ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Н.Х. Шадиева
5В011700 - «ҚАЗАҚ ТIЛI МЕН ӘДЕБИЕТI»
мамандығына арналған
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Астана, 2016
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулық
Кіріспе
Курстық жұмыс студенттердің өздік жұмысы болып есептеледі. Курстық жұмыс негізгі пәндері өтіп болған соң жазылады.
Курс жұмысы студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады.
Курс жұмысының міндеті:
белгілі бір пәннен алған студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, бекіту;
таңдаған мамандық бойынша белгілі бір мәселені шешуге алған білімін қолдану;
анықтамалық-нормативтік әдебиетпен, нормативтік құжаттармен, типтік жобамен, ведомство аралық нормативпен жұмыс істеуге дағдыланады;
мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналасуға дағдыланады.
Курстық жұмыстың көлемі қолмен жазғанда 40-45 бет, компьютермен басқанда 25 бет болады.
Курс жұмысында мыналар қамтылуы керек:
жоспар;
тақырып өзектілігін көрсететін кіріспе;
негізгі бөлім;
қорытынды бөлім;
әдебиеттер тізімі.
Курс жұмысына қойылатын талап:
1. Курс жұмысының тақырыбы
- Курс жұмысының тақырыбы типтік және оқу-жұмыс жоспарына сай келуі тиіс;
- Курс жұмысы тақырыбы мағыналарға негізделуі тиіс;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз боларлық іргелі бөлімдерге бағытталуы керек;
- кафедра мүшелерінің терең ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау.
Курс жұмысын ұйымдастыру
Курс жұмысын ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- Курс жұмысына тапсырма мен әдістемелік талдауды беру;
- Курс жұмысына кеңес беруді ұйымдастыру;
- Курс жұмысының рәсімделуі мен қорғау.
Курс жұмысына тапсырма семестрдің бірінші аптасында беріледі. КЖ-қа берілетін тапсырма арнайы бланкқа жазылып, оған студент пен жетекшінің қолдары қойылады, кафедра меңгерушісі бекітеді.
Курс жұмысына жетекшілік ету жоғары білікті, ғылыми дәрежесі бар оқытушыға жүктеледі.
Курс жұмысын жазу барысында жеке, топтық кеңес беріледі. Кеңес беру сабақтан тыс уақытта өтуі тиіс, үзіліс кезінде кеңес берілмейді.
Кеңес беру уақыты кафедрада тұруы керек және студентке де беріледі.
Курс жұмысының орындалуын қадағалау
Курс жұмысы жетекшісі кеңес беру кезінде жазылған жұмысты тексеріп, қателері көрсетіліп, түсінік беріледі.
Жұмыстың бір бөлігі тексерілген соң, оқытушы келісімімен студент келесі бөлімге өтеді.
Курс жұмысының орындалу нәтижесі кафедра мәжілісінде қарастырылып отырады.
Курс жұмысы кестесінен қалып қойған студенттер кафедра мәжілісіне шақырылады.
Курс жұмысының ресімделуі және қорғалуы
Курс жұмысы компьютермен орындалады.
Рәсімделіп, студенттің қолы қойылған курс жұмысы жетекшінің қолы қойылу үшін тапсырылады.
Егер курс жұмысы мерзіміде тапсырылса, жетекші беттерге қолын қойып, пікірін жазып, қорғауға жібереді.
Мерзімімен кеш тапсырған студент кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қорғауға жіберіледі.
Курс жұмысын қорғау сессияға 1-2 апта қалғанда бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Курс жұмысын қорғау кафедра мәжілісінде бекітілген 3 адамдық комиссия отырысында өткізіледі. Курс жұмысының жетекшілері міндетті түрде қатысуы тиіс.
Курс жұмысын қорғауда студент 3-5 минут көлемінде қысқаша баяндама жасайды. Комиссия мүшелерінің сұрағына жауап береді.
Курс жұмысын орындалу сапасы мен қорғалуы 100 ұпайлық шкаламен және дәстүрлі бағамен бағаланады.
Баға қойғанда мыналар ескеріледі:
қорғау кезіндегі баяндама сапасы;
сұраққа қайтарылған жауаптың анық, дұрыс болуы;
студенттің теориялық, ғылыми, практикалық дайындығының деңгейі;
Курс жұмысының рәсімделуі;
жетекші пікірі.
Бағаны түзету үшін курс жұмысы қайта қорғауға жіберілмейді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінен курстық жұмыс үлгі тақырыптары
Әзірлеген: п.ғ.к., доцент Н.Х.Шадиева
Қазақ тілі сабақтарында қазіргі педагогикалық технологияны пайдалану.
Сөз тіркесін дамыта оқыту үдерісі.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың графикалық модельдер жасауға үйрету жолдары.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары.
Синтаксисті дамыта оқыту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сөз таптарын дамыта оқытуда қолданылатын диктант түрлері.
«Мәтін» бөлімін оқытуға арналған дидактикалық картиналар мен үлестірмелі қағаздар.
Тіл дыбыстарын дамыта оқыту технологиясындағы сыныптан тыс жұмыстар.
Қазақ тілін дамыта оқытуда тест тапсырмалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының рефлексиялық дағдыларын жетілдіру.
Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясындағы сабақ құрылымы.
«Мәтін» тақырыптарын оқыту ерекшеліктері.
Қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдалану.
Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сөзжасамды оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
Бағдарламаның құрылымы мен түрлері
Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау
Қазақ тілін жаңашыл оқытудың маңызы мен мақсаты, міндеттері.
Қазақ тілін жаңашыл оқыту әдістемесінің қазіргі жағдайы.
Қазақ тілін инновациялық технологиялармен оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі.
Қазақ тілін инновациялық технологиялармен оқытудың мазмұны мен жүйесі. Бағдарлама, оның мазмұны, көлемі.
Қазіргі оқулық, оның теориясы мен құрылу принципі.
Электрондық оқулық, оның өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ тілінен инновациялық білім беру әдістері мен тәсілдері.
Инновациялық білім беру әдістерінің жіктелуі.
Деңгейлеп оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.
Деңгейлеп оқыту әдістемесінің тиімділігі.
Модульдік технологиямен оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.
Қазақ тілін сыни тұрғыдан оқыту әдістемесінің тиімділігі.
Компьютерлік технологиямен оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері.
Компьютерлік технологиямен оқыту әдістемесінің мазмұны.
Компьютерлік технологиямен оқыту әдістемесінің тиімділігі
Тест тапсырмаларын қолдану әдіс-тәсілдері.
Сатылай кешенді талдау жүргізу әдістері
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер
ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.– Алматы, 2003
Бағдарламалар. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-4- сыныптарына арналған. –Алматы: ROND, 2003.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.
Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. –Алматы, 2009.
Құрманова. Н.Ж. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы.–Астана, 2007.
Қосымша әдебиеттер
Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш сыныптарда синтаксисті дамыта оқыту сабақтарының жүйесі. –Алматы: РАДиАЛ, 2008.
Дәулетбекова Ж. Оқушылардың қазақ тілін меңгеру мотивациясы.– Алматы,2000.
Тойбазарова Н. Бастауыш мектепте қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Ақтөбе, 2008.
Оразақынова Н. Қазақ тілін сатылай талдай оқыту технологиясы. – Алматы, 2007.
Жұмабаева Ә.Е., Уәйісова Г.И. Қазақ тілі оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. –Алматы: Атамұра, 2009.
Жұмабаева Ә.Е., Уәйісова Г.И., Қазақ тілі оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған. –Алматы: Атамұра, 2010.
Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2009
Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2010
Уәйісова Г.И., Асылов Ұ.Ә., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. –Алматы: Атамұра, 2004.
Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш сыныптарда синтаксисті дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі. –Алматы: РАДиАЛ, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |