ҰШУ АЛАҢЫНДАҒЫ УАҚЫТША КЕДЕРГІЛЕР
1. Жалпы ережелер
1. Осы қосымшада уақытша кедергілер ретінде: әуеайлақтың дамуына немесе техникалық күтіп ұсталуына, уақытша орлар, топырақ жалдары және т.б. байланысты жұмыстарға пайдаланылатын, ҰҚЖ-ға (БЖЖ-ға) жақын тұрған механизмдер мен материалдар, сондай-ақ жылжымайтын әуе кемелері аталады.
2. Ұшу жолағында немесе БЖЖ-ның жанында әлдеқандай жұмыстар жүргізуді бастаудан бұрын әуеайлақтың пайдаланушысы аэронавигациялық ақпарат құжаттарына алдын ала тиісті ескертуді беруі тиіс, сондай-ақ, қажет болғанда, шектеулер енгізуге және әуеайлақтағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруы тиіс.
3. ҰҚЖ-ның бойында жұмыстар жүргізудің үш аймағы ерекшеленеді (1-сурет):
________________________
ҰҚЖ _._._._._._._._._._._._._
________________________
1 АЙМАҚ
________________________
2 АЙМАҚ
________________________
3 АЙМАҚ
________________________
1-сурет. ҰҚЖ жанындағы жұмыстарды жүргізу аймақтары.
1 Аймақ әуеайлақтардың барлық кластары үшін ҰҚЖ жиегінен 20 м шегінде орналасады.
2 Аймақ 1 аймақтың сыртқы жиегінен ҰЖ-ның жоспарланған бөлігіне дейінгі шектерде орналасады.
3 Аймақ ҰЖ-ның жоспарланған бөлігінен ҰЖ-ның шегіне дейінгі шектерде орналасады.
2. 1-аймақ
1. Бұл аймақтағы жұмыстар бір уақытта ғана ҰҚЖ-ның тек бір жағында жүргізіле алады. Кедергінің ауданы 9 м2-ден аспауы тиіс, бірақ та ерекшелік ретінде ауданы 28 ш. м-ден аспайтын жіңішке жыралар салуға рұқсат етіледі. Кез келген кедергі оның винт қалақшаларымен немесе қозғалтқыш гондоласымен арадағы қашықтық қорын осы әуеайлақты пайдаланатын әуе кемелерін ескере отырып қамтамасыз ету мақсатымен биіктігі бойынша шектелуі тиіс. Қалай болса да, кедергілердің жер бетінен биіктігі 1 м-ден аспауы тиіс. Әуе кемесін немесе оның қозғалтқыштарын зақымдауы мүмкін топырақ үйінділерін немесе сынықтарды алып тастау қажет. Жыралар мен шұңқырларды соңынан топырағын тығыздай отырып, мүмкіндігінше тезірек жауып тастау керек.
2. ҰҚЖ-ын пайдалану кезінде бұл аймақта ешбір жабдық немесе көлік құралы болмауы тиіс.
3. Бұл аймақта жылжу қабілетінен айырылған әуе кемесі тұрған кезде ҰҚЖ жабылуы тиіс.
3. 2-аймақ
1. Бұл аймақта, ҰҚЖ-ның құрғақ кезінде және желдің бүйірлік құрамдауышы 5 м/сек мәнінен аспайтын жағдайда, егер жер жұмыстары немесе қазып алынған топырақ үйіндісінің ұзындығы ҰҚЖ-ға параллельді бағытта мүлдем азайтылса, жұмыстар жүргізілуі шектелмейді. Қазып алынған топырақтың биіктігі жер бетінен 2 м-ден астам болмауы тиіс.
2. Осы аймақта пайдаланылатын барлық құрылыс жабдықтары жылжымалы болып көзделуі тиіс.
3. ӘК-нің ҚҚЖ құралдық қондыру жүйесін қолдана отырып қонуға бет алған кезінде бұл аймақта ешбір жабдық немесе көлік құралы болмауы тиіс.
4. Осы аймақта жылжымайтын әуе кемесі тұрған кезде ҰҚЖ жабылуы тиіс.
5. 2-аймақта жұмыстар жүргізген кезде, мүмкіндігінше 1-аймақ үшін жарияланған уақытша кедергілерге қойылатын талаптарды қанағаттандыруға тырысу керек, өйткені бұл ҰҚЖ-ының елеулі дәрежедегі қарқынмен пайдаланылуы кезінде, орындалатын жұмыстардың едәуір ұзаққа созылуы кезінде және жағдайдың 3.1 көрсетілгенінен едәуір нашарлаған кезінде әсіресе маңызды.
4. 3-аймақ
1. Бұл аймақта орындалатын жұмыстарға қатысты шектеулер жоқ. Бірақ та жұмыстар және оларды орындау барысында пайдаланылатын көлік және құрылыс құралдары радионавигациялық жүйелердің жұмысына бөгеулер енгізбеуі тиіс.
Ескертпе. Жұмысқа қолданылған жабдық пен механизмдер, ұшу жолақтарынан әкетілгенде 5-қосымшада белгіленген кедергілерді шектеу беттеріне қатысты талаптарды ескере отырып орналастырылады.
2. ҰҚЖ шеттеріне жанасатын аймақтарда жұмыстар жүргізген жағдайда, әуеайлақтың пайдаланушысы қосалқы ҰҚЖ-ын, қонуға кірудің тиісті бетінен кедергінің асып шығып тұрмауын және үзілген немесе жалғастырылған ұшып-көтерілу жағдайында бөгет болмауы үшін орналастырылатын қашықтықтардың қысқартылуын және (немесе) ҰҚЖ табалдырығының ығысуын барынша мүмкін дәрежеде пайдалануы керек.
3. Жұмыстар басталардан бұрын жұмыстарды жүргізу тәртібін келісу үшін әуеайлақтың пайдаланушысы мен жұмыстар жүргізуші арасында кеңес өткізу ұсынылады, онда кем дегенде мынадай мәселелер көзделуі керек:
1) әуе кемелерінің ұшуларына бөгет жасауын барынша азайту мақсатында құрылыс машиналарына бақылауды қамтамасыз ету;
2) әуе кемелерінің қозғалысы азаятын кезеңдерді барынша молынан пайдалану үшін құрылыс жұмыстарының кестесін әзірлеу;
3) алынған топырақты әкету, құрылыс материалдары мен жабдығын сақтау, сондай-ақ жұмыс орнының жұмыстар соңындағы жағдайы.
5. БЖЖ маңындағы уақытша кедергілер
1. БЖЖ маңында жұмыстар жүргізу мүмкіндігін қарастырғанда, әуеайлақ пайдаланушысы әуеайлақта пайдаланылатын әуе кемелерінің үлгілерін және маңында кедергісі бар БЖЖ бойымен бұрып-жылжымауға мүмкіндік беретін қосалқы бұру-жылжу жер үсті маршруттарының болуын ескеруі керек.
Ескертпе. Кедергі мен БЖЖ-ның осьтік сызығының арасындағы қашықтық 4-тараудың 41-тармағында келтірілген. Қауіпті аймаққа таяғаны туралы пилотты барлық жағдайларда ескертіп отыру ұсынылады.
2. БЖЖ маңындағы уақытша кедергілерді таңбалау және жарықпен қоршау көзделуі тиіс.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
4-қосымша
Қанат құлашына және шиналарының қосізіне қатысты ұшақ индексі
Ұшақтың индексі
|
Қанаттың құлашы, м
|
сыртқы авиа шина бойынша шассидің қосізі., м
|
1
|
2
|
3
|
1
|
24 дейін
|
4 дейін
|
2
|
24 бастап 32 дейін
|
4 бастап 6 дейін
|
3
|
24 бастап 32 дейін
|
6 бастап 9 дейін
|
4
|
32 бастап 42 дейін
|
бастап 10,5 дейін
|
5
|
32 бастап 42 дейін
|
10,5 бастап 12,5 дейін
|
6
|
42 бастап 65 дейін
|
10,5 бастап 14 дейін
|
7
|
65 бастап 80 дейін
|
14 бастап 16 дейін
|
Негізгі шасси дөңгелектерінің сыртқы қырлары арасындағы қашықтығы
Ескертпе. Егер қанат құлашы мен шасси табаны бойынша ұшақ индекстерінде өзгешелік болса, онда мәні үлкен индекс қолданылады.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
5-қосымша
Параллельді БЖЖ-ның осьтік сызықтарының арасындағы қашықтық
(ұшақтың индексі бойынша)
Ұшақ индексі
|
Ұшақтар индексіне арналған БЖЖ-ға параллельді жатқан осьтік сызық арасындағы қашықтық, м.
|
|
1
|
2, 3
|
4, 5
|
6
|
7
|
1
|
38
|
42,5
|
51
|
63
|
70,5(68)
|
2, 3
|
42,5
|
47
|
55,5
|
67,5
|
75(72,5)
|
4, 5
|
51
|
55,5
|
61
|
73
|
80,5(78)
|
6
|
63
|
67,5
|
73
|
85
|
92,5(90)
|
7
|
70,5(68)
|
75(72,5)
|
80,5(78)
|
92,5(90)
|
100(97,5)
|
Ескертпе. Жақша ішінде берілген мағына, бұл сыртқы авиашинасы бойынша шасси ізі 10,5 м-ге дейінгі қанат құлашы 65-тен 75 м-ге дейін жететін 7 индексті ұшақтарға арналған.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
6-қосымша
Жасанды төсемдердің беріктігі туралы деректерді ұсынудың
ACN-PCN әдісі
1. PCN (ACN) мәнін анықтау үшін жасанды жабын қатты немесе қатты емес конструкцияның баламасы ретінде сыныпталады.
2. PCN (ACN) мәнін анықтау үшін жасанды төсемнің түрі туралы ақпарат, негіз беріктігінің санаты, пневматикадағы барынша рұқсат етілетін қысымның санаты және бағалау әдісі мынадай кодтардың көмегімен ұсынылады:
1) ACN-PCN-ді анықтауға қатысты жабын түрі:
Коды
Қатты төсемдер R
Қатты емес төсемдер F
Ескертпе. Егер қолда бар конструкция аралас немесе стандарттан тыс болса, тиісті ескертпені қосу керек (төмендегі 2-мысалды қараңыз).
2) Негіз беріктігінің санаты:
Коды
Жоғары беріктік: қатты төсемдер үшін 120 МН/м3-ден астам К-нің барлық мәндерімен қоса К=150 МН/м3 болып және қатты емес төсемдер үшін CBR–дің 13-тен астам барлық мәндерімен қоса (топырақтық негіздің серпімділік модулі Е 130 мПа-дан астам) CBR=15 (топырақтың көтергіш қабілетінің калифорниялық көрсеткіші) болып сипатталады
|
А
|
Орташа беріктік: қатты төсемдер үшін К-нің 60-тан 120 м3-ге дейін өзгерістері кезінде К=80 МН/м3 болып, ал қатты емес төсемдер үшін CBR-дің 8-ден 13-ке дейін өзгерістері кезінде (топырақтық негіздің серпімділік модулі Е 60-тан астам 130 мПа-ға дейін) CBR=10 болып сипатталады
|
В
|
Төмен беріктік: қатты төсемдер үшін К-нің 25-тен 60 МН/м3-ге дейін өзгерістері кезінде К=40 МН/м3 болып және қатты емес төсемдер үшін CBR-дің 4-тен 8-ге дейін өзгерістері кезінде (топырақтық негіздің серпімділік модулі Е 40-тан астам 60 мПа-ға дейін) CBR=6 болып сипатталады
|
С
|
Өте төмен беріктік: қатты төсемдер үшін К=20 МН/м3 және 25 МН/м3-ден кем К-нің барлық мәндерімен, ал қатты емес төсемдер үшін (топырақтық негіздің серпімділік модулі Е 40 және мПа-дан кем) CBR-дің 4-тен кем барлық мәндері кезінде CBR=3 болып сипатталады
|
D
|
3) Пневматикадағы барынша рұқсат етілетін қысым санаты
Коды
Жоғары — қысымы шектелмеген
Орташа — қысымы 1,50 МПа-дан астам емес
Төмен — қысымы 1,00 МПа-дан астам емес
Өте төмен — қысымы 0,50 МПа-дан астам емес
|
W
Х
У
Z
|
4) Бағалау әдісі:
Коды
Техникалық бағалау: жабын сипаттамаларының арнайы зерттеуін және төсемнің мінез-күйін зерттеу технологиясын қолдану жағын қамтиды.
Әуе кемелерін пайдалану тәжірибесін қолдану негізінде: егер осы жабын тұрақты пайдаланылуы кезінде белгілі бір типтік және белгілі бір массалы әуе кемелерін қанағаттанарлық дәрежеде қабылдай алатындығы белгілі болса.
|
Т
U
|
Ескертпе. Келесі мысалдар төсемнің беріктігі туралы деректерді ACN-PCN әдісі бойынша ұсыну тәртібінің үлгілерін көрсетеді.
1-үлгі. Егер де, беріктігі орташа топырақ негіздегі қатты төсемнің көтергіштік қабілеті PCN 80 мәнін құрайтыны техникалық бағалау әдісімен анықталған болса және пневматикадағы қысым шектелмесе, онда ұсынылатын ақпарат келесі түрде көрсетіледі:
PCN 80/R/B/W/T.
2-үлгі. Егер, әуе кемелерін пайдалану тәжірибесінен негізінің беріктігі жоғары және мінез-күйі қатты емес жабынға ұқсайтын аралас төсемнің көтергіштік қабілеті PCN 50 мәнін құрайтыны, ал пневматикадағы барынша рұқсат етілетін қысым 1,00 МПа-ға тең екендігі анықталса, онда ұсынылатын ақпарат келесі түрде көрсетіледі:
PCN 50/F/A/Y/U.
Ескертпе. Аралас конструкция.
3-үлгі. Егер техникалық бағалау, негізінің беріктігі орташа және қатты емес төсемнің көтергіштік қабілеті PCN 40 мәнін құрайтынын, ал пневматикадағы барынша рұқсат етілетін қысымы 0,80 МПа-ға тең екендігін көрсетсе, онда ұсынылатын ақпарат келесі түрде көрсетіледі:
PCN 40/F/В/Y/Т.
Асыра жүктеп пайдалану және шектеулер
1. Тым көп жүктемелер немесе елеулі дәрежеде артылған пайдалану деңгейі немесе осы екі себептер бірігіп төсемдердің асыра жүктелуіне әкелуі мүмкін. Белгіленген (есептік немесе бағаланған) шегінен астам жүктемелер есептік қызмет мерзімін қысқартады, керісінше төменірек жүктемелер төсемдердің қызмет ету мерзімін ұзартады. Қажет болғанда, төсемнің шамаланған қызмет мерзімінің тек шектелген қысқартылуын және оның тозуының шамамен аздаған жылдамдатылуын ғана тудыратын асыра жүктемелеулерге жол беріледі.
2. AСN және PCN сыныпталған мәндерінің теңдігі шарты орындалмаған жағдайда АСN мәні рұқсат етілетін деңгейден жоғары ӘК-нің массасы шектелуі мүмкін. Бос әуе кемесінің және барынша жоғары ұшып-көтерілу массасының арасындағы ACN мәндерін сызықты іштей мүшелеу жолымен, негіз беріктігінің бір санаты кезінде РСN мәнін ACN мәніне теңестіре отырып, пайдаланылатын әуе кемесінің барынша рұқсат етілетін массасы анықталады.
Мысалы:
(m1 - m2) х (ACN1 – PCN)
mрұқ = m1 –--------------------------------------
ACN1 - ACN2
Мұндағы,
mрұқ - пайдаланылатын әуе кемесінің барынша рұқсат етілген массасы;
m1 - әуе кемесінің барынша ұшып-көтерілу массасы;
m2 - бос әуе кемесінің массасы;
ACN1 - әуе кемесінің барынша ұшып-көтерілу массасына сәйкес сыныптамалық саны;
ACN2 - әуе кемесінің бос әуе кемесінің массасына сәйкес сыныптамалық саны;
PCN - жасанды төсемнің сыныптамалық саны.
3. Әуе кемелері қозғалысының қарқындылығы бойынша шектеулерді төсемдердің өткен пайдалану мерзімінің ішінде ӘК қозғалысының қарқындылығы мен құрамын талдау және төсемдерды зерттеу (сынау) қорытындылары бойынша әуеайлақтық төсемдердің беріктігін пайдаланымдық бағалау саласының мамандары анықтайды. Қатты төсемдерде шектеулер 1-сурет. сәйкес PCN/ACN арақатынасы бойынша белгіленеді. Қатты емес төсемдер үшін тәулік ішіндегі қозғалыс қарқындылығының шектеулері енгізіледі, бұл үшін ACN > PCN ӘК –ден келетін жүктемелерге қатысты пайдалану-техникалық күйін ескере отырып төсемдердің есептемесі орындалады.
Ескертпе. Қатты әуеайлақтық төсемдер үшін қарқындылық тәулік ішіндегі ұшақ-ұшулар санының бір жыл ішіндегі орташа тәуліктік саны ретінде анықталады.
1-сурет. Қатты типтегі төсемнің беріктігі шарты бойынша шектелген ұшу пайдаланымы режимін белгілеу графигі
4. Егер төсемдерді зерттеу мүмкіндігі болмаса, онда қозғалыс қарқындылығы бойынша шектеулерді PCN/ACN арақатыстығы бойынша енгізеді.
Қатты төсемдерде 1>PCN/ACN>:0.85 арақатыстығы бар ӘК үшін орташажылдық тәуліктік қарқындылықты тәулігіне 10 ұшақ-ұшулармен шектеу ұсынылады; 0.85>PCN/ACN>0.8 кезінде – тәулігіне 2 ұшақ-ұшулармен; 0.8 >PCN/ACN>0.75 кезінде – тәулігіне 1 ұшақ-ұшуымен шектеу ұсынылады.
Қатты емес төсемдерде 1>PCN/ACN>0.8 арақатыстығы бар ӘК үшін жиынтық қарқындылықты тәулігіне 20 ұшақ-ұшулармен шектеу ұсынылады; 0.8>PCN/ACN>0.7 кезінде – тәулігіне бес ұшақ-ұшулармен шектеу ұсынылады.
ӘК-нің біржолғы (авариялық) қонуларын PCN/ACN>0,5 кезінде орындауға жол беріледі.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
7-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |