14
4
Қазақ совет
әдебиеті
С.Қирабаев,
Р.Бердібаев,
Н.Ғабдуллин.
А., «Рауан», 1989.
5
Қазақ әдебиеті,
10-сынып
(хрестоматия)
Құрастырған :
Ә.Шәріпов.
А., «Рауан», 1990.
6
Қазақ әдебиеті,
10-сынып
Қ.Жұмалиев,
Т.Ақшолақов.
А., «Рауан», 1990.
7
Қазақ совет
әдебиеті,
11- сынып
С.Қирабаев,
Р.Бердібаев,
Н.Ғабдуллин.
А., «Рауан», 1991.
8
Қазақ әдебиеті,
11-сынып
Х.Әдібаев,
М.Базарбаев,
З.Қабдолов,
Р.Нұрғалиев.
А., «Рауан», 1994.
9
«Бес ғасыр
жырлайды».
М.Байділдаев,
М.Мағауин.
А., «Жазушы»,
1989.
Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың ең тиімді
жолдары: 1) алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін
маман болуы керек; 2) оқушы 5-11 сынып материалдарын
тест жаттау арқылы емес, әдебиет бағдарламасында берілген
әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру
арқылы іс жүзіне асыру керек; 3) мұғалім берілген білімнің
сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы
жүйелеп, үлгерім көрсеткішін көрсетуі керек.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Аттан биік,
Қойдан аласа.
Ол не? (Ер-тоқым)
Әкесі – тышқан,
Шешесі – құстан.
Ол не? (Жарқанат)
(Жеті жүз жұмбақ. А., «Жалын», 1985, 5, 14-беттер.)
15
Таным табиғатында
Саян ЖИРЕНОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
доценті міндетін атқарушы, ф.ғ.к.
ОККАЗИОНАЛИЗМДЕРДІң
ТІЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Тіл біліміндегі лингвокогнитивтік зерттеулер тіл та-
биғатын тануға жаңаша көзқарастарды қалыптастыруда.
Тілдік элементтерді лингвокогнитивтік аспектіде зерттеу
арқылы адамзат баласының танымдық әрекеті нәтижесінде
қалыптасқан ақпараттардың адам санасындағы жан-
жақты толығу жолдары мен тілдегі көрінісін қарастырады.
Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымы адам
болмысына тән танымдық тетіктердің тілдік және тілдік
емес әрекеттердің барлығын басқарып, кейде жадыда сақтау,
қабылдау, тарату және эмоциялық құрылымдардың тілдегі
орнын сөз етеді. Аталған мәселелерді қарастыру барысында
когнитивтік зерттеулер кеңінен қолданысқа енуде.
Когнитивтік лингвистика адам санасындағы танымдық
тетіктердің ерекшелігін қарастыруда тұлғаның тілдік
санасындағы дүниенің біртұтас болмысы мен тілдік сананың
құрылымын модельдеуге қатысты зерттеулер жүргізеді.
Аталған зерттеулердің нәтижесінде дүние болмысын
танудағы адамның үш деңгейлі психикалық қатынасын
(сезімдік қабылдау деңгейі, түсінік қалыптастыру деңгейі,
ойдың тілдегі көрінісі) қарастыру арқылы адам санасындағы
ақпараттар жиынтығы бірігіп, белгілі бір концепт жүйесін
тудырады.
В.фон Гумбольдттың «Адамның ойлау қабілеті тек
тілдік базада көрінеді» деген тұжырымына арқа сүйеу
16
арқылы тілдік элементтердің болмысындағы танымдық
қасиеттеріне адамның ойлау жүйесінің тікелей қатысты
болатындығын көруге болады. Мәселен, адам санасындағы
сыртқы факторлардың ықпалынан туындаған ақпараттар
жүйесі субъектінің эмприкалық тәжірибесімен толығып
көмкеріледі.
Лингвокогнитология
ғылымындағы
концептуалды
дүние бейнесінде жалпыадамзаттық, ұлттық, тұлғалық
танымдық әрекеттердің өзара әрекеттесуі – заңды құбылыс.
Алайда дүние бейнесі тек қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстардың қарапайым бейнесінен ғана тұрмайды,
сонымен қатар тілдік тұлғаның бейнеге деген көзқарасы
оның заттар мен құбылыстарға деген қатынасын да
көрсетеді. Адам баласына тән әлеуметтік таным жүйесі
тілдің ұлттық жүйесінде таңбалық көрініс табады және
дүниенің тілдік бейнесін құруға белсенді түрде қатысады.
Мұны тілдік жүйедегі окказионал сөздердің табиғатын
лингвокогнитивтік тұрғыдан қарастыру арқылы көруге
болады. Ал тілдегі окказианализмдер дегеніміз тіл білімінде
тосын сөз деп түсіндіріледі. Окказионализмдер – тіл
білімінің лексикология мен семасеология, лингвостилистика
салаларында қарастырылып келе жатқан тілдік бірлік.
Қазақ тіл біліміндегі соңғы кездегі ғылыми-зерттеу
жұмыстарына антропоцентристік бағыттағы мәселелерді
зерделеу мен этностың рухани мұраларын әлемдік
масштабтағы руханият әлемімен салыстыра саралау арқылы,
зерттеу нысанының басқа ғылым түрлерімен тоғыспалы
нүктеге түйістіру арқылы өзара байланысын ашу сияқты
міндеттер қойылады. Осы орайда қазақ тілі лексикалық
қабатындағы окказионализмдерді тілдік тұлғаның образды
ойлау мәнері арқылы туған қолданыстар ретінде зерттеу
жұмыстары адам ойының ұшқырлығы мен сөзінің танымдық
болмысына қатысты тың мәліметтермен танысуға болады.
17
Тілдегі окказионал қолданыстар адам табиғатына тән тілдің
динамикалық жүйесінің белсенді үдерісін көрсетеді.
Тілдегі окказионализмдердің мағыналық-мазмұнына
қатысты «Рождение слова» атты еңбегінде В.В.Лопатин «Сам
термин показывает, что подобные слова созданы однажды,
по случаю. Они созданы и живут лишь в определенном
контексте и вне этого контекста не воспроизводятся» деп
түсіндіреді [Неологизмы и окказиональное образование.
М., 1973, 25-б.]. Тілдегі окказинолды бірліктер тіл
білімінде жекелеген авторлардың шығармаларының
негізінде жекелік авторлық қолданыс ретінде біршама
қарастырылған. Н.И.Фельдман, И.С.Улуханов, А.Лыков,
В.Лопатин, Е.Земская, Л.Киселева, Э.Ханпира, Г.Мұратова,
Л.Еспекова, А.Бейсенбай, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде
окказионализмдердің табиғатына тән мәселелер біршама сөз
болады. Алайда қазақ тіл біліміндегі окказионализмдердің
зерттелу барысы соңғы уақыттарда ғана қолға алынғаны
болмаса, ертеректегі зерттеулерден окказионализмге
қатысты түбегейлі зерттеулердің аз екендігін байқауға
болады. Қазақ тіл біліміндегі окказионализмдерге
қатысты мәселелерді жеке авторлық шығармалардың тілін
зерттеген еңбектермен қатар тілдегі жаңа қолданыстармен
(неологизмдер) сабақтастықта қарастырылады. Қазақ
тіл білімінде окказионализмдердің терминдік атауымен
мағыналық түсіндірмесіне қатысты да бірізділік жоқ.
Мәселен, академик Рәбиға Сыздық окказионализмдерді
«тосын сөз» деп таныса, Х.Нұрмұханов «окказионализмдер
мәнмәтіндік қалауына қарай тек бір ғана қолданымдық
болып қызмет атқаратын сөздер» деп сипаттама береді.
А.Алдашева «Авторлық жаңа сөздер немесе индивидуальды-
авторлық сөздер» десе, Л.Еспекова «Окказионализм»,
Г.Мұратова «окказионал сөздер» деген атауды ұсынады. Ал
тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Окказионал
Достарыңызбен бөлісу: |