14
4
Қазақ совет
әдебиеті
С.Қирабаев,
Р.Бердібаев,
Н.Ғабдуллин.
А., «Рауан», 1989.
5
Қазақ
әдебиеті,
10-сынып
(хрестоматия)
Құрастырған :
Ә.Шәріпов.
А., «Рауан», 1990.
6
Қазақ әдебиеті,
10-сынып
Қ.Жұмалиев,
Т.Ақшолақов.
А., «Рауан», 1990.
7
Қазақ совет
әдебиеті,
11- сынып
С.Қирабаев,
Р.Бердібаев,
Н.Ғабдуллин.
А., «Рауан», 1991.
8
Қазақ әдебиеті,
11-сынып
Х.Әдібаев,
М.Базарбаев,
З.Қабдолов,
Р.Нұрғалиев.
А., «Рауан», 1994.
9
«Бес ғасыр
жырлайды».
М.Байділдаев,
М.Мағауин.
А., «Жазушы»,
1989.
Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың ең тиімді
жолдары: 1) алдымен пән мұғалімі өз пәнін жетік білетін
маман болуы керек; 2) оқушы 5-11 сынып материалдарын
тест жаттау арқылы емес, әдебиет бағдарламасында берілген
әр тақырыпты оқып, білім жүйесін күнделікті арттыру
арқылы іс жүзіне асыру керек; 3) мұғалім берілген білімнің
сапасын аптасына кем дегенде үш рет мониторинг арқылы
жүйелеп, үлгерім көрсеткішін көрсетуі керек.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Аттан биік,
Қойдан аласа.
Ол не?
(Ер-тоқым)
Әкесі – тышқан,
Шешесі – құстан.
Ол не?
(Жарқанат)
(Жеті жүз жұмбақ. А., «Жалын», 1985, 5, 14-беттер.)
15
Таным табиғатында
Саян ЖИРЕНОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
доценті міндетін атқарушы, ф.ғ.к.
ОККАЗИОНАЛИЗМДЕРДІң
ТІЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Тіл біліміндегі лингвокогнитивтік зерттеулер тіл та-
биғатын тануға жаңаша көзқарастарды қалыптастыруда.
Тілдік элементтерді лингвокогнитивтік аспектіде зерттеу
арқылы адамзат баласының танымдық әрекеті нәтижесінде
қалыптасқан ақпараттардың адам санасындағы жан-
жақты толығу жолдары мен тілдегі көрінісін қарастырады.
Тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымы адам
болмысына тән танымдық тетіктердің тілдік және тілдік
емес әрекеттердің барлығын басқарып, кейде жадыда сақтау,
қабылдау, тарату және эмоциялық құрылымдардың тілдегі
орнын сөз етеді. Аталған мәселелерді қарастыру барысында
когнитивтік зерттеулер кеңінен қолданысқа енуде.
Когнитивтік лингвистика адам санасындағы танымдық
тетіктердің ерекшелігін қарастыруда тұлғаның тілдік
санасындағы дүниенің біртұтас болмысы мен тілдік сананың
құрылымын модельдеуге қатысты зерттеулер жүргізеді.
Аталған зерттеулердің нәтижесінде дүние болмысын
танудағы адамның үш деңгейлі психикалық қатынасын
(сезімдік қабылдау деңгейі, түсінік қалыптастыру деңгейі,
ойдың тілдегі көрінісі) қарастыру арқылы адам санасындағы
ақпараттар жиынтығы бірігіп, белгілі бір концепт жүйесін
тудырады.
В.фон Гумбольдттың «Адамның ойлау қабілеті тек
тілдік базада көрінеді» деген тұжырымына арқа сүйеу