29
аяқтыға – жол бермейтін» шешен де емес, бірақ ешкімге
сөзден есе бермейтін «үнді» жандар болыпты.
Әр елдің бір тентегі болады дегендей, екі елдің арасында
іріткі салып, не онда жоқ, не мұнда жоқ жүрген бір жан
болыпты. Оның аты Ужан екен. Ужанның қылығына
шыдамаған ақсақалдар оның мәселесін талқыға қояды.
Ақсақалдар Фонетика хандығына жүгініпті. Фонетика
ханы мынадай шешім қабылдапты: «Дауыссыз ағайынмен
тіркескенде дауыстының, дауысты ағайынмен тіркескенде
дауыссыздың сөзін сөйлеп, екі рулы елдің арасын бітістіріп
жүретін бол» деп үкім айтыпты.
Бұл шешімді Дыбыс атаның барлық ұрпақтары қолдапты.
Сонан бері қаншама жылдар, ғасырлар өтсе де Дыбыс
хандығы тұтастығы бұзылмай іргелі ел болыпты.
Ал, енді, балалар, Дауысты ақсақал басқарған елді танып
білсек, енді Дауыссыз қария басқаратын елмен, оларды
мекендейтін дыбыстармен танысайық.
Дауыссыз елінде олардың жеті атасы өмір сүрген екен.
Сол ауылдарды аралайық.
I.Ата ауылы. Жасырынған әріптер. Бос торкөздерге
тиісті дауыссыз дыбыстарды қойсаң, жерлес ақынымыздың
«Ана тілі» туралы өлеңінен үзінді оқи аласыңдар.
II. Бергі ата ауылы. 262-жаттығу. Көп нүктенің орнына
жұп дауыссыздардың тиістісін қою.
Дауыссыз
дыбыстар
Қатаң
П, ф, к, қ, т, с,
ш, щ, ц, х, һ, ч
Ұяң
Б, в, г, ғ, д,
ж, з
Үнді
Р, л, й, м, н,
ң, (у)
30
III. Арғы ата ауылы. «Достар», «Тілек», «Білім»
сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
IV. Баба ата ауылы. Адасқан әріптерді орнына қойып
сөйлем құра:
1. а, б, л, ш, а, б, а, қ, а.
2. ғ, л, м, а , м, ұ, і.
3. м, а, л, а, қ.
V. Ұлы ата ауылы. «Аспан», «Жер» сөзіндегі дауысты
дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
VI. Түп ата ауылы. Венн диаграммасы.
Дауысты дыбыстар
Дыбыс
(ортақ)
Дауыссыз дыбыстар
Өкпеден шыққан
ауа кедергіге
ұшырамайды, тілдің,
ерін мен езудің,
жақтың қатысына
қарай бөлінеді.
Үннен тұрады.
Дыбыстау
мүшелері
арқылы
жасалады.
У дыбысы.
Өкпеден шыққан ауа
кедергіге ұшырап
шығады, қатаң, ұяң,
үнді болып бөлінеді.
Салдыр мен үннен
жасалады.
VII. Тек ата (ататек) ауылы. «Тізбектен шығып қалма»
ойыны. Әліпби тәртібімен сөздер айту, мүдірген оқушы
ойыннан шығып қалады.
Үй тапсырмасы.
1. 261-жаттығу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
2. Бірдей дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем құрау.
Бағалау.
31
Ақмарал ЖҰМАБЕКОВА,
№173 лицейдің мұғалімі.
Алматы қаласы.
ТҰЛҒАЛАС ФОРМАЛАРДЫ
САЛЫСТЫРА ҮЙРЕТУ
(Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау)
1. Да, де, та, те:
1) -да, -де, -та, -те – жатыс септігінің жалғауы. Мысалы:
Үйде қонақтар отыр.
2) Та, те, да, де – демеулік шылау. Мысалы: Үй де, бала
да тап-таза (Үй, бала тап-таза.)
2. Әрі:
1) Әрі – үстеу. Мысалы: Балалар, әрі отырыңдар (Қайда
отырыңдыр? мекен үстеу)
2) Әрі – жалғаулық шылау. Мысалы: Мұхтар Әуезов –
жазушы әрі ұстаз (М.Әуезов – жазушы, ұстаз)
3) Әрі – септеулік шылау. Мысалы: Орманнан әрі тегіс
жол бар.
3. Ы, і:
1) -ы, -і – тәуелдік жалғауының III жағы. Мысалы:
арман-ы, дәптер-і.
2) -ы, -і – сөз тудырушы жұрнақ. Мысалы: қазақы салт-
дәстүр, түркі тілдері.
4. Кейін:
1) Кейін – мезгіл үстеу. Мысалы: Ежелгі дәуір әдебиеті
кейін зерттелді (қашан зерттелді?)
2) Кейін – мекен үстеу. Мысалы: Мұрат кейін шегінді
(қайда шегінді?)
3) Кейін – септеулік шылау. Мысалы: Сабақтан кейін
кездесу болады (сабақтан шығыс септігінің жалғауы)
32
5. Қы, кі, ғы, гі:
1) -қы, -кі, -ғы, -гі – сын есім тудырушы жұрнақ. Мысалы:
Қысқы кеш те болды.
2) -қы, -кі, -ғы, -гі – қалау рай жұрнағы. Мысалы:
Оқы+ғы+м келеді.
3) -қы, -кі, -ғы, -гі – сөз тудырушы жұрнақ. Мысалы:
теп+кі, бұр+ғы, шал+ғы, соқ+қы.
6. А, е:
1) -а, -е – барыс септігінің жалғауы. Мысалы: Ел+ім+е
еңбек еткім келеді.
2) -а, -е – есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақ.
Мысалы: ойын+а, жиын+а, сын+а, дем+е, ат+а.
3) -а, -е – көсемшенің жұрнағы (көсемшенің жұрнағы
етістікке жалғанады). Мысалы: Көр+е-көр+е көсем боласың.
7. Сын, сін:
1) -сын, -сін – жіктік жалғауының III жағы. Мысалы: Ол
мектепке бар+сын. Ол мектепке кел+сін.
2) -сы+н, -сі+н, -сы – тәуелдік жалғауының III жағы, -н
– табыс септігінің жалғауы. Мысалы: Бала+сы+н оқытты.
Дәрі+сі+н әперді.
8. Ын, ін:
1) -ын, -ін – өздік етістің жұрнағы. Мысалы: Сәби өзі
ки+ін+ді.
2) -ын, -ін – сөз тудырушы жұрнақ. Мысалы: түй+ін,
жи+ын.
3) -ы+н, -і+н – жалғаулар. Мысалы: тәуелдік жалғауының
III жағы, -н – табыс септігінің жалғауы. Мысалы: Кітаб+ы+н
оқыды.
9. Ым, ім:
1) -ым, -ім – сөз тудырушы жұрнақ. Мысалы: ки+ім,
біл+ім, қыс+ым, түс+ім, әл+ім, кес+ім, өр+ім, өн+ім.
2) -ым, -ім – тәуелдік жалғауының I жағы, жекеше түрде.
Мысалы: менің бауыр+ым, дәптер+ім, біл+ім+ім, ки+ім+ім,
Достарыңызбен бөлісу: |