100
101
Көмекші құрал
Патима ӘЛІМБЕКОВА,
Мұхтар Әуезов атындағы
мектеп-гимназияның
мұғалімі.
Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы,
Жаңатас қаласы.
«МАҒЖАНТАНУ» ТАҢДАУ
КУРСЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС
ДӘПТЕРІ
(6-сынып)
(Бастапқы бөлігі өткен санда)
20-сабақ
«Қараңғы, дауылды түн»
1. Ақын жаққан шырақ не мағынаны білдіреді? Автордың
айтар ойы не?
Ақын сөзі
Идеясы
Дәлелдеу
2. «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар,
Жарығы болмаса да жан таңқалар» деген жолдар-
дың мәнін ашып жаз.
-------------------------------------------------------------------------
3. Өлеңнен көркемдегіш тәсілдерді тап.
Эпитет
Кейіптеу
4. «Өзім үшін жазу» стратегиясы.
Өлеңнің басты
тақырыбы
Мазмұны,
айтар ойы
Сені толқытқан
өлең шумағын жазу
5. Бір шумақ өлеңді буынға бөл, буын түрлерін анықта.
-------------------------------------------------------------------------
21-сабақ
«Атақты ақын, сөзі – алтын хакім Абайға»
1. Абай Құнанбайұлы туралы не білеміз, балалар?
Ақынның қандай шығармаларын оқыдық?
------------------------------------------------------------------------
2. Топтастыру.
Есіңе сақта.
Троптың бір түрі – алмастыру, яки, метонимия (грекше-
қайтадан атау), өзара шектес заттар мен себептес
құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты
сөздердің бірінің орынына бірін қолдану.
3. Өлеңнен Мағжан ақын қолданған метонимияны
тауып жаз.
------------------------------------------------------------------------
4. Абай бейнесін сомдаудағы шеберлік.
------------------------------------------------------------------------
5. Абай бейнесін жасауда ақын жеткен биіктік. Мысал
келтіре отырып дәлелде.
------------------------------------------------------------------------
6. Өлеңді сатылай талдау.
1. Тақырыбы: ---------------
2. Жанр түрі: -----------------
3. Идеясы: -------------------
4. Шумақ : --------------------
5. Тармақ: --------------------
6. Бунақ: ---------------------
7. Буын: -----------------------
8. Ұйқас: ----------------------
9. Әдеби-теориялық ұғымдар: ----------------------------
7. «Абай – әдеби тұлға» тақырыбында шығарма жаз.
102
103
22-сабақ
«Тұтқын», «М.Д. абақтыдан шыққанда»
1. Өлеңдердегі көркемдегіш тәсілдерді тауып жаз.
------------------------------------------------------------------------
2. Ойды жүйелі жеткізуде қандай антоним сөздерді
пайдаланған? Теріп жаз.
-------------------------------------------------------------------------
3. Ақын ойы мен өз пікіріңді басшылыққа ала отырып,
қазақ халқының біртуар азаматтарына қорытынды
мінездеме жаз.
Ақын
Өз пікірім
Мінездеме
4. Шағын аннотациялық талдау жаса.
Өлеңнің аты
Қысқаша түсінік
Образды,
бейнелі сөздер
5. INSTRT кестесін толтыру.
Тақырыптар
Нені
білемін?
Нені
білдім?
Нені білгім
келеді?
23-сабақ
«Ана», «Анама»
1. «Ана» өлеңіндегі ана қайғысы неде? Ол неліктен түн
ұйқысынан қалды?
------------------------------------------------------------------------
2. Ананың балаға деген махаббаты қандай жолдар-
дан көрінеді? Теріп жаз.
------------------------------------------------------------------------
3. Өлеңнен көркемдегіш сөздерді тауып жаз.
Теңеу Эпитет
4. Өлеңді қарасөзге айналдырып жазып шық.
------------------------------------------------------------------------
5. «Анама» өлеңінде ақын анасына қандай сырды
жеткізіп отыр? Ана махаббаты дегенді қалай түсінесің?
------------------------------------------------------------------------
6. Өлеңді «Ана» өлеңімен салыстыр. Екі өлеңдегі
ақынның ой-арманы мен аналар жайлы пікіріндегі
үндестікті тап.
7. Өлеңнен көркемдегіш сөздерді тауып жаз.
Метафора Эпитет
Антоним Синоним
8. Өлеңді құрылысына талда.
------------------------------------------------------------------------
9. Ата-ана жайлы нақыл сөздерді жазып шық.
------------------------------------------------------------------------
10. «Менің анам» тақырыбында шағын эссе жаз.
------------------------------------------------------------------------
11. «Ана» сөзіне сөзтізбек құрастыру.
А
Н
А
24- сабақ
«Жұмбақ», «Жиіленді қара орман», «Қараңғылық
қоюланып келеді»
1. «Жұмбақ» өлеңінің құрылысындағы ерекшелік неде?
-----------------------------------------------------------------------
«Ана»
«Анама»