Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сердалиева Жазира Кикбаевнаның тәрбие бойынша есебі


«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»



жүктеу 4,48 Mb.
бет2/2
Дата13.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#35777
1   2
5 в тәрбие есеп

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.



  • Т үрлі қабырға газеттерін шығарып марапатқа ие болдық.

    


Отбасы күніне орай отбасындағы ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасын жақсарту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаты өткізіліп, оқушылар отбасылық суреттерден түрлі коллаждар мен буклеттер жасап, отбасы туралы әңгімелеп берді.


   


«Алтын күз» мерекелік іс-шарасына сыныбымыздан Токпакова Дильназ бен Жұрат Аяулым қатысып, өз өнерлері мен киім үлгілерін көрсетіп ІІ орынға ие болды.








1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» тақырыбында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру мақсатында 5 в сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Сонымен бірге, 5 «б» сынып жетекшісі Санат Гүлжанармен бірге мектепшілік Тұңғыш Президент күніне орай 5-6 сыныптар арасында мерекелік бағдарлама өткіздік. Қазақстан Республикасының гимнімен ашылған бұл кеште 5-6 сынып оқушылары өнер көрсетті.

Мектебімізде «Ұлттық рухтың егізі – ұлттық тіл» тақырыбында өтіп жатқан тілдер айлығының шеңберінде латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Білгірлер» мен «Тапқырлар» тобы яғни 10 «а» сыныбы мен 10 «ә» сынып оқушылары арасында «Қош келдің латын әліпбиі!» атты сайыс сабақ өттім. Оқушылар «Латынша оқып көр», «Латын қарпімен жазып көр», «Шапшаңдық», «Сұрақ-жауап» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде, 1 ұпай артықшылықпен 10 «а» сынып оқушылары жеңіске жетті.

5-11 сыныптар аралығында өткен мектептегі талантты оқушыларды анықтау мақсатында «Мектеп жұлдызы» байқауына сыныбымнан Махамбетова Айнұр испан биімен қатысып би номинациясы бойынша ІІ-орынға ие болса, ән айтудан Алтынбекова Жазира «Мерекем» әнін орындап «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.





Сонымен бірге, Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздігім тәңірден келген тәтті сый», жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.

5 «в» сынып оқушылары, оқу үздігі Хұсаин Зарина мен Токпакова Дильназ Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылды.



А қпан айының 14-жұлдызында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Әкелер конференциясы» өткізіліп, «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбы бойынша, қазіргі замандағы әке мен бала қарым-қатынасы туралы тренинг-пікірталас өткіздім. Тренинг «Мен үшін әке болу ...» деп әкелердің өз ойын білдірумен басталып, тақырыпқа сай «Әке мен бала» атты бейнеролик көрсетілді.Әкелер түрлі сұрақтарға жауап беріп,ситуациялық жағдаяттардан шығу қабілеттерін көрсетті. , 8 наурыз Халықаралық арулар мерекесінде сынып ұлдары қыздарға арнайы сыйлықтарын ұсынып, мәдениеттіліктерін көрсетті. Сонымен қатар, мектепішілік ұстаздарды құттықтау рәсіміне белсенділікпен ат салысты. Тренинг соңында «Мен ұлымды немесе қызымды мақтан тұтамын» жаттығуы өткізіліп, әкелер түрлі - түсті қағаздан қиылған алмаларға өз ұлдары мен қыздарына арналған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» ілді. Сонымен бірге, «Әкеге кеңес» парақшалары таратылды.





8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай сынып ұлдары қыздарға арнайы сыйлықтарын ұсынып, мерекелік дастархан ұымдастырды. Сонымен қатар, мектепішілік ұстаздарды құттықтау рәсіміне белсенділікпен ат салысты.

Сонымен бірге, жоспарға сәйкес түрлі тақырыпта, атаулы күндерге байланысты сынып сағаттары мен жоспарға сәйкес ата-аналар жиналысы өткізіліп, анықтамалары мен хаттамалары уақытында өткізіліп отырды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жағдайында барлық оқушыларды «Классрум» онлайн программасына жүктедім. Әр оқушының почтасын тіркеп толық мағлұмат өткіздім. Оқушылармен онлайн жиналыстар өткіздім. Ата аналармен үнемі байланыста болдым. Оқушыларға Балапан арнасының кестесін үнемі беріп отырдым. Дистанционды оқытуда пән мұғалімдерімен үнемі байланысты болып оқушылардың оқу барысын үнемі қадағаладым.

Әрине мәселе тудырған оқушылар болды. Оларыдың ата анасымен үнемі байланыста болдым. Тоқсан соңында оқушылардың оқу пайызын шығарып есеп тапсырдым. Онлайн жиналыстар мен сауалнамаларды жүргіздім.

А та-аналар мен оқушылар арасында «Наурыз бата», «Біз біргеміз», «Абайдың 175 жылдығы», «Ұстазға мың тағзым» тақырыбында оқушыларым бейнероликтер дайындап, челлендждерге қатысып отырды.



  • 5 «в» сынып ұлдарының арасында өткізілген «Наурыз бата» челленджі.

  • А бай өлеңдерінен челлендж.



  • А байдың 175 жылдығына арналған Абай өлеңін оқудан челлендж ұйымдастырдым.



  • 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай сыныптың ұлдарын құттықтау видеоролигі.



5«в» сынып оқушыларының «Ұстазға мың алғыс» тақырыбындағы дайындаған бейнеролигі. Балалар Сынып жетекші мен пән мұғалімдеріне сағыныштары мен алғыстарын жеткізді.



Жалпы, өткен оқу жылын үлкен жетістіктермен қорытындыладық деп ойлаймын, кеткен кемшіліктер алдағы уақытта басты назарға алынып, жұмыс жасалынады.

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сердалиева Жазира Кикбаевнаның пән бойынша есебі
жүктеу 4,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау