Графикалық әдіс «Кактус»
Әдістемені жүзеге асыру үшін А4 форматты қағаз және қарандаш керек.
Кейін мынадай тапсырма беріледі: « Қағазға кактусты елестетіп салыңыздар», тапсырма бойынша сұрақтар және толықтырулар жүргізілмейді.
Нәтижелерді саралау барысында төмендегілер назарға алынады:
Суреттің орналасу орталығы
Суреттің көлемі
Сызықтардың салынуы
Қарандашты басу күші (қатты, ақырын)
Кактустың образына сипаттама ( жабайы, үйдікі, нәзік)
Суретті салу мәнеріне сипаттама (схематикалық, көшірілген)
Инелердің көлемі ( саны, орналасуы, көлемі)
Нәтижелерді саралау
Агрессивтілік – инелердің саны көп, қатты шығып тұратын, ұзын бір- біріне жақын орналасқан инелер, жоғары агрессивтілік дәрежесін көрсетеді.
Импульсивті – (тез қызғыш) – аралары ашық сызықтар, қарандашты қатты басу
Эгоцентризм, лидерлікке ұмтылу–парақтың ортасында орналасқан,көлемі үлкен сурет.
Өзіне деген сенімсіздік, басқаларға тәуелділік- парақтың астында орналасқан кішкентай сурет.
Ашықтық- ерекше көрінетін инелер, ерекше сурет
Абайлаушылық, жасырындылық- кактустың ішіндегі зигзагтардың орналасуы
Оптимизмдік- көңілді кактустардың суреті, түрлі түсті қарандаштарды қолданылуы
Қобалжу – ерекше салынған сурет, түсті қарандаштарды қолданғанда, қара түстермен бояу
Нәзіктік- әдемі салынған, боялған сурет
Экстравертивті- суретте басқа кактустардың болуы
Интровертивті- суретте бір ғана кактустың болуы
Отбасылық қорғанысқа ұмтылу- тостағанға салынған үй кактусы
Отбасындағы жалғыздықты сезінуі- жабайы, шөлде өсетін кактус
Бұл әдістемені саралау барысында мынадай қорытындылар алынды:
Абай жасырын- 4 бала
Тез қызғыш-4 бала
Өзіне сенімсіз, басқаға тәуелді-3 бала
Агрессивті-2 бала
Нәзік, қобалжулы-2 бала
Эгоист, лидерлікке ұмтылу-1 бала
Агрессия күйін анықтауға арналған тест.
Бұл тестті А.Ассингер құрастырған. Тестте 20 сұрақ берілген. Сіздің ойыңызға сәйкес келетін жауапты таңдаңыз.
1. Сіз біреумен сөзге келісіп қалғаннан кейін, өзіңіз достасуға үлес қосасыз ба?
А) әрқашан;
б) кей кезде;
в) ешқашан.
2. Өзіңізді қиын жағдайда қалай сезінесіз?
А) ішім қозады;
Б) тыныш;
В)өзіңізді өзіңіз ұстай алмайсыз.
3. Сізді достарыңыз қандай дейді?
А) сенімді, әрі қызғаншақ;
Б) мейірімді;
В) сабырлы.
4. Сізге жауапты іс берсе, сіз?
А) қабыл аласыз, бірақ күдіктенесіз;
Б) әрине келісесіз;
В) өзіңіздің тыныштығыңыз үшін бас тартасыз.
5. Сіздің үстеліңізден әріптесіңіз сіздің рұқсатынсыз қағаз алды, сіз?
А) ұрысасыз;
Б) қайтаруға мәжбүрлейсіз;
В) тағы еш нәрсе керек емес пе? - екенін сұрайсыз.
6. Досыңыз кездесуге кешіксе, сіз:
А) сонша сені кім кешіктірді?
Б) кешке дейін қайда жүрсің?
В) мен уайымдай бастадым.
7. Автомобиль рөлінде сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
А) сізден ілгері кеткен көлікті қуып жетесіз;
Б) қанша көлік сізден ілгері кетсе де сіз оны аңғармайсыз;
В) көліктер сізден ілгері кетпеу үшін сіз барлық жылдамдықты қосып, айдайсыз;
8. Өмірге деген көзқарасыңыз?
А) тепе-тең;
Б) жеңілтек;
В) рақымсыз.
9. Бір нәрсеге қолыңыздан келмесе, сіз?
А) басқа біреуге жала жабасыз;
Б) көнесіз;
В) келесі рет байқап көресіз.
10. Жастардың тәртіпсіз, нашар қылықтарына қалай қарайсыз?
А) «осындай әрекеттерге қашан тыйым салынады екен?»;
Б) «оларға бос уақытын жақсы өткізуге жағдай жасау керек !»
11. Сіздің қалаған орныңызды басқа біреу алып қойса, сіз:
А) неге сонша жүйкемді жұқарттым екен?
Б) иә,оның келбеті бастыққа жағымдырақ;
В) мүмкін мен басқа нәрсеге қол жеткіземін.
12. Сіз қорқынышты фильмдерді қалай көресіз?
А) қорқасыз;
Б) жалығасыз;
В) қанағаттанасыз.
13. Егер сіз көлік кептелісінен сабаққа кешқалып жатсаңыз:
А) сабақ уақытында мазасызданасыз;
Б) мұғалімнен кешірім сұрайсыз;
В) ренжисіз.
14. Өзіңіздің спорттық жетістіктеріңізге қалай қарайсыз?
А) әрине, жеңуге тырысамын;
Б) өзіңіздің жас кезіңізді есіңізге түсіресіз;
В) егер жеңілсеңіз ренжисіз.
15. Дәмханада сізге нашар қызмет көрсетті, сіздің реакцияңыз:
А) шыдайсыз;
Б) бастығын шақыртып алып, ескерту жасайсыз;
В) директорға наразылықпен білдіресіз.
16. Мектепте ініңізді немесе қарындасыңызды ренжітсе, сіз?
А) мұғаліммен сөйлесесіз;
Б) кішкентай қылмыскердің ата-анасымен ұрысасыз;
В) баланы жауап қайтаруға үйретесіз.
17. Сіздің ойыңызша сіз қандай адамсыз?
А) не жақсы, не жаман емес;
Б) өзіне-өзі сенімді
В) жолы болғыш
18. Есікте сізбен қақтығысып қалған оқушы, сізден кешірім сұраған кезде:
А) кешіріңіз, кінә менен;
Б) ештеңе етпес, кінә менен;
В) тиянақтырақ болмайсыз ба?- деп жауап бересіз.
19. Сіз газеттегі жастардың қылмысы туралы мақалаға қалай қарайсыз?
А) «нақты шаралар қашан қолданылады екен?»
Б) «дене соққысына апарып, жазалау қажет!»
В) «Жастарға бәрін арта беруге болмайды, тәрбиешілері де кінәлі!»
20. Жаңадан тудыңыз деп елестетіңіз, бірақ жануар кейіпінде, сіз қандай жануар боласыз?
А) жолбарыс немесе қабылан
Б) үй мысығы
В) аю
Қорытынды:
36-42-балл – орташа агрессиялы күй
35-тен төмен – төменгі агрессиялы күй
Жоғары агрессиялы балалар жоқ.
Жаттығу№1. «Позитивті ойлау» аңыздың анализі. Мақсаты: Проблемалық жағдайлардың позитивті жақтарын тауып үйрену.
Мен сендерге Шығыстың аңызын айтып бергім келеді: «Бір сұлтан қорқынышты түс көреді. Түсінде оның барлық тістері бірінен соң бірі түсіп қалыпты. Мазаланып, ол өзінің түс-жорушы адамын шақырып алады. Түс-жорушы түсті естіп, сұлтанға хабар айтады: «Мен Сізге қаралы хабар айтамын. Сіз тістеріңізді жоғалтып алдыңыз, енді бірінен соң бірі туыстарыңызды жоғалтасыз». Бұл жорылған түс сұлтанды қатты ашуландырады. Сұлтан түс жорушыны түндікке тастауды бұйырады. Сосын ол басқа түс-жорушыны шақырып алады. Ол түсін естіп: «Мен Сізге жақсы хабар айтамын. Сіз өзіңіздің туған-туысқандарыңыздан жоғары боласыз, олардан көп өмір сүресіз». Сұлтан бақытты болып, түс-жорушыны байытады. Ауылдағылар осыған таң қалады: «Сенің кедей ізашарын айтқанға сен еш нәрсе қоспадың ғой, сонда қалай болғаны ол жазаланды, ал сен марапатталдың?» Түс-жорушы жауап береді:«Біз екеуіміз түсті бірдей жорыдық. Бірақ мәселе айтуда емес, оны жеткізуінде».
Рефлексия.
Жағымсыз қасиеттердің позитивті сипаттауының кестесін толтыру. Мақсаты: жағымсыз қасиеттердің позитивті жақтарын табуға үйрету. Кестеде эмоциялар, тұлғаның сапасы және мінездің аспектісі, дәстүрлік қабылдаулар беріледі. Қатысушыларға осы құбылыстардың позитивті жақтарын табуға тапсырма беріледі. Кесте үйлесімді толтырылады. Толтырылғаннан кейін төмендегідей көрсетілуі мүмкін:
Жалқаулық – жоғарыланған қабілеттерден құтылуға мүмкіндік береді.
Қорқыныш – қатерлі жағдайлар мен объектілерден қашуға мүмкіндік береді.
Қыңырлық – «жоқ» деп айтуға мүмкіндік береді.
Агрессия – эмоционалдық және тура жауап қайтару қабілеті.
Қызғаныш – сүю, жақсы көру қабілеті және сол сәтте өзің сүймегендей ұстау.
Клептомания – бір нәрсені тауып алу.
Жаттығу№2. «Оң және кері нығайту» жаттығуы. Мақсаты: адамның әрекетіне эмоционалды және кері ынталандырудың әсерін, топтағы қатысушыларға сезіндіру. Қатысушылардың бірі есіктің сыртына шығып, ал топ (мысалы оның тақтаны сүрту керектігін) ақылдасады. Кірген қатысушыға тапсырманың мазмұны айтылмайды, ол топтың әсерін тауып алу керек. «Суық», «ыстық» деген ойын ойнайды. Бірінші жағдайда топ ескертумен ықпал етеді, ал екінші жағдайда адамды ду қол шапалақпен марапаттайды. Егер ол жауапқа жақын болса, шапалақ қарқынды болады.
Рефлексия.__Жаттығу№3._«Қызыл_қарындаш»_жаттығуы._Мақсаты'>Рефлексия.
Жаттығу№3. «Қызыл қарындаш» жаттығуы. Мақсаты: Топтың қатысушыларына серіктестің жағынан өзіне деген бағалық эффектіні сезінуге үйрету. Жаттығу топта жасалады. Қатысушылардың біреуі жанында отырған адамға өзінің ахуалын айтып беру керек. Жауапқа «қызыл қарындаштың» көмегімен ықпал ету керек, болған қылыққа баға беру керек. Әрқайсысы осыны қайталайды.
Рефлексия.
Жаттығу№4.«Мықты жақтар» жаттығуы. Мақсаты: топтың қатысушыларына қандай жағдай болмасын сараптама жасауға, түсінуге көмек беру керек. Қатысушылар жұптарға бөлінеді. Бірінші жұптың мүшелері бір уақытта өзінің серктестігіне қиындығын немесе ахуалын айтып береді. Серіктестігі тыңдап, мықты жақтарына сараптама жасау керек. Кейін екеуі рөлдермен ауысады.
Рефлексия.
Сұрақтар:
• Жаттығуға қатысқан кезде нені сезіндіңіз?
• Барлығы серіктестіктің қылығының мықты жақтарын таба алды ма?
• Кімге оны істеу қиын болды?
• Кім айыпталған зер сала алмады? Неге?
«Құпия апельсин» жаттығуы. Мақсаты: Адамда неғұрлым қажеттілік көп болса, шындықты қабылдау белсенділігі соғұрлым аздау, сонымен бірге оның интолеранттылығы ұлғая түседі. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әркімге 5 минут ішінде өзінің рөлімен танысу ұсынылады. Бір қатысушығы жұбымен бірге Зеленый Петр мен Иван – Добродушный рөлі ұсынылады.
Сіз Иван – Добродушный, ақырғы үш айда байқалатын сирек аурудың дамуын болдырмайтын, вакцинаны өңдірумен айналысатын медициналық ассоциацияның вице – президентісіз. Бірінші мың адам миды зақымдайтын бұл аурудан азап шекті. Тәжірибе аурудың ерте стадиясында емдей алатын, сирек кездесетін апельсиннің шырынынан алынған. Сіздің вакцинаңыздың әсерін көрсетті. Өкінішке орай, 4000 дай апельсин ғана осы жылда өсірілген екен. Оңтүстік Америаның экспортері Мистер Кардоза 3000 апельсиннің бір топтамасын ғана сататыны туралы сіз білесіз. Бұл апельсиндерден алынған шырын вакцина өндіруге жеткілікті. Сізге Мистер Кардозамен байланысып, оған 250 мың доллар көлемінде қаржы ұсыну керек. Сізге тағы экологиялық ұйымының жұмыскері Петр Зеленый 3000 апельсинді сатып алу туралы Мистер Кардозамен келіссөзі туралы мәлім болды. Әрине сіз Петр Зеленыймен ақылдасасыз, яғни ол сізге кедергі жасамау керек.
Сіз Петр Зеленыйсыз қалалық белгілі экологиялық ұйымның төрағасысыз. Нервтік – параличтік газды залалсыздандыру мәселесімен жұмыс жасайсыз. Жуырда екінші дүние жүзілік соғыста уақытында қолданылған эксперименталды газы бар жарылғыш заттар. Ақ теңіз жағалауындағы кішкене аралға көлге үшін тасымалданған болатын.
Тасымалдау кезінде екі бомба тесілді. Газ екі жұманың ішінде ауаға сіңіріліп, әсер беруі мүмкін. Егер бұл жағдай болса, бірінше мың адам өлімге әкелетін мидың зақымдануын алады. Сіз синтетикалық жұп өңдірдіңіз, олар корпусқа ену кезінде газды залалсыздандырады. Жұптарды Оңтүстік Америкада өсетін сирек апельсиндердің қабығынан алуға болады. Өкінішке орай, биыл бұл апельсиндердің 4000 ғана өсірілді. Сізді ақпараттандырды, бір мистер Кардоза деген Оңтүстік Американың Экспертері 3000 апельсиннің ішінен бір топтамасын сатады. Бұл көлем, залалсыздандырушының өндірілуіне жеткілікті. Сізге сонымен қатар бір Иван Добродушный деген медициналық ассоциацияның қызметкері бұл топтаманы сатып алу үшін Мистер Кардозамен келіссөз жасайтыны туралы белгілі. Сіз мистер Кардозаға 250 мың долларға дейін ақша ұсыңуыңызға болады. Сонымен қатар, сізге келіссөзге кедергі жасамау туралы айтып, көндіру үшін Иван Добродушныймен кездесуіңіз қажет.
Кейін 5 – 7 минут аралығында қатысушылар жұп болып, мәселенін бір шешіміне келуі керек, ол тапсырмада жарияланған. Шешім міндетті түрде жазбаша тіркеліп, жүргізушіге беріледі. Жүргізуші көрермендерді қатысушылардың ұсынған мәселе шешімі нұсқаларымен таныстырады.
Ереже бойынша, қатысушылар назарларын мынаған аудармайды, яғни біреуіне шырын керек болса, ал екіншісіне апельсиннің қабығы қажет, сондықтан бұл еріксіз толеранттылықтың көрінуімен байланысты немесе керісінше, интолеранттылықпен
№16.Тақырып.Педагогикалық шығармашылық –оқушылардың дербестігін дамыту негізі.
Ерік-жігерді анықтауға берілген тест
1. Сіздің қылықтарыңыз айналадағыларға қандай әсерін тигізетіні
туралы жиі ойланасыз ба:
а) өте сирек;
б) сирек;
в) жиі;
г) өте жиі.
2. Адамдарға өзіңіз сенбейтін, бірақ өз қырсығыңыздан басқаларға кесе-көлденең келіп қандай да бір нәрселерді айтасыз ба:
а) иә, б) жоқ.
3. Төменде көрсетілген сапалардың ішінен қайсысын адам бойында бағалайсыз:
а) табандылық,
б) ойдың кеңдңгңн,
в) өзін-өзі көрсете білу.
4. Педантизмге бейімсіз бе:
а) иә; б) жоқ
5. Сізге кездескен жағымсыз жағдайлар туралы тез ұмытасыз ба:
а) иә; б) жоқ.
6. Өз әрекеттеріңізді талдауды ұнатасыз ба:
а) иә; б) жоқ.
7. Сізге жақсы таныс адамдардың ортасында болғанда, Сіз:
а) осы ортада қабылданған тәртіп ережелерін сақтауға тырысасыз;
б) өзіндік бейнеңізде қалуға талпынасыз.
8. Қиын тапсырманы орындауға кіріскенде, кездесетін проблемалар туралы ойламауға тырысасыз ба:
а) иә; б) жоқ
9. Төменде аталған мінездемелердің қайсысы сізге сәйкестенеді:
а) арманшыл;
б) көңілді
в) жұмыста ынталы;
г) ұқыпты және жинақы;
д) ойлауды жақсы көреді;
е) әбігер
10. Қандай да бір мәселені талқылау барысында сіз:
а) көпшіліктің пікіріне ұқсамаса да, үнемі өз көзқарасыңызды айтасыз;
б) бұл ситуацияда үндемей, өз көзқарасыңызды айтпаған жөн деп санайсыз;
в) іштей өз пікіріңізді қала отырып, сырттай көпшілікті қолдайсыз;
г) өз пікіріңіздің болу құқығына қарамастан, басқалардың көзқарасын қабылдайсыз.
11. Басшының кенеттен шақырғаны сізде, әдетте, қандай сезімді тудырады:
а) ашуланшақтық;
а) қорқыныш;
в) алаңдаушылық;
г) ешқандай сезім тудырмайды.
12.Егер оппонент ашу-ыза үстінде жарылып, сізге жеке қарсылық көрсетсе, сіз:
а) дәл сондай жауап қайтарасыз;
б) бұған мән бермейсіз;
в) көзінше балағаттайсыз;
г) сабырлық сақтау үшін әңгімені тоқтатасыз.
13. Егер сіздің жұмысыңызды жарамсыз десе, сіз:
а) өкініш сезімінде боласыз;
б) ұяласыз;
в) ашуланасыз.
14. Егер сіз бірдеңеге ұшырап қалсаңыз, бірінші ретте кімді кінәлайсыз:
а) өзіңізді;
б) тағдырды, жол болмаушылықты;
в) объективті жағдайларды.
15. Айналадағы адамдар сіздің қабілеттеріңіз бен біліміңізді тиісінше бағаламайды деп ойлайсызба:
а) иә; б) жоқ.
16. Егер достарыңыз немесе әріптестеріңіз сізді мазақтап келемеждей бастаса,сіз:
а) оларға ашуланасыз,
б) олардан кетіп қалып, алшақ болуға тырысасыз,
в) оларға қосылып, өзіңізді ажуалауды қоштайсыз;
г) естімегендей боласыз, бірақ іштей ашуланасыз.
17. Бір жаққа өте асығып тұрсыз, бірақ ылғиында өз орнында жататын затты табалмай қалдыңыз:
а) үндемей оны іздей бересіз;
б) басқаларды тәртіпсіздік жайында айыптап, іздей бересіз;
в) қажетті затты үйде қалдырып кете бересіз.
18. Сізді тепе теңдік сезімінен шығарады:
а) сізге қабылдауына жедел түрде кіруіңіз қажетті шенеуліктің қабылдау бөлмесіндегі кезекшілік;
б) қоғамдық көліктегі қалың топ;
в) бір мәселе бойынша қандай да бір орынға бірнеше рет келудің қажеттілігі.
19. Әлде кіммен дауласып болғаннан кейін өзіңіздің көзқарасыңызды қорғауға жаңа дәлелдерді келтіре отырып, дауласуды ойша жүргізесіз бе:
а) иә; б) жоқ.
20. Шұғыл жұмысты орындау үшін сізге көмекшілерді таңдау мүмкіншілігі туып отыр, келесі кандидаттардың ішінен кімді таңдар едіңіз:
а) орындаушылық қабілеті бар, бірақ инициативасы жоқ адамды;
б) өз жұмысын жақсы білетін бірақ даукес, қыңыр адамды;
в) дарынды, бірақ жалқау адамды.
Нәтижелерін бағалау: таблицада әрбір жауаптың баллдары көрсетілген.
2-таблица
Жауаптың нұсқасы
|
Сұрақтардың реттік нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
А
Б
В
Г
Д
Е
|
0
1
2
3
-
-
|
0
1
-
-
-
-
|
1
1
-
-
-
-
|
2
0
-
-
-
-
|
0
2
-
-
-
-
|
2
0
-
-
-
-
|
2
0
-
-
-
-
|
0
2
-
-
-
-
|
0
1
3
2
2
0
|
2
0
0
0
-
-
|
Жауаптың нұсқасы
|
Сұрақтардың реттік нөмірі
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
А
Б
В
Г
Д
Е
|
0
1
2
0
-
-
|
0
2
1
3
-
-
|
2
1
0
-
-
-
|
2
0
0
-
-
-
|
0
2
-
-
-
-
|
0
1
2
0
0
-
|
2
0
1
-
-
-
|
1
0
2
-
-
-
|
0
2
-
-
-
-
|
0
1
2
-
-
-
|
14 және одан кем балл – ерік-жігері нашар адам;
15-тен 25-ке дейін – адамның мінезі мен ерік-жігері біршама тұрақты, берік, ал әрекеттері негізінен реалистік және таразыланған.
26-дан 38-ге дейін - адамның мінезі мен ерік-жігері өте тұрақты, берік, ал оның мінез-құлқында көп жағдайда бір шама жауаптылық байқалады.
38-ден жоғары – адамның ерік-жігері мен мінезі өте жақсы дамыған.
Сауалнама Рензулли. Шығармашылық сипаттамасы
4балл – үлкен
3 балл – жиі
2балл – анда-санда
1балл – сирек
Шығармашылықтың бағасы 10 пунктінің баллдарын қосқанда шығады (төмен – 10, жоғары 40) .
Түрлі саладағы білімдерге қызығушылық таныту: үнемі сұрақтар қояды.
Мәселені шешу барысында түрлі идеяларды ұсынады; жиі ойламаған бір шешімдерді ұсынады.
Өзінің пікірін айтуда еркіндік танытады, кейде кейде өз пікірін жақтау үшін дауласуға дейін барады, жігерлі, ерікті.
Тәуекелге қабілетті; батыл өзіне сенімді.
Ойлауды қажет ететін тапсырмаларды жақтырады, елестету қабілеті жақсы фантазияны жек көрмейді.
Басқалар байқамаған күлкілі жағдайларды байқайды, әзіл айта алады.
Сезімтал, басқаларға ашық, өзінің қызбалық жағдайын мойындайды
Құбылыстардың, заттардың эстетикалық жақтарына мән береді, сұлулықты қабылдай алады.
Өзінің пікірі бар, оны әр уақытта жақтай алады, басқаларға ұқсамағанына қорықпайды, даралықты ұнатады, ұсақ-түйекке мән бере қоймайды.
Беделді пікірлерге сын көзбен қарайды, сынды әділ (конструктивті) айтады.
Тест «Қалыптасқан сөз» .
Есеп: 4 сөзден тұратын сөйлем құру, әрбір сөз төмендегідей әріптерден басталуы керек: К,Б,К,К. Орындау уақыты – 4 минут (әр бір қайталанбайтын сөзге 1 балл, ғажап сөйлемдерге – 4 балл).
Топтық сурет Елес арқылы сурет салу.
Барлық қатысушылар шеңбер жасап отырады. Қатысушылардың біреуі қолында ақ парақты ұстап отырып, көз алдына салынған суретті елестетеді. Ол салынған суретті суреттеп айта бастайды, қалғандары оның айтқандарын қағаздан «көруге» тырысады. Содан кейін парақ келесі қатысушыға беріледі, ол «салынған» суретті жаңа детальдармен толықтыра отырып суреттейді.
Ақ параққа 2 сөзден тұратын сөйлемдер жазу арқылы әңгіме құрастыру.
Елес арқылы геометриялық фигураларды салу.
Үшбұрыштар - 14
Төртбұрыштар – 10
Бесбұрыштар - 2
5. Өлең шығару.
Екі жолды өлеңді жалғастырып жазу керек.
Оқы, оқы, балам, деп
Аттандырар анасы...
Бар ақшаны салып ап,
Қыдырып кетер баласы.
Өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді бағалаңыз
Ұсынылған жауаптардың біреуін таңдаңыз:
1.Сіз қоршаған әлемді жақсартуға болады деп санайсыз ба?
А) иә;
б) жоқ;
в) иә, бірақ кейбір тұстарын ғана.
2. Қоршаған әлемнің маңызды өзгерістеріне өзім қатыса аламын деп ойлайсыз ба?
А) иә, көп жағдайда;
б) жоқ;
в) иә, кейбір жағдайларда.
3. Өзіңіздің кейбір идеяларыңыз сіз таңдайтын қызмет саласында маңызды прогресс әкеледі деп санайсыз ба?
А) иә;
б) менде ондай идеялардың болуы қайдан?
В) маңызды прогресс болмаса да, қандай да бір жетістік әкелуі мүмкін.
4. Сіз болашақта бір нәрселерді еш қағидаға қарамастан өзгерте алатындай аса маңызды рөл атқарамын деп санайсыз ба?
А) иә, сөзсіз;
б) екі талай;
в) мүмкін.
5. Сіз бір нәрселерді істеймін деп шешім қабылдағанда істің ойдағыдай шығатынына сенімдісіз бе?
А) әрине;
б) орындай аламын ба деп жиі күмәнданамын;
в) көбінесе сенімдімін.
6. Сізге таныс емес іспен, яғни осы кезеңде сіздің құзырлылығыңыз жоқ, мүлдем білмейтін іспен айналысуға ықыласыңыз бола ма?
А) иә, кез келген белгісіздік мені қызықтырады;
б) жоқ;
в) барлығы да сол іске және жағдайларға байланысты.
7. Сізге таныс емес іспен айналысуға тура келіп тұр. Сол істе жетістікке жетуге ықыласыңыз бола ма?
А) иә;
б) қолдан келсе, сол да жақсы;
в) егер ол онша қиын болмаса, онда иә.
8. Егер сізге таныс емес іс ұнаса, сол іс туралы барлығын да білгіңіз келе ме?
А) иә;
б) жоқ, ең негізгісін ғана үйрену керек.
В) жоқ, мен тек қана өзімнің құмарлығымды қанағаттандырамын.
9. Сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз:
а) саналы мағынаға қарамастан да, белгілі бір уақыт табандылық танытасыз;
б) іске аспайтынын түсінгеннен-ақ, бұл іске бірден қол сілтейсіз
в) кедергіні жеңе алмайтындығыңызға көзіңіз жеткенінше, өз ісіңізді жалғастыра бересіз.
10. Мыналарды негізге ала отырып, мамандықты таңдау керек:
а) өз мүмкіндіктерін және өз перспективаларын;
б) мамандақтың тұрақтылығын, маңыздылығын, қажеттілігін, сұранысын;
в) мәртебесін (престиж) және ол қамтамасыз ететін артықшылықтарды.
11. Саяхаттап жүрген кезде өтіп кеткен маршрутта оңай бағдарлай аласыз ба?
А) иә;
б) жоқ;
в) егер сол жер ұнаса және есімде қалса, онда иә.
12. Әңгіме аяқталысымен онда айтылғандардың бәрін бірден есіңізге түсіре аласызба?
А) иә;
б) жоқ;
в) маған қызықтысының бәрін есіме түсіремін.
13. Таныс емес тілде айтылған сөзді естігенде, оның мағынасын білмей-ақ, сол сөзді қатесіз буындап қайталап айта аласыз ба?
А) иә;
б) жоқ;
в) қайталаймын, бірақ онша дұрыс емес.
14. Бос уақытта сіз артық көресіз:
а) жалғыз қалғанды, ойланып-толғанғанды;
б) компанияда болғанды;
в) жалғыз болам ба, әлде компанияда ма, маған бәрі бір.
15. Сіз қандай да бір іспен айналысып жүрсіз. Сіз оны мына жағдайда ғана тоқтатуға шешім қабылдайсыз:
а) іс аяқталды және де сіздің ойыңызша өте жақсы орындалған сияқты;
б) сіз орындалған іске азды көпті ризасыз;
в) іс орындалған сияқты, дегенмен оны одан да жақсы істеуге болады.
Бірақ қажеті қанша?
16. Сіз жалғыз болғанда:
а) қандай-да бір нәрселер туралы армандауды жақсы көресіз, ол абстрактылы да болуы мүмкін;
б) қалай да өзіңізге нақты бір жұмысты табуға тырысасыз;
в) кейде армандауды жақсы көресіз, бірақ ісіңізбен байланысты нәрселер болса.
17. Қандай да бір идея сізді қызықтыра кетсе, онда сіз ол туралы ойлай бастайсыз:
а) қайда және кіммен болғаныңызға қарамастан;
б) жалғыз қалғанда ғана;
в) тыныштық бар жерде ғана.
18. Сіз қандай да бір идеяны қорғаған кезде:
а) егер оппоненттердің дәлелдері сізге нанымды болып көрінсе, сол идеядан бас тарта аласыз;
б) қандай дәлелдер ұсынылса да, өз пікіріңізде қаласыз;
в) егер қарсыласу тым күшті болса, өз пікіріңізді өзгертесіз.
Енді баллдарыңызды санаңыз.
А жауабына – 3 балл, б жауабына – 1 балл, в жауабына – 2 балл есептеледі. Сұрақтар сіздің білімпаздығыңызды, өзіңізге сенімділіңізді, тұрақтылығыңызды, көру және есту арқылы есте сақтауыңызды, тәуелсіздікке ұмтылысыңызды, абстракциялану және жиналу қабілетіңізді диагностикалайды. Бұл көрсеткіштер шығармашылық әлеуеттің сапасы болып табылады.
Егер де Сіз 48 және одан да артық балл жинасаңыз, онда сіздің бойыңызда едәуір шығармашылық әлеует бар, ол сізге шығармашылық мүмкіндіктердің мол таңдауын ұсынады. Егер Сіз іс жүзінде өз қабілеттеріңізді пайдалана алсаңыз, онда сізге шығармашылықтың сан алуан формаларына қол жеткізуге жол ашық.
Егер сіз 24—47 балл алсаңыз, онда сіздің бойыңызда жасап шығаруға, тудыруға мүмкіндік беретін сапалар бар, бірақ сіздің шығармашылығыздың кедергілері де бар. Ең қауіптісі – қорқыныш сезімнің болуы, әсіресе міндетті жетістіктерге жетуге бағыт алған адамдарда. Сәтсіздікке ұшырау қорқынышы шығармашылықтың негізі – қиялды шырмалайды (сковывает). Қорқыныш әлеуметтік те, қоғамдық мінеушіліктен болуы мүмкін. Кез келген жаңа идея күтпегендік, таңдану, көпшілікпен қабылданбау, айналадағылардың мінеуі (осуждения) сияқты кезеңдерден өтеді. Басқалар үшін жаңа, үйреншікті емес болып табылатын мінез-құлықты, көзқарасты, сезімдерді мінеу қорқынышы шығармашылық белсенділікті шырмалайды, шығармашыл тұлғаны құртады.
Достарыңызбен бөлісу: |