3
Көкейкесті көзқарас
Ардақ ҚАБДІМӘЛІКҚЫЗЫ,
№2 Қабанбай орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы
бар мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
Алматы облысы,
Алакөл ауданы.
ТЕСТ – БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ
БАҚЫЛАУДЫң БІР ТҮРІ
Білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін
бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тестік бақылау жүйесі.
Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып,
оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін,
шығармашылық әрекетін белсенді етеді.Оқушылардың
білімдеріндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім
өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ
тестілердің көмегімен оқушылардың шығармашылық
дәрежесін бақылау мүмкін емес.
«Тест» - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны
білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін
тестіні ағылшын педагогы Дж.Фишер 1864 жылы қолданған.
Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар
үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестілік әдіс талапкердің
білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды. Тест
оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал
болып табылады.
Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің
құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұ-
мыстарымен салыстырғанда тестінің артықшылығы оның
4
объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады.
Тестінің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл
тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша
тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе
көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау
ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де
тиімді.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың
түсінікті, айқын болуы.
Тестілеу үдерісін үш кезеңге бөлуге болады:
1) тестіні таңдау (тестілеудің мақсатымен және тестілеу-
дің дұрыстығымен, сенімділік дәрежесімен анықталады);
2) оны өткізу (тестіге берілген нұсқамен анықталады);
3) нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты
теориялық жүйесімен анықталады).
Үш кезеңнің үшеуінде де білікті психологтың қатысуы
қажет.
Тестілер – жеке тұлғалардың даралық психологиялық
қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын
салыстырмалы шаралармен өлшеуге арналған стандарттал-
ған тапсырмалар, психологиялық диагностиканың негізгі
әдістерінің бірі.
Тестілер төмендегідей ерекшеліктерімен сипатта-
лады: 1) қажетті жабдықтау және өткізу рәсімінің
қарапайымдылығы; 2) нәтиженің тікелей анықталуы;
3) жеке және топтық жағдайда қолданылуы; 4)
математикалық өңдеуге қолайлылығы; 5) қысқа
мерзімділігі; 6) белгіленген стандарттың (норманың)
болуы; 7) ақиқаттылығы.
Дегенмен, дәстүрлі әдіспен салыстырғанда оқушылар-
дың білім, білік, дағды деңгейін тест арқылы тексерудің
5
өзіндік кемшіліктері де бар: 1) әйтеуір іріктеу арқылы
жауапты кездейсоқ табудың басым мүмкіндігі; 2) әрекет
нәтижесінің тек соңын тексеру; 3) мұғалімнің қиын
жағдайда тап болуы, көбінесе оқушының логикалық ойлау
деңгейін анықтауға мүмкіндіктің болмауы. Тестік бақылау
жұмыстары оқушылардың білім сапасын тексеруде негізгі
нысаны болып қала алмайды, керісінше, ол оқушылардың
білім, білік, дағдысын анықтауда басқа да бақылау әдістерімен
және нысандарымен үйлесіп қолданылуы керек. Сөйтсе де
тестік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен
тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға
нақты мүмкіндік туады.
Тестілік тапсырмаларды орындату барысында мұғалім-
нің оқушыларға тест туралы қарапайым ұғымдарды түсінді-
ре отырып тапсырманы орындау әдісімен таныстырып
кеткені де абзал. Мысалы, берілген белгілі бір уақытта
үлгеру үшін оқушылар №1 сұрақпен танысып, егер сұрақтың
нақты жауабын білетін болса, бірден белгілеп, келесі
сұраққа көшіп отырады, ал егер сұрақтың жауабын бірден
есіне түсіре алмаса, уақытын жауап іздеп жоғалтпай, бірден
екінші сұраққа көшкені дұрыс. Осы әдіспен тестің аяғына
шыққан оқушы жауабын таба алмаған сұрақтарға басынан
бастап қайта оралып, нақты жауапты іздеуге алғашқыдан
сәл көбірек уақыт бөлу арқылы шешуін тауып, тағы да
келесі сұрақтарға көшіп отырады. Міне, осылай тестілік
тапсырманы бас-аяғына дейін екі-үш рет айналып шыққан
оқушы берілген уақытта тапсырманы толық әрі сапалы
орындауға мүмкіндік алады.
Бір пән бойынша берілген тестілік тапсырманы орындау-
ға бір академиялық сағат (45 минут) бөлінеді. Тестілік
тапсырмаларды сыныптың барлық оқушылары бір мезгілде
және әр оқушы дербес орындайды. Тестілік тапсырмалар
жазбаша түрде (компьютерлік нұсқада) теріліп, әр оқушыға
6
беріледі.
Берілген тест түрлерін оқу үрдісінде қолдану арқылы
мұғалім өзінің педагогикалық-әдістемелік шеберлігін
үздіксіз бақылауды жүзеге асыра алады. Оқушы білімі мен
білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін
анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің
жолдарын белгілейді. Сонымен қатар бұл тестілермен жұмыс
істеу барысында оқушыларда өзінің оқу жұмысындағы
жетістіктері мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер
алып, нәтижесін үлгімен салыстырып, өз еңбегіне талдау
жасап, практикалық қызмет атқарып, өз табысынан ләззат
алуға, сөйтіп білім мен ғылымға деген құштарлығын
арттыруға дағдыланады.
Тестілеу жұмысын ұйымдастырып, оның қорытынды-
сын жан-жақты талдаудан өткізген мұғалімдер тестілік
талдаудың нәтижесіне сүйене, алдағы уақыттағы жұмыс
жоспарын құруы тиіс. Тестілік бағалаудың мынадай ережесі
бар. Егер тест ережесі бойынша он сұрақ болса, оқушы сол
сұрақтарға дұрыс жауап бере алған жағдайда 10 ұпай алып,
«5» бағасына ие болады. Берілген тапсырманың сегіз-тоғыз
сұрақтарына жауап дұрыс берілсе – «4», алты-жеті сұраққа
жауап берілсе, «3» деген баға қойылады. Оқушы төрт-бес
сұраққа дұрыс жауап қайтарса, «2» қойылады, ал үштен ғана
тапсырма орындалса, оқушы «1» деген баға алады.
Тест бірнеше нұсқадан жасалса, оқушылар қайтарылған
жауапты бірінен-бірі көшіре алмайды. Мұндайда әр оқушы
өзіне берілген тест тапсырмаларымен шұғылданатын
болады.
Мектепте оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді
жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын
тестінің бірнеше түрлері бар.
Тестінің түрлері:
1. Толықтыру тесті. Оқушыларға тапсырма сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: |