«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет31/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

124

125


“Махаббат диалогы” (Динара, Данияр).

1-жүргізуші: - Мұқағали ауруханада ұзақ ауырып жатып 

қалған  кезде  достарын  аңсап  өзінің  қарындасындай  боп 

жүрген  Фариза  Оңарсыноваға  арнап,  “Фариза”  атты  арыз-

толғауын жазған еді. 

Ардақ “Фариза” өлеңін оқиды.

2-жүргізуші: - Мұқағали өлеңіне жазылған әндерді айта 

берсек,  бір  күнде  тауысу  мүмкін  емес.  Арғысы      Нұрғиса 

Тілендиев   болып,   бергісі   Тынышбай Рахимов,   Мақпал 

Жүнісова,   басқа   да   әуесқой композиторлар ән жазып, өз 

репертуарларын молайтуда.

1-жүргізуші: - Мұқағали жыры – күшті жыр. Сондықтан 

да ол – ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын. Ер ақын дейтініміз: 

ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын деуіміз: сөзі 

шырайлы, тілі қарапайым, тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын 

дейтініміз: ол ер және ерен ақын болғандықтан да ерекше.

4-оқушы: 

- Тірісінде сый көрмей қайран ақын.

  Тек өлген соң атағын жайған ақын.

  Ежелден қазақтың бұл қасіреті –

  Бармағын тістеп кейін ойланатын. 

  Күн сүйіп кереқарыс маңдайынан, 

  Лағыл жырлар төгілген таңдайынан.

  Барында бағаламай, білдік кейін

  Қазақтың айрылғанын қандай ұлдан.

(Слайдта  ақын  суреті  көрінеді.  Сахна  төріне  сөзін 

Мұқағали жазған «Сен бе едің?» әнін орындауға Нұрсұлтан 

есімді оқушы шығады.)



Жұлдыз ОҢҒАРБАЕВА,

Қарағанды қаласындағы

№12 жалпы білім беретін

 орта мектептің мұғалімі.

«АЛТЫН ҚАҚПА»

6-сынып  оқушыларына    жалпылама  сұрақтар  беру    

арқылы үш топ жинау, оларға «Білім», «Ғылым», «Қазына» 

деген  аттар  қойылады.  Топта  3  адамнан  болады.  Топтың 

сұрақтары  конвертке  салынып,  қақпалардың  жанына 

қойылады. Әр конверт ішінде – сұрақтар, сұрақтарға толық 

жауап  берген  жағдайда  қақпа  ашылады.  Ұпай  санын  көп 

жинаған  топ  «Алтын  сандықтың»  тапсырмасын  орын- 

дайды. Оған жауап берген топ жеңіске жетеді.

1-топ – «Білім» (6

а

 сынып), 2-топ – «Ғылым» (6



б

 сынып), 

3-топ – «Қазына» (6

в

 сынып).



Ойын кезеңдері.

І кезең: “Тас қақпа” (4 сұрақтан). ІІ кезең: “Күміс қақпа” 

(3    тапсырма).  ІІІ  кезең:  “Алтын  қақпа”  (3  тапсырма).  ІV 

кезең: “Алтын сандық” (1 тапсырма).

Жалпылама сұрақтар:

1.  Көк  ат  деген  тіркесте  қандай  ықпал  түрі  бар?  2. 

«Менің атым – Қожа» авторы 3. Көп сөзінің антонимін тап. 

4. Астана күні қашан аталып өтеді? 5. Бір-біріне мағыналары 

жуық сөздер қалай аталады? 6. Қарағанды облысының әкімі 

кім? 7. Жыр алыбы атанған ақын. 8. Шоқан Уәлиханов қай 

жылы туған? 9. Екі етіске ортақ жұрнақ. 10. Қобыландының 

тұлпары.  11.  Қара  өлең  ұйқасы.  12.  Конституция  қай 

жылы, қай күні қабылданды? 13. Ең алғаш қазақ балалары 



126

127


үшін  мектеп  ашқан  кім?  14.  Қарағанды  қаласы  қай  жылы 

құрылды? 15. Көптік жалғаулар.



«Тас қақпа». Әр топқа 4 сұрақтан тұратын «Тас қақпа» 

конверті таратылады. Әр сұрақ жауабына 5-10 аралығында 

ұпай беріледі.

1.  Фонетика  нені  зерттейді?  2.  Ертегілердің  қандай  

түрлері  бар?  3.  «Тәртіп  жұрттың  бәріне  бірдей.  Тақтаға 

шығып айт». Үзінді қай шығармадан алынған, кімнің сөзі? 

4. Қарлығаш сөзіне фонетикалық талдау жаса.

1. Лексика нені зерттейді? 2. Ауыз әдебиетінің түрлерін 

ата. 3. «Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ.» Үзінді 

қай  шығармадан  алынған,  кімнің  сөзі?  4.  Адамгершілік 

сөзіне фонетикалық талдау жаса.

1.  Атауыш,  көмекші  және  одағай  сөздер  дегеніміз  не? 

2.  «Керқұла  атты  Кендебай»  ертегінің  қай  түріне  жатады, 

дәлелде.  3.  «Мынау  біздің  мектебіміздің  ақыны,  болашақ 

Сәбит  Мұқановымыз».  Үзінді  қай  шығармадан  алынған, 

кімнің сөзі? 4. Қайраткер сөзіне фонетикалық талдау жаса.



«Күміс қақпа». Әр топқа 3 сұрақтан тұратын конверттер 

таратылады.  Әр  сұрақ  жауабына  5-10  аралығында  ұпай 

беріледі.

1. Зат есім, жасалуы. Деректі және дерексіз зат есімдер.

2. Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,

    Қабырғалы, жоталы, болса күшті.

    Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

   Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

    Үзінді қай өлеңнен, авторы кім?

3. Дара және күрделі етістік, мысал келтір.

1. Сын есім, жасалуы. Сапалық және қатыстық сын есім 

дегеніміз не?

2. Теңізге пәрменінше құя салып,



    Мақтанды мырзасынып тауға барып.

   Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсың,



   Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып».

   Үзінді қай өлеңнен, авторы кім?

3. Болымды және болымсыз етістік, мысал келтір.

1. Сан есім, түрлері. Сан есім емлесі.

2. Сәл ұмытсам, қарға мені, кешірме,

    Қайда жүрсем өзің тұрдың есімде.

    Өзің тұрдың қарлы окоптан сығалап

    Сонау қатаң қаһарлы жыл кешінде.

   Үзінді қай өлеңнен, авторы кім?

3. Сабақты және салт етістік, мысал келтір.

«Алтын  қақпа».    Әр  топқа  3  сұрақтан  тұратын  кон-

верттер  таратылады.  Әр  сұрақ  жауабына  5-10  аралығында 

ұпай беріледі.

1.  «Әсемпаз  болма  әрнеге»  өлеңін  жатқа  оқы.  2. 

Жуындырғызды,  ілеспеді,  білінбеді    сөздеріне    тұлғалық 

талдау жаса. 3. Өзгелік етіс дегеніміз не, мысал келтір.

1. «Адамдық борышың» өлеңін жатқа оқы. 2. Өткізіспеді, 

салынды,  сөйлесілді    сөздеріне  тұлғалық  талдау  жаса.  3. 

Ырықсыз етіс дегеніміз не, мысал келтір.

1.  «Сен  құрметте  оны,  қарағым!»  өлеңін  жатқа  оқы.  2. 

Ішкіздірмеді,  айтыстырды,  білінбеді    сөздеріне  тұлғалық 

талдау жаса. 3. Ортақ етіс дегеніміз не, мысал келтір.



«Алтын  сандық».  Үш  кезең  бойынша  ең  жоғары                  

ұпай жинаған топ орындайды.

«Алтын сандық» тапсырмасы:

«Менің Отаным – Қазақстан»  тақырыбына ойтолғау жаз.



Жеңімпаз топты марапаттау.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау