21
құбылыс екендігін байқауға болады. Тілдегі окказионалды
қолданыстар қоршаған ортадағы жаңа заттар мен
құбылыстарды индивидуалды тұрғыдан тану арқылы оларға
қатысты жаттанды атауларды өзгертіп, сөздің мағыналық
реңкін қоюлатып, бейнелеуіш фигураларға қосалқы қызмет
атқарысатын, жеке тілдік тұлғаның танымдық көкжиегінің
өрісін көрсететін тілтанымдық категория болып табылады.
Тілдегі окказионалды бірліктердің пайда болуына
экстралингвистикалық факторлардың да ықпалы күшті,
өйткені қоршаған ортаны, дүние болмысы мен ақиқат
әлемді этникалық тұрғыда танудың бірден-бір жолы
экстралингвистикалық факторлардың көмегімен жүзеге
асады. Тілдегі окказионалды бірліктердің ішкі құрылымына
когнитивтік тұрғыда бойлау арқылы тек лингвокогнитивтік
аспектіде ғана емес, тіл білімінің зерттеу деңгейін логика,
психология, социология, философия ғылымдарымен астасып
кететін күрделі тілдік бірлік деп тануға болады.
Окказионалды қолданыстардың лингвокогнитивтік
табиғатын тануда Г.Гиздатовтың когнитивтік құрылымдар-
дың теориясына қатысты мына пікірін басшылыққа алу
арқылы аталған тілдік бірліктердің табиғатын танымдық
тұрғыда тануға болады. Бұл мәселеге қатысты ғалым
когнитивтік модельдерді бірнеше сатыға жіктеп көрсетеді:
«Когнитивтік модель үш түрлі сатыдан тұрады: біріншісі
– ойлау дәрежесі. Онда сана әрекетінің дәрежесі көрініс
табады. Екіншісі – алдын ала ойлау дәрежесі. Мұнда
логикалық ойлаудың бастапқы үлгілерін білдіретін сана
әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Үшіншісі – ойлаудың
төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру
әрекетінің дәрежесі көрініс табады» [Типология и динамика
когнитивных моделей в речевой деятельности. Ф.ғ.к.дисс.
А., 1999, 187-б.]. Демек, ғалымның айтуы бойынша,
когнитивтік модельді объективтендіруші рефлексиядан
22
және субъективтендіруші рефлексиядан құралатындығын
байқауға болады. Аталған үш сатылы елекке окказионалды
қолданыстардың қатысатындығы, олардың жасалуы үш
түрлі модельден толық өтетіндігін байқауға болады.
Когнитивтік лингвистикада тілдің басты қызметі
танымдық механизмді анықтаудың қаруы мен алғышарттары
ретінде қарастырылады. Әрбір тіл белгілі бір дүниені
этникалық таным шеңберіне сәйкес таңбалайды әрі сол
тілде сөйлеуші санасында дүние бейнесінің ойсурет
кейпіндегі сұлбасын қалыптастырады. Адамзат баласының
танымдық әрекетіне дүниені тануға бағытталған бір
дамушы үрдіс ретінде қарау арқылы нысанның ұқсастығы
мен айырмашылығын ажыратуға мүмкіндік алады. Бұл
әрекеттердің нәтижесінде лингвокогнитологияның басты
бірлігі концепт қалыптасады. Ал концептіні анықтау үшін
дүниенің кейбір өзіндік ерекшеліктерімен қатар заттық
құндылықтары, олардың нысандармен өзара қатынасын
және когнитивтік ұжымдық сананың сипаты әрі бағасы
айқындалуы қажет. Адамзат баласына тән ұлттық менталитет
және рухани мәдениет ең алдымен тосын құбылыстан туған
тосын сөздер окказионалды бірліктердің бейнелі мазмұны
арқылы көрінеді. Ұлттық сананың келбетін (формасын)
көрсететін бейнелі құралдар санатына тілдегі окказионалды
бірліктерді жатқызуға болады. Мысалы, окказионалды
бірліктер нысанның өзіндік белгілері арқылы дүниені
тілтанымдық әрекеттер арқылы қабылдаудың бір тәсілі деп
түсінуге болады. Адам санасындағы жалпы танымның ең
ұтымды әрекеті және адам қабылдауындағы әмбебептық
дүниелер тосын ойға құрылады. Бұл феноменнің негізі
психологиялық қабылдау мен ассоциативтік ойлау әрекеті
тілдегі окказионалды бірліктердің қолданысынан көрінеді.
Окказионалды бірліктердің когнитивтік семантикасы
арқылы дүниенің ұлттық бейнесін көруге болады.
23
Концептінің көрінісі болып саналатын дүние бейнесі –
адам санасының абсалютті ақиқаты десек, адам оның
қалыптасуын өмірде алдына қойған мақсатына сай
орнықтырады. Адам шынайы әдіс-тәсілдері арқылы
өзіне қарапайым әрі айқын дүние бейнесін тілтанымдық
тетіктер арқылы қалыптастыруға ұмтылады. Демек, адамзат
баласы ақиқат дүниені өз танымындағы дәрежеге, яғни өз
санасындағы ойсуретке ауыстыруға тырысады. Аталған
танымдық әрекеттер арқылы тілдік тұлға объективтік емес
дүние бейнесін жасауға ұмтылады. Осындай дүние бейнесін
жасауға адамның танымдық жүйесі қатынасады.
Резюме
В статье подробно рассматривается языкознательная
форма употребления окказиональных единиц. А также
говорится о национальном образе мира и познавательном
горизонте языковой формы через когнитивную семантику
окказиональных единиц в языке.
Resume
The article discussed in detail linguistics form of
occasional units usage. Also refers to the national image of
the world and the cognitive horizon of linguistic form through
the cognitive semantics of occasional units in the language.
Шешсең жұмбақ – көңіл тынбақ
Мұртыменен туады,
Мұртын күнде жуады.
Ол не? (Мысық)
Ол өсіп әуре,
Ел кесіп әуре.
Бұл не? (Шаш)
(Жеті жүз жұмбақ. А., “Жалын”, 1985, 77, 78-беттер.)
24
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Ләззат ҒҰБАЙДОЛЛАҚЫЗЫ,
Орал қаласындағы
№44 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ
ЖАңА ҚОЛДАНЫСТАР
(10-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – қоғам өміріндегі
өзгерістерге байланысты туындаған жаңа қолданыстар
мен олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктерін
түсіндіру және олардың тілдік норма ретінде қалыптасу
жолдары туралы түсініктерін кеңейту; дамытушылық –
оқушылардың ой-өрісін дамыта таным көкжиегін кеңейту,
өзіндік пайымдауға, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
тәрбиелік – сөз мәдениетіне, жүйелі ойлай, сөйлей және
жаза білуге, өз тілінің қадір-қасиетін жете түсінуге,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі, типі: аралас сабақ. Әдісі: дамыта оқыту. Көрнекі-
лік: тіл, сөз туралы ғалымдардың пікірлері, жаңа
қолданыстағы сөздер жазылған плакат, тілдің баю
жолдарының сызбасы (киіз үй макеті кейпінде). Пәнаралық
байланыс: қазақ әдебиеті. Пайдаланылған әдебиет: «Жаңа
атаулар» (А., 1992), Рәбиға Сыздық, Ғабдолла Қалиев, Шора
Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы» (А., «Мектеп», 1979),
Ғабдолла Қалиев. «Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселесі» (А.,
«Ғылым», 2002), Рәбиға Сыздық. «Сөздер сөйлейді» (A.,
«Санат», 1994).
Сабақтың барысы.
Достарыңызбен бөлісу: |