«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет21/34
Дата10.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#18787
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

78
Марат БЕКБОСЫНОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
«Абайтану» ғылыми-зерттеу 
орталығының  аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.
ШЕРНИЯЗДЫң «БАЙМАҒАМБЕТ 
СҰЛТАНҒА АЙТҚАНЫ»
                                 (Бастапқы бөлігі өткен санда)
Шернияз Баймағамбетті осылайша  мақтамен бауыздап, 
ел  дұшпаны,  патшаның  сүйкімдісі  болғанын,  ел  қамқоры 
Исатай сынды ерлерді өлтіргенін «мақтау» арқылы халыққа 
оны  барынша  жеккөрінішті  етіп  бейнелеген.  Бұдан  соң 
Шернияз  Баймағамбеттің  бұйыруымен  оның  алты  қызын, 
әйелін, сонан соң өзін жамандайды. Шернияз өлеңінен бізге 
әдеби-тағылымдық  мәнде  керегі:  –  оның  Баймағамбетті 
жамандағанда  не  үшін,  қандай  ісі  үшін  жамандағаны. 
Сондықтан  бұл  жерде  қыздарын,  әйелін  жамандаған 
жерлерін емес, Баймағамбетті не деп жамандағанын оқиық.
Ар жақта Арынғазы дүбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген?
Төре кетіп, төбеде төбет қалып,
Туып тұр ел басына  «бұл күн» деген.
Кешегі Исатайдай асыл ерді
Дұшпанға ұстап бердің тіл білмеген.
Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған,
Төре емессің, төбетсің дым білмеген!
Орыс  орман қол салып ордамызға,
Заманға ұшырадық  «бүлгін» деген.
Айдаттың жалғыз бауырың Исатайды,
Сенен де қалмақ жақсы шүлдірлеген.
Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас,
Қас итсің қасыңа да адам жуымас.


79
Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас!
Сәбит Мұқанов «Шернияз Жарылғасұлы» атты очеркінде 
Шернияздың  Баймағамбетті  жамандаған  осы  Алыш  пен 
Омарбек  ақындардың  нұсқаларындағы  шумақтардан  өзге 
Шашубай ақын нұсқасындағы мына өлеңді де келтірген:
Хан емессің, қабансың,
Қара албасты басқырсың!
Достың келіп састырсын,
Дұшпаның келіп басқа ұрсын!
Хан емессің, көмірсің,
Балқытқан көмір темірсің,
Басыңды қасқыр кемірсін,
Майыңа иттер семірсін!
Хан емессің...
Қартайған бура маясың. 
Бұл қылықты қоймасаң,
Тағыңнан да таясың!
Хан емессің қабансың,
Тамам ханнан жамансың!
Аққа зауал болмайды,
Ақ иіліп сынбайды,
Исатайды айдатып,
Сен де бір бәлені табарсың.
Хан емессің, бурасың,
Сақалың күнге қурасын.
Бауырыңа қайнаған қазан төгіліп,
Бала-шағаң шуласын!
Жоғарыдағы  очеркінде  Сәбит  Мұқанов  осы  өлеңдерді 
келтіре  отырып,  тағы  да  былай  дейді:  «Шернияз 
Баймағамбетке бұдан артық не айтсын?! Бұ сөздер ақынның 
Баймағамбетке бұйырған рухани өлім жазасы емес пе? Осы 
азғана жолды өлеңде халықшыл Исатай мен халық дұшпаны 


80
Баймағамбеттің айқын образы берілмей ме? – Әрине, солай». 
Шернияздың  Баймағамбеттен  жансыз  қылышты 
рақымды  көріп,  «Қолында  ханзаданың  қасқа  қылыш, 
Түсесің қаһарлансаң тасқа қылыш» деп басталып, қылышқа 
қарата отырып айтылатын мақтауынан соң райынан қайтқан  
Баймағамбет Исатай аруағымен күндестігін жасыра алмай: 
«Исатайды  мақтай  бересің,  сонша  мақтайтындай  несі 
бар  еді  оның?»  деп  сұрайды.  Міне,  осы  жерде  Шернияз 
Исатайдың  батырлығын,  халықшылдығын,  жомарттығын, 
қайырымдылығын  Баймағамбетпен  салыстырып,  ханның 
бақталастық  қызғанышын  әдейі  қоздырады.  Шернияз 
Исатайдың  байлығын  айтқанда,  сол  байлықтың  Исатайда 
расымен  болғандығын  емес,  Исатайдың  «Дүниенің  бар 
байлығы халқымда  болса екен» деген ниетін Исатайда бар 
байлық қылып айтады. Мұны түсінбеген таяз Баймағамбет 
Шернияз  Исатайды  мақтаған  сайын  Исатайдан  асам  деп 
Шерниязға  Исатай    берді  деген  дүниеден  асырып  береді. 
Шындығында  Шерниязға  Баймағамбет  сонша  дүниені 
бермеген де болар. Мәселе онда емес. Мәселе – Шернияздың 
Исатайдың  халық  мүддесі,  ел  бостандығы  мен  жұрттың 
бақуатты тұрмысы жолындағы  тарихи істерін ұрпаққа үлгі 
етіп қалдыру. Сондықтан да Шернияз өлеңнің бұл бөлігінде 
Исатайды былайша сипаттайды:
Сағынам ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел бағына ондай жайлы.
Қарадан халқы сүйіп ханым деген
Жігіт еді төрт тұрманы түгел сайлы.
Кешегі Исатайдың арқасында 
Ие едім ен дәулетке басыбайлы.
         Алаштан асып кеткен Исатай бай,
         Ішкені алтын аяқ, ақ құйрық шай.
         Исатайдай жомарттық жан қылған жоқ,
         Жылында беруші еді бесті асауды-ай!


81
          Өлтірген Исатайды оңар ма екен,
          Дәуренім баяғыдай болар ма екен?!
          Ұшып кетті қолымнан дәулет құсым,
          Енді айналып тұғырына қонар ма екен?!
Жаман ой жете алмайды жабындыдан,
Барақтай ұл туар ма табындыдан?!
Исатай жаудан өлсе шәйіт өлді,
Үйде өлер сендей жаман қағындыдан.
           Исатай жылқы салған ләшкәр көлге,
           Ләшкәрді тастаушы еді асқар белге.
           Исатайдай жомарттық жан қылған жоқ,
           Аянбай малын шашқан ғаріптерге.
Ай сайын молдаларды жиып алып,
Зекетін беруші еді әрбір елге.
Көшкенде көшке малы ермеуші еді,
Таратып беруші еді әрбір жерге.
Баян қылып тауыса алмаймын айтқанменен,
Исатайдай дүниеге келмес пенде.
Өлеңнің Шашубай ақын нұсқасындағы келесі бөлімінде 
Баймағамбет  Шерниязға  берген  дүние,  мүлкін  қимай, 
қайтадан  қайтарып  алуды  ойлап  Шерниязға:  «Егер  сен 
осы үйдің ішкі, сыртқы жабдықтарын тоқталмай, бөгелмей 
түгел айтып шықпасаң, бергенімнің барлығын қайта жиып 
алам»,–  дейді.  Сондағы  Шернияздың  әдеби  көркемдеу 
құралдарының  жансызға  жан  бітіріп  суреттейтін  кейіптеу 
әдісімен  ұлттық  нақыштағы  халық  тұрмысын  бейнелейтін 
үй жабдықтарын сипаттаған әдеби-көркем өлеңі мынау:
Әкеңнің бір атасы қоян жырық,    
Босаға, маңдайша мен табалдырық.
Кереге алты қанат, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
         Төрінде сандық айтар төремін деп,
         Есік айтар әр нәрсе көремін деп. 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау