Топтық жұмыс - “Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын” А. Эйнштейн
Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру - Сабақтың сапалығы көп жағдайда оқушылардың сабақта тиімді жұмыс істеуіне байланысты болады,сабақты жоспарлау мен өткізуде тек негізгі сәттерін ғана емес, кішігірім нәрселерді басынан аяғына дейін дұрыс ойластырған жөн.
- «Топтық жұмыс» термині барлық ұстаздарға таныс болғанымен, біз практикада көптеген қиындықтарға тап боламыз және оларды бізге шешу қажет.
Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? - “Ынтымақтастық” және ” бірлескен” оқу деген не?”
- Ынтымақтастық оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия .
- Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.
- Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы, арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Бірлескен оқудың мәні - Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл: проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқуда қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары: - 1.Оқу оқушылардың ақпаратты игеретін және өздері игеретін мәліметті бұған дейін білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады
- 2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеу және қорытуын талап етеді.
- 3.Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
- 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезінде әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
- 5.Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.
-
- Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады: | | | - А)Тәжірибелермен идеялармен алмасу;
- Б)Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
- Ә) Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу
| - А) Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
- Б) Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту
| - А) Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену
- Б) Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
| Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары Топтарда қалай жұмыс істеуге болады? - Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар бәрінен хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып,өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды
Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар - 1)Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
- 2)Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу
- 3) Басқаларды қолдау:топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу
- 4) Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту
Топта жұмыс істеу ережелері - Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шеуді көздейді
- Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет.Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
Топты ұйымдастыру ережелері - Топтар түрлі тәсілдермен құрылады:
- А) Кездейсоқ іріктеліп алынған топтар
- Б) Жекелеген мүшелердің нақты мықты қасиеттеріне қарай құрылатын топтар
Ережелер - 1.Өзгенің пікірін тыңдау, көзқарасын сыйлау
- 2. Сабақта телефонды сөндіру
- 3. Идеялар айту, өз пікірін қорғай білу
- 4.Кезекпен сөйлесу
- 5.Уақытты үнемдеу
- 6.Тапсырманы ұжыммен талқылау, бір тоқтамға келу
- 7.Топ мүшесінің қызметін ауыстыру
- 8.Тәртіп сақтау.
- Талқылаудың қорытындысын шығару;
- Дәйекті айғақтар келтіру
Топ құру кезеңдері Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет? - Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдік орнату маңызды. Шағын топтар немесе жұп топтар шектеулі қысқа уақыт 5 минут барысында тиімді жұмыс жұмыс істей алады.Үлкен топтарда тәртіптің нашар болуы ықтимал. Тапсырманы тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет
Топтар - 1)Шағын топ: 4-6 оқушыдан тұратын топ.
- Топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді. Топ мүшелерінің кейбіреуі үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді. Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін
- 2) Үлкен топ:7-10 оқушыдан тұратын топ.
- Мәселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.
- Топ мүшелері көп болған сайын ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым –қатынас, сөз сөйлеу қиындайды.
- 3) Жұптық жұмыс: жоғары деңгейлі тапсырмаларды бірлесе орындауда, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде, құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді
Топтық жұмысты ұйымдастырудың проблемалары | | | - Топтағы адамдардың санына байланыстылығы
- Оқушылардың білім дәрежесін есепке ала отырып бөлу
| | - Топ ішінде рөлді бөлініп берілуі
- Оқушылардың оқыту процесіне қатысуы
- Тапсырманы орындау уақыты
| - Іс-әрекетінің нәтижесін көрсету
| | Топ мүшелері: - Куратор-топты басқарады.
- Спикер-жобаны қорғайтын оқушы.
- Хатшы –жазба жұмыстарын орындайды.
- Суретші-топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсіруші.
- Тайм менеджер-жұмысқа берілген уақытты қадағалап отырады.
Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары - Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
- Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады
- Жұмыс атмосферасын қалыптастыру
- Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады
- Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады
- Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады
- Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді
1- проблема : топқа бөлу - Білім деңгейі әртүрлі оқушылар тобы
- Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы
- Проблема: жақсы оқитын оқушылардың нашар үлгеретін оқушылардан жоғары тұруы
- Шешу жолдары:
- -мұғалім тарапынан бақылаудың болуы (марапаттау және ескерту әдістері)
- -жайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру
- Проблема:
- -басқалардан озық болуға тырысу
- -тапсырманы орындау кезіндегі қиындықтар
- Шешу жолдары:
- -мұғалімнің топ ішінде рөлдерді бөліп беруі
- -тапсырмаларды деңгейлеп дайындау
Мұғалімдер рөлі - 1. Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастырып және оны қолдап отыруы керек
- 2. Топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп оңтайлы нәтижелерге қол жетізуге ықпал ету керек
- 3.Неге қол жеткізетіндерін? нені білу? жоспарланғанын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты? екендігін талқылауды қамтуы тиіс.
- 4.Талқылау барысында оқушылар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет
- 5. Оқушылар жұмысына мұғалім сыпайы араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс
- 6. Топқа көп қолдау көрсетуі керек
- 7. Сабақ аяқталған соң мұғалім топтағы жұмыс үдерісі, нәтижелері туралы ойланулары үшін ой түрткі жасау керек
- 8. Кері байланыс ұйымдастыру керек
Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не? - Кезекпен сөйлесу;
- Белсенді тыңдау;
- Сұрақ қою, және сұрақ бар ма екенін тыңдау;
- Ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
- Өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
- Ұсыныстарды, идеяларды, және пікірлерді ұжыммен талқылау;
- Көмектесу және көмек сұрау
- Түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
- Идеяларға түсініктеме беру және оларды бағалау;
- Топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу
- Талқылаудың қорытындысын шығару;
- Дәйекті айғақтар келтіру
Шағын топтарда талқылауда мұғалімнің рөлі - Рефлексивті талқылау болып жатқанына көз жеткізіңіз. Сіз оны топтарда барлық сыныпқа таныстыру түрінде жасауыңызға болады. Мұндай жағдайда ,шағын топтарды дайындық жүргізуге уақыт бөліңіз:
- 1. Пікірлерді анықтаңыз
- 2.Түйіндеңіз және біріктіріңіз
- 3. Әр топтың көзқарасын бөліңіз
- 4. Оқушыларға шағын топтарда дайындық жүргізу арқылы барлық сынып алдында сөз сөйлеу кезінде өзіне сенімді болуға мүмкіндік беріңіз.
Арақашықтықты сақтаңыз Бүкіл сыныппен талқылауды жақсарту үшін қандай стратегия ны қолданған жөн? - Миға шабуылды қолданудың не қажеті бар?
- 1) Аздаған уақыт ішінде көптеген идея алуға болады
- 2) Барлық сынып тартылады
- 3) Шығармашылық және креативтік ойды ынталандырады.
- 4) Идеяларды біріктіреді жиырма бас бір бастан артық
- 5) Бұл қорқынышты емес көңілді
Миға шабуыл пайдалы стратегия - 1) Идеяларды туындату, шолып өту, бағалау;
- 2)Шешім қабылдау үшін кеңесу;
- 3) Тәжірибелік сабақтарды жоспарлау
- 4) Тақырыпты қайта қарастыру
- 5) Бейне бағдарламаға шолу жасау
- 6) Негізгі сұрақтар мен тармақтарды түйіндеу
- 7) Шағын топтар үшін бағдарлама жасау
- 8) Жаттығуларды бағалау
- Миға шабуыл ережелері:
- Барлық оқушылардың идеялары мен ойларын жазып алу
- Барлық оқушылардың идеялары мен ойларын бағалау ешбір кекесінсіз
- Қанша қарапайым болғанына қарамастан басқа келген бірінші ойды айту
- 1. Барлығының талқылау кезінде түсініктеме айтуға мүмкіндігі бар
- 2. Бір оқушы бастайды және барлығы кезекпен жұмыс істейді
- 3.Басқа оқушының сөздеріне ешкім де, тіпті мұғалімнің өзі де түсініктемелер айта алмайды
- 4. Әркімнің: “мен өткізіп жіберемін”деп өз кезегінен бас тартуға құқығы бар
- 5.Егер түсініктеме талқылауды қажет етсе, онда талқылау тек шеңбердің аяқталуынан өткізіледі
2-проблема : Уақытты қадағалау - Көп жағдайларда оқушылар берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап үлгермей жатады
- + шығармашылық үдерісті аяғына дейін жеткізу
- - жекебасының берекесіздігіне әкеліп соғады
- + өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуына әкеледі
- -
- Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалады
- Белгілеген уақыт қойылған мақсатқа байланысты
- Тапсырманың қиындығы уақыт дәлдігімен өлшенеді
Өз тапсырмаңызды дайындаңыз - 1. Тапсырма икемді болуын көздеңіз
- Талқылауда:
- Топқа тапсырманы қалай шешу туралы кеңес беріңіз; Оқушылардың рөлдері мен жұмысын үйлестіріңіз; Рөлдердң ауыстырыңыз; Әлсін-әлсін сыныпты еліктіруге, өз тәжірибеңізді айтуға дайын болыңыз:
- 2. Топтың орындағанына түсінік беріңіз:
- Олардың жұмысының сапасына
- Олардың жұмысты қалай орындап жатқанына
- Өз рөлдерін қалай орындап жатқанына
- Өз рөлдерін қалай орындағандарына
Бір топ өз жұмысын қорғаған кезде басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтаумен шұғылданып жатады - Бір топ өз жұмысын қорғаған кезде басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтаумен шұғылданып жатады
- Шешу жолдары:
- Ұйымдастырушы тарапынан жұмысты дер кезінде аяқтау туралы нақты нұсқаудың болу
- Келесі тапсырманы орындау үшін қорғаушыларды тыңдау қажеттігілігі туралы айтып,қызығушылықтарын тудыру
- Берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалауы
- 3-проблема : аудиторияны қызықтыра алу
Достарыңызбен бөлісу: |