98
99
Сөздікпен
жұмыс.
5 минут
Дәптерлеріне түсініксіз сөздердің
мағынасын ашып жазу.
Қанын жүкте-
меу-біреудің
өліміне себепші
болмау.
Тәңірі жазса-
Құдай қаласа.
Теңдік тауып-
Әділдік тауып.
Нашарларға-
кедей, тұрмысы
нашар
адамдарға.
Рефлек-
сия.
5 минут
Сабақ туралы пікірлерін стикерге
жазып қалдырады.
Сабақтан алған
әсерлерін бас
бармақ арқылы
білдіреді.
Бағалау.
3 минут
Топта бірін-бірі бағалайды,
формативті бағалау, ауызша
бағалау.
Үйге
тапсырма.
2 минут
Ертегі кейіпкерлерінің суретін
салу. Ойларынан ертегі
құрастырып келу.
Сабақ
аяқталды.
С.ТӘҢІРБЕРГЕНОВА,
№ 120 Жамбыл атындағы
орта мектеп.
Қызылорда қаласы
АБАЙДЫҢ «ӘСЕМПАЗ БОЛМА
ӘРНЕГЕ» ӨЛЕҢІ
(6-сынып)
Мақсаты: өлеңнің идеялық мазмұнын түсіндіру,
талдай оқуға үйрету; бірлесіп жұмыс жасауға баулу,
оқу-білімге, еңбекшілдікке шақыру, өмірден өз орнын
таба білуге тәрбиелеу; тіл дамыту, өзіндік пікір
қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.
Түрі: жаңа білімді игерту. Сабақ үш бөлімнен
тұрады:
1. Қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны ажырату.
3. Ой-толғаныс.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру, сөздікпен
жұмыс, сұрақ-жауап, мәселелі сұрақтар, эссе, АКТ.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, сурет, қазақ
тілі. Көрнекілігі: ақын портреті, бүктемелер, слайд.
Сабақ барысы. Ұйымдастыру кезеңі:
1-слайд. /Сыныпты екі топқа бөлу, топ басшысын
тағайындау, бағалау парақтарын үлестіру/
1-топ-«Болашақ», 2-топ-«Аманат».Үй тапсырмасын
тексеру: Отыз бірінші қара сөз бен «Құлақтан кіріп
бойды алар» өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, ақын
шығармаларының тақырыбы мен идеясына байланысты
топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
2-слайд. Үй тапсырмасын қорытындылау: жазған ой
АҚЫЛДЫҢ КЕНІ
Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Ақансері ҚОРАМСАҰЛЫ
100
101
толғауларын оқыту.
3-слайд. Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі.
4-слайд. «Абай-дария, мен одан шөмішпен қалқып
алдым.» М.Әуезов.
Оқушыларға ақынның болашаққа аманаттаған жаңа
бір өлеңімен танысатындығымызды айтып, сабақтың
эпиграфымен, /М.Әуезовтің сөзі/ жоспарымен
таныстырып өтемін. Слайдты қолдана отырып,
топтастыру әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
5-слайд. Сабақ жоспары:
1. Өлең туралы мәлімет.
2. Сөздік жұмысы.
3. Өлеңнің идеялық мазмұнын талдау.
4. Өлең құрылысын талдау.
5. «Әнді сүйсең, менше сүй» ақынның музыкалық
шығармалары.
6. Әдеби диалог журналы.
Мына сызба нұсқаны қолдана отырып, өлең туралы
мәлімет беремін.
1909
жылы
Санкт-Петербург
қаласында
ағылшын, түрік, араб, т.б. тілдерге аударылған.«Абай
Құнанбайұлы өлеңдері» жинағына жазылған. «Әсемпаз
болма әрнеге» өлеңі 1894 жылы жазылған. 4 тармақ, 6
шумақтан тұрады.
6-слайд. Түсініксіз сөздермен жұмыс:
Шапқат /шапағат/-мейірім, жәрдем, көмек;
Ез /езбе/- мезі ету;
Әсемпаз-көрсеқызар, қызғаншақ;
Майданға түспей-еңбектенбей.
Өлеңнің идеялық мазмұнымен жұмыс.
- Өлеңді мәнерлетіп оқыту.
Өлеңді талдай оқытып, әр шумақтың мағыналық
құрылымдарын анықтатып, жазғызамын.
1-шумақта ақын адам алдына нақты міндет қояды,
оған белгілі бір игі іс атқару парызын жүктейді.
2-3-шумақта сол міндетті орындауға, істі атқаруға
қажетті адамгершілік ізгі қасиеттер көрсетіледі.
Қайрат, ақыл бір болып, әділет пен шапағат шет қалса,
адамгершілік негізі кемелденбей, өмірі бағдарсыз,
баянсыз өтетіндігі туралы ой тұжырымдалады.
4-5-шумақта адамгершілік кемелдікке жетуге ниет
еткен кісінің қандай жаман қылықтардан бойын аулақ
салуы парыз екендігі көрсетіледі.
6-шумақта адамгершілік кемелдікке жетуге ниет
қылған адамның қандай жақсы қылықтарды әдет етуі
қажеттілігі туралы ақылымен аяқталады. Бұл шумақ
алдыңғы шумақтардың қорытындысы, түйіні.
7-слайд. Өлеңді талдау.
Оқушылар интерактивті тақтада талдайды, өлең
құрылысы туралы алған теориялық білімдерін
қайталайды, шалыс ұйқас өлең өлшеміне енгізген
ақынның жаңалығы екендігі айтылды.
Әсемпаз болма әрнеге,
а
8 буын
Өнерпаз болсаң арқалан.
б
8 буын
Сен де бір кірпіш дүниеге,
а
9 буын
Кетігін тап та, бар қалан.
б
8 буын
2 бунақ, 8-9 буын, шалыс ұйқас
Сұрақ: - Өлеңде ақынның афоризмге айналып кеткен
қандай тармақтары бар?
- Тағы да қандай қанатты сөздерін білесіңдер?
Танымдық деңгей. «Әнді сүйсең, менше сүй»
/ақынның музыкалық шығармалары/
Ақын өзі де ән айтып, домбыра шерткен. Өлеңдерімен
бірге әндерінен де өзінің тәлімгерлік, тәрбиелік,
ағартушылық дана ойларын нәзік әнге арқау, кейінгі
ұрпаққа мұра етті.