80
81
Ал құрылымдық лингвистика ғалымдары өз зерттеулерінде
В.Гумбольдт, Бодуэн де Куртенэ, әсіресе, Ф.де Соссюрдің
еңбектеріне сүйенді. Оларда үш мектеп қалыптасты: Прага
(Чехословакияда), Копенгаген (Данияда), дескриптивтік мектеп
(Америка). Бұл үш мектепті төмендегідей мәселелер біріктіреді
[1, 62 б.]:
1. Үш мектептің де өкілдері жас грамматистердің атоизміне,
психологизміне қарсы тілді ішкі элементтері бір-бірімен
байланысты, тұтас жүйе, құрылым санайды. Тіл білімінің
міндеті – тілдің құрылымын зерттеу дейді. Жас грамматистер
тілді зерттеуде тек дифференциациялық ұстанымды қолданса,
тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке-жеке зерттесе,
структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста,
тұтастықта қарайтын интеграциялық ұстанымды қолданады.
2.Структурализм мектептерінің барлығы да құрылымдық,
құрамдық элементтерге жіктеушілік және олардың бір-бірімен
ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі
міндеті – тілдің сол қасиетін зерттеу, тілдің құрылымдық
элементтері арасындағы байланысты талдау – тіл білімінің тек
өзіне ғана тән, оның бірден-бір объектісі деп біледі.
3. Үш мектеп те тілді таңбалар жүйесі деп санайды.
4. Синхрония, диахрония мәселесіне де тоқталады.
Синхрондық зерттеуді бірінші орынға қояды, өйткені тіл
жүйесінің ішкі механизмін ашуда шешуші рөл атқарады деп
тұжырымдайды (прагалықтардан басқалары).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А., «Мектеп», 1983. 232-
бет.
2. Соссюр Ф де. Курс общей лингвистики. М., 1933
3. В.Гумбольд. Избранные труды по языкознанию. М.,
«Прогресс», 1984. 397-с.
Гүлназ ЗАКИРЯЕВА,
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің
Магистратура және Phd-докторантура
институтының 2-курс магистранты.
КӨПТІК КАТЕГОРИЯСЫН БІЛДІРЕТІН
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Қазіргі тілдердің көбінде көптік категориясының парадиг-
маға түскен морфологиялық көрсеткіштері қалыптасқан.
Алайда кейбір тілдерде жекеше және көпше түрмен қатар
екілік, кейде үштік, тіпті, аз болса да, төрттік сан түрі кездеседі
[1. 18].
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде көптік
категориясының грамматикалық тұлғасы ретінде көптік жал-
ғау, көптік жалғау категориясы деген терминдер қолданы-
лып келеді. Қазіргі қазақ тіл білімінде көптік жалғауы ретінде
-лар/-лер/-дар/-дер/-тар/-тер қосымшасы қарастырылады.
Дегенмен, В.Г.Гузев пен Д.М.Насилов -lar формасы зат есім
арқылы берілетін заттардың санына қатысты индифферентті
(яғни, санға қатысты емес) және сандылық категориясының
тұлғасы болуы да күмәнді деп санайды [2. 98-103]. Бірақ бұл
пікірге В.З.Панфилов қарсы шығады: біріншіден, синтетикалық-
флективті тілдерде қиысу қызметін атқармайтын грамматикалық
категориялардың да бар екендігін (мысалы, орыс тіліндегі
«вид» және шақ категориясы), екіншіден, нөлдік формадағы
зат есім формасын грамматикалық сандылық категориясының
парадигмасы деп қарамауға негіз жоқ деген уәж айтады [1. 25-26].
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы
зат есімнің жекелік және көптік түрін көрсетеді: «Зат есімде екі
айырыс бар, 1) жекелік, 2) көптік...» [3. 201]. Ғалымның мұндағы
«жекелік, көптік айырыс» деген терминін қазіргі қолданыстағы
«жекеше, көпше түр» деп түсінеміз және автордың көпше
түрдің -лар/-лер/-дар/-дер/-тар/-тер жұрнақтары арқылы
білдірілетіндігін дәлелдегендігін аңғарамыз.
82
83
Қазақ тіл білімінде көптік категориясын арнайы зерттеген
А.Данияров жекелік мағынасы семантикалық, морфологиялық
(жекеше түрдің І, ІІ, ІІІ жақ қосымшалары (балам, балаң, баласы,
барамын, барасың, барады, т.б.) және синтаксистік тәсіл, яғни,
үш түрлі лексика-грамматикалық жолмен жасалатындығын,
көптік категориясының білдірілуінің де үш тәсілін көрсетеді:
семантикалық, морфологиялық (-қыла/-кіле/,_-ылда/-ілде,_-ыра/-іре,_-а/-е,__-сыз/-сіз'>-лар/-лер, -з, -қ/-к, -с/-ыс, -іс,
-лас/-лес, -лы/-лі, -қыла/-кіле/, -ылда/-ілде, -ыра/-іре, -а/-е,
-сыз/-сіз) және синтаксистік [4]. Мұндағы ғалым көрсеткен
-лар/-лер, -з, -қ/-к жұрнақтары заттың көптігін білдіретін
морфологиялық парадигмасы қалыптасқан қосымша болса,
ал -лы/-лі, -сыз/-сіз жұрнақтары заттың сапасын, -қыла/-
кіле, -ылда/-ілде, -ыра/-іре, -а/-е жұрнақтары іс-әрекеттің
қайталануын, дүркінділігін, яғни, қимылдың көптігін
білдіреді деп ойлаймыз. Біз бұл мақаламызда тек сандылық
функционалды-семантикалық өрісінің заттық семантикалық
құрылымын, яғни, заттың көптігін білдіретін морфологиялық
парадигмаға түскен, яғни, оппозициялық парадигма құрай
алатын -лар/-лер, -з, -қ/-к (-йық/-йік/-алық/-елік)
жұрнақтарына тоқталмақпыз.
А.Қалыбаева мен Н.Оралбаева жекелік және көптік
мағыналарды бір-біріне оппозициялық категория ретінде
санап: «Сандылық категориясының (категория числа) осы ішкі
екі мағынасының бірі арнайы морфема арқылы беріледі, ол –
көптік мағына, екіншісі – нольдік морфема арқылы беріледі, ол
– жекешелік» деп қорытады [5, 125]. Ғалымдардың сандылық
категориясы -лар көрсеткіші арқылы жасалған көптік форма
және оған қарама-қарсы қойылған жекелік немесе нөлдік
форма арқылы жасалады деген пікіріне қосыла отырып, біз
«функционально-семантическое поле количественности»
терминіне «сандылық функционалды-семантикалық өрісі»
деген терминді балама ретінде алып отырмыз.
Көптік функционалды-сематикалық категориясының жекелік
семантикалық құрылымының морфологиялық нөлдік көрсеткіші
тек жекелікті, жалқылықты білдіреді. Мысалы: Қолындағы
мылтық түсіп кетті (Ш.Мұртаза). Ал аталмыш өрістің
морфологиялық көптік -лар қосымшасы зат есімге жалғанғанда
төмендегідей мағыналық реңктерді білдірілетіні анықталды.
1.Зат есімге жалғанып, олардың белгісіз көптігін білдіреді:
Бірақ дәл осы кітаптар келген күннің ертеңіне Абайға
шақырту кеп, Қарашоқыға жүріп кетті (М.Әуезов).
2.Жекеше түрдегі жіктеу есімдіктерімен тіркескен зат есімге
жалғанып, бір субъектіге тиісті заттардың белгісіз көптігін
білдіреді: ...менің туыстарым ауылда болғанымен, тәрбием
орыста болды ғой (С.Мұқанов).
3.Тәуелдік жалғауының екінші, үшінші жақ көпше түрімен
байланысты қолданылғанда әр түрлі мағынада жұмсалады.
а)Тәуелді заттың ортақ иесін көрсетеді: Мыналарыңызды
алып тастаңдаршы, көзімді ойып барады,- деді Жабай ...
(Ғ.Мүсірепов).
ә) Заттың да, тәуелді заттың иесінің де көптігін білдіреді:
Басқа бұйымтайларың болмаса, сөз осымен бітсін,- деді
Игілік... (Ғ.Мүсірепов).
б) Меншіктің заттың ғана көптігін білдіреді: Бірақ
ысқыртып, ағызып кетіп бара жатқан қонақтарына жолы
болғай-ақ-ты деп достық та тілеп тұрған жоқ (Ғ.Мүсірепов).
в) Даралау, саралап көрсету мағынасын білдіреді: Әкесінің
Құлыншаққа айтатын сөздерін Абай ұғынып ап тысқа
шыққанда... (М.Әуезов).
г) Туыс-жұрағат атауларына жалғанғанда, оның көп қимыл
иелеріне тәуелділігін, меншіктілігін білдіреді: Әкелері – Тұяқ
ерте өлген (Ғ.Мүсірепов).
4.Жалпы және жалқы зат есімге жалғанғанда, жинақтық
мағынасын білдіреді: Шыңғыстар келгенде Ұлту үйде жоқ
еді... (С.Мұқанов).
5.Жиынтық, жинақтық мағыналы зат есімдерге жалғанады.
а) Ру, халық, ұлт аттарына жалғана отырып, жалпы
жиынтықтан бөліп алынған нақты көптікті (адамдар тобын)
көрсетеді: Бұл келген – осы төңіректегі аз ру Керейлер еді
(М.Әуезов).
ә) Санауға келмейтін жан-жануарлар, жәндіктердің аттарына