«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет22/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

84

85

жалғанғанда,  нақты  көптікті  білдіреді:  Сиырлар  жайылымға 



шықты (Ғ.Мұстафин).

б)Санауға  келмейтін  өсімдік,  шөп,  жеміс-жидек,  бақша 

өсімдіктері атауларына жалғанып, әр түрлі сұрыптарды қамтитын 

көптікті  білдіреді  немесе  жекелеп,  даралап  көрсету  қызметін 

атқарады:  Қызылорданың  қауындары  түрлі-түрлі  болады;  Әр 

жерде шоқ-шоқ болып өскен, түп қарағандарға жеткенде ғана 

будақтап бөгеледі де, сылаң етіп өтіп кетеді (Ғ.Мүсірепов).

в) Табиғи заттардың аттарына (су, т.б.), тағамның (сүт, май, 

т.б.), химиялық заттардың (алтын, күміс, бензин, т.б.) аттарына 

жалғанып,  олардың  сорттарының,  түрлерінің  көптігін  білді-

реді: сулар – минералді су, ағын су, көлдің суы, бұлақ су, т.б.

г)  Лексикалық  мағынасы  көптік  мағына  беретін  және 

әрі  бір-бірлеп  санауға  келмейтін,  жеке  тұрып  та  жалпылық, 

жинақтық  ұғымды  білдіретін  сақал,  мұрт,  шаш,  қыл,  т.б. 

сөздерге жалғанғанда оларды даралап көрсетеді: Үгірәлінің көзі 

ұшқындаса, мұның мұрттары делдиіп, мұрыны қуарып бара 

жатыр (Ғ.Мүсірепов);

ғ) Жұп заттардың атауына жалғанып, сол заттардың бірнеше 

жұп  екендігін,  бірнеше  сұрыбын  көрсетеді:  мәсі  –  мәсілер, 

сырға – сырғалар, т.б.

д) Адамның жұп мүшелерінің атауына жалғанғанда, жіктеп, 

даралап көрсету мағынасын білдіреді: ...жалпы жобасы үрген 

қарындай  дерлік  ол  басқа  біткен  қалқан  құлақтар  –  табан 

қарыс, көздері піл сияқты – сығыр... (С.Мұқанов).

е)  Жалқы  есімдерге  және  туыстық  атауларға  жалғанғанда 

нақты бір адаммен бірге оның жанындағыларды да қоса білдіреді: 

Барластар, әкемдер, т.б.

ж)  Қала,  ауыл  және  т.б.  географиялық  атауларға,  адам 

аттарына жалғанғанда салыстыру арқылы сол сияқты қалалар, 

ауылдар, адамдар, т.б. дегенді білдіреді: Москваларда оқысам, 



Қара  теңіздерде  жүзсем,  Абайлар  қазақ  әдебиетінің  ұлы 

шыңы, т.б.

з) Жалқы есімдерге (адам аттары мен тегіне) жалғанғанда, 

олардың  көптігімен  бірге  отбасын,  ерлі-зайыпты,  ағалы-інілі, 

әпкелі-сіңлілі  екендігін  білдіреді:  Ахметовтар  кетіп  қалды, 



Ағайынды Абдуллиндер, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, т.б.

6) Мезгілдік мағына беретін зат есімге жалғанғанда мезгілдің 

жуықтығын  немесе  оның  қандай  да  бір  бөлігіндегі  көп  рет 

қайталануын білдіреді: Амантай мен Тұяқ жас кездерінде егіз 



қозыдай еді (С.Мұқанов).

8) Жіктік жалғауының екінші жақтағы көпше түрінің анайы, 

сыпайы түріне жалғанып, қимыл иесінің көп екенін көрсету үшін 

жұмсалады: Бұдан былай істің беті қалай бұрыларын сіздер де 



біліп отыруға тиістісіздер (Ғ.Мүсірепов).

9)  Зат  есімнен  болған  бірыңғай  мүшелерге  жалғанғанда 

төмендегідей реңктерді білдіреді:

а) Олардың әрқайсысына жалғанып, көптікті білдіреді: Олар 



онда совхоздар, поселкалар, жолдар салды (Ғ.Мүсірепов).

ә)  Олардың  тек  соңғысына  ғана  жалғанғанда,  көптікті 

жинақтап көрсету жағы басым келеді: Мұнда Абулқасым Туси-

Фердауси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар (М.Әуезов).

б)  Бірыңғай  мүшелердің  әрқайсысына  тиісті  зат  есім 

әрқашан  -лар  қосымшамен  қолданылады:  Телефон,  электр 

бағаналары, т.б. 

9.  Контекске  байланысты  ортақтық  та  мағына  білдіреді: 



Сендердің аудиторияларың кең, жылы екен. Старосталарың 

кім? т.б.

10.  Өзі  жалғанатын  зат  есімдерге  молшылық,  қисапсыз 

көптік  секілді  мағыналарды  да  үстей  алады:  сулар,  үгінділер, 

т.б.


11. Зат есімге жалғанғанда бұдан кейін пайда болатын басты 

бір мағыналық реңк – белгілі бір адамдар тобын, жиынтығын 

білдіру: жастар, сауыншылар, еуропалықтар, т.б.

12.  Туыстық  жақындықты  білдіретін  зат  есімдердің 

тәуелденген түріне жалғанған кезде біреудің есімін сый тұтуды, 

құрмет тұтуды білдіреді: апамдар, әжелер, атамдар, т.б.

13.  Мезгіл  мөлшеріне  байланысты  айтылатын  кейбір  зат 

есімдерге  жалғанған  кезде  сөзге  тұспал,  шамалау  мағынасын 

үстейді:  қыстың  ортасында  –  қыстың  орталарында, 

тамыздың аяғында – тамыздың аяқтарында, жаздың басында 

жаздың бастарында, т.б.



86

87

Қазақ тілінде зат есімнің көптік -лар қосымшасымен қатар 



басқа  сөз  таптарына  жалғанып,  көптік  мағына  білдіретін 

қосымшалардың қатарына ыз/-із/-з жұрнағы да жатқызылады. 

Тіліміздегі  көз,  егіз,  т.б.  сөздердің  құрамындағы  соңғы   

қосымшасы да көптіктің тарихи тұрғыдан көптік жұрнақтары 

деп  аталып  жүр.  Ғалымдар  бұл  қосымша  сандылық 

категориясының  тіліміздің  көне  тарихындағы  екілік  тұлғасы 

болуы  мүмкін  деген  пікірде  [6.  51-52].  Ал  А.Щербак  бұл 

пікірге қарсы шығып, көне түркі тілінде де, түркілік ататілде 

де  екілік  немесе  көпше  түрдің  -з  қосымшасы  болғандығын 

дәлелдейтін  ешқандай  негіз  жоқ  деп  қорытады:  біріншіден, 



-з  қосымшасының  жұп  нәрселерді  білдіретін  заттардан  гөрі 

мұндай мағына білдірмейтін атауларда көп кездеседі; екіншіден, 

жекеше түрдің I және II жақ есімдіктерінің көпше түрдің I және 

II жағындағы есімдіктерімен түбірлері ортақ деп нық сеніммен 

айтуға  болмайды,  өйткені  олар  әр  түрлі  дауыстылармен 

айтылады: татар: мін, бĭз, сін, сĭз; тува: мэн, біс, сэн, сіс; ұйғыр: 



мäн, біз, сäн, сіз, т.б. [7. 85-95].  

Тілімізде    формасы  І,  ІІ  жақ  жіктік  және  тәуелдік 

жалғауларының көпше түріндегі -мы-з/-мі-з/-ңы-з/-ңі-з  деген 

формалардың  құрамында  ғана  қолданылып,    жекеше  түрдегі 



-м/-ң жалғауларына қарама-қарсы қойылады:

1.Тәуелдік  категориясында  көпше  түрдегі  -мыз/-міз 

формасы  жалғанған  зат  атауының  білгілі  бір  топқа  қатысты 

екенін көрсетіп, сол заттың көп адамға тәуелділігін көрсетеді: 



біздің дәптерлеріміз, сіздердің дәптерлеріңіз – менің дәптерім, 

сенің дәптерің, т.б.

2.Көпше түрдегі -мыз/-міз тұлғасы баяндауыш формасында 

қолданылып,  сөз  болатын  іс-әрекет  көп  қимыл  иелерінің 

көмегімен қолданылатынын, ал жекеше түрдегі -мын/-мін іс-

әрекетті жалғыз адам орындайтынын білдіреді: Біз су тасимыз 

мен су тасимын,  т.б.

Қазақ тілінде көптік мағына І жақ көпше түрдің -қ жұрнағы 

арқылы  да  білдіріледі.  Мысалы,  Біз  кеше  кешке  Семейден 

шықтық  (Д.Әбілев);  Той  болса,  тон  киелік,  жүр  баралық 

(Абай).


  формасы  және  оның  -к,  -(а)йық/-(е)йік  фонетикалық 

варианттары тек етістікке жалғанады:

а)  Өткен  шақ  тұлғалы  етістікке  жалғанғанда,  көп  қимыл 

иелерінің  өткен  шақтағы  іс-әрекетін  білдіреді:  Бәріміз  де 



ауылда туып, ауылда өстік (Ш.Мұртаза).

ә)  Формасы  қалау  райдың  -са,  -се  тұлғалы  етістікке 

жалғанғанда іс-әрекеттің көп адамдар арқылы жасалғанын, не 

жасалатынын білдіреді: Жаңа каналды қазсақ, жүз мың гектар 



күріш еге аламыз (С.Мұқанов).

б) -алық/-елік бұйрық рай тұлғасы да көптік мағына береді: 

Мысалы, баралық, келелік. Мұнда бұл жұрнақ іс-әрекеттің көп 

субъекті  жасайтындығын  білдіріп,  көбінесе  қалаулық  мағына 

білдіреді. Мысалы, Бәріміз қайталық (Ғ.Мұстафин).

Сонымен,  көптік  категориясының  көрсеткіштерінің  негізгі 

мағыналары  мынадай:  а)  заттың  көптік  мағынасын  білдіреді 

(балалар, үйлер, т.б.); ә) іс-әрекеттің атқарушысының көптігін 

білдіреді (біз баламыз, біз бардық, біз баралық, т.б.); б) заттың 

көптеген  қимыл  иелеріне  (субъекті)  тәуелділігін  білдіреді 

(біздің кітабымыз, біздің үйіміз, т.б.).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  В.З.Панфилов.  Типология  грамматической  категории 

числа  и  некоторые  вопросы  ее  исторического  развития// 

Вопросы языкознания. –М., «Наука», 1979. №4, 18-38-б.

2.  В.Г.Гузев,  Д.М.Насилов.  К  интерпретации  категории 

числа  имен  существительных  в  тюркских  языках//  Вопросы 

языкознания. М., «Наука», 1975. №3, 98-111-б.

3. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. А., «Ана тілі», 1992. 399-б.

4. А.Данияров. Категория множественности в современном 

казахском  языке.  Автореферат  дисс...  канд.  филол.  наук.  А., 

1965. 30-б.

5.  А.Қалыбаева,  Н.Оралбаева.  Қазіргі  қазақ  тілінің 

морфемалар жүйесі. А., «Ғылым», 1986. 192-б.

6.  С.Е.Малов.  Памятники  древнетюрской  письменности 

монголии и киргизии. М., Л., 1959. 112-б.

7.  А.Щербак.  Очерки  по  сравнительной  морфологии 

тюркских языков. Л., «Наука», 1977. 193-б.



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау