«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет34/34
Дата10.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#18797
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

136

137


3)   Т     Түгел сөздің түбі бір, түп атасы –Майқы 

би.


4)  А  Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында 

мейіріңді көрсет.

5)   М    Мінез байлығы, жан сұлулығы

6)   Ж    Жақсылық ағаш басында, 

              Жамандық аяқ астында.

ІІ. Қазақтың қандай би-шешендерін білесің?

1) Ә    Әйтеке атақты үш бидің бірі 

2) Қ    Қаз дауысты Қазыбек би

3) Т    Төле би тауып айтады.

4) А    Ақтайлақ та әділ бидің бірі болған. 

5) М   Майқы би- сөз атасы

6) Ж   Жиренше шешен

ІІІ. Сөздердің синонимін табу:

1)  Ә     Әрең- зорға

2)  Қ     Қатты-тастай

3)  Т     Толық-семіз

4)  А     Аласа-пәс

5)  М    Момын-жуас

6)  Ж   Жақсы-әдепті

ІV. Тұрақты тіркестің мағынасын ашу.

1.  Алтынмен  аптап,  күміспен  күптеп  қойған.          

(Баршылық)

2.  Құралайды көзге атқан. (Мерген)

3.  Әй  дейтін  әже,  қой  дейтін  қожа  жоқ               

(Тәртіпсіздік, бассыздық)

4.  Жұмыртқадан  жүн қырыққан.                (Қу)

5.  Тәуекелге бел байлау.                               (Көну)

6.  Мірдің оғындай (өткір)

V. Мақалдың жалғасын табу:

1.  Кітап оқығандікі-  ......     (білім тоқығандікі)

2.  Қына тасқа бітеді, ......     (білім жасқа бітеді)

3.  Ана алдында құрмет,....   (ата алдында қызмет)

4.  Жақсының  аты  өлмейді,...(ғалымның  хаты 

өлмейді)


5.  Көре-көре  көсем  боласың,....(сөйлей-сөйлей 

шешен боласың)

6.  Жақсы сөз- .....            ( жарым ырыс)

VІ.  Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу7

1.  Үріп  ауызға  салғандай,  тал  бойында  бір  мін 

жоқ     (сұлу)

2.  Жағың түспей, жамандық көрме.  (тілек)

3.  Қол қусырып қарап отыру      (жалқау)

4.  Аузымен құс тістеген    (шешен)

5.  Ана сүті аузынан  кетпеген (жас)

6.  Жұбың жазылмасын, бағың ашылсын   (тілек)

VІІ.  Жұмбақтың шешімін тап.

 

Бір үйде көрдім төрт есік,

       Біле алмадым бұл нешік?

       Әр есікте үш қыз бар,

       Әр қыздың отыз ұлы бар,

       Әр ұлының шанышқан бес гүлі бар.

       Мұны тапқан адамның 

       Басында кетпес бағы бар.

                                   (4 жыл мезгілі, үш ай, отыз күн)

VIII. «Қазақ тілі – ұлттық байлығым» тақырыбында 

ойтолғау жазу.

IX.  Би-шешендердің сөздерінен көрініс көрсету.

Сабақты  бекіту:    сұрақ-жауап  арқылы  жеңімпаз 

сыныпты  анықтау.    Жеңілген  топқа  ақын-

жазушылардың өлеңдерін айтқызу.

   

   


 


138

139


А.УТЕГАЛИЕВА, 

№1ОЖББМ.     

Орал қаласы                                               

 

КОМПЬЮТЕРДІҢ БАЛА 

ТӘРБИЕСІНЕ КЕРІ ӘСЕРІ БАР МА?

Мақсаты:  ата-аналарға  жат  қылықтардан  ұл  мен 

қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ой салу 

барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.

Барысы: халқымыз «Ұяда  не көрсең, ұшқанда соны 

ілерсің»  деп  жатпай  ма?  Міне,  сондықтан  меніңше 

жастардың  ұяда  алған  тәрбиесінің  нақты  көрінісі  ол 

сыртқа шыққанда, көпшілікпен араласқанда, қоғамдық 

орындарда  жүргенде анық  байқалып тұрады.

Сондықтан менің ойым, әрбір ата-ана өз баласының 

тәрбиелі  де  саналы,  мәдениетті,  жүрген  ортасына  

сүйкімді  азамат  болып  жетілуі  үшін    алдымен 

тәрбие  шараларын  өзінен  бастағаны  жөн,  яғни,  оғаш 

қылықтармен    баласына  «үлгі-өнеге»  көрсетпеуге  

тырысқан  абзал.  Жас  кезінде  баласына  дұрыс  тәрбие  

бере    алмаған    ата-ана  кейін  бармағын    тістеп  өкініп  

қалады. Бала жас шыбық тәрізді. Қалай қисайтсаң, солай 

өседі. Оның түзу жүріп білімді де саналы,  парасатты  

азамат  болып  өсуі-біздің, яғни,  әрбір ата-ананың өз 

қолында.  Ата-аналарға  алдын  ала  шақыру    билеттері 

жіберіледі. Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады.

1. Кіріспе.

2. Бүгінгі менің өз ойым.

3. Ата-анаға тест. 

4. Жаңашыл заман талабы.

5. Қорытынды.



«Баланың 

жақсысы-қызық, 

жаманы-күйік.                                                                                                                                    

                                                                                (Абай)                                                                                                                                           

       Ата-бабасын сыйламау-азғындықтың белгісі.

                                                                        (А.Пушкин)

  Кімде-кім  ата-анасын разы еткен болса, ол қандай 

жақсы. Аллаһ оның өмірін ұзартады.         (Хадистен) 

Салынған талдың суреті.

Жүргізуші:  -Қадірменді  ата-ана!  «Баламыздың 

табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» деп 

әлпештеген перзентіңіз мейірімсіз, қатыгез, жаман бала 

болғанын кім тілейді дейсіз? Бірақ бүгінгі ата-анасын 

құрметтемейтін перзенттік парызын орындамайтын, өз 

бетімен жүретін балалар бар екені анық. Осы мақсатта 

дөңгелек үстелге пікірлесу үшін шақырамын.

Кіріспе.  1.  Отбасы  бақыты  ол...  Бақыт  дегеніміз 

..Борыш. Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен..                               

«Бүгінгі менің өз ойым»

Оқушыларға парақтар таратылады.

1. Ой, ана, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз.

(Осы сөзді есту ата-анаға ауыр емес пе?)

2.  Отбасы  бақыты    кімнің    қолында?  (Анамның 

әкемнің, балалардың)

3.  Мұны  дұрыс  істеген  жоқсың,  ол  үшін  анаң 

ұрысып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс 

істемегенің үшін сен кінәлісің бе?

Ата-аналарға  берілген сұрақ:

-Балаңыздың  «ой,  қойыңызшы»  деген  сөздері  сізге 

ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?

Жүргізуші: -Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш 

қуанатын  да  анаң,  дұрыс  ісің  үшін  ренжитін  де  анаң.

Ана жүрегі-енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір 

ауыз сөзің ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі 

ренішті де, қуанышты да, қайғыны да,  ауруды да-бәрін- 

бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудан кейін жара қалып 

кетеді, осыны ұмытпа. Анасын сыйлаған бала әкесін де 

сыйлайды.

4.  Енді  оқушыларға  әліпби  бойынша  әріптерді 

қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі.



140

141


Ата-анаға  тест.  Ата-аналарға  тест    тапсырмалары 

беріледі.           «Жаңашыл заман талабы»

Менің баламды жақсы оқытуға  тиіс, менің  баламды 

керемет    етіп    тәрбиелеуі  тиіс,  менің  баламның  

бұзақылығы    үшін  жауап    беруі  тиіс.  Тиіс.тиіс.  Ата-

ананың санасына  сіңген  «тиістер».

Бірінші тәрбие  ошағы-отбасы  десек, сол отбасында 

беріліп  отырған  тәрбиені  одан  әрі  ұшып,  жетілдіріп, 

баланың санасына жан-жақты  жеткізе білетін-мектеп. 

Ата-ана  мен  мектеп  бірлесе  жұмыс    жүргізсе,  бала 

тәрбиесінде үлкен  жетістіктерге қол жетері айдан анық. 

Осы мақсатпен өткен «Компьютердің бала тәрбиесіне 

кері  әсері  бар  ма?»  атты  дөңгелек  үстелде  қаралатын 

мәселелер:

1. Компьютердің бала тәрбиесіне кері әсері  бар ма?

2. «Агент» туралы не ойлайсыздар?

3. Сіздің балаларыңыз «агентке» кіре ме?

4.  Шетелдік  киноларға    көзқарасыңыз  қандай? 

(пікірталас)

Қорытынды. -Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай 

барлық  мәселелерден  қашып  құтылу  мүмкін  емес. 

Балаларымызға компьютер, қымбат киім алып берумен, 

ақшамен  қамтымасыз  етумен  шектелмей,  олардың 

өміріне белсене  араласып, мәселелерді  бірге шешетін 

кез  келді.  Қадірменді  ата-ана,  А.С.Макаренконың 

«Біздің  балаларымыз-біздің  қартайған  шағымыз.  

Дұрыс  тәрбие-бұл  қарттық,  нашар  тәрбие-бұл  біздің  

болашақтағы  сорымыз.  Бұл  біздің  көз  жасымыз, 

басқа  адамдар  мен  бүкіл  ел  алдындағы    кінәміз» 

деп  айтқанындай,  бақытты  қарттық  көргіміз  келсе, 

балаларды жақсылап  тәрбиелейік. Қадірменді оқушы, 

ата-анаңа  ақыл  қосар  ақылшысы  екеніңді,  көмекші  

екеніңді,  ертеңгі  үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы 

үшін бақыт сол құрап отырған мүшелердің барлығына 

тікелей байланысты.

Білім сынағында

А.ҚОЙШЫБАЕВ,

Болгар мектеп-бақшасы.

Ақтөбе облысы,

Алға ауданы,

Болгарка ауылы



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 

ПӘНДЕРІ БОЙЫНША 

МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА

(8-сынып)

І кезең-шығарма жазу.

Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі.

Әр бағалау тәртібіне 10 ұпай.

1.  Шығарма мазмұны, ой тереңдігі.

2.  Тақырыптың ашылуы.

3.  Жазылу стилі мен тілі.

4.  Тыныс белгілері (пунктуация).

5.  Емлесі (орфография).

Шығарма тақырыптары:

1.  Мен – тәуелсіз елдің ұланымын.

2.  Әлем таныған қазақ елі.

3.  Балалық – бал дәурен.

ІІ кезең. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне тапсырмалар.

Әр сұраққа  қойылатын ең жоғарғы баға-10 ұпай.

1-тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.



Аслан, ертең сынақ болады.

Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы  шақырып 

алды.

Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.

Қорадан  мал  ұрланыпты,  сол  үшін  Базарбайды  қатты 

соққыға жықты. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.

2-тапсырма. Мына сөздердің ішінен негізгі түбір сөздерді 

бір бөлек, туынды түбір сөздерді бір бөлек жаз.



142

143


Қайғы,  арық,  жақсылық,  қазы,  қайратты,  таулы, 

кітаптың, оқушы, достар, тәлімгер, құштарсыз, ақылды, 

ауылым, емхана, орман, үйшік, кілем, семіз, балалы.

3-тапсырма.  Мақал-мәтелдердегі  сөздерді  орнымен 

қойып жаз.

 

 

Адам, тоқта, мал, шөп, сөз, тоқта

 

 

Тау мен тас, бұз, адамзат, бұз, су, сөз

 

 

Қол, қотыр, пәле, жұқ, тіл, жұқ

 

 

Ауыз, сөз, көркі, жүз, көз, көркі

 

 

Өс, тіл, атақ, өшір

 

 

Шебер, сөз, біз, шешен

4-тапсырма. Мына сөздердің түбірлері мен қосымшаларын 

сызыңдар: 

білімдімен, 

өзіміздің, 

ақтөбеліктерге, 

пікірталаста, тәуелсіздігінің, Екібастұзға.

5-тапсырма. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашыңдар: 



алқымынан алды, ат тонын ала қашты, көздің жауын алды, 

жер жұтты, оқалы киім киді, мысы құрыды, сөз қонбау, ит 

өлген жер, шекесіне тиді, сырты бүтін, іші түтін.

Оқушы шығармашылығы

Т.ТАБЫНБАЕВ,

№77 орта мектебінің

9-сынып оқушысы.

Қызылорда облысы,

Арал ауданы,

Құланды елді мекені



БЕЙБІТШІЛІК – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ

Теңдік,  достық,  бостандық.  Біздің  еліміз  осындай  ұлы 

мұраттар  жолындағы  күрестің  алдыңғы  шебінде  келеді. 

Қанқұйлы соғыстың бейбітшілікті сүйетін халықты қандай 

жағдайларға  душар  еткенін  біз  тарихтан  білеміз.  Әлемде 

тек  бірлік,  бейбітшілік  болса,  адамзатқа  одан  артық  бақыт 

жоқ. Оны соғыс зардабын тартқан үлкендер ғана емес, келер 

ұрпақ  біз  де  түсінеміз.  Әрдайым  аспанымыз  ашық  болып, 

төбемізде  алтын  күн  шапағатын  шашып  тұрса,  адамдар 

арасындағы  достық  қарым-қатынастар  берік  болса  екен 

деп  тілейміз.  Бейбітшілік-ашық  аспан,  аяулы  ана  алақаны, 

әкенің  демеу  сөздері,  жас  сәбидің  тәтті  ұйқысы,  Отаныңа 

ыстық сезім.

 

Өмір  мен  достық,  бірлік  пен  бейбітшілік  туралы 



толғанбайтын жан бар ма? Бәрімізде көк аспан астында тату, 

бақытты өмір сүргіміз келеді. Бәріміз де бір ауыздан «Соғыс 

болмасын!» дейміз. Ендеше, мына жұмыр жердің бетінде әлі 

күнге дейін қырқысу мен қақтығысу неге тыйылмайды? Бүкіл 

елімізде  тек  бейбітшілік  таңының  ата  бергенін  қалаймыз. 

Бейбітшілік  жолындағы  әлем  болашағы,  арқа  сүйер 

адамзаттары  –  жас  жеткіншектердің,  балғын  бөбектердің 

күресі ерекше. Олардың айтқан достық, бірлік туралы әндері 

мен өлеңдерінен, айшықты суреттерінен «бейбітшілік» деп 

соққан пәк жүректерінің дүрсілін естиміз. Осы бейбіт өмірді 

көрмей кеткен адамдар қаншама? Халық үшін, бостандық, 

бейбітшілік  үшін  күрескен  бауырларымызды  қалай 

ұмытарсың.

 Ашық аспан – Дархан дала төсінде самал жел ойнайды. 

Бейбітшілік-құсы – ақ көгершін барлық елдерге «Достық», 

«Туысқандық»,  «Бейбітшілік»  деген  хаттар  таратуда. 

Кенеттен,  әлдеқайдан  келген  қара  күш  жер  бетін  солқ 

еткізді.  Қатты  жарылыстан  құлақ  тұнып,  дүние  қып-

қызыл өртке оранды... . Соғыс және бейбітшілік. Екеуі екі 

ұғым береді. «Соғыс» дегенде, құлаққа ышқынған автомат 

дауысы,  шырылдаған  сәби  үні  келеді.  Үлкен  аталарымыз 

бен  әжелеріміз:  «Біздің  көргенімізді  сендердің  бастарыңа 

бермей-ақ  қойсын»-деп  әрдайым  айтып  отырады.  Міне, 

соғыс  зардабы  деген  осы.  Ол  –  баланың  жетім,  ананың 

панасыз, қорғансыз қалғандығы. Ал «бейбітшілік» десе көз 

алдыма  бал-бұл  жанған  сәби  өңі,  сыңғырлаған  құрбылар 

күлкісі,    мақпал  алақанымен  аялай  еміреніп  отарған  ана 

бейнесі  жанды  жадыратқандай  болады.  Бізге,  әр  адамға, 

барлық  халыққа  тыныштық  керек.  Жер  –  Анаға  да  тек 

тыныштық қажет. Біздің елімізге және басқа халыққа ашық 

аспан, бақытты өмір, тәтті ұйқы керек емес пе?

Ендеше,  біздің  ұранымыз  –  бейбітшілік.  Бейбітшілік 

символы  –  ақ  қанатты  көгершін  аспанның  шырқау  биігіне 

көтеріле берсін.




144

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Бас редакторы – Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.



“Қазақ тілі мен әдебиеті” – 

ай сайын шығатын республикалық ғылыми-

педагогикалық және әдістемелік жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Теріп, беттеген – Айнұр ХАБИДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 

ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.

Басуға 4.12.2015 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0.

Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы –5000.

Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.



Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,

Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер...............268-32-48.

Факс......................243-15-53.   

Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru.

Жұрнал сайты: www.kazhu.kz

Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.

ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ 

НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 

ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 

ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»

 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №12, 2015 ж., 144 бет, Алматы.



жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау