Кабинет – пәнге арналған жабдықталған жай. Оқу кабинетi - әр түрлi көрнекi-лiктермен, оқу материалдарымен, техникалық құралдармен, арнайы жиһаз қойыл-ған сабақ, факультативтер, сыныптан тыс жұмыстар, әдiстемелiк жұмыстар өткiзi-летiн орын.
Мұғалiм – кабинеттiң толық құқығы бар иесi. Ал кабинеттiң жабдықталуы мұ-ғалiмнiң бiлiктiлiгiне және талғамына сай болады. Мұғалiмнiң әдiстемелiк икемi, шығармашылық қабiлетi кабинеттi бiртiндеп жабдықтармен және көрнекiлiктер-мен толықтыруынан байқалады. Кабинет бiрден толық жабдықталмайды, бiртiн-деп жабдықтармен жаңа талапқа сай үнемi жетiлдiрiлiп, бiрнеше жылдың көлемiн-де жабдықталады.
Кабинеттiң жабдықталуы пәннiң сапалы берiлуiне және белгiлi бiр талаптарға жауап бере алатындай болуы тиiс.
Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнi кабинетiне қойылатын жалпы талаптар.
Нормативтi құжаттар:
оқу кабинетiн ашу туралы бұйрық;
кабинет меңгерушiсi мен зертханашыны бекiту жайлы бұйрық;
кабинеттiң төлқұжаты, ондағы жабдықтар толық көрсетiлiп, қызметi анықталған болу керек;
құрал-жабдықтардың тiзiмi;
оқушылардың оқу-көрнекi құралдарды пайдалану ережесi;
қауiпсiздiк техникасының ережесi;
мектеп әкiмшiлiгiнiң кабинеттi қабылдау туралы шешiмi;
белгiлi бiр оқу жылына кабинеттiң дайындығы туралы әдiстемелiк комиссияның хаттамасы мен шешiмi;
(оқу жылына арналған) кабинеттiң жоспары;
оқу жылы барысында атқарылған жұмыстарды тiркеу жөнiндегi оқу кабинетiнiң журналы;
әдiстемелiк комиссияның бағдарламаға сай оқу-әдiстемелiк жұмыстарының дайындығы туралы соңғы шешiмi (тақырыптық жоспарлар, дидактикалық материалдар, кестелер, тiрек сызбалар, слайдтар, т.б.);
жалпы бiлiм беру бағдарламасы бойынша аналитикалық материалдар;
кабинеттегi тазалық пен техника қауiпсiздiгiн сақтау туралы норматив.
Оқу кабинетiнiң ашылуы мен қызметi жайлы
Жалпы бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыру үшiн мектеп әкiмшiлiгi сыныпты пәнге лайықтап таңдап болған соң, бұйрық бередi, сол бұйрықта кабинет меңгеру-шiсi мен зертханашысы да бекiтiледi.
Кабинет меңгерушiсi мектеп әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, кабинеттегi бар жабдық-ты есепке алады. Оның нәтижесi актiленiп, төлқұжатқа жазылады. Ескiрген көрнекiлiктер мен құрал-жабдықтар есептен шығарылып, оған актi жазылады.
Кабинет меңгерушiсi осыдан кейiн даму жоспарын жасайды да, қосымша құралдармен толықтырады, жабдықтайды және кабинеттi жабдықтауда эстетика-лық талаптардың орындалуын ескередi.
Кабинет меңгерушiсi оқушыларды қабiлетiне қарай қолдан жасайтын көрнекi-лiктердi толықтыру үшiн жұмысқа тартады.
Инвентарлық нөмiрiмен материалдың, қордың кiтапшасын кабинет меңгеру-шiсi жүргiзiп отырады.
Әр жыл сайын инвентарлық бақылау жүргiзiлiп тұруы керек. Онда пайдалану-да жүрген немесе жаңа алынған, тiптi жарамсыз болып қалғандарының да есебi жүргiзiлуi тиiс. Жаңа оқу жылына қажеттi құралдарға смета жасалып, алдын-ала мектеп әкiмшiлiгiмен келiсу қажет.
Кабинет меңгерушiсiнiң басшылығымен 1 жылға жоспар жасалып қойылады. Ол жоспарда кабинеттi қалай жабдықтау, қандай көрнекiлiк алу, құралдарды қалай сақтау керектiгi көрсетiледi. Даму жоспары болса, бiрнеше жылға есептеле-дi. Ал, жылдық жоспарда әрбiр оқу жылына қажеттi құралдарды сатып алу не қолдан толықтыру керектiгi көрсетiледi.
Кабинет меңгерушiсiнiң қызметiнiң сапасын оған берiлген бағасына қарай төлқұжат беру кезiнде көруге болады.
Кабинетке төлқұжат берудегi мақсат – кабинеттiң жұмысын бағалау:
1.стандарт талабына сай ма?
2.негiзгi бағыты қандай?
Кабинеттi жабдықтауға керектi заттар:
1.сынып тақтасы;
2.сабақта қолданылатын көрнекiлiктердi (кесте, тiрек сызбалар, т.б.) қоятын ыңғайластырылған стендтер;
3.үлестiрмелi материалдарды сақтайтын орын;
4.оқу құралдарын жабдықтауға қажеттi заттар (экран, қараңғы перде, қондырғы, т.б.);
5.мұғалiмнiң жұмыс орнын жабдықтау (аппараттарды iске қосу, қараңғы, жарық ету);
6.магнитофон, үнтаспалар, т.б.
Оқу кабинетiнiң төлқұжаты №
Кабинет меңгерушiсiнiң аты-жөнi.
Зертханашының аты-жөнi.
Сыныбы, кабинетке жауапты.
Кабинетте жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң аты-жөнi.
Оқу үрдiсiнде оқушыларға сапалы бiлiм берудi дамытуға арналған зертханалық қор:
1.қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң оқыту бағдарламаларының жиынтығы;
2.оқушылардың бiлiм сапасын арттыруға бағытталған базалық бағдарламаға сәйкес құралдар;
3.тақырыптар бойынша жеке портфельдер (әр жылдарда жарияланған мақала-лар жиынтығы);
4.пәндiк сызбалар топтамалары (плакаттар);
5.факультатив сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, жеке тапсырмалар;
6.олимпиадалар мен ғылыми тақырыптар бойынша iзденiс жұмыстары;
7.компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдары (бейнетаспалар, аудиотаспалар, сайттар);
8.пән мұғалiмдерiнiң жеке портфолиолары;
9.оқушылар портфолиолары.
А) Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң дидактикалық материалдар жүйесi:
1.сыныптар бойынша тақырыптық жұмыс дәптерлерi;
2.сыныптар бойынша сарамандық жұмыс тапсырмаларынан құрастырылған үлестiрмелi материалдар;
3.сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық, жартыжылдық);
4.барлық сыныптар үшiн пәндiк олимпиада материалдары.
Ә) Оқу-әдiстемелiк кешендердiң тiзiмi:
1.қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдары;
2.мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк, дидактикалық құралдар;
3.қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен деңгейлiк тапсырмалардан құрастырылған пән мұғалiмдерiнiң шығармашылық жұмыс дәптерлерi.
Б) Кабинет кiтапхана қорлары:
1.анықтама-әдiстемелiк әдебиеттер;
2.сыныптан тыс жұмыстарға арналған басылымдар;
3.мұғалiм мен оқушының шығармашылық жұмыстары;
4.педагогикалық және оқушыларға арналған басылымдар;
5.ғылыми-танымдық, анықтамалық және әдiстемелiк әдебиеттер жиынтығы;
6.диктанттар мен мазмұндамалар жинақтарының түрлерi.
В) Оқушылар өмiрiнiң қауiпсiздiгi:
1.санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау құжаттары;
2.алғашқы көмекке қажеттi дәрi-дәрмектiк қобдиша.
Г) Көрнекiлiктер:
1.Қ.Р. Мемлекеттiк рәмiздерi;
2.пән бағдарламасына сай бiр-екi көрнекiлiк;
3.оқушылар шығармашылығына арналған дамытпалы “Iзденiс” журналы (та-қырыптарын мұғалiмдер мен оқушылардың бiрлесе таңдауларына болады);
4.гүлдер.
Кабинет жұмыстарының қорытындылары:
1.пән мұғалiмдерiнiң шығармашылық есептерiн жылына екi рет әдiстемелiк бiрлестiктердiң ұсынысымен ұйымдастыру;
2.пән мұғалiмiне қажеттi талап-тiлектер;
3.пәннiң негiзгi жаңа буын оқулығы талаптарына сай ерекшелiктерiн бiлу;
4.мектептегi пәннiң орны мен мақсатын түсiну;
5.Президент Жолдауы мен нұсқау бағдарламаларын басшылыққа алу;
6.мемлекеттiк құжаттармен, өзгерiстермен таныса бiлу;
7.Қ.Р. ”Тiл туралы заңын” жүзеге асыру мақсатында бес жылға арналған бағдарлама жасау;
8.оқушыларды дүниетанымдық сұрақтарға жауап бере бiлуге дағдыландыру;
9.оқушылардың өз беттерiнше ойлап, шешiм қабылдай бiлу дағдысын қалыптастыру;
10.пәнаралық байланысты қалыптастыру, орынды жерлерiнде пайдалана бiлу;
11.әдiс-тәсiлдердi жетiлдiру жолдарын iздестiру;
12.тексеру, бақылау жұмыстары арқылы оқушылардың дүниетанымын, айналадағы ортаға көзқарасын, ептiлiк бiлiмдерiн байқау;
13.уақыт талабына сай кабинет жабдықтау;
14.кабинет заттарын тiзiмге алу және перспективалық жоспар жасау;
15.кабинеттiң кiтапхана қорын жасау;
Талапқа сай iскерлiк пен шеберлiк, бiлiмдiлiк дағдыны меңгерген мұғалiмге қойылатын талаптар:
1.практикада өз бiлiмiн шебер көрсете бiлу;
2.Қ.Р.Бiлiм және Ғылым министрлiгi бекiткен бағдарламаларды негiзгi құжат ретiнде қабылдап, оны сабақта пайдалана бiлу;
3.жаңа технологиялық әдiстердi өтетiн сабақтың түрiне қарай таңдай бiлу;
4.пән сабақтарында өлкетану деректерiн қолдану;
5.хронологиялық таблица, графика, диаграмма, сызба кестелердi дұрыс құра бiлу және оқушыларға да жасата бiлу;
6.оқушыларға эстетикалық талғамды сақтай отырып, көрнекiлiктер жасата бiлу;
7.жоғарғы сынып оқушыларымен күрделi тақырыптар бойынша дебат, конференция, семинар өткiзу;
8.өз бетiнше бiлiмiн арттыру жолдарын дамыту;
9.кабинетке оқушылардың өзiндiк жұмыстары мен тапсырмаларды құрастыру;
10.жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған және жалпы оқу пәндерiнiң құрылымдық жүйеде жүргiзуге арналған, игерiлетiн материалдың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес оқу, демонстрациялау құрал-дарының жекелеген түрлерiн жинақтау.
Арнайы ескертпелер:
Кабинетте жасалатын барлық көрнекiлiктердi дайындауда екi түстi бояу пайдаланылады.
Кабинет iшiндегi тазалық пен сауатты безендiрiлуге пән мұғалiмдерi кабинет меңгерушiсiмен бiрдей жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |