«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет14/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33

52

53

Иә



Жоқ

Иә, себебі ешқандай жақыны 

жоқтар қайда

барады.


Иә, Тұржан сияқты жауыз 

жақыныңның үйінде тұрғанша, 

балалар үйінде тұрған жақсы

Жоқ, сонда ақылсыз ата-

аналар үкіметке сенбес еді.

Жоқ, қажет емес, себебі тірі 

жетімдер, тастандылар азаяр 

еді.


6.  Баға  беру.  Үш  кейіпкердің  қайсысы  жаныңа  жақын, 

неліктен?



III.  Толғаныс.  Бес  минуттық  эссе.  «Баяғыда  бір 

жетім  бала  болыпты»  деген  тақырыпта  шығармаларды 

жалғастырыңдар.

Оралбек.  Аян  –  бұл  күнде  танымал  жазушы.  Алматы 

қаласында тұрады. Екі қыз, бір ұл баланың әкесі. Ал, зайыбы 

– дәрігер. Сонымен қатар, қоғамның көкейкесті мәселелерін 

қозғап, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосып жүрген қоғам 

қайраткері. «Бармысың бауырым» бағдарламасы.



Оқушыларды бағалау.

үйге  тапсырма.  Автор  орындығы  (Авторға  үш  сұрақ 

әзірлеу).



Түйін.  1.  Біз,  қазақ,  жесірін  қаңғытпаған,  жетімін 

жылатпаған елміз.

2. Жетім көрсең жебей жүр.

3.  1  жарым  миллиард  халқы  бар  қытай  шетелге  бала 

бермейді,  ал  небары  17  миллион  халқы  бар  қазақтың 

жалпақшешейлік көрсеткені қалай?



Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Р.  Қуанышқалиева  «Жетім  балалар  үйінде  болғаннан 

кейінгі ой» өлеңін оқиды.

Қаракөздерім,

Туғаннан бағың жанбай-ақ, көзіңнен қайғың төгілер

Сендерді көріп, еріксіз еңіреп жаным егілер.

Қатыгез қашқын әкең мен шешеңді тауып берер ем, 

Шарасыздығым қол байлап, жерім жоқ артқа шегінер.

Қаракөздерім,

Шуақты мынау күндерде шөліркеп жүрген мейірге,

Не болып кеткен, шынында, даламдай дархан пейілге?!

Ешқашан ембей өскендер киелі сүтін ананың,

Жұртым-ау, сұмдық қатыгез болады балғын кейінге.

Қаракөздерім,

Ғажайып сұлу өмірде «мүгедек» тілді мылқаулар,

Жандарың нәзік, көздерің ойлы, қияға тіп-тік шырқау бар.

Сыртыңнан қашып жүр-ау бұл шын өгей әке-шешелер,

Сорлайды түбі, өйткені бағынан бақыт бұлты аунар...



Айсұлу ӘЛИАСҚАРҚЫЗЫ,

«Құралай» жалпы орта 

мектебінің мұғалімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түлкібас ауданы,

Тұрар Рысқұлов ауылы.



«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ

(9-сынып, сараптамалық технология сабағы,                  

бастапқы бөлігі өткен санда).

Әдеби дәйектер

«Қыз Жібек» жырының көлемі 3000 жолдан тұрады. Қыз 

Жібектей арудың трагедиялық тағдыры туралы әр аймақтың 

әңгімелері алуан түрлі арнамен таласа ағытылып, бірін-бірі 




54

55

толықтырып тұрады немесе жетілдіріп жатады, алайда өзінің 



түпкі жобасынан өзгермейді. Жырдың 16 нұсқасы жиналған. 

Бұларды жырлаушы – қазалылық Мұсабай жырау, оралдық 

Қазақбай  Түгелбаев,  жетісулық  Жүсіпбек  Шайқысламұлы, 

ақтөбелік Шапай Қалмағанбетов, т.б.

Енді  сол  нұсқалардың  бірнешеуін  назарларыңызға 

ұсынамыз.



1. Мұсабай жырау нұсқасы

Мұсабай  жырау  нұсқасы  –  «Қыз  Жібек»  эпосының        

байырғы  үлгілерінің  бірі.  Сонымен  қатар  аталған  вариант 

жырдың  басқа  нұсқаларынан  сюжеттік  тұрғыдан  да 

ерекшеленеді.  Біріншіден,  мұнда,  өзге  нұсқалардағыдай, 

Жібектің  руы  шекті  емес,  Жайықтың  арғы  бетіндегі 

Шыбықсудың бойын жайлаған қыпшақ тайпасы. Екіншіден, 

алдымен  жырдың  экспозициясында  алшын  мен  қыпшақ 

елдерінің  арасында  барымта  дауы  ушығып,  Төлеген 

ауылдастарымен  бірге  орта  жүзден  жылқы  қайыруға 

аттанады. Әлбетте, бұл арада «барымта» бұрынғы көшпелі 

қазақ  тұрмысына  тән  көрініс  қана  емес,  бір  жағынан, 

Төлегеннің  Жібекті  іздеп  сапарға  шығуына  түрткі  болған 

басты  себеп.  Үшіншіден,  Мұсабай  нұсқасында  жырдың 

Қазан  (1894),  Жүсіпбек  (1900)  варианттарында  аса  көркем 

суреттелген Жібек елінің көш салтанаты көрінбейді.

Төлеген қалың қыпшақтан барымта жылқыны қайтарып 

алған соң Жібекті өзі іздемейді.



Қорықса қызын берер деп,

Кедейлер жорға мінер деп,

Өзім барсам Жібекке

Басыма  кемдік  келер  деп  көш-жөнекей  шатыр  тігіп     

жатып  алады.  Сонда  Төлегенді  Жібектің  туысқан  ағасы 

Қаршыға  өзі  іздеп,  әрең  табады.  Одан  әрі  Төлеген  мен 

Жібектің арасында бір-біріне үстемдік танытатын «қағысу» 

сәті әсерлі беріледі.

Мұсабай  орындауындағы  эпостың  оқиғалары  ширақ, 

шымыр,  кейіпкерлер  эмоциясы  барынша  шынайы 

жырлануымен бағалы.



2. Жүсіпбек қожа нұсқасы

«Қисса  Қыз  Жібектің  хикаясы»  деген  атпен  1900 

жылы  Қазан  қаласында  басылған  жырдың  Жүсіпбек 

Шайхысламұлы жариялаған нұсқасы ел арасына кең тараған.

Жырдың баспа беттерінде көп жарияланып, ғалымдардың 

зерттеулеріне арқау болған – Қазанда жарияланған Жүсіпбек 

нұсқасы.  Әр  жылдары  жарияланған  эпос  басылымдары 

түрлі  мәтіндік  өзгерістерге  ұшырап  отырған.  Әсіресе, 

Кеңес дәуірінде жарық көрген жыр жинақтарында мәтіндер 

айтарлықтай  өзгеріске  ұшыраған.  Мысалы,  1939  жылы 

Сәбит  Мұқанов  жариялаған  «Батырлар  жырында»  «Қыз 

Жібек»  1900  жылы  Қазанда  жарияланған  кітап  бойынша 

берілген.  Онда  тек  кейбір  жыр  тармақтары  мен  сөздердің 

ауыстырылғаны байқалады.

«Қыз Жібек» (Қазан, 1900)      «Қыз Жібек» (1939)

Он алты жасқа шейін               Он алты жасқа шейін

қыз жаратпай,                           қыз жаратпай,

Ат жетер жерді арылтып        Ат жетер жерді аралатып

тамам қылды.                           тамам елді.

Көзінің ағы менен                    Көзінің ағы менен

қарасындай                               қарасындай

Артында жанға мирас,            Артында мирас,

малға тіреуі не?                        малға иесі не?

1939  жылғы  жарияланымда  мәтіндегі  барлық  қара-  

сөздер ықшамдалып берілген.

«Қыз  Жібек»  (Қазан,  1900).  Әлқисса,  енді  Төлеген 

ойлады  «Жаһанда  бұ  сипатты  ұрғашы  көргенім  жоқ  еді. 

Енді  мұны  алайын»  дейді.  «Оған  шейін  бір-екі  ауыз  сөз 



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау