7
түрінде беріледі де, сөйлемдегі кей сөз орнына (цифр,
формула, сөз, т.б.) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы
жауап қысқа тұжырымды, бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тест. Оқушыларға берілген тапсырма-
мен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріле-
ді. Тапсырма кәртішке арқылы беріліп, оның жауабының
саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы
бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта
кілті болады.
3. Еске түсіру тесті. Сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір
мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзгенде
сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабы сөз, сан, формула,
т.б. түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру тесті. Мағынасы бір-бірімен байла-
нысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен
орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда
қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз,
белгі, сызба болуы керек. Сөйлем саны 5-тен 15-ке дейін
болса – екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа, т.б. саны
екі-үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тесті. Бақылау нысаны (құбылыс, шамалар,
формула, т.б.) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тест
тапсырмасы дайындалғанда оның саны 10 шақты болғаны
жөн.
6. Аралас тест. Оқушыға берілетін тапсырма әр түрлі
тест түрінде (толықтыру, таңдамалы, т.б.) беріледі.
7. Кәсіптік бағдар тесті. Мазмұнына қандай да бір
кәсіптің пәндік оқыту кезеңінде айқындалуына немесе одан
бір мағлұмат алатынына негізделеді.
8. Баламалы тест. Тестің бұл түрін жасауда жауабын
білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа
тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестінің
мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес, иә, жоқ)
8
немесе белгілер арқылы (+, -) беріледі. Мұндай типтен тестік
тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға
болады.
Тестік бақылау нормалары: біріншіден, тестік сұрақ-
тың 10-15-тен кем болмағаны дұрыс; екіншіден, бағалауда
субъективтіліктің өте-мөте аз болуы үшін мазмұнына сәй-
кес тестінің түрін дұрыс таңдай білу көп мәселе шешеді.
Тест әдісінің артықшылығы: 1) тексерудің, бақылау-
дың объективтілігі; 2) тест арқылы бағалау нақты әрі
дифференциялды сараланған, даралық сипатта; 3) дәстүр-
лік тексеру әдісінен тиімдірек.
Тест жүргізу арқылы ойға алған мақсат тез орындалады,
уақыт үнемделеді, оқушылар өзін-өзі бақылайды. Бақы-
лаудың тест әдісі арқылы қорытындысында дарынды, білгір
оқушылар анықталады. Әлсіз оқушылармен жеке жұмыс
жүргізіліп, көмек беріледі.
Лена ЕЛУБАЕВА,
№39 «Қызылөзек» орта
мектебінің мұғалімі.
Қызылорда қаласы.
ҰЛТТЫҚ БІРЫңҒАЙ ТЕСТІГЕ
ДАЙЫНДЫҚТЫң ТИІМДІ
ЖОЛДАРЫ
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай
тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің
талабын орындау үшін түрлі жанрдағы көркем шығармалар
оқиды. Ол туындылар оқушының жақсы мен жаманның ара
9
жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімінің ұшталып,
имандылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді.
Адамның рухани өсу мүмкіндігін оқыту үрдісінде барынша
пайдалану – әдебиет пәнін оқытудағы негізгі мақсаттардың
бірі. Әдебиетті оқыту мәселесін әр уақытта адамдық
парасатты арттыру тұрғысынан қарауымыз керек. Әдебиет
–сөз өнері, түсінгенге жанып тұрған жалын. Адам жанына
жылу шашатын да, сәби жүрегіне адамгершілік нұрын
құятын да – әдебиет. Сондықтан да мұғалім сол жалынды
сөндіріп алмай, мәңгілікке жағатын құдірет иесі болуы керек.
Ол үшін оқытудың инновациялық түрлі әдістерін меңгеріп,
оны күнделікті сабақта дұрыс пайдалана білуі тиіс.
«Оқыту үдерісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар,
ол – ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог
В.А.Сухомлинский. Осы үш түрлі қасиет мұғалім бойынан
табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік, тәрбиелік
мақсаттарды ұштастыра жүзеге асырады.
«Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі
бар» (Ғабиден Мұстафин) дегендей, мұғалімдер мен
оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте – Ұлттық бірыңғай
тестісі болып отыр. Ұлттық бірыңғай тестісінің сапалы
өтуі – алдымен, мұғалімдер мен оқушылардың уақытты
тиімді пайдалануында. Ұлттық бірыңғай тестідегі таңдау
пәндерінің бірі – әдебиет. Соңғы жылдары ҰБТ кезінде
әдебиет пәнін таңдайтын оқушылар өте аз. Оның басты
себептерінің бірі – әдебиет таңдағандарға ұпайдың өте
жоғары болуы немесе таңдайтын мамандық түрлерінің аз
болуы әрі әдебиет пәнінің сұрақтарының алуан түрлілігі.
Сондықтан әдебиет пәнін таңдаған оқушыларды дайындау
үшін тиімді жолдарын табу қажет.
ҰБТ-ға оқушыларды әдебиет пәнінен дайындау үшін
жасаған жұмыс жоспарым:
1. Әдебиет пәнін таңдаған оқушылар арасында са-
10
уалнама жүргізу.
2. Қазақ әдебиетінен ұлттық бірыңғай тестілеуге да-
йындық курс бағдарламасы.
3. Қазақ әдебиетінен тестке дайындыққа қатысты
пайдаланылған оқулықтар тізімі.
4. Қосымша пайдалануға болатын оқулықтар тізімі.
5. Психологиялық дайындық.
1. Сауалнама
р/с
Сауалнама мазмұны
Иә Жоқ
Білмей-
мін
1
Әдебиет сенің сүйікті сабақтарыңның
қатарына ене ме?
2
Пән мұғалімі саған ұнай ма?
3
Сен өзіңді бұл пәнді жақсы білемін
деп есептейсің бе?
4
Өзіңе қажетіңді әдебиет пәнінен таба
аласың ба?
5
Бұл пәннен тереңірек білім алғың
келе ме?
6
Әдебиет сенің өмірлік тәжірибеңді
байытуға септігін тигізе алады деп
ойлайсың ба?
7
Осы пән сенің сенімді серігіңе,
өміріңнің мәніне айналуы мүмкін бе?
8
Оқулықта берілетін тапсырмалар,
әңгіме-өлеңдер, т.б. саған ұнай ма?
9
Сен әдебиетті ешкімнің көмек нұс-
қауынсыз-ақ өз бетіңше қызыға
оқисың ба?
10
Сен таңдаған мамандығыңның бұл
пәнмен байланысы бар ма?
11
Газет-жұрналдарға мақала жазуға
талпынып көрдің бе?
12
Өзіңнің әдебиетші не жазушы болып
қалыптасуыңды қалар ма едің?
13
Ата-анаңмен бұл жөнінде әңгіме-
лестің бе?
14
«Әдебиет кез келген адамның құнды
сапаларын қалыптастыруда маңызы
зор» дегенге келісесің бе?
15
Сен әдебиетті өзгелерден артық
бағалаймын деп ойлайсың ба?
Достарыңызбен бөлісу: |