109
оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау
барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс –
қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға ұмтылады.
Логикалық есептер бастауыш сыныптан бастап, шығармашылық жұмыс ретінде, əр тақырыпта
немесе келесі тақырыпқа дайындық ретінде беріледі. Математиканың сан алуан сырын сандар
əлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген сабақ, не сабақтан тыс жұмыс қызықты əрі ұтымды
болады.
Əдебиеттер тізімі
1. Ершов А.П. и др. Школьная информатика (концепции, состояния, перспективы) // ИНФО, №1,
1995. 3–20 бб.
2. Роберт И.В., Самойленко П.И. Информационные технологии в науке и образовании. – М.,
1998. – 178 б.
МАТЕМАТИКА ПƏНІН ОҚЫТУДЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПТЕРІ
Əбек А.Н., Балтабаева А.М.
(Ғылыми жетекші — ф.-м.ғ.к., МжИОƏ кафедрасының доценті Ахманова Д.М.)
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан
E-mail: azhar_18@inbox.ru, aigul_19-95@mail.ru
Оқыту үдерісінің логикалық жəне құрылымдық бөлімдері оқыту принциптерінен жəне оқу
ережелерінен шығатын дидактикалық жүйенің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған.
Оқыту үдерісінің басты мақсаты - білім беру. Мұнда ең маңыздысы – оқыту үдерісінің мотивациясы
жəне оның басты шарттары. Осы тұрғыда оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай ұстанымдарды,
ережелерді қолдану керек деген сұрақтар туындайды. Кез келген ғылым, ең алдымен, нақты бір
салада қолданылып жатқан объективті заңдарды ашуға негізделеді, яғни өзінің дамуында елеулі,
тұрақты, қажетті байланыстар мен нақты тенденцияларды көздейді. Бұл заңдар адамға зерттеліп
жатқан аймақтың дамуын сипаттайды. Олар практикалық іс-əрекетке итермелейтін нұсқауларды
тікелей қолдануға бағытталмаса да, ережелерді құрастыруға жəне практикалық қызметтің
технологияларына теориялық негіз бола алады. Оқу үдерісі туралы білім, оның құрамдас бөлімдері,
логикалық жəне ішкі мотивациясы оқытушының практикалық қызметіне тікелей əсер етеді, өйткені
оқытудың заңдылығының негізіне сүйене отырып оқытудың принциптерін жəне ережелерін дамыту
оқытушының практикалық қызметіне бағытталуы тиіс, демек басты мəселе – оқыту үдерісінің
заңдылығының, принципінің жəне ережелерінің байланысын тереңірек ашу. Алайда, мұнда енді
ғылыми қолданылу жəне оқытудың сенімді принциптерінің басты сұрақтарын қарастыру көзделеді.
Оқыту принципінің жүйесін ашу үшін осы байланыстарды айқындау, олардың арасындағы өзара
іс-əрекеттерді жəне жеке принциптерді оқытушы мен оқушы арасында анықталатын ережелермен
ұсыну берілген міндеттің шешіміне итермелеуге көмектеседі.
Зерттеу принциптері мен ережелері оқытудың тəжірибесін екі түрде анықтайды, яғни,
а) оқыту принципінің ережесі бойынша оқытушы оқыту принципінің ережесіне қатысты өзінің
қызметін нақты бір жағдайға негіздейді;
ə) дидактикалық жүйе арқылы барлық принциптер белгілі аспект деңгейінде əрекет етеді жəне
педагогикалық үдерістің концепциясын құрастыра отырып, осы жүйенің нақты идеясын анықтайды.
Математиканы мектепте оқыту – математика ғылымының белгілі компоненттерінің, нақтырақ
айтқанда, нақты математикалық курстар кешенінің оқу пəніне сəйкес көрінісін зерттеу. Оларды
жүзеге асыру үшін мектептегі математикалық білім мақсаттарымен тұжырымдалған мазмұнының
сəйкестігін дəлелдеу қажет.
Жалпы математикалық білімнің деңгейінде келесі топтарды мақсатты түрде ұсыну керек:
1. Арифметика: натурал сандар, натурал сандарды дөңгелектеу, қарапайым жəне ондық бөлшектер,
ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыздар жəне пропорциялар.
2. Геометрия: жазықтықтағы жəне кеңістіктегі фигуралар, олардың аудандарын жəне көлемдерін
өлшеу, бұрыштарды өлшеу.
3. Стохастика: ықтималдық жəне жиілік, ықтималды статистикалық болжау, оқиғалар мен
сынақтардың тəуелсіздігі, шартты ықтималдық, гипотезаларды тексеру.
4. Логика: теңқуаттылық жəне нəтиже, дедуктивтік талдау заңдары, дəлелдеу, анықтама, теорема,
аксиоматика.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
110
5. Алгоритмитика: математикадағы жəне математикадан тыс алгоритмдер, алгоритмизация,
информатиканың элементтері.
6. Математикалық тіл: терминология жəне символика (таңбалау).
7. Математикалық құралдар: математикалық тіл, амалдар, өрнектер, теңбе-тең түрлендіру, функция,
график, теңдеулер жəне теңсіздіктер, бүтін рационал, нақты жəне комплекс сандар.
8. Математикалық анализ бастамалары: шамаларды өлшеу, нақты сандар, сандық функциялар,
туынды, интеграл, нақты жəне комплекс сандар.
9. Математика тарихы: тарихи фактілер, математикалық теорияның пайда болу жəне даму тарихы,
атақты математиктердің жаңалықтары мен еңбектері.
10. Математика жəне сыртқы əлем: математикалық модельдеу, ғылымдар жүйесіндегі математика,
математиканың ғылым ретіндегі спецификасы.
Əдебиеттер тізімі
1. Дидактика средней школы/ Данилова М.А., Скаткина М.Н., «Просвещение», 1975.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бакирова Г.Г.
«№9 мектеп-балабақша» кешені» КММ, Южный кенті, Абай ауданы, Қарағанды облысы
E-mail: sabrina.30@mail.ru
Тез есептеу, жылдам шығару – ол уақыт талабы.
Есептеуге байланысты көптеген дағдылар, мектепте, сонымен қатар өмірде де қажет.
Бұл дағдыны: белгілі бір тəсілмен не болмаса қасиетпен орындалып отырған амал деп түсінуге
болады.
Тəжірибеде шапшаң есептеудің əртүрлі əдістері қолданылып келеді. Ауызша есептеу
математикалық білімнің маңызды элементі болып табылады. Соңғы жылдардағы компьютер,
калькулятордың өмірге көптеп енуі оқушылардың шапшаң есептеу дағдыларына, ойлау қабілетінің
тежелуіне əсер етуде. Осындай жайттарды ескерген əрбір мұғалім өз сабақтарында шапшаң есептеу,
ауызша жаттығуларға уақыт бөліп отырады.
Есептеуге үйрету оқушылардың негізгі психикалық функцияларының дамуына жəне есте сақтау,
назар аудару, сөйлеу дағдаларын қалыптастыруға əсер ететінін айта кеткен жөн.
Жыл сайын мектеп бастауыш жəне орта буынның білім сабақтастығының мəселесін
қарастырады. Бұл мəселе 5 сыныпта математика пəнінен беретін мұғалімнің алдындағы ең үлкен
сұрақ. Егер бұл сұрақ таза психологиялық тұрғыдан болса жақсы, бірақ алаңдататын мəселе
оқушылардың орта буын математикасын игеруге дайын болмаған жағдайы.
Əр мұғалім оқушылардыңі білім мен білігін тексеру барысында, олардың үй тапсырмасын,
бақылау жұмыстарын жəне өзіндік жұмыстар орындау кезінде жіберген қателерімен кездеседі. Сол
кезде сұрақтар туындай бастайды: «Бұл не себепті?», «Қатенің негізінде не жатыр?», «Ол қателерді
қалай түзеуге болады?», т.б.
Осы қателерді саралай келе, мынадай қорытындыға келеміз:
1) оқушылардың танымдық үдерістері: есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттері əлсіз дамығандығы;
2) оқушы аймағын ілгерілетуді дамытудың жеткіліксіздігі;
3) пəнді үйретудің əдістемелік қамсыздандырудың жетілмегендігі.
Бірақ қате жіберудің жалпы себептерін анықтау – бұл жұмыстың жартысы ғана. Ал 5 сыныпта
математиканы үйретуді есептеу дағдыларын қалыптастырудан бастау керек. Бұлсыз математиканы
оқытудың мəні де болмайды. Есептеу – логикалық ойлау, алгоритмдерді қолдану біліктерін
қалыптастырудың негізі.
5-6 сыныпта қалыптасқан білім мен білік дағдылары 7-9 сыныптарда белсенді қолданылуы жəне
дамытылуы қажет.
Математика сабағында есептеу дағдыларын дамыту мен бекіту ауызша жаттығуларынсыз
мүмкін емес. Ауызша жаттығулар оқушыларды жұмылдыруға, оқушылардың ішіндегі ұлгерімі төмен
оқушылардың қызығушылығын артыруға, олардың арасындағы бəсекелестікті туғызуға септігін
тигізеді.
Оқушылардың есептеу мəдениетінің көріністерін олардың ауызша жəне жазбаша есептей білу
іскерліктерінен жəне есептеу жолдарын тиімді ұйымдастыра алуынан байқаймыз. Есептеу
дағдыларының іскерліктен айырмашылықтары олардың қадағалаусыз жүзеге асатындығы. Ауызша
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ