18
сөз – тосын сөз» деген қысқаша түсінікте беріледі. Сондай-
ақ ғылыми айналымда окказионалды сөздердің терминдік
атауының әркелкілігін «бір қолданар сөздер», «тосын сөздер»,
«экспромт сөздер», «әдеби неологизмдер», «заңсыз сөздер»,
«стилистикалық неологизм», «авторлық неологизмдер»,
«авторлық
жасалымдар»
деген
секілді
түсінікте
қолданылуы окказионалды бірліктердің табиғатының толық
ашылмағандығын көрсетеді. Алайда аталған бірліктердің
табиғатына зер салу арқылы окказионал қолданыстар тілдік
тұлғаның белгілі бір жағдайға байланысты ғаламды танудағы
образды ойынан туған сөз тудыру қажеттілігі арқылы өмірге
келген индивидуалды сөздер мен тіркестер болып табылады.
Тіл біліміндегі окказионализмдердің теориялық негізіне
қатысты Г.Мұратова окказионалды сөздерге тән басты екі
қасиеті бар екендігін айта келе, ол қасиеттерге, біріншіден,
автордың индивидуальдық шығармашылығының нәтижесі,
екіншіден, бір-ақ рет қолданылатындығы деп көрсетсе
[Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық. А.,
2002, 3-б.], Л.Еспекова «Окказионализмдердің пайда болу
себептері автордың «мақсатты ойына» негізделген. Жаңа
сөз, тың тіркестердің жасалу тәсілі ХІІ ғасырдан басталса,
қазіргі окказионалдар – соның жалғасы. Сол дәстүр жалғасы
болса да әрбір қолданыстың өзіндік жаңалығы, авторлық
ізденістердің жемісі болып табылады» дей келе, жеке
автордың қолданысында пайда болған жаңа сөздер мен
тілдік жаңа сөздерді ажыратудың төмендегідей белгілерін
көрсетеді: уақыт өту барысында сөз жаңашылдығының
сақталу-сақталмауы; авторының болу-болмауы; мәнмәтінмен
байланыстылығы; әдеби тілге ену-енбеуі; сөздің қандай
мақсатпен туындап отырғанын ескеру қажеттігін сөз етеді
[Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер.
Ф.ғ.к.дисс. А., 1998, 128-б.]. Аталған еңбектердегі
окказионалды бірліктер негізінен жекелеген ақын-
19
жазушылардың шығармашылығындағы өзіндік сөз саптау
мәнерімен (стильдік қолтаңбасы), тіл дамуы мен сөздік қорға
қосқан үлесі, әдеби тілдің дамуына қосқан қызметі деген
мәселелермен сабақтастырыла қарастырылады. Сондай-
ақ қазақ тіл білімінде окказионализмдерді тілдегі жаңа
қолданыстағы сөздер немесе неологизмдермен сабақтастықта
қарастырған зерттеулер де окказионализмдерге біршама
тоқталып кетеді. Мәселен, Қайсар Қадырқұлов тілдегі
неологизмдерді «жаңа сөз» және «жаңа сөз қолданыстар»
деп екі топқа бөледі. Мұндағы «Жаңа сөздер дегеніміз – жаңа
мазмұн мен жаңа формада тілімізге басқа тілден өзгеріссіз
не дыбыстық өзгерістерге ұшырап енген сөздер. Жаңа сөз
қолданыстар дегеніміз – жаңа мазмұны мен ескі формада
немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген
сөздердің жаңаша қолданысқа түсуі» дегенді айта келе,
жеке автордың қолданысында пайда болатын сөздерге «...
жаңалық сипат беруі шамалы, өйткені ол сөз контекстен тыс
ешқашан қолданылмауы мүмкін» дегенді айтады [Қазіргі
қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар. Ф.ғ.к.дисс. А., 1995, 23-
б.].
Ш.Бәйтікова «Қазақ тіліндегі неологизмдер» атты
еңбегінде тілдегі жаңа қолданыстағы бірліктердің заттық
және мағыналық дәлдігін анықтауда окказионал сөздердің
атқаратын рөлі зор екенін айтады. Сондай-ақ олардың
құрамында ұғымға сыймайтындары да болатынын, олардың
бәрін тілімізге енгізсек, тіл мәдениетінің тазалығына нұқсан
келтіретінімізді, окказионал сөздерді жаңа қолданыстардың
құрамына қоспай, «кездейсоқ» қалпында қараған тиімді
деген пікірді алға тартады [Қазақ тіліндегі неологизмдер. А.,
1971, 88-96-б.].
Окказионализмдерді
лингвокогнитивтік
аспектіде
қарастырудың негізінде басқа тілдік деңгейлермен
салыстырғанда тосын сөздің тосын ойдан туатындығын, ал
20
аталған мәселелер санадағы әрекеттестікке тікелей қатысты
болатындығын байқауға болады. Тілдегі жаңа сөздің
туындауы мен лексикалық құрамнан орын алуына сөзжасам
үдерісі мен лингвистикалық және экстралингвистикалық
факторлар қатысады. Ал аталған әрекеттер танымдық
қызметі мен ой-санасының сабақтастығына тікелей тәуелді
болады. Тіл білімінде окказионалды қолданыстардың
лингвокогнитивтік болмысын анықтауға, олардың құры-
лымдық семантикалық, когнитивтік моделдеріне сай
классификациялау тосын сөздің тосын ойдан туатындығын
көрсетеді.
Тілдегі окказионализмдердің басты ерекшелігі тосын-
нан қолданылатындығы мен тіл шеберлігін көрсететін бір
қолданар тосын сипатында. Қоғамдық ортадағы әрбір тілдік
тұлғаның өзіндік ерекшелігі олардың ойлау мәнері мен сөз
саптауындағы окказионалды бірліктердің қолданысынан
анық көрінеді. Көркем мәтінде немесе поэтикалық
мазмұнды тілдік қатынаста окказионализмдердің өзіндік
бітім болмысын көруге болады. Жалпы окказионалды
бірліктер – жалпыға ортақ халық тілі болумен қатар
эстетикалық сезімнің, образды ойдың да тілі, сондықтан
оған ерекше талғам қажет. Әрбір коммуникант тіліндегі
сөз байлықтарын игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау
дәрежесі түрліше болып келеді. Сондықтан да көрікті ойдың
көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әр қилы
бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері бар. Сонымен
қатар ойды бейнелеп көркем жеткізуде окказионал сөздердің
атқарар рөлі ерекше екеніне көз жеткізуге болады және олар
өзара қарым-қатынас барысында экспрессивті-эмоционалды
реңк беретіні сөзсіз.
Окказионализмдердің көркем әдебиет жанрында
жиі қолданылуы тілдік тұлғаның белгілі бір әдеби-
эстетикалық, көркем идеялық мақсатты көздеуден туған
Достарыңызбен бөлісу: |