72
Аузы, мұрны бар. Белі буулы, жеңі сұғулы, төсегі салулы.
Ішпейді, жемейді. Қолдан жасайды. Базарда сатады. Қыз
балалар ойнайды, бірінен бірі алады. Қуыршақ үндемейді.
Берсе кетеді, алса келеді. Тіл болмайды, үн болмайды.
Жоқ, бекер, қуыршақ үлкен кісі. Аяғы-қолы бар. Аузы-
мұрны бар. Белі буулы, жеңі сұғулы, төсегі салулы. Ішеді,
жейді. Қолдан жасамайды, қатыннан туады. Базарда
сатпайды, қазақта сатады. Сақалды балалар ойнайды.
Бірінен-бірі алады. Берсе кетеді, алса келеді. Тіл болмайды,
үн болмайды» [3.3].
Бұл үзіндіден аңғаратынымыз сөздік-тілдік ирония емес,
мәнмәтіндегі ой ойнақылығы арқылы жанды мен жансыз
затты шендестіре отырып, өмір оқиғаларына мысқылдық
реңк дарытатын сатираның астарындағы суретті шенеушілік
ирония. Әңгіменің финалдық қорытындысында да ирония
араласып отырады:
«Қыз ертеңіне Әбдірақыммен кетті.
Бостандық! Міне, қуыршақ! Міне, ойын!»
Ілияс Жансүгірұлы сықақтары мен ирониясының
бір ерекшелігі – салыстыра шолу, ұқсата елестету,
құбылыстарды аналогияларға құра суреттеу мен ширықтыра
тәмсілдеу болып табылады. Ол бір нәрсені шенеу үшін әуелі
фольклордан немесе өткен кезең оқиғаларынан бір эпизодты
көзге елестетіп алатыны бар. Содан кейін айтылмақ жайға
ауысады.
«Ұяның ұясы – Қожаның дорбасы», «Сұрпақпай сұғанақ»
фельетондарында салыстырулар арқылы ирониялық
шендестірулерді сәтті пайдаланады. Мысалы: «Садағасы
кеткір Қожанасыр отағасы аңқау дейін десем – арамза, арамза
дейін десем – аңқау. О кісіні біреу әулие дейді, біреу әумин
дейді, біреу тәңірдің ерке, шолжаң досы дейді, біреу сопы
дейді. «Бұқа болсын, шорт болсын, балаларға сүт болсын»
деп өзі айтқандай, кім болса о болсын, менің білуімше,
әйтеуір қылғанға қылып кеткен адам. Бұл – бір. «Алыстан
73
арбалағанша, жақыннан дорбалаған» үй арасы, боқ арасы
– ұры адам. Бұл – екі. Асқан суайт адам. Бұл – үш» [3.29].
Осылайша Қожанасыр туралы өз ойын жинақтағаннан кейін
Шалқар ауданының 10-аулындағы оқиғаға ауысады. Ондағы
Қожанасырдың тірлігіне ұқсас жайларды баяндап, екеуінің
арасындағы
сабақтастықтың, ұқсастықтың сырын ашады.
«Сұрпақбай сұғанақ» фельетонында да Сұрпақбай
деген кісінің «ерекше қасиетімен» таныстырғаннан кейін
«Әлдеқашан өлді деп жүрген Сұрпақбай сұғанақ жақында
сопаң етіп Қызылордадан шыға келді. Сұрпекең осында
екен. Аты да, заты да өзгеріпті» деп оқиғаны баяндауға
көшеді. Шығарма соңында екі жағдайды салыстыра
сипаттайды: «Ана Сұрпақбай биенің қартасын, қойдың төсін
салып Қаракөз келінге: «мә!» десе, мына Сұрпақбай үйіндегі
баласын көтеріп жүрген жігітке сарала атты мінгізіп, сары
дөнежін нарды жетектетіп бір түйе, бір атты «мә!» дейді!».
Жазушы ирониясындағы салыстырулардың бір түрі –
дерексіз нәрсені деректі нәрселермен салыстыра суреттеу.
Мұндай ұқсатулардың астарында зиянды дерттердің
(құбылыстардың) өзіндік белгілерінің жақындығын
ескертіп, жирендіру мақсаты жатады. “Төрешілдіктің
түрлері» фельетонында бүйі мен бюрократты былайша
салыстырады: «Менше бюрократшылдық – бүйішілдіктің
ағайын-тағайыны. Оның да ұясы болады. Ол да – улы
жәндік. Бұл да шағады. Шаққан жеріне зәрін жаяды. Олай
болса, бүйі мен бюрократтың арасындағы айырма қайсы?
Бюрократ бүйі болмасын, ендеше – ауру. Ауру болғанда
жұқпалы. Жұқпалы болғанда – мандам. Мандам болғанда
– ашса арылмайтын, қазса аршылмайтын түкпір-түкпірдің
бәріне ұялап, жұмыртқалап жатқан бір дерт...» [3.56].
Осы секілді «Кімді кім?» фельетонында автор «Социа-
лизм жеңер ме екен, бит жеңер ме екен?» деген сұраққа орай
ой өрбітеді. «Өйткені «бит» дегенмен, «биттей» дегенмен,