136
137
- Жаман адам торшыл.
- Ермек қуған бәлеге жолығады;
Еңбек қуған қазынаға жолығады.
- Досыңмен көп сөйлеспе, Жолынан қалдырарсың;
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, Сырыңды алдырарсың.
- Байлық мұрат емес, Кедейлік ұят емес.
- Ақ ит, қара ит, бәрі - бір ит.
ІV. Сабақты пысықтау. 1. Венн диаграммасы. Проза мен
поэзияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.
5. Тақтамен жұмыс. «Менің атым – Қожа».
Сабақтың міндеттері: білімділік – повесть бойынша
оқушылардың ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап,өз
көзқарасын жүйелі айтуға үйрету; тәрбиелік – қарсылыққа
құрметпен қарап, сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу
және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп,
мәдениеттілікке тәрбиелеу; дамытушылық – оқушы
қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу
және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой-
өрісі мен дүниетанымын дамыту.
- Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі.
- Балалар, үйге берілген тапсырманы біз бәйге түрінде
өткізейік.
30
40
20
50
10
60
Сызба орналасқан әрбір ұяшықта Бердібек Соқпақбаевтың
«Менің атым - Қожа» повесі желісі бойынша сұрақтар
жасырылған.
1.10. Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіретін еді?
2. 20. Мектеп жанында кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға
не деп еді, одан кейінгі Қожаның әрекеті қандай болды?
3.30. Қай оқиғадан кейін сынып жетекшісі Майқанова
сабаққа екі күн қатарынан келмей қалды?
4.40. Тәртіпсіздігінен кейін анасы Қожаға өз ренішін қалай
білдірді?
5.50. Сәйбек қарт Қожаға әкесі жөнінде қандай естеліктер
айтып берді?
6.60. Қожаның қай сәті бейнеленген? «Төбемнен шатыр
етіп жай түкендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда
орынымнан сүйретіле түрегеле бердім».
ІІІ. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз жинақтау, қорытындылау
десек те болды, яғни, бүгін «Түбі адам болатын бала» атты
тарауын қарастырамыз. (Оқиға желісі бойынша тараудың
мазмұны баяндалады).
ІV. Сыныптағы талдау, жаттығу жұмыстары.
V. Үлестірмелі кеспе қағаздар бойынша жұмыс.
Мынау кім?
№1. – біреуді біреуге атыстырып от тастап жүретін қу, сабақ
үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш (Жантас).
№2. – мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз
бар, қоя беріңіз (Қожа).
№3. – біз екеуіміз таныс шығармыз деймін (Майқанова).
№4. Қожаның сотқар болуына себеп нәрселерді ата.
(Әкесінің еркелетуі, әкесін сағынуы; Жантас сияқтыларды
жеккөруі, шешесінің жұмысбастылығы).
№5. Қожаның әдепті жолға түсуіне себептерді ата.
(Шешесін аяуы, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер,
Майқанованың педагогтар кеңесінен шығып бара жатып айтқан
сөзі).
№6. Қожаның оқулық сатып алу кезінде кезекші мұғалімге
өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер? (Оқушы өз
пікірін білдіреді).
№7. Майқановамен ерегісуі, жолдама жөніндегі тілегін
орындамағаны үшін кінәлауына қалай қарайсың? (Оқушы өз
пікірін білдіреді).
Повестегі оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір
арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп еместігіне көз
жеткізуге болады.
Ширату кезеңі:
Сын:
138
139
Қажымас қуат берген алысқанға,
Сөнбейтін алаулайды намыс қанда.
Қаламнан талаптылар қанат байлап,
Қаламнан жол шығады ғарыштарға. (Қ.Ботанов).
Ұлылардың бүгінгі ұрпақтары
Бақа-шаян секілді ұсақтады.
Қолынан келер ешбір қайраны жоқ,
Торғайдай тыпырлаған тұзақтағы. (Б.Әбдіманова).
Аудар да, мағынасын аш:
- Лень как заразная болезнь пристает
- Яйцо съел – курицу съел.
- Говори редко, но метко.
- Сорок дней приветствуй того, кто один раз накормил тебя.
- Воспитанный человек, что конь подкованный.
- И шапку, как время велит, надевай.
- Бог мыши – кошка.
- Счастье, как муха, иногда на цветок садится, иногда – на
навоз.
- Дыра над дырочкой смеется.
- Ложь и сплетня – родные братья.
V. Үй тапсырмасы. Үй жұмысы: Эссе, өз ойын таратып
жазу, келесі сабақта жұмыстарымызды талдаймыз.
2050 жылғы қазақстандықтар – 3 тілде сөйлейтін білімді
адамдардың қоғамы. Олар - әлемнің азаматтары, олар саяхаттап
жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар, еңбексүйгіш. Олар
- өз елінің патриоттары.
VІ. Сабақты қорытындылау және оқушылар білімін бағалау.
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау
немесе кестені толтырту
Қорыту:
Білгенмін
Білдім
Білгім келеді
1. Ақын, жазушы көп пернелі, көп ішекті домбыра сияқты.
Құлағын қалай бұрадың, пернелерін қалай түзедің – ол солай
сөйлейді. Сөйлеу өз қолында болғанмен, бұрау мен пернелерін
түзеу жазушының өз қолында емес, басқарушылардың қолында.
2. Сын туралы.
1. Сынның негізгі мәселелерін көтеру дәуіріне жетсек, ол
екі жақсылықтың белгісі болар еді: 1) Әдебиетіміз өскен, тілегі
өскен. 2) Теориялық сын мәселелерін көтере алатын қадіріміз
туған. 2. Сынды шын көтеру үшін не керек? 1) Бұл күнге
дейінгі ісіміздің табысы мен кемшілігі неде, соны ашу керек.
2) Жаңа шығарма деген бүгінгі дәуірдің тілегіне сай келгенде
ғана жаңа бола алады. Атымен емес, затымен. 3) Шығарманың
мазмұны мен түр теңбе-теңдігі, я болмаса, қайшылығы. 4)
Әр шығарманың өз жаңалығы болмақ: образ, тіл, ішкі өмір,
байымдау әдісі... 5) Автор мен образ тілі. 6) Образ, тіл, логика,
сезім, ой, сана. 7) Суретшілер мен жазушылардың бүгінгі
адамды көрсету әдісіндегі үндестіктер мен қайшылықтар.
Керек: Ақын сыншы, жазушы сыншы. Жұрт сыншы. Маман
сыншы.
Не үшін оқушы жастар да ескі бірдемелердің маңынан шыға
алмайды? Жұрт айтқанды айтып, өзіндік тілектер қоймайды?
Жаңа тілектер жоқ па?
- Оқушылар диссертациялары, дипломдары, басқалары? Не
бар екен?
3. Жазушыға жеті керек: - Білім. - Ой. -Тіл. -Ар-ұят, намыс. -
Ерлік. - Тәкаппарлық. - Табандылық.
4. Кір жуып жатқан әйелді Ремарк сонша айқын
көрсеткендіктен мұрыныма жуып жатқан кірдің иісі келді!
5. Проза туралы бес ауыз сөз
- Проза – қарасөз емес, екпін лебі бар, негізгі ойыңды теңеу
арқылы оқушының сезіміне дөп тигізетін көркем сөз.
- Прозаңды қай стильде бастайсың, ол алған тақырыбыңа
байланысты. Прозаның бар жанрына түгел ортақ бола алар
көркем стиль жоқ.
- Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.
140
141
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...»
Ботагөз ДОСҚАЗИЕВА,
Ғ.Мүсірепов атындағы
№86 мектеп-гимназиясының
мұғалімі.
Алматы қаласы.
«ЕСКЕНДІР» ДАСТАНЫНЫҢ
ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ
(10-сынып)
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбайұлының «Ескендір»
дастанын оқу, талдау, идеясын ашу. Міндеттері: білімділік -
қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, атқарған қызметі, тәрбиелік мәні
мен тағылымы; дамытушылық - оқушылардың теориялық
білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын,
дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу
дағдысын қалыптастыру; тәрбиелік - оқушыларды қатыгездік
пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа
тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау. Типі: жаңа білімді
меңгерту. Әдісі: «6 НЕЛІКТЕН?» стратегиясы, сұрақ-жауап,
түсіндіру, талдап оқу, іздендіру, сатылай-кешенді талдау, эссе.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадан презентациялық слайдтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, кино өнері.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу; ә) оқушылардың
сабаққа қатысын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«6 НЕЛІКТЕН?» стратегиясы:
1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?
2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды?
3. Неліктен Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі ең бір күрделі де
көркем шығарма болып есептеледі?
4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал-мәтел сияқты
нақылға айналып кеткен?
5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген
ұлағатты ой айтады?
6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін
салушы» деп бағалайды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деп Абай айтқандай,
Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау
(Ескендір туралы аңызды айтып беру, «Қос мүйізді Ескендір»
күйін тыңдату, кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. кино
түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту);
ә) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу;
б) «СКТ» (сатылай-кешенді талдау) технологиясы бойынша
талдау жүргізу.
«Ескендір» дастаны
1. Авторы – Абай Құнанбайұлы;
2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа
елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды
өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі – поэма (дастан).
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым
мен білімді, яғни, рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен
қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42.
6. Тармақ саны – 168.
7. Буын саны – 3 бунақты.
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба).
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң
Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім-
талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын
қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп
ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
9. 5. Шешімі.
142
143
Хакім Аристотельдің жауабы:
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері:
Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар
сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ
та - Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі
- Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына
қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем
жасалған образдар.
Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол»,
«жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды. Ал Ескендір
болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ,
қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей
өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
11. Әдеби теориялық ұғымдар :
Теңеу – дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне
арықтан шыққан құлап. Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын
қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
12. Түсіндірме сөздік:
Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр;
Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау,
құнығу;
Даңғой – елірме, есер, желікбас;
Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор;
Ант ұру – айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз оңбаған;
Кәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз.
13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні .
Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе -
күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман
әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу.
IV. Сабақты бекіту.
«Рухани биіктік – ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу.
V. Үйге: «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандарын оқу.
VI. Бағалау.
Оңаша жыр отауы
Әйгерім ТАСБЕРГЕНОВА,
№201 орта мектептің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы.
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫМЫН
Әнұраным шырқалып өз тілімде,
Көк байрағым желбіреп тұр көгімде.
Халқымыздың арманы сан ғасырлық
Қазақстан – тәуелсіз ел бүгінде!
Қайтпас қайсар халқымнан айналайын,
Туған жердей жерұйық қайда, ағайын?
Тәуелсізбіз, сол үшін мақтанамыз,
Бар мақсатым – соған шын сай болайын!
Еркін елмін, көрінем биіктерден,
Ырыздығын құдайым үйіп берген.
Қазақ халқы барады болашаққа
Ай маңдайы жарқырап сүйікті ермен!
Зәулім көкпен қаламыз таласқандай,
Шекарам бар, дұшпаным санасқандай.
Бейбітшілік мекені – Қазақстан
Ынтымағы елімнің жарасқандай!
Жалындаған бойда күш арлы жаспын,
Тіліп түсер жауымды қырлы алмаспын,
91-де келгенмін дүниеге,
Тәуелсіздік күнімен мен құрдаспын!
Кейбір жұрттар қыспақта көрсе күнін,
Ерлерім көп ақтаған ел сенімін.
Мәңгі жасыл қырында Азаттықтың
Бақыт сол ғой жас ұрпақ терсе гүлін!
144
Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті» –
ай сайын шығатын республикалық ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке
қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.
Басуға 02.09.2014 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 3111.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және
бөлімдер...............268-32-48.
Факс......................243-15-53.
Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru.
Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.
ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ
ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»
© «Қазақ тілі мен әдебиеті», №9, 2014 ж., 144 бет, Алматы.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |