радиоактивті заттектер нышаны, апат орнының ендігі/бойлығы, апаттың күні мен уақыты, қосымша ақпаратқа қатысты NOTAM тексеру.

***- Келесі ақпарат карта алаңында көрсетілуі қажет: жанартаудың атылуының нышаны, жанартаудың атауы мен халықаралық нөмірі (егер белгілі болса), бірінші атылудың ендігі/бойлығы, күні мен уақыты (егер белгілі болса), жанартау күліне қатысты SIGMET пен NOTAM немесе ASHTAM ақпаратын тексеру.

****- Бұл нышан жауын-шашын әсерінен туған ұшақтың аса суытылған беткі қабатының мұздануына жатпайды.

Картаға берілген түсіндірме сөзге сәйкес, құбылыс күтілетін аралықтағы биіктік үшін жоғары шекара төменгінің үстінде көрсетіледі.



2. Аймақтар, конвергенция аймақтары мен басқа да қолданылатын нышандар:

Мысал


жүктеу 3,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау