Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



жүктеу 10,41 Mb.
бет9/62
Дата22.05.2018
өлшемі10,41 Mb.
#15764
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62

Әуе БЖЖ-ы және тікұшақтардың әуе
бұру-жылжу бағдарлары
      Әуе БЖЖ әдетте, 37 км/сағ (20 түйін) мәнінен кем жол жылдамдығымен жердің әсеріне байланысты биіктікте бет үстіндегі әуе қозғалысын жүзеге асыруына арналады.
      546. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ-ының ені осы БЖЖ өздеріне қызмет көрсетуі үшін есептелген тікұшақтар шассиінің ең үлкен енінің (UCW) ең болмағанда үш еселі мәнін құрайды.
      547.  Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ-ының беті динамикалық жүктемеге төзімді болуы тиіс.
      548. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ-ы бетінің көлденең еңкіштігі 2%-дан аспайды, ал бойлық еңкіштігі 7%-дан аспайды. Кез келген жағдайда, еңістердің өлшемдері, осы әуе БЖЖ-ы өздеріне қызмет көрсетуге арналатын тікұшақтардың қонуы кезіндегі белгіленген еңкіштік шектеулерінен аспауы тиіс.
      549. Тікұшақтарға арналатын әуе БЖЖ әуедегі бұру-жылжу бағдарының осьтік сызығы бойынша өтеді.
      550. Тікұшақтарға арналатын әуе бұру-жылжу маршруты осьтік сызықтан оның әр жағына қарай симметриялы түрде өздеріне қызмет көрсетілуге арналатын тікұшақтардың ең үлкен габариттік енінен кем емес қашықтыққа созылады.
      551. Әуе бұру-жылжу бағдарында өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы тиіс сынғыш объектілерден басқа қандай да болсын объектілер қарастырылмайды.
      552. Әуе бұру-жылжу бағдарының беті алып жүруші винт ағынының әсеріне төзімді болуды қамтамасыз етеді.
      553. Әуе бұру-жылжу бағдарының беті жердің әсерін қамтамасыз етуі тиіс.
Перрондар
      554. Тікұшақтың тұрақ орнының еңкіштігі кез келген жағына қарай 2 %-дан аспайды.
      555. Тікұшақтың тұрақ орнының, өзіне осы тұрақта қызмет көрсетуге арналған ең үлкен тікұшақтың ең болмағанда 1,2 D мәніне тең диаметрі бар шеңберді сыйдыруға жеткілікті өлшемдері болады.
      556. Егерде тікұшақтың тұрақ орны оны басып өтетін бұру-жылжуға пайдаланылса, тұрақ орнының және тиісті қорғаныс аймағының барынша аз ені бұру-жылжу маршрутының еніне тең болады.
      557. Егерде тікұшақтың тұрақ орны кері бұрылыс үшін пайдаланылса, тұрақ орны мен қорғаныс аймағының барынша аз өлшемі кем дегенде 2 D мәнін құрайды.
      558. Егерде тікұшақтың тұрақ орны кері бұрылыс үшін пайдаланылса, оның айналасына, тікұшақ тұрақ орнының шегінен 0,4 D мәніне тең қорғаныс аймағы орналасады.
      559. Бірмезгілдік операцияларды орындау кезінде тікұшақтардың тұрақ орындарының қауіпсіздік аймақтары мен оларға қатысты бұру-жылжу бағдарлары жабылмауы тиіс.
      Бірмезгілдік емес операциялардың орындалуы қарастырылатын жағдайда тікұшақтардың тұрақ орындарының қауіпсіздік аймақтары мен оларға қатысты бұру-жылжу бағдарлары жабылуы мүмкін.
      560. Егерде тікұшақтың тұрақ орны дөнгелекті тікұшақтардың жер бетімен бұру-жылжуы үшін пайдалануға есептелген болса, оның өлшемдері, өздеріне осы тұрақта қызмет көрсетілуге арналатын дөңгелекті тікұшақтардың ең аз кері бұрылу радиусын ескереді.
      561. Тікұшақтың тұрақ орны және оған қатысты әуе арқылы бұру-жылжу үшін пайдаланылатын қорғаныс аймағы, жердің әсерін қамтамасыз етеді.
      562. Тікұшақтың тұрақ орнында және оған қатысты қорғаныс аймағында әлдеқандай бір жылжымайтын объектілердің болуы қарастырылмайды.
      563. Тікұшақтың тұрақ орнының орталық аймағы өзінде қызмет көрсетуге арналатын тікұшақтардың қозғалысына байланысты жүктемеге төзімді болуы және статикалық жүктемеге шыдайтын мынадай аймағы болуы тиіс:
      1) қызмет көрсетілетін ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 0,83 D мәніне тең диаметрін құрайтын; немесе
      2) жер бетімен тұрақ орнын басып өтетін бұру-жылжуды орындауға арналатын тікұшақтың тұрақ орны жағдайында жер үсті БЖЖ мен ені бірдей аймағы болуы тиіс.
      564. Жер бетімен ғана бұру-жылжуды орындауға арналатын тікұшақтың тұрақ орнының орталық аймағы статикалық жүктемеге төзімді болуы тиіс.
      565. Әуе арқылы бұру-жылжуды орындауға арналатын тікұшақтың тұрақ орнының орталық аймағы динамикалық жүктемеге төзімді болады.
      Жер бетінде кері бұрылысты орындау кезінде пайдалануға арналатын тікұшақтың тұрақ орны жағдайында, орталық аймақтың өлшемдерін ұлғайту қажет.
9. Вертопалубалар
      Төменде келтірілген техникалық талаптар, құрылыстарда орналасқан және пайдалы қазбалар кендерін әзірлеу, ізденістер жүргізу, құрылыстар салу сияқты мақсаттарда пайдаланылатын вертопалубаларға қатысты қолданылады. Кемелер палубаларындағы тікұшақ айлақтары туралы ережелерді 10-бөлімнен қараңыз.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысының
аймағы және қону мен жерден көтерілу аймағы
      FATO және TLOF аймақтары бірдей қиюласады деп болжанады. «Вертопалубалар» бөлімінде FATO аймағы жайында сөз болғанда, ол TLOF аймағын қоса қамтиды. Ауа ағынының бағыты мен турбуленттігінің, желдің басым жылдамдығының және газ турбиналарының жоғары температуралық сәулеленуінің FATO аймағының орналасқан орнына әсері туралы нұсқаулық материалдар Тікұшақ айлақтары бойынша нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалады.
      566. Вертопалубада ең болмағанда бір FATO аймағы қарастырылады.
      567. FATO аймағы кез келген конфигурациялы бола алады, бірақ та төмендегі мәндерді қамтуға жеткілікті өлшемдерге ие болуы тиіс:
      1) МТОМ-ы 3175 кг-нан астам тіұшақтарға қатысты, өзіне қызмет көрсету үшін арналған вертопалубада ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 1D диаметрінен кем емес шеңберді орналастыруға болатындай;
      2) МТОМ-ы 3175 кг-ға тең немесе одан кем тіұшақтарға қатысты, оларға қызмет көрсету үшін арналған вертопалубада ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 0,83 D диаметрінен кем емес шеңберді орналастыруға болатындай.
      568. МТОМ-ы 3175 кг-ға тең немесе одан кем тіұшақтарға қатысты, FATO аймағының қызмет көрсету үшін арналған вертопалубада ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 1,0 D диаметрінен кем емес шеңберді орналастыруға мүмкіндік беретін жеткілікті өлшемдері болады.
      569. FATO аймағы динамикалық жүктемеге төзімді болады.
      570. FATO аймағы жердің әсерін қамтамасыз ете алады.
      571. FATO аймағы шектерінің айналасында өздерінің қызметтік арналымына байланысты осы аймақта орналасуы мүмкін сынғақ объектілерден басқа ешбір жылжымайтын объектілер болмауы тиіс.
      572. Қызметтік арналымы олардың FATO аймағының шегінде орналасуын талап ететін объектілер, олардың FATO аймағының диаметрі 1 D-ден кем болғанда салыстырмалы биіктігі бойынша 5 см-ден аспайтын жағдайлардан басқа, бұндай объектілердің биіктігі 25 см-ден аспауы тиіс.
      573. Қызметтік арналымы олардың FATO аймағының шегінде орналасуын талап ететін объектілер (мысалы жарық-сигналдық жабдық немесе аулар), салыстырмалы биіктігі бойынша 2,5 см-ден аспауы тиіс. Бұндай объектілер, тікұшақтар үшін қауіп төндірмейтін жағдайда ғана бұл аймақта бола алады.
      Әлеуетті қаупі бар объектілер ретінде сырғанағыш шассимен жарақтандырылған тікұшақтардың динамикалық төңкерілуін тудыруы мүмкін, палубадағы бекіткіш элементтер болып табылады.
      574. Ұстап қалатын аулар немесе ұстап қалушы сөрелер вертопалубаның шегінде орналасады және вертопалубаның қатысты биіктігінен аспайды.
      575. FATO аймағының беті тікұшақтардың және персоналдың тайғанауына жол бермеуі және су іркілмейтіндей еңкіштігі болуы тиіс.
      FATO аймағының бетін қалай сырғуға қарсы тұратындай ету туралы нұсқаулық материал Тікұшақ айлақтары бойынша нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалады.
10. Кеме палубаларындағы тікұшақ айлақтары
      580. Тікұшактар пайдаланатын алаңшалар кеменің артқы немесе тұмсық жағында орналастырылғанда немесе кеменің палуба бетіндегі құрылымдарынан әдейі биіктетіліп орналастырылған жағдайларда, олар арнайы жабдықталған палубалық тікұшақ айлақтары деп есептеледі.
Ұшып-көтерілу мен қонуға кірудің соңғы сатысының
аймағы және қону мен жерден көтерілу аймағы
      Палубалардағы тікұшақ айлақтарына қатысты FATO және TLOF аймақтары бірдей қиюласады деп болжанады. «Кемелер палубаларындағы тікұшақ айлақтары» бөлімінде FATO аймағы жайында сөз болғанда, ол TLOF аймағын қоса қамтиды. Ауа ағынының бағыты мен турбуленттігінің, желдің басым жылдамдығының және газ турбиналарының жоғары температуралық сәулеленуінің FATO аймағының орналасқан орнына әсері туралы нұсқаулық материалдар Тікұшақ айлақтары бойынша нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалады.
      581. Палубалық тікұшақ айлақтары үшін ең болмағанда бір FATO аймағы қарастырылады.
      582. Палубалық тікұшақ айлағының FATO аймағы динамикалық жүктемеге төзімді болуы тиіс.
      583. Палубалық тікұшақ айлағының FATO аймағы жердің әсерін қамтамасыз етеді.
      584. Кеменің артқы бөлігінде немесе тұмсық бөлігінде емес, басқа бөлігінде орналастырылған арнайы жабдықталған палубалық тікұшақ айлақтарында, FATO аймағы, өзіне осы тікұшақ айлағында қызмет көрсетуге арналған ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 1,0 D диаметрінен кем емес шеңберді қамтуға жеткілікті өлшемдерімен қарастырылады.
      585. Кеменің артқы бөлігінде немесе тұмсық бөлігінде орналастырылған, арнайы жабдықталған палубалық тікұшақ айлақтарындағы FATO аймағы төмендегі өлшемдерімен қарастырылады:
      1) өзіне қызмет көрсетуге арналған тікұшақ айлағында ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 1,0 D диаметрінен кем емес шеңберді қамтуға болатындай; немесе
      2) тікұшақтардың бойлық қозғалысы бағытында екі қарама қарсы жатқан доғаларды және диаметрі кем дегенде 1 D шеңберді орналастыруға болатындай қону бағыттары шектелген ұшуларды орындауға қатысты аймақты қамтуға жеткілікті өлшемдері болуы тиіс. Тікұшақ айлағының барынша аз ені кем дегенде 0,83 D-ге тең болады (70-қосымша).
      1. Қатысты желдің тікұшақтың қону курсының бағытына сәйкес болуы үшін кеме қажетті маневрлерді жүзеге асыруы тиіс.
      2.Тікұшақтың қону курсы,диаметрі 1 D шеңбердің доғаларымен түзілетін бұрыштық секторлармен және минус доғаның әр шетінен 150-ке сәйкесбұрыштық сектормен шектеледі.
      586. Арнайы жабдықталмаған палубалық тікұшақ айлақтары жағдайында қызмет көрсету үшін арналған тікұшақ айлағында FATO аймағының ең үлкен тікұшақтың кем дегенде 1D диаметрінен кем емес шеңберді қамтуға жеткілікті өлшемдері болуы тиіс.
      587. FATO аймағы шектерінің айналасында өздерінің қызметтік арналымына байланысты орналасуы тиіс сынғақ объектілерден басқа ешбір жылжымайтын объектілердің болуы қарастырылмайды.
      588. Функционалдық қызметі FATO аймағының шегінде орналасуы тиіс объектілер өздерінің салыстырмалы биіктігі бойынша 25 см-ден аспауы тиіс.
      589. Функционалдық қызметі FATO аймағының ішінде орналасуды талап ететін объектілердің (мысалы жарық-сигналдық жабдық немесе аулар), салыстырмалы биіктігі бойынша 2,5 см-ден аспауы тиіс. Мұндай объектілер, егер олар тікұшақтар үшін қауіп төндірмесе ғана қатысуына болады.
      590. FATO аймағының беті адамдардың және тікұшақтардың тайғанауына жол бермеуі тиіс.
11. Кедергілерді шектеу және жою
      Бұл тараудағы техникалық талаптардың мақсаты – аталған тікұшақ айлақтарында жоспарланатын тікұшақтар ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кедергілерден бос ұсталуы тиіс, тікұшақ айлақтары айналасындағы әуе кеңістігін белгілеу, бұл ретте, олардың айналасында кедергілер санының ұлғаюынан тікұшақ айлағын пайдалануға болмайтындай жағдайға жол бермеу қажет. Бұған, кедергілердің әуе кеңістігіне енуінің рұқсат етілетін шектерін белгілеуге арналатын кедергілерді шектеудің бірқатар беттерін орнату арқылы қол жеткізіледі.
Кедергілерді шектеу беттері мен секторлары
1. Қонуға кіру беті
      591. Қонуға кіру беті қауіпсіздік аймағының шегінен бастап жоғарылайтын және FATO аймағының ортасынан өтетін осьтік сызыққа симметриялы орналасқан еңкіш жазықтық немесе жазықтықтар құрамасы болып табылады (71-қосымша).
      592. Қонуға кіру бетінің шектері:
      1) қонуға кіру бетінің осьтік сызығына перпендикулярлы, өлшемі бойынша FATO аймағының және қауіпсіздік аймағының белгіленген барынша аз еніне тең, қауіпсіздік аймағының сыртқы шегінің қасында көлденең орналасқан сызық түріндегі ішкі шекарасын қамтиды;
      2) ішкі шектің шеттерінің қасында басталатын бүйірлік шектерді:
      1) қонуға дәлме-дәл кіру үшін жабдықталған FATO аймағынан өзгеше аймақ үшін, FATO аймағының осьтік сызығы жатқан тік жазықтықтан белгіленген мәнмен біркелкі ауытқитын аймақ үшін,
      2) қонуға дәлме-дәл кіру үшін жабдықталған FATO аймағы үшін, FATO аймағының осьтік сызығы өтетін тік жазықтықтан белгіленген мәнмен FATO аймағының үстіндегі белгіленген биіктікке дейін біркелкі ауытқитын, сонан кейін белгіленген соңғы еніне дейін белгіленген мәнмен біркелкі ауытқитын және сонан соң осы енімен қонуға кіру бетінің соңына дейін созылатын бүйірлік шектерді қамтиды;
      3) FATO аймағының асқын биіктігінің үстінде белгіленген биіктікте көлденең орналасқан және қонуға кіру бетінің осьтік сызығына перпендикулярлы сыртқы шегін қамтиды.
      593. Ішкі шектің асырылымы қонуға кіру бетінің осьтік сызығы өтетін ішкі шекте орналасқан нүктедегі қауіпсіздік аймағының асырылымына тең болады.
      594. Қонуға беттеу бетінің еңкіштігі (еңістері) беттің осьтік сызығы жатқан тік жазықтықта өлшенеді.
      2 және 3-класты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тікұшақтар пайдаланатын тікұшақ айлақтарында қонуға кіру траекториялары, амалсыз қонуды орындауға немесе жұмыс істемей қалған бір қозғалтқышы бар тікұшақтардың қауіпсіз қонуына мүмкіндік беретіндей болып, кемінде жердегі, судағы адамдарға дене зақымын келтіру немесе мүлікке зақым тигізу қауіпін барынша азайтатындай болып қарастырылады. Амалсыз қону аймақтарына қатысты ережелер тікұшақ бортындағы тұлғаларға дене зақымын келтіру қауіпін барынша азайтады деп болжанады. Осы тікұшақ айлағы, өзіне қызмет көрсетуге есептелген тікұшақтың әсіресе кризистік типін және қоршаған ортаның жағдайын осындай аймақтардың пайдалануға жарамдылығын анықтайтын факторлар ретінде қарастырады деп саналады.
2. Өтпелі бет
      595. Өтпелі бет, қауіпсіздік аймағының бүйірлік шегінің және қонуға беттеу бетінің бүйірлік шегі бөлігінің бойымен орналасқан және ішкі горизонтальдік бетке немесе алдынала белгіленген қатысты биіктікке дейін жоғары қарай және жан жағына қарай созылатын бет болып табылады (71, 75-қосымша).
      596. Өтпелі беттің шектері ретінде:
      1) қонуға кіруу бетінің бүйірлік шегінің ішкі горизонтальдік бетпен қиылысатын тұсынан басталатын және қонуға кіруу бетінің бүйірлік шегінің бойымен төмен қарай жалғасатын және егер, ішкі горизонтальдік бет қамтамасыз етілмесе, ішкі шектің үстінде белгіленген биіктікте басталатын және қонуға кіру бетінің бүйірлік шегінің бойымен қонуға кіру бетінің ішкі шегіне дейін және одан әрі қауіпсіздік аймағының бүйірлік шегінің бойымен FATO аймағының осьтік сызығына параллельді түрде жалғасып созылатын төменгі шегі;
      2) ішкі көлденең беттің жазықтығында немесе егер ішкі көлденең бет қамтамасыз етілмесе, төменгі шектің үстінде белгіленген биіктікте орналасқан жоғарғы шегі саналады.
      162. Төменгі шектегі нүктенің асырылымы:
      1) қонуға беттеу бетінің бүйірлік шегінің бойында, осы нүктедегі қонуға кіру бетінің асырылымына тең болады;
      2) қауіпсіздік сызығының бойында, осы нүктенің қарама-қарсында FATO аймағының осьтік сызығының асырылымына тең болады.
      Көрсетілген б) кіші тармағының нәтижесі ретінде қауіпсіздік аймағының бойындағы өтпелі бет FATO аймағының қисықсызықтық пішіні кезінде қисықсызықты болады немесе түзусызықты пішін кезінде жазықтық болып табылады. Өтпелі беттің ішкі көлденең бетпен қиылысатын сызығы немесе егерде, ішкі көлденең бет қарастырылмаса, жоғарғы шегі де FATO аймағының пішініне байланысты сондай-ақ қисықсызықты немесе түзусызықты болады.
      598. Өтпелі беттің еңкіштігі FATO аймағының осьтік сызығына қатысты тік бұрыштармен тік жазықтықта өлшенеді.
3. Ішкі көлденең бет
      Ішкі көлденең бет қауіпсіз визуалды маневрлеуді қамтамасыз етуге арналады.
      599. Ішкі көлденең бет, шеңбер пішінді болады және FATO аймағының және оған жанасатын телімдердің үстіндегі көлденең жазықтықта орналасады (71, 75-қосымша).
      600. Сипаттамалары. Ішкі көлденең беттің радиусы FATO аймағының ортаңғы нүктесінен бастап өлшенеді.
      601. Ішкі көлденең беттің қатысты биіктігі осы мақсатқа белгіленген бастапқы асырылымнан бастап өлшенеді.
      Бастапқы асырылымды анықтау бойынша нұсқаулық материалдар Тікұшақ айлақтары жөніндегі нұсқауда (Doc 9261) мазмұндалады. 
4. Конустық бет
      602. Конустық бет ішкі көлденең беттің шегінен немесе егер, ішкі көлденең бет қамтамасыз етілмесе, өтпелі беттің жоғарғы шегінен жан-жаққа көтерілетін бет болып табылады (71, 75-қосымша).
      603. Конустық беттің шектері ретінде:
      1) ішкі көлденең беттің шегімен немесе егер, ішкі көлденең бет қамтамасыз етілмесе, өтпелі беттің жоғарғы шегімен бірдей қиюласатын төменгі шегі;
      2) ішкі көлденең беттің үстінде немесе, егер ішкі көлденең бет қамтамасыз етілмесе, FATO аймағының ең төменгі шеті асырылымының үстінде белгіленген биіктікте орналасатын жоғарғы шегі болып саналады.
      604. Конустық беттің еңкіштігі көлденең беттің үстінде өлшенеді.
5. Ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау беті
      605. Ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау беті еңкіш бет, беттер қиюласуын немесе егер кері бұрылыс орындалса, қауіпсіздік аймағының соңынан жоғарылайтын және FATO аймағының ортасы арқылы өтетін олардың осьтік сызығына симметриялы орналасқан күрделі бетті құрайды (71-қосымша).
      606. Ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау бетінің шектері ретінде:
      1) ұзындығы бойынша FATO аймағының және қауіпсіздік аймағының барынша аз белгіленген еніне тең, ұшып-көтерілу кезінде биіктік жинақтау бетінің осьтік сызығына перпендикулярлы және қауіпсіздік аймағының немесе кедергіден бос жолақтың сыртқы шегінің қасында көлденең орналасатын ішкі шегі;
      2) ішкі шектің шеттерінің қасында басталатын және FATO аймағының осьтік сызығы өтетін тік жазықтықтан белгіленген мәнмен біркелкі ауытқитын екі бүйірлік шектері;
      3) ұшып-көтерілу кезінде биіктік жинақтау бетінің осьтік сызығына перпендикулярлы және FATO аймағының асырылымы үстінде белгіленген биіктікте көлденең орналасқан сыртқы шегі болып саналады.
      607. Ішкі шектің асырылымы, ұшып-көтерілу кезінде биіктік жинақтау бетінің осьтік сызығы өтетін ішкі шекте орналасқан нүктедегі қауіпсіздік аймағының асырылымына тең, алайда, кедергілерден бос жолақтың болуы қарастырылатын жағдайларда, бұл асырылым кедергілерден бос жолақтың осьтік сызығында орналасатын жер бетінің ең биік нүктесіне тең болады.
      608. Ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау беті түзусызықты болған жағдайларда, оның еңкіштігі осы беттің осьтік сызығы жатқан тік жазықтықта өлшенеді.
      609. Ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау бетінің кері бұрылыс жасауға бөлінген телімі бар болған жағдайда, бұл бет, көлденең жазықтықта жатқан және оның осьтік сызығына тартылған нормальдары бар күрделі бет болып саналады, ал осы осьтік сызықтың еңкіштігі түзусызықты траекториямен ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау бетінің еңкіштігіне ұқсас болады. Ішкі шектің және ішкі шектің үстіндегі 30 м нүктедегі сызықтың арасындағы беттің учаскесі – түзусызықты болып табылады.
      610. Ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау бетінің осьтік сызығының бағытындағы кез келген ауытқулар, радиусы 270 м-ден кем кері бұрылыс орындау қажеттілігін тудырмайтындай болып есептеледі.
      2 және 3-класты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тікұшақтар пайдаланатын тікұшақ айлақтарында қонуға кіру траекториялары, амалсыз қонуды орындауға немесе жұмыс істемей қалған бір қозғалтқышы бар тікұшақтардың қауіпсіз қонуына мүмкіндік беретіндей болып, кемінде жердегі, судағы адамдарға дене зақымын келтіру немесе мүлікке зақым тигізу қауіпін барынша азайтатындай болып қарастырылады. Амалсыз қону аймақтарына қатысты ережелер тікұшақ бортындағы адамдарға дене зақымын келтіру қауіпін барынша азайтады деп болжанады. Осы тікұшақ айлағы, өзіне қызмет көрсетуге есептелген тікұшақтың әсіресе кризистік типін және қоршаған ортаның жағдайын осындай аймақтардың пайдалануға жарамдылығын анықтайтын факторлар ретінде қарастырады деп саналады.
6. Кедергілермен (вертопалубаның) шектелген беттері
      611. Вертопалубаның FATO аймағы шегінің бастапқы нүктесінде басталатын және осы нүктеден бастап созылатын күрделі бет. 1 D-ден аз FATO аймағы жағдайында, бастапқы нүкте FATO аймағының ортасынан кем дегенде 0,5 D қашықтыққа орналасады.
      612. Кедергілермен шектелген беттер немесе секторлар белгіленген мөлшердегі доғамен тартылады.
      613. Кедергілермен шектелген вертопалуба секторы екі құрамдауышты қамтиды – біреуі вертопалуба деңгейінен жоғары, ал екіншісі вертопалуба деңгейінен төмен (72-қосымша):
      1) вертопалуба деңгейінен жоғары бет, өзіне осы вертопалубада қызмет көрсетілуі тиіс тікұшақ үшін ұшып шығуының ыңғайлы траекториясымен кедергісіз өтуін қамтамасыз ететін қашықтыққа сыртқа қарай созылатын тіректік D шеңберінің шегінде орналасқан шегімен кем дегенде 210ғ доғаның секторын құрайтын вертопалуба беті асырылымының деңгейіндегі горизонтальдік жазықтық болып табылады.
      2) вертопалуба деңгейінен төмен бет, (кем дегенде) 2100 доға секторының шегінде қосымша төмен қарай созылады да, вертопалуба асырылымының деңгейіндегі FATO аймағының жиегінен төмендеп барып, FATO аймағының ортасынан өтетін және өзіне осы вертопалубада қызмет көрсетілуі тиіс тікұшақ типінің қозғалтқышы істен шыққан жағдайда вертопалубадан төмен орналасқан кедергілерден қауіпсіз ұшып өтуін қамтамасыз ететін қашықтыққа созылатын кем дегенде 180 ғ доға секторында су деңгейіне дейін созылады.
      Жоғарыда көрсетілген осы екі секторлар жағдайында, егер олар кедергілерден бос болса, 1 немесе 2-класты ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес ұшуларын орындайтын тікұшақтарға қатысты, осы қашықтықтардың вертопалубадан көлденең жазықтық бойынша созылуы бір қозғалтқышы істемейтін жағдайда, пайдаланылатын тікұшақ типінің сипаттамаларымен үйлестірілетін болады.
7. Шектелген кедергілер беті (вертопалубаның)
      Кедергілер, қажеттілігіне байланысты, құрылыс үстінде сақталған жағдайда, вертопалуба шектелген кедергілер секторына ие болуы мүмкін.
      614. Кедергілерден бос сектордың бастапқы нүктесінде басталатын және өзінің шектерінде FATO аймағының деңгейінен жоғары кедергілердің белгіленген биіктігі орнатылатын, кедергілерден бос сектормен қамтылмаған сектордың шектерінде орналасқан күрделі бет.
      615. Шектелген кедергілер беті 1500-тен аспайтын доғамен тартылады. Оның өлшемдері мен орналасуы 73-қосымшаның суретінде көрсетілген мәндерге сәйкес келеді.
12. Кедергілерді шектеуге қойылатын талаптар
      Кедергілерді шектеу беттеріне қойылатын талаптар FATO аймағының болжамды пайдаланылуын ескере отырып көрсетілген, яғни қону кезінде орындалатын қалқу немесе қону маневрлерін, не ұшып-көтерілу маневрін және қонуға беттеу типін ескереді; бұл талаптар FATO аймағын тура осылай пайдаланғанда қойылмақ. Ұшып-көтерілу мен қону FATO аймағының екі бағытында да жүзеге асырылатын жағдайларда, төменірек орналасқан басқа бетке қатысты туындайтын едәуір қатаң талаптарға байланысты, кейбір беттердің қызметтері өздерінің маңыздылығынан айырылуы мүмкін.
Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтары үшін
кедергілерді шектеу
      616. Қонуға дәлме-дәл кірумен жабдықталған FATO аймағы үшін кедергілерді шектеудің келесі беттері тағайындалады (76-қосымшаның 1-кестесі):
      1) ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау беті;
      2) қонуға кіру беті;
      3) өтпелі беттер;
      4) конустық бет.
      617. Қонуға дәлме-дәл емес кірумен жабдықталған FATO аймағы үшін кедергілерді шектеудің келесі беттері тағайындалады (76-қосымшаның 2-кестесі):
      1) ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау беті;
      2) қонуға кіру беті;
      3) өтпелі беттер;
      4) конустық бет, егерде ішкі горизонтальдік бет қамтамасыз етілмесе.
      618. Жабдықталмаған FATO аймағы үшін кедергілерді шектеудің келесі беттері тағайындалады:
      1) ұшып-көтерілу кезіндегі биіктік жинақтау беті;
      2) қонуға кіру беті.
      619. Қонуға дәлме-дәл емес кірумен жабдықталған FATO аймағы үшін кедергілерді шектеудің келесі беттерін тағайындау керек (76-қосымшаның 2-кестесі):
      1) ішкі көлденең бет;
      2) конустық бет.
      Егерде түзусызық бойымен қонуға дәлме-дәл емес кіру екі шетінде де қамтамасыз етілсе, ішкі көлденең бет қажет болмауы мүмкін.
      620. Беттердің еңкіштігі, 74-қосымшаның 1-4 кестелерінде көрсетілгендей болып, ал олардың өлшемдері 76-қосымшаның 1-4 кестелерінде көрсетілген мәндерден кем емес болып белгіленеді және орналастырылады.
      621. Тиісті өкілетті органның пікірі бойынша жаңа объект немесе өлшемдері ұлғайтылғаннан соң қолда бар жылжымайтын объектімен көлегейленетін жағдайлардан басқа, 616-619 тармақтарда көрсетілген кез келген беттерден жоғары етіп жаңа объектілер салуға немесе қолда бар объектілердің өлшемдерін ұлғайтуға жол берілмейді.
      Объектінің көлегейлену қағидаларын негіздеп қолдануға болатын жағдайлардың сипаттамалары Әуежайларға қызмет көрсету жөніндегі нұсқаудың 6-бөлімінде (Doc 9137) мазмұндалады.
      622. Ұсыныс. 616-619 тармақтарда көрсетілген кез келген беттерден жоғары орналасқан объектілерді, тиісті өкілетті органның пікірі бойынша, егер бұл объект қолда бар жылжымайтын объектімен көлегейленген, не болмаса авиациялық тексерудің нәтижесінде бұл объектінің ұшулар қауіпсіздігінің деңгейін төмендетпейтіні немесе тікұшақтар ұшуларының тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейтіні анықталған жағдайлардан басқа, мүмкіндігінше жою қажет.
      609-тармақта ұсынылатын қисықсызықты траекториямен ұшып-көтерілу кезінде биіктік жинақтау беттерін қолдану, көрсетілген беттерге енген объектілерге байланысты туындайтын қиын мәселелерді шешуге белгілі бір дәрежеде септігін тигізуі мүмкін.
      623. Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтарында бір бірінен кем дегенде 1500 алыстайтын, қонуға беттеудің және ұшып-көтерілу кезінде биіктік жинақтаудың ең болмағанда екі беті қарастырылады.
жүктеу 10,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау