88
89
Назира ОМАРОВА,
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің
Магистратура және PhD доктарантура
институтының 2-курс магистранты.
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ
ҚҰНДЫЛЫҒЫН ОҚУШЫ БОЙЫНА
СІҢІРУДЕ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі –
таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді
қалыптастыру болып табылады. Бұл теория білім беру
және оқытуды арнайы ұйымдастыратын іс-әрекет ретінде
қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының, оқушыларды
оқыту талабының орындалуы оқушылардың оқу материялын
түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен
қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде
пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан
көрінеді. Білімді саналы меңгеруге өз бетімен жаңа білім
алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін
игермейінше, іске аспайды. Оқушылардың белсенділік,
танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық
мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі
негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі
оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі
пайдалана білуі болып табылады. Оқушы ақпаратты, іс-әрекет
тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және
жеке адам игерген ұжымдық тәжірибенің фрагменті жөнінде
оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны әрі
қарай өз бетінше оқыту барысында оқушының іс-әрекетінде
танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті
қалыптастыру мәселесіне педагогтер, психологтер,
әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы
Антик дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер
оқушылардың өзіндік ой-тұжырымын жасау және оны
дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер
жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Білім беру технологиясы
— оқушының өздік танымдық әрекетінің құрылымы мен
мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие жұмысы. Ендеше, білім беру
технологиясы оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген
тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат
тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етумен қоғамға, адамдарға
дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырылуын қарастырады.
Бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі Рим
философтары Плутарх, Тацит, Квинтилин еңбектерінде одан
әрі дами түсті.
Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің
негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог
Я.А.Коменскийдің ХІІ ғасырда жазған «Ұлы дидактика» атты
еңбегінде заттың немесе құбылыстың түп тамырына жету,
оны анықтай алу қабілетін дамыту және шынайы түсіну мен
қолдана білудің адам баласына ерекше қажет екендігіне баса
мән берген.
Я.А.Коменский дидактикалық ұстанымдарды ұсына келіп,
танымдық белсенділікті дамытуда мұғалімнің рөліне жан-
жақты тоқталады. Сатылай кешенді талдау технологиясының
басты мақсаттарының бірі – оқушыларға ауыз әдебиеті
үлгілерін, ұлттық әдебиеттің әдеби жанр түрлерін, даналардың
ұлағатты сөздерін талдату арқылы олардың бойында өз
ұлтының танымдық дүниесін сіңіру. Сатылай кешенді талдауда
күнделікті ауызекі тілдегі сөздерді емес, әдеби шығармаларды
қолдану оқушылардың танымдық дүниесін байытуға, өзіндік
ой-пікір айтуға, өзіне-өзі сын көзбен қарауға, білімін жетілдіруге
зор ықпал ететіндігі анықталды. Сатылай кешенді талдау
технологиясы бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін
қалыптастыру үрдісінің құрылымдық моделін сөз етейік.
Сатылай кешенді талдаудың психологиялық негіздерінде
90
91
оқушыны білім алу үрдісіндегі негізгі психикалық үрдістерді
басынан кешуші субьект деп тану алдыңғы орында тұр.
Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру –
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған
жұмыс. Шығармашылық – адамның өнімді ақыл-ой әрекетінің
негізінде барлық білімі мен тәжірибесін алдындағы міндетін
шешуге жұмылдырғанда ғана іске асатын күрделі психология-
лық үдеріс. Оның мақсаты – адамның еркіндігі және жан-жақты
дамуы. Оқушының еркіндігі үшін оған жағдай жасалуы қажет.
Өйткені кез келген адамның өзіне тән шығармашылық әрекеті
болады. Сатылай кешенді талдауда оқушы шығармашылығын
дамыту үшін мынандай жұмыстар жүргізіледі: ертегі шығару,
өлең, әңгіме, инсценировкалар жазу, телебағдарламалар,
телехабарлар, телешоу ұйымдастыру, сөзжұмбақ, ребус,
суретті жаттығулар құрастыру. Бұл жұмыстар кезінде оқушы
өзінің игерген білімі мен іскерлігін байыптауды, өзінің және
жолдастарының әрекетіне баға беруді үйренеді, сондай-ақ оны
өзінен де, өзгеден де талап етеді. Талдау кезінде өз білімін
жеткізудің тиімді жолдарын іздестіреді, білімін толықтырады,
өзіндік шығармашылық ойлауы қалыптасады.
Сатылай кешенді талдаудың табиғаты, оның құрылымы,
талдау ерекшелігі сатылай кешенді талдаудың психикалық
үрдіс ретіндегі ерекшелігін тануды оқушының даму барысымен
үйлестіріле қарастыру арқылы ғана әдістеменің психологиялық
негізі жасалады.
Сатылай кешенді талдау кезінде оқушыда пайда болатын
психикалық үрдістер теориялық ұғымның қалыпасуына ықпал
етеді. Осы кезде психикалық үрдістердің өзі жаңа сапа мен
жаңа сатыда көрінеді. Ал пайда болған жаңа сапа мен жаңа
саты оқушының даму көрсеткіштері болып табылады.
Сатылай кешенді талдау технологиясы дамыта оқыту
идеясына негізделген.
Баланың даму үрдісі, оның қоғамның белсенді де пайдалы
мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың
қатысуымен қамтамасыз етіледі.
Оқушының дамуы дегеніміз – оның өмірлік күш-қуаты
мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы. Сатылай кешенді
талдаудың сол мүмкіндіктерді және олардың қабілеттерін
арттырудағы қызметі ерекше.
Баланың дамуы туралы психологияда екі бағыт бар: бірі –
баланың дамуын жеделдетуге болатынын, екіншісі – баланың
дамуын табиғи күйінде қалдыруды жақтайды. Сатылай кешенді
талдау бірінші ұғымды қуаттайды.
Қазіргі заманғы уақыт, оқыту технологиясы оқушы –
мұғалім пән кеңістігінен шығармашылықты нысана етеді.
Шығармашылық бәсекеге айналса ғана нәтиже береді.
Әдебиет пәнін оқытуда баяндау, мамұндаудың маңызын
жоққа шығармаймыз. Сатылай кешенді талдау технологиясы
оны байыта түспесе құнын кемітпейді. Біріншісі – тіл дамыту.
«Жазылым, айтылым, тілдесім, тыңдалым» әрекеттері арқылы
«Тілдік қатысым теориясы» басшылыққа алынады. Екіншісі –
әдеби таным, әдеби білім. Ол шығарманы оқытуға негізделеді.
Қазақ әдебиеті мазмұнын, ақын-жазушылардың шығармаларын
талдай оқыту арқылы өз әдебиетіміздің ғылымдағы орынын
дәйектеп, отаншылдық құндылықтарды қалыптастырамыз.
Сатылай кешенді талдау технологиясымен сабақ жүргізгісі
келген мұғалім мықты теориялық дайындығына сүйенеді.
Стандартқа сай білім беруді басшылыққа ала отырып талдау
үлгісін құру, оған оқушыларды дағдыландыру – басты міндет.
Алғашында жазбаша талдау жасату – заңды құбылыс. Нәтиже
бірте-бірте көрінеді. Сатылай кешенді талдау технологиясы –
ұлттық бірыңғай тестке дайындаудың ең оңтайлы тәсілі. Терең
білім – терең талдау.
Батыс ойшылы Вовенарг: « Құлдықтың қасіреті соншалық,
адам біраздан соң шынжырына ғашық бола бастайды» деген.
Білім реформасы жүріп жатқан еліміздің жас ұрпақтарының
санасын «отаншылдар жазған тарихтан», «опасыздар
қорлаған» әдебиеттің бал қаймағын сақтауға, әлемде өз орыны
бар Көшпелілер мәдениеті мен әдебиетіне, өркениетіне деген
мақтанышқа тәрбиелеу – әдебиетшілердің басты міндеті.