«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет34/34
Дата10.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#18787
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

130
Топтастыру  схемасы  бойынша  әр  түрлі  жанрдағы 
шығармаларына  сүйене  отырып  оқушыларға  түсіндіремін, 
мәлімет беремін.
Магнитофоннан Жүсіпбектің «Екі жирен» әні тыңдалады. 
Оқушылардың  жаңа  тақырыпты  түсінгенін  INSERT 
стратегиясын қолдана отырып тексеремін.
Білемін 
Білдім 
Мен үшін жаңа 
ақпарат
Мені таң 
қалдырады
Оқушылардың  сабаққа  қатысуларына  қарай  білімдерін 
бағалаймын.
Үйге тапсырма: «Әнші» әңгімесінен үзінді оқу.
 
Жүсіпбек 
Аймауытов 
(1889-1931) 
психолог 
ақын 
прозаик 
ғалым-
зерттеуші 
драматург 
аудармашы 
журналист 
ағартушы 


131
Роза БАЙКУБЕНОВА, 
Абай атындағы орта мектептің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті  ауданы,
Бастаушы ауылы.
«КӨКСЕРЕК» ӘңГІМЕСІНДЕГІ 
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ
(7-сынып)
Мақсаты:  1)  әңгіме  мазмұны  арқылы  басты  кейіп-
керлердің іс-әрекеттеріне, автордың көзқарасына бойлау; 2) 
оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны 
тануға,  ой  толғауға  дағдыландыру,  іздендіру;  3)  табиғатты 
қорғауға, аялауға, адамгершілікке баулу.
Тәсілі: сын тұрғысынан ойлау.   Көрнекілігі: жазушының 
портреті, табиғат аясындағы қасқырдың  суреті, куб, кеспе 
қағаздар. 
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Ой  қозғау.  Қай  жазушының  шығармасын  алсақ  та, 
табиғат мәселесі назардан тыс қалған емес. Балалар, мына 
сөйлемге назар аударайық.
Табиғат  –  күллі  тіршілік  атаулының  құтты  қоныс-
мекені, алтын ұя, талбесігі.
1. Осы сөйлемді оқығанда еске, ойға алдымен не түседі ? 
Табиғат дегеніміз не?
Табиғат -------   Қоршаған орта
              --------  Халық қазынасы
2. Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын 
бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?


132
Енді әңгіменің композициялық құрылысын талдайық.
І. Басталуы               Қасқырлар мекені.  Бөлтіріктер.
ІІ. Байланыс             Көксеректің ұяластарымен табысуы.
ІІІ. Дамуы.   
Қараадыр еліндегі мазасыздық.
ІV. Шарықтау шегі  Құрмаштың қазасы.
V. Шешімі    
Көксеректің жазасы.
Әңгіменің басты кейіпкерлерін жүйелейік.
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
Ойға келген сөз бен сөз тіркестерін жаз.
        Дала  санитары,  ит-құс,  саналы,  перзент,  қомағай, 
қасқыр, жыртқыш, тірі ағза, адам, еңбектенуші, табиғат, 
перзенті, дала тағысы, ой иесі, әрекеттенуші.
Кубизм стратегиясы. 
1. Суретте.           Көксеректің портреті.
2. Зертте.                 Қасқыр туралы  тағы қандай әңгімелерді 
білесіңдер ?
3. Салыстыр.        Дала тағысы – Көксерек.
4. Қолдан.           Көксерек туралы ел не дейді?
5. Дәлелде.          Көксеректің  Құрмашқа  бас  салуының 
себебі не ?
6. Талда.            Көксеректің қатыгездігі.
Еркін жауап. 
1. Қасқыр апанын адамдар неліктен ойрандады? Адамның 
әрекетін бағала.
2. Қасқыр мен адамның іс-әрекетінде ұқсастық бар ма?
Венн диаграммасы. 
Көксерек                   ортақ   
      Аққасқа 
Қасқырға  байланысты  мақал-мәтелдерді  жи-
нақтаңдар.
1. Қасқырды қанша асырасаң да тоғайға қарап ұлиды.
2. Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан. 
3. Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады.
4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар. 


133
5. Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
Проблемалық сұрақтарға жауап алу.
1. Көксерек неге адамдар арасына сіңісіп кете алмады?
2.  Неге  Көксерек  Құрмаштан  гөрі  ақ  қасқырмен  тез 
бауырласты?
3. Қасқырды қолға үйретуге бола ма?
4. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
Таблицаны толтырыңдар.
Тарау
Бөлімі
Оқиға
Іс-әрекет
Мінездеме
Сабақты қорытындылау.
Үйге:    әңгімеде  көтерілген  мәселе  бойынша    «Табиғат-
Адам»  тақырыбына  байланысты  ойбөліске  дайындалып 
келу.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Тау басына шөп шықты,
Шөп шыққанда көп шықты.
Ол не?
                                (Бас пен шаш)
Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты.
Ол не?
                                (Үтік) 
(Жеті жүз жұмбақ. А., «Жалын», 1985, 9, 10-беттер.)


134
Жанна БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан облысының
Ақжайық ауданындағы 
«Алғабас» жалпы орта білім 
беретін мектебінің мұғалімі.
ФАРИЗА ӨЛЕңДЕРІНІң 
КӨРКЕМДІК ӨРНЕКТЕРІ
Фариза  Оңғарсынова  өзінің  әрбір  туындысында  сөзбен 
сурет салады, оның балаларға арналған өлеңдерінің көбі өте 
кестелі, тілге оралымды. 
Ақын  өлеңдерінде  антоним  сөздерді  өзінің  жанына 
жақын тұтып, ерекше  ой мен көңілдің әуендеріне бүйрегі 
бұрғаны  айқын  аңғарылады.  Фариза  Оңғарсынованың 
«Бала»  атты  өлеңінің  барлық  шумағында  да  антоним 
сөздер кездеседі. Әсіресе,  «жақсы» мен  «жаман»  сөзі  төрт 
шумақта  да  қайталаумен  берілген  (Өлеңнен  үзінділер 
ақынның «Атамұра» баспасынан 2002 жылы шыққан «Дауа» 
жинағынан алынды). Қайталау – оқырман назарын айрықша 
аударуға ерекше мән беру дегенді білдіреді. 
Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
Сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,
Жаман бала жауына талатады.
Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,
Байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,
Жаман бала тірілей өлтіреді (263-бет).
«Жүрек , сенсің Отаным, қоғамым да» атты өлеңінде:
Сенсіз жоқпын ғұмырға бұл түріммен,
Сенен бөлек тыншыман, кірпік ілмен.
Менің барлық жек көру, сүюлерім


135
Басталады өзіңнің лүпіліңнен,- деп толғанады.
Тойған жер, тойымсыз жер, тойлы дала
бай әлі сүріндірер ой-жыраға.
Сұңқар жыр аспанында саңқылдайды,
мұң тастап ойсызға да, ойлыға да. 
(«Мақатаев туралы жыр», 195-бет)
Бұл  шумақтың  төртінші  тармағында  «ойсыз»  бен 
«ойлы»  деген  сөздер  болымды  және  болымсыз  мағынада 
қолданылған. 
Арман деген елесті қуып келем
алып-ұшқан жастықтың тұлпарымен.
Бірде ысиды, біресе суып денем
алған сайын әр белес, қырқаны мен. 
(«Арман деген елесті қуып келем», 6-бет).
Бұл  үзіндіде  бірінші,екінші  және  төртінші  тармақтар 
бірыңғай  дауысты  «а»  дыбысы  қайталанып  келген  болса, 
поэзияда  қайталанып  келетін  бірыңғай  дауысты  дыбыстар 
ассонанс  болып  есептеледі.  Олар  өлеңнің  көркін  келтіріп, 
құлаққа  жағымды  естіледі.  Ал  үшінші  тармақта  кездескен 
«ысиды»,  «суып»  деген  антонимдер  «денем»  деген  сөзбен 
тіркеседі. 
Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
мен сені аялаймын. («Өлең», 38-бет).
Ақын  өлеңінде  күн  мен  түннің,  жансыз  заттардың 
күресі суреттелуі кейіпкердің жан дүниесіндегі алай-түлей 
сезіммен ұштасып, астарласып жатыр.
Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге
(көрмегендей сырт берер – сүріңдің бе).
Ісі бітсе, ісі жоқ сеніменен,
өлдің бе, тірілдің бе.  


136
Көгершін ТӨЛЕУБАЕВА,
Семей қаласындағы
 жалпы орта білім беретін
№3 мектеп-кешенінің мұғалімі.
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН  
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫң МӘНІ
(9-сынып)
Сәкен  Сейфуллин  поэтикасында  рәміз  дәрежесіне 
көтерілген бірнеше тұрақты образ бар: асау тұлпар, қызыл 
сұңқар,  аққу,  домбыра,  экспресс,  альбатрос,  сырсандық, 
толқын.  Осылардың    ішінде    сұлулық,  тазалық  идеалы 
ретінде алынатын бейне – аққу. 
«Аққудың  айырылуы»  поэмасында  ақын  аллегориялық 
тәсілмен  көркем  ой  айта  білген,  мәңгілік  махаббатты 
жырлаған.
(«Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге», 265-бет).
Ақын өлеңдерінде антонимдік ойларды орынды жұмсай 
отырып,  қазақ  тілінің  мағыналық  жағына  нұр  құяды, 
поэтикалық әсерді арттырады. Аталған антонимдердің көбі 
сырттай  қарағанда,  тіпті  де,  антоним  еместей,  мағыналы 
антоним туып кеткендей: «көтерілу» – «құлау», «жалғыздық» 
– «топтану» , «шаттық» – «мұң», т.б. Осыларды иіп әкеліп 
өлеңге салғанда антоним бола кетеді.
Фариза ақын шағармасындағы өзекті өрімінің бір бағыты 
алдыңғы буынның кейінгі толқынға әсерінен көрінсе, екінші 
арнасы аға ұрпақтың соңғы өскінінің үйренері бар өнегесінен 
де әдемі жарастық тауып жатады.
   
   
 


137
Сәкен  Сейфуллин  өз  шығармашылығында  азаматтық 
позицияны  бірінші  қатарға  қойған,  өнердің  әлеуметтік, 
тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы 
қоғамға  қолма-қол  ықпал  жасауды  ойлаған.  Оның  барлық 
жанрдағы  туындыларының  басты  бір  ерекшелігі  –  өз 
заманының,  уақыттың  көкейкесті  мәселелерін  көтеріп, 
соларға  көркемдік  идеялық  саралау  жасауында  жатыр. 
Кезінде  көп  дау-дамай  тудырған  «Қызыл  ат»  поэмасында 
ақын  өзі  бұрыннан  да  сәтімен  қолданған,  аллегориялық 
әдіспен  Қазақстандағы  коллективтендіру  кезінде  кеткен 
үлкен қателіктерді, солардың кесапатынан туған трагедиялық 
қиындықтарды, ащы шындықтарды жасырмай айтады.  
Ақын мен Қызыл аттың айтысына құрылған бұл туындыны 
қазақ  поэзиясындағы  ең  уытты  әлеуметтік  сатира  деуге 
болады.  Саяси  сауаттары  төмен  белсенділер  әшкерлене 
сыналады,  аштық  кеселінен  адам  шығындары  болғанын 
патриот  ақын  жасырмай  айтады.  «Қызыл  ат»  поэмасында 
Сәкен  Сейфуллин  өмірдің  трагедиялық  қайшылықтарын 
ашық айтып, дәл бейнелеп, болашақ бағдарларды көрсетуге 
мүмкіндік  беретін  әр  түрлі  көркемдік  формаларды, 
шарттылық тәсілдерді пайдаланды.  
Сөзге  шешен,  домбырашы,  саятшы,  аңшы  әкесі 
Сейфолланың  көп  істері,  әрекет-қимылы,  мінез  қалыбы 
болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. 
Еркелікті  білмейтін,  орынсыз  күлкіге,  жылауға  жоқ  бала 
шешесі  Жамалдың  ертегілерін  тыңдаудан  жалықпайды. 
Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-
хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «Орысша 
тіл үйрен, орысша оқу үйрен» деп Нілді зауытына жібереді. 
Тоғыз  жасында  ауылдан  кетіп,  кенішке  келген  Сәкен  бір 
орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр 
түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір 
жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. 


138
Кеше  ата-ана  алақанына  салған  бақытты  бала  –  бүгін  кісі 
есігінде. Кеше кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат 
ауылда  болса,  бүгін  түтіні  аспанға  шаншылған  зауыт, 
балғаларды  дүрсілдете  соғып,  көк  темірді  сағызша  илеген 
ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіп ереуілге шыққан 
жұмысшылардың  арасында.  Жеті  қат  жер  астындағы 
шыңырауға  түсіп,  көздері  ғана  жылтырап,  шаршап 
шалдығып  шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан 
машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, 
жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, 
зерек, есті бала жүрегіне ыза, намыс,кек болып байланады. 
Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады. 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  деп  аталатын  романы  Омбы 
семинариясын  бітіріп,  1916  жылы  Ақмола  уезіне  келіп, 
Бұғылы  еліндегі  ауылдық  мектепке  мұғалім  болып 
тағайындалған  жас  Сәкен  Сейфулиннің  оқу  басталғанға 
дейін  жалпы  Ресейде  өтіп  жатқан  санақ  жұмысына  қалай 
араласқанын баяндаудан басталады.
Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан 
кешкен,  не  өзі  көзімен  көрген,  не  өзі  естіген  оқиғалар 
жүйесі  құрайтындықтан,  шығарманың  автобиографиялық, 
тіпті  мемуаралық  сипаты  сезіліп  тұрады.  Мұның  үстіне 
Қазақстан  өміріндегі  аса  маңызды  әлеуметтік  қоғамдық 
істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт-
азаттық  қозғалысы,  төңкеріс  жылдарының  көрінісі  нақты 
дерекпен  объективті  тұрғыда  көрсетілгендіктен    де,  бұл 
туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар 
бағдарламаларын,  түрлі  қоғам  қайраткерлерінің  дүние 
танымын,  мақсаттарын,  заман  шындығын  дәл  беру  үшін 
жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз 
қалпында дәйексөз түрінде алып отырады. Ондай көркемдік 
тәсілдер  шығармаға  көсемсөз,  журналистика  элементтерін 
ендірген.


139
Ақмарал ҮМБЕТИЯРОВА,
Жаңаөңір негізгі 
мектебінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы.
БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ 
ЕТІСТІК
(6-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  а)  болымды  және  болымсыз 
етістіктің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын түсіндіру, 
меңгерту;  ә)  адамгершілікке,  салауатты  өмірге,  спортпен 
шұғылдануға  тәрбиелеу;  б)  теориялық  білімін  жетілдіру, 
сатылай кешенді талдауға үйрету.
Түрі:  жаңа  материалды  меңгерту.  Әдісі:  жарыс  сабақ. 
Көрнекілігі:  болымды  және  болымсыз  етістіктің  кестесі, 
спорттық  жарыс  түрлерінің  суреттері.  Пәнаралық 
байланыс: әдебиет, дене шынықтыру. 
Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар 
берген  жаңашыл  жазушы  қаламынан  туған  шығармалар 
халық  өмірінің  ең  бір  көкейкесті  тақырыптарын  қопара 
көрсетіп,  жанды  бейне,  көркем  образдар  арқылы  терең 
идеялар  айтып,  эстетикалық  игіліктер  жасады.  Ұлттық 
әдебиетке  төңкерістік  мазмұн,  жаңа  форма,  асқақ  идея 
әкелген  жазушы  туындылары  халқымыздың  рухани 
қазынасын қорландыра түсті.
   
   
 


140
Сабақтың өту барысы. 
1.  Ұйымдастыру.  Сынып  оқушыларымен  амандасу, 
түгелдеу. Сабаққа даярлығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 226, 227-жаттығулар.
«Хоккей» ойынын ойнау арқылы тексеремін.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.  Қимылдың,  іс-әрекеттің  болуын  білдіретін  етістікті 
болымды етістік деп атайды. Мысалы: бар, оқы, айт, біл, 
көр, т.б.
2.  Қимылдың,  іс-әрекеттің  болмауын,  іске  аспауын 
білдіретін етістікті болымсыз етістік деп атайды. Олар -ма, 
-ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  жұрнақтары  арқылы  және  жоқ,  емес 
көмекші  сөздерінің  тіркесуі  арқылы  жасалады.  Мысалы: 
бар-ма, айт-па, айтқан жоқ, жазар емес.
4. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
1-деңгей. «Біліміңді байқап көр». Шаңғы тебу арқылы 
жарысамыз.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
4. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
5. Болымды етістік дегеніміз не?
6. Болымсыз етістік дегеніміз не?
Мақал-мәтелдерден  етістікті  тауып,  сатылай  кешенді 
талдау жүргіз.
1. Көп қорқытады,
    Терең батырады.
2. Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
3. Анаңа ауыр сөз айтпа,
    Атыңа ауыр жүк артпа.
4. Жаман атқа жал бітсе,
    Жанына торсық байлатпас.


141
   
   
 
2-деңгей. Конькимен сырғанау. 
228, 229, 230, 231, 232-жаттығулар.
3-деңгей. Биатлонмен жарыс.
Терме диктант.
Шаңғы тебу шеберлігі.
Шаңғы  қарға  батпайды,  оңай  сырғанауға  көмектеседі. 
Демек, сен қармен жаяу жүргендей немесе құм кешкендей 
қиналмай,  ауқымды  қашықтықты  қиындықсыз  жүріп  өте 
аласың.  Бір  кездері  шаңғылар  ауыр  әрі  ыңғайсыз  болса, 
қазіргілер жеңіл де берік, төзімді болып келеді.
4-деңгей. Трамплиннен секіру. «Кім көп біледі?»
Тыйым  сөздер  айту.  Тірек  сөздер:  үлкен,  адамгершілік, 
кемтар,  құстың,  шөпті.  Мысалы:  Үлкен  адамның  жолын 
кеспе.  Кемтар  адамға  күлме.  Құстың  ұясын  бұзба.  Шөпті 
жұлма. Айға қолыңды шошайтпа. Тізеңді құшақтама.
5. Сабақты қорытындылау.
Венн диаграммасы.
6.  Үйге  тапсырма:  көркем  әдебиеттен  болымды  және 
болымсыз етістікке сөйлемдер тауып жазу. 
 
 
Болымды  
 
Болымсыз  


142
Гүлзира САҒЫНБАЙҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласындағы 
№197 қазақ орта мектебінің
мұғалімі.
ПІКІРТАЛАС МӘДЕНИЕТІНІң     
ТАЛАПТАРЫ
Сабақтың мақсаты: 1) пікірталас қажеттілігін түсінді-
ру, маңызына,  талаптарына тоқталу; 2) өзгені тыңдай білуге, 
сараптай  білуге,  талаптарды  сақтай  білуге  тәрбиелеу;  3) 
ақыл-ой қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
Типі:    жаңа  материалды  меңгерту.  Әдісі:    сұрақ-жауап, 
түсіндіру,  әңгімелеу.  Көрнекілігі:  слайдтар,  шешендік 
сөздер,электрондық  оқулық.  Пәнаралық  байланыс: 
әдебиет.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру:  а)  амандасу,  түгелдеу;  ә)  сынып  таза-
лығын қадағалау; б) сабаққа назар аударту.
Ой  шақыру.  Пікір  дегеніміз  не?  Пікірталас  туралы  не 
ойлайсың?  Оны  қайдан  көруге  болады?  Пікірталастың  оң, 
теріс жақтары туралы не айтуға болады? Пікірталас және 
мәдениет сөзінің арасында жақындық бар ма?
Жаңа  сабақ.  Пікірталас  мәдениетінің  талаптары  
тақырыбындағы сабағымызды бастаймыз.
Демократиялық  қоғамның  басты  белгілерінің  бірі  –  сөз 
еркіндігінің өріс алуы.
Бүгінгі уақыт талабы әр адамның өз көзқарасын, пікірін 
қорғай  білуін,  өз  ойын  дұрыс  жеткізе  алуын  қажет  етеді. 
(Бұдан әрі оқулықтың 180, 181-бетіндегі теориялық мәлімет 
пайдаланылды)
223-тапсырма. Ой түйін: 1. Пікірталас – адамның ақыл-


143
   
   
 
ой қабілетінің дамуының басты тетігі. 2. Пікірталас – белгілі 
бір  қоғамдағы  айтыс,  тартыс,  дау.  3.  Жастарды  қоғамға 
араласу белсенділігін арттыру. 
224-тапсырма. 
Қорытындылау.  Пікірталастың  өзіне  тән  қағидалары, 
ережелері, заңдылықтары, тәртібі бар екенін есте сақтайық.
Пікірталаста алдыңғы орыннан көрінейік.
Үйге тапсырма: 225-тапсырма.
Бағалау.
1. Пікірталас  мәдениетінің талаптары:
А) тақырыптан ауытқымау, сөйлеу шеберлігі, регламент 
сақтау;
Ә) ақыл-ой көзқарасты жетілдіру;
Б) пікірдің дұрыстығы, шұғыл шешім қабылдау.
2. Шешенге қойылатын талаптар:
А) өзіндік айқын көзқарастың,позицияның болуы;
Ә) тілдік қабілеті мол , білімді, шыншыл, аңғарымпаз;
Б) регламент сақтау.
3. Пікірталастың сипатын анықтайтын белгілер:
А)  мақсаты,  әлеуметтік  мәні  ,қатысушы  саны,өткізілу 
сипаты;
Ә) қарсыластың деңгейі.
Б) шұғыл шешім қабылдау.
4. Регламент сақтау:
А)  мәжілісті  жүргізудегі  келісілген  уақыт  мөлшері, 
өлшемі (белгілеу, сақтау);
Ә) сөз тауып шығу;
Б) сөз қақтығысынан жол табу.


144
Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті» – 
ай сайын шығатын республикалық ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.
Корректоры – Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.
Басуға 24.10.2011ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 3781.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы
Гайдар көшесі, 123-үй. Бас редактордың қабылдау 
бөлмесі және бөлімдер...............256-06-46.
Факс..............................................256-13-41.   
электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru.
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43.      
ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 
ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»
 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №10, 2011ж., 144 бет, Алматы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау