Сабақтың тақырыбы: в дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты



жүктеу 1,51 Mb.
бет1/5
Дата19.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#20588
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 30.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: В дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын оның түрлерін ажырата білуге үйрету. Ой - өрісін , сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорын тіл байлығын дамыту. Сауатты көркем жазуға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, текшелер, кеспе әріптер, слайд.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
А) сәлемдесу
Ә) түгендеу
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
В) психологиялық дайындық

ІІ Өткен сабақты пысықтау.
«Бәйге» ойынын ойнату.
Мақсаты:Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.
Ойынның шарты:Орналасу ретімен кез-келген бір санды атап, сұрағына жауап беру.
1. Һ дыбысы қандай дыбыс?
2. Қаһарман сөзін буынға бөл.
3. Қазақ қаһармандарын ата
4. «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?
5. Һ дыбысын қатыстырып сөз ойла
6. Жұмбақты шеш
Теуіп-теуіп қалдым
Алысқа ұзап бардым. Жауабы: Велосипед

ІІІ Жаңа сабақ
- Велосипед туралы әңгімелеу.Шығу тарихын айту.
Велосипед сөзін буынға бөліп қай дыбыстан басталғанын сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Мақсатын хабарлау.
- В- ұяң, дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс.
- Жаңа сөздермен таныстыру.Суреттерін көрсете отырып, мағынасын ашу.
Вагон, трамвай, автобус, аквариум, велосипед, вокзал.
- Сөздерді буынға бөліп, неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау
- В дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

ІV Оқулықпен жұмыс.
- Суретке қарап, әңгімелеу.Вокзал туралы білетіндерін сұрау.
- Мәтінмен жұмыс.
А) Өзім оқимын
Ә) Мәтінді талдау.
Б) Іштей оқу, дауыстап, тізбектеп оқыту.
- «Үлкенге құрмет-балаға міндет» мақалының мағынасын ашу.

V Сергіту сәті
VІ Дәптермен жұмыс.
Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. В в әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.

VІІ Сыныппен жұмыс
Топпен жұмыс жүргізу мақсатында әр топқа жеке-жеке тапсырмалар үлестіремін.
- «Волейбол» сөзіндегі дыбыстарды қатыстырып сөз құра.
- Буын ұйқасын тап.
- гон, -гон, -гон рет, -рет, -рет
Келіп қалды......... Мен саламын........
- Суретке қарап әңгіме құрастыр.

VІІІ Ой-толғаныс.
Топтастыру стратегиясын қолдану.
В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік?

трамвай орыс тілінен енген дыбыс
велосипед В барлық буындарда кездеседі
аквариум ұяң дауыссыз дыбыс

ІХ Сабақты қорытындылау
Сабақта сөз жұмбақ арқылы қорытындылаймын.
1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)
2.Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп (Вагон)
3. Табанында жолы бар
Төбесінде қолы бар (трамвай)
4. Поезға қай жерден мінеміз? (Вокзал)
5. Суда жүзетін көлік (Қайық)
6. Ең жақсы баға (Бес)
7. Үй жануары (Мысық)

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 02.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:  Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату. Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді, дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету
Әдіс тәсілі: Сатылай кешенді талдау, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ф әрпінің баспа, жазба түрі, сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: 

Психологиялық дайындық
«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.

- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Оқушылар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
- В дыбысы мен әрпі және «Вокзал»мәтінін оқып келу.
- В дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы)
-«Вокзал»мәтінін тізбектей оқыту.

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
Ойын «Әріптер әлемі» Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз, сөйлем ойлату. Тақтада бірнеше әріптер берілген, осы әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлаймыз. Х, ю, һ, в. Хат, ою, жиһаз, вокзал. Ағам хат жазды. Әжем ою ойды. Біз жиһаз алдық. Вокзал үлкен және әдемі.

ІҮ. Жаңа сабақ
- Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?

Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)

Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (футболшы)

- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.

- Мынау не?
- Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо - нарь
- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты

Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.

Ү Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті:
Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1 - шықпен бетін жуды,
2 - шыр айналып бұрылды,
3 - еңкейіп жерге жетті,
4 - дегенде ұшып кетті.

ҮІ Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.

ҮІІ Шығармашылық тапсырма.
1 топ «Сөз ойла, тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау, жазу.)
2 топ «Адасқан буындар» (берілген буындардан сөздер құрау)
3 топ «Қай әріпті жоғалттым?» (көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» (берілген суреттерге сөйлем құрау.)

ҮІІІ Сабақты қорыту
- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
- Оқушылар тақтада сандар қатары берілген, сандарды тура санасаңдар құпия сөзді табасыңдар

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 03.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру.
Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріп таңбасы., т. б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

- Амандасу
- Балалардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық

- Өтілген әріптерді еске түсіру.


ІІ. Өткен Э дыбысын еске түсіру, қайталау.
Сөздерді оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ойлан, тап» ойыны
а) Жұмбақ шешу.
Қысы – жазы бүр түсте.
Ол не?
- Шырша
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Ёлка
- Ёлка деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Ё дыбысы. (Хормен айту)
- Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
- Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: Монтер, шахтер, актер, т. б.
- Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Ёлка сөзі 2 буыннан тұрады. Ёл – ка 5 дыбыс, е екі (й+о) дыбыстан тұрады, бұл сөзде 4 әріп бар.

Сергіту сәті.
Биік болып өсеміз,
Ёлкалардай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп - билеп аламыз.

ІҮ. Дәптермен жұмыс.
а) Сөздік жұмысы.
Шахтёр, монтёр сөздерінің мағынасын түсіндіру. Осы сөздерге талдау жасату.
ә) Дәптердегі берілген буындарды, сөздерді оқыту.

Жазу жұмысы.
Ё ё әрпін бастырып жазу.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындату.
Мысалы: Машинаны шофер жүргізеді. т. б.

«Кім біледі?» ойыны.
Актер, монтер, элеватор сөздеріне талдау жасап, шартты белгімен жазу.

«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.
Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап береді.»


«Кім зейінді» ойыны.
- Балалар мен сендерге С. Мауленов өлеңін оқып беремін. Сендер зейін қойып тыңдаңдар.
- Шахтер өлеңін оқып беру. С. Мауленов.
Шахтерлерді ел біледі.
Оған сарай – жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау - тасты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық.
- Өлең кім туралы?
- Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма?

Ү. Қорытындылау.
- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?
- Е е дыбысы қандай дыбыс?
- Сабаққа қатысып белсенділік көрсетіп отырған балаларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 03.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Э э дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Э э дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыс пен әріпті ажырата білуге, берілген сөздерді дұрыс оқуға, жаза білуге үйрету. Э э дыбысы бар жаңа сөздерді таныту арқылы танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, оқуға деген қызығушылығын дамыту. Бірлікке, ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, жұмбақ, кесте, слайд (ноутбуктен көрсету)
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
1.- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
2. - Ё. Ол қандай дыбыс?
3.- Ё қандай екі дыбыстан тұрады.
4." Шахтёр" өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ
а) Сурет бойынша жұмыс.
Интерактивті тақтадан электр шамы, элеватор, экскаватор, экспрес суреттерін көрсете отырып, жеке сөздердің мағынасымен таныстыру.
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Экспрес - ірі стансаларға қатынайтын жүрдек пойыз, кеме, автобус.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – Жылжымалы баспалдақ.
Техника қауіпсіздігі жөнінде айтып түсіндіру.
- Электр шамы бізге не үшін керек?
- Жарық береді.
- Оқу бізге не үшін керек?
- Білімді боламыз.
- Білімді болсақ, болашағымыз жарық болады.
- Дұрыс айтасыңдар!
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні қаріп - деген мақал тегін айтылмаған екен.
- Ендеше, мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.

ә) Жұмбақ шешу.
Диқаншының еңбегін.
Қысы - жазы ақтайды,
Астықты тазалап,
Қай жерде сақтайды?
(Элеватор)

Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ.
Не жоғары, не төмен
Сырғимын да жетем мен
Көзді жұмып, ашқанша - ақ.
(Эскалатор)
- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Э
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі.

б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау.
Экскурсия ұнайды.
Бар адамға "тамаша!"
Әнмен серуен құрғанда,
Қуанады балаша.
1. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э)
2. Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.
Э - лектр э - ле - ва - тор экс – ка - ва - тор
Э - ки - паж э - ко - ло - ги - я эс - ка - ла - тор
3. Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі.
4. Оны қалай ажырата алдыңдар? Дәлелде.
(Дыбысты айқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды.
- Ендеше, э әрпін дауыстылар қатарына салайық.(Әріптер салған қалтаға салу.)
5. Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.(интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.)

в) Дыбыстық талдау жасау.
Экран сөзіне дыбыстық талдау.
Э - дауысты дыбыс, жіңішке
к - дауыссыз дыбыс
р - дауыссыз дыбыс
а - дауысты дыбыс, жуан
н - дауыссыз дыбыс
Экран - 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс,

г) Ережені күнделікті талдау жұмысына сүйене отырып еске түсіру.
- Әріп деген не?
- Әріпті жазамыз, көреміз.
- Дыбыс деген не?
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Буын деген не?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Жазу дәптеріндегі э әрпінің бас және кіші әріптерін көркем етіп жазу.(Э э)
Оқулықта берілген сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазу.
Электр бізге жарық береді.
Элеватор астық сақтайды.

Ү. Оқулықпен жұмыс.
"Электр" өлеңін оқи отырып түсіндіру.
- Түсінген мазмұнын айтқызу.
- Іштей оқыту.
- Жеке - жеке дауыстап, мәнерлеп оқыту.

ҮІ. Сергіту сәті.
Ұзын мойын, Экскаватор -
Алып машина
Жер қазып жатыр.
(Қимылмен көрсетемін, оқушылар қайталайды)

ҮІІ. Тақтамен жұмыс.
"Балық аулау" ойыны. Аулаған балықтың артында жазылған сөз бар.
Берілген сөздерді қатесіз, сауатты оқу, тақтаға жазу.
Тапсырма: шахтёр, монтёр, экипаж, элеватор, экран, электр.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Э қандай дыбыс?
- Э сөздің қай жерінде жазылады.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 04.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:  Щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:  Щ дыбысының жазба, баспа түрімен    таныстыру, оны дұрыс дыбыстату. Сөздерге дыбыстық талдау жасату мақсатында, оқушылардың сөздік қорын, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін дамыту. Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, Щ дыбысының баспа және жазба түлері, щёткалар, суреттер.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Сабаққа сегізде келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Әліппені 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.

II.    Ой шақыру стратегиясы.
—    Кеше қандай әріппен таныстық.
—    Э дыбысы мен әріпі
—    Қане, сол Э дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші
—    Экран, экспресс, экипаж, элеватор, электр.
—    Э дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
—    Дауысты.
Қане, балалар дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты естиміз, айтамыз.
—    Әріп дегеніміз не?
Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
—    Олай болса балалар мен сендерге қазір жұмбақ айтамын, мұқият тыңдап, жауабын шешеміз.
Түймесін басқан
Сәулесін шашқан.
(Электр шамы)

III.    Өткенге шолу
—    Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді?
—    «Электр» өлеңін жаттап келу.
(2-3 оқушыдан сұрау)
—    Ендеше, оқушылар біз қазір «Сөз ойла, тез ойла» ойынын айтамыз. Ол үшін қазір біз сөзжұмбақ шешеміз.
Тақтаға жаздыру.
IV.    Жаңа сабақ.

«Ой қозғау стратегиясы»


—    Жуынғанда қандай құрал-жабдықтарды пайдаландық?
(Оқушыларға атату).
Тіс жуу үшін не қажет?
—    Тіс пастасы, тіс щёткасы
Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз?
—    Щётка.
—    Қане барлығымыз маған қараймыз.
Щётка түрлерін әкеліп көрсетемін. Әр щёткаға байланысты сұрақ қойып, жауаптарын тыңдаймын.
—    Қане, осы «щётка» сөзін буынға бөліп көрелік.
Щёт – ка    (2 буын, 5 дыбыс).
—    Таныс емес қандай дыбыс естіледі?
—    Щ щ (айттыру) Щ қандай дыбыс?
—    Щ дауыссыз дыбыс, ол кедергі арқылы айтылып тұр.
—    «Щётка» сөзінде щ дыбысы сөздің қай буынында?
—    1-буында, басында.
Щ дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: щётка, борщ т.б.
—    Интерактивті тақтадан Щ щ дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп қою.

Өзім тақтаға Щ щ дыбысын жазамын.


—    Щ дыбысы бұрын өткен қай дыбысқа ұқсайды?
—    Ш дыбысына.
—    Айырмашылығы қандай?
—    Щ дыбысының аяғы бар.

Оқулықпен жұмыс.


—    Суретті слайдтап көрсету;
—    Сурет бойынша сөйлем құрату.
—    Қане, балаға ат қояйықшы?
—    Ол не істеп жатыр?
Щётка – дыбыстық талдау жасату.
5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз
3 көк текше, 2 қызыл текше.

1)    Экрандағы сөздерді өзім оқып беремін.


—    Сөздерді буынға бөлдіру, мағынасын аштыру.
Борщ – орамжапырақ, дәрумендер қосылып жасалатын сорпа.
Ащы – жуа ащы, бұрыш ащы.
Тұщы – ішетін суымыз тұщы.
Өзенсуы тұщы, ал теңіз, мұхит суы – ащы болады.
Осы біздің Маңғыстауда өздерің қандай теңізді білесіңдер?
—    Каспий теңізі.
—    Міне, балалар, осы Каспий теңізінің де суы ащы.
—    Біз бүгін осындай үлкен көлдің бірі – Балқаш көлімен танысамыз, яғни бүгінгі мәтіннің тақырыбы «Балқаш».
а) Слайдтан Қазақстанның физикалық картасынан Балқаш көлін көрсету;
б) Балқаш көлінің суреті;
с) «Алабұға» балығын көрсету.

1)    Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру;


2)    Оқушыларға тізбектей оқыту;
3)    1 оқушыға тұтас оқыту.
Мәтінге талдау жүргізу (сөйлем санын анықтату).
Мәтінде щ әрпі бар ма?
(оқушыларға таныстыру).
Сергіту сәті
Тазалық сақшысы                                    Айнаға қараймыз
Иіс сабын, орамал                                   Шашты да тараймыз
Қасында пастасы                                      Ас ішіп болған соң
Щёткасы тағы бар.                                   Мектепке барамыз.
(Әуенімен айту)

Интерактивті тақтадан:


«Щёткалар» өлеңін суретімен шығарып қоямын.

1)    Өзім мәнерлеп оқимын


2)    2 рет хормен оқыту
3)    Оқушылардан сұрау.
Жазу жолындағы сөздерді оқыту.                 (2 оқушыға).

—    Олай болса, балалар енді дәптермен жұмыс жүргіземіз.


—    Барлығымыз дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі өткен Щ  дыбысын ең бірінші ауада жазамыз.
(Өзім жазып көрсетемін).
Дұрыс отыру ережесін еске салу, айту.
Дәптерді мадақтау.

V.    Сабақты қорыту.
—    Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
—    Ол қандай дыбыс?
—    Щ дыбыстан келетін сөздер атату.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 05.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Цц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысы мен әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру,айтылу артикуляциясына көңіл бөлу. Цц дыбысы мен әрпі туралы түсінік алады, сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы барлық буында кездесетінін аңғарады, мәтінді буынға бөліп сауатты оқи алады,көркем,әдемі жазады.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд (ноутбуктен), суреттер, оқулық, дәптер, сайқымазақ
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн достым.

Қайырлы күн болсын

Күлші кәне, досым

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын

Төрттік,бестік бағалар

Күнделікке толсын!

Оқушылар бүгінгі сабағымыз өзгеше болмақ.Себебі бізге қонақтар келіп отыр.Сендердің тәртіптерің мен білімдеріңді көруге келді.олай болса сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Өткенге шолу

Қандай әріппен таныстық?

Щщ әрпі дауыссыз дыбыс.Сөздің барлық буындарында кездеседі.Мысалы: ащы,щетка, борщ

Щеткалар өлеңін жатқа айту слайд щетка түрлері

Щеткалардың түрлерін атау.Олардың ортақ қасиеті-үлкен еңбек атқарады,таза етеді.
ІІІ.Жаңа сабақ

Сыныпқа сайқымазақ кіріп келеді.(сайқымазақтың сөзі)

Сендер сайқымазақты қайдан көрдіңдер?

Циркке барып көрдіңдер ме?

Цирк сөзінде таныс емес қай дыбыс? Слайд цирктің суреті

Ц дыбысы (жеке,хормен айтқызу)

Ц дыбысы-қатаң дауыссыз дыбыс,көк түспен белгіленеді. Қазақ тіліндегі төл сөздердің құрамында кездеспейді.Орыс тілінен енген сөздерде термин сөздерде кездеседі.

Ц әрпінің таңбасын көрсету. Баспа және жазба түрін көрсету. Ц дыбысы сөздің барлық буындарында кездеседі. Слайд ц әрпінің баспа жазба түрі


1-тапсырма Арыстанның тапсырмасы

Бағандағы сөздерді оқу,дыбыстық талдау жасау

Цирк,цех,цемент,авиация,офицер,циркуль слайд тақтада көрсету
2-тапсырма Пілдің тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс

«Цирк» Мәтінді тізбектеп оқыту,мазмұнын түсіндіру слайдта

«Клоунның сыры» өлеңінің авторымен таныстыру слайд суреті Қ.Мырза әлі


3-тапсырма Маймылдың тапсырмасы

Дәптермен жұмыс

Ц дыбысын ауада жазу, тақтада жазу.Ц әрпі 3 элементтен тұрады.

Тақтамен жұмыс

Жазба жолдағы сөздерді жазу
4-тапсырма Аюдың тапсырмасы

Шығармашылық тапсырма

Сиқырлы әріптер. Орны ауысқан әріптерден сөз құрау

иһазж- вгано- фтуобл- щтеак-


Сайқымазақтың сөзі ( қоштасады) Слайд ұшақ
ІҮ. Сабақты қорыту

Қандай әріппен таныстық?

Қандай дыбыс? Сөздің қай шетінде кездеседі?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 02.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өткен сабақтарды қайталай отырып естеріне есептерді түсіру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа реттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: 3-ті қосу, азайту кестесі.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Балалар, бүгін біз сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімзге жақсы тілектер айтып бастайық.

Жарайсыңдар.

-Ондай болса керек құралдарыңды алып сабақты бастайық.
ІІ. Өткенге шолу

Өткен тақырыптар бойынша есептер шығарып өткен сабақты пысықтау


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқушыларға өткен сабақтарды қайталай отырып естеріне есептерді түсіру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа реттілікке тәрбиелеу.


ІҮ Қайталау сабағы:

  1. Айырмаға байланысты есеп шығарамыз

  2. Салыстыруларды орындаймыз.

  3. Сандарды өсу, кему ретімен санаймыз.

  4. Айырмаларды орындаймыз.


Ү.Пысықтау

Оқулықпен жұмыс

Сөреде 6 кітап тұр еді, оның 2-еуін үстелдің үстіне әкеліп қойды. Сөреде неше кітап қалды?
6 және 2 сандары айырмасының мәні неге тең?
Есепті талдау:

-Есеп не жайлы?

Кітап

-Есепте не белгілі?



-6 кітап тұрғаны

-Тағы не белгілі?

-2 кітап әкелгені

-Не белгісіз?

-барлығы

-Оны бірден табуға бола ма?

-иә

-Қалай табамыз?



-6+2

-жарайсыңдар балалар, тақтаға шығарамыз, қанекей кім шығады екен?


№1 Оқы.Есепті шығар.

Сөреде-6 кітап

әкеліп қойылғаны-2 кітап

Қалды-? Кітап

Шешуі: 6-2=4

Жауабы: 4кітап қалды.


2 жалғастыр:

7,5 7,4


4,7 5,7
№3 сурет бойынша есеп құрастыр және шығар.
№4 6-2=4 8-2=6

10-2=8
Сергіту сәті

Оң қолымда 5 саусақ

Сол қолымда 5 саусақ

5-ке 5-ті қосқанда

Шығады сонда 10 саусақ


№5

3+2 8+2 4+2 7+2 5+2 6+2

5-2 10-2 6-2 9-2 7-2 8-2
ҮІ. Қорыту

-Балалар біз қандай сабақты өтіп жатырмыз?

-Математика

-Балалар, сендерге бәрі түсініктіме?

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

-Сабақ ұнады ма?



-Олай болса келесі сабаққа дайындаламыз.
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 03.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Сандарға 3-ті қосу, азайту тәсілдеріне есептер шығара отырып, есептеу дағдыларын қалыптастыра білуге баулу. 10 көлеміндегі санға 3-ті қосу, азайтуға байланысты есептерді шығарту арқылы есептей білу қабілеттерін дамыту. Сабақта достыққа, коллектившілдікке баулуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, 7-модул сыни тұрғыдан ойлау, ойын техналогиясы, АКТ.
Көрнекілігі: Ойындар, ребустер, тірек, схемасы.

Сабақ жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Психологиялық дайындық

-Санамақты айту

-Сабаққа назарын аудару


ІІ. Өткенге шолу

Тақтада 2 санын қосу және азайтуға арналған есептер ілініп тұрады. Сол есептерді ауызша шығару.


ІІІ. «Әжейге көмек» ойыны
Оқушылар сіздердің қаншалықты меңгергендеріңізді байқау үшін 10 көлеміндегі. Тәсіліне есептер шығарамыз.
- Балалар сіздердің әжелеріңіз барма?
- Олай болса әжелеріміздің сіздерге берген тапсырмасы бар. Сандарды өсу ретімен қоятын болсақ әжейдің құттықтау сөзі шығады.
- Кәне кімдер шығады екен? 1, 2, 3 деп атау
- Ал осы сөйлем неше сөзден тұрады?
- 3 сөзден. Олай болса 3 санының құрамын кім атап берер екен. 3 санының құрамы қандай сандардың қосындысынан тұрады.

3 3 Ал осы жерде қандай ереже бар еді?
Қосылғыштардың орны қалай тұр?

- Қосылғыштардың орны ауысып тұр екен. Ереже.
Қош келдіңіздер, қонақтар! Неше сөзден тұрады?
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындысының мәні өзгермейді.

ІV. Қосу
4 - 3=1 2+3=5 5 - 3=2 1+3=4

V. Мазмұнды есеп
Шарты: Болғаны - 9 бала
Кеткені – 3 бала
Қалғаны -?
Шешуі: 9 - 3=6
Жауабы: 6 бала қалды.

VІ. Өз бетімен жұмыс.
Орындарынан өрнектің мәнін табу арқылы суретті бояй білуге жаттықтыру.

VІІ. «Кім шапшаң» ойыны
Тақтаның алдына жауабын қою. Тест әдісі бойынша қолдарындағы сигналдарын көрсету.
сұрақ-жауап
VІІІ. Ребус.
Ешкі=екі
түйе ш=үш
1. Суретке қарай отырып, мына әріптерді алып тастасақ. 3 дыбыстан тұратын сан шығады.
2. Бастапқы мен соңғы екі дыбысын алып, мына дыбысты қоссақ, екі дыбыстан тұратын сан шығады.
2˂3 3˃2

ІХ. Математикалық жұмбақ.
1. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне кім тез шешеді?
2. Шығармақ боп неше есеп,
Жиналғанды 5 есек
3 - еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек?
3. 10 Кітаптың 3 - еуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

Х. Қорыту
Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру үшін қорыту ойыны айналды.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 04.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 3 – ті қосу кестесі

Сабақтың мақсаты: 3 – ті қосу кестесін құру, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, саяхат сабақ, ойын, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Стикерлер, смайликтер, автобус, аялдамалар, үлестірмелі қағаз кесте.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

А) салемдесу

Ә) оқушыларды сабаққа даярлау

Б) балаларды жайғастырып тұрғызып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.

«Күлімде, күн күлімде!

Күлсін барлық бала- шат!

Берекелі бүгіндей!

Бейбіт болсын болашақ!»

Балалар математика сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр.

Сабағымызды бастамас бұрын біз бір – бірімізге жылы сөздер айтайық (балалар кезектесіп жақсы тілектер айтады. Мысалы: Белсенді болайық, сабақты жақсы оқиық, әдепті болайық, ақылды болайық, ұқыпты болайық.

3 + 3 2 + 2 7 + 2 4 + 2 5 + 3 6 + 3

8 – 1 7 – 3 6 – 2 5 – 4 4 – 2 3 – 1



ІІ Қосымша тапсырма

99-бет жасыл қоршаудағы есеп.

Математикалық диктант.

Бір қолында неше саусақ бар ?

Бір аптада неше күн бар?

7 мен 9 – дың арасындағы санды ата

Бірінші қосылғыш – 7, екінші қосылғыш – 2 мәні қанша болады?

10 – ның алдындағы сан

Жаңа сабақ:

«Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық».

1-есеп


Суретте нелерді көріп тұрмыз? (домино). Сол домино ішіндегі дөңгелекшелерді қосып есеп шығарайық.

5+3=8 6+3=9 7+3=10

8-3=5 9-3=6 10-3=7
Ереже:

Бірінші қосылғыш пен екінші қосылғышты қосқандағы мәнінен екінші қосылғышты азайтсақ бірінші қосылғыш шығады. Мұны кері амалдар дейді.

3-есеп.

Кесінділердің бірінен ұзын және екіншісінен қысқа кесіндінің түсі қандай? Одан 3см ұзын және 3см қысқа кесінді сыз. Өзің сызған кесндінің ұзындығын салыстыр.



Сары 4см . 7см. 1см. 7см ұзын.

5-есеп


Болды-6 берді-3

Қалды-3


«Шатаспақ» ойыны

1. 2 жылқының неше аяғы бар? 8

2. Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? ( Міну керек)

3. Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді? (тышқан)



ІІІ. Геометриялық фигураларды ата.

Соңғы аялдамаға да жақындап қалдық. Олай болса соңғы аялдамаға жету үшін мына тапсырмаларды орындайық. Математикалық эстафета. Тақтамен жұмыс. Екі қатар жарысады.

6 + 0 = 4 – 3 = 10 – 3 = 8 + 2=

4 + 3= 9 – 1= 8 – 8 = 9 - 3 =

7 + 3 = 7 - 2 = 5 – 3= 3 + 2 =
IV. Сабақты пысықтау:

Сабақта белсенді араласқан оқушыларды атау.

Ал енді мен жүргізушінің көмекшісі ретінде сендерге бір сөзді жасырдым сол сөзді шешіп көрейік.Сандарды ретімен орналастыра отырып, оқып сөзді табу.

1ма 5ка 2те 4ти 7ле 3ма 9не 6ә 8мі 10рахмет



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 30.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Жыл мезгілдері»жайлы сурет арқылы әңгімелеу, өсімдік тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді баяндау, ауа райының өзгерістерін бақылау. Сурет арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын, ойын арқылы танымдылық белсенділігін дамыту. Табиғатты қорғауда экологиялық тәрбие беру.
Әдісі: Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік
Құрал жабдықтар: Суреттер, слайд, сергіту, ертегі.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, сурет, логика

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
-Сабаққа назарын аудару

-Психологиялық дайындық




ІІ Өткенге шолу
1 Айналада неше тұс бар?
2 Ауа райының шартты белгілерін қайталау

ІІІ Жаңа сабақ
1Сурет арқылы. Әр суреттің бірінші дыбысынан сөз құрасақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз.
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: күз, қыс, көктем, жаз. Әр мезгілдің өзіне тән белгілері бар. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Күздің басы жылы болса, аяғы суытады. Бұл қыс мезгілінің басталатынын білдіреді. Көктемде қар еріп, дала көкорай шалғынға оранады. Жазда шуақты күндер басталып, бақта жидектер пісіп жетіледі.

ІҮ «Бұл қай кезде болады?»ойыны.
Сурет арқылы белгілеу.

Ү Кітаппен жұмыс
Күз мезгілінде ауа райы
Қыс мезгілінде ауа райы
Көктем мезгілінде ауа райы
Жаз мезгілінде ауа райы

V Сергіту сәті
Жел улейді: у - у - у – у
Қатты жел соқты: Гу - гу - гу – гу
Құйын келіп биледі: Зу - зу - зу – зу
Жапырақтар қол соқты: Ду - ду - ду - ду

VI Дәптермен жұмыс
Жыл мезгілдері Күз, қыс, көктем, жаз

VII Жыл мезгілдерін белгілеу

Жыл мезгілдеріне орай шеңбердің ішіндегі дөңгелектерді бояу.

VIII Тез ойла, сөз ойла 
Күз мәтінін құру
Берекелі......... келді. ............. жылы жаққа қайтты. Айгүл.......... терді. Біздің бақта............ пісті. Базарда..................... көп.
Керек сөздер: Күз, құстар, алма, жемістер, көкөністер

ІХ «Нені жақсы көреді?» ойыны
Тышқан ------ Бал
Кірпі ------------- жаңғақ
Қоян --------------- ірімшік
сиыр ------------------ сүйек
аю ------------------ алма 
тиін --------------- сәбіз
ит -------------- шөп

Х Ертегі «Ауа, су және жарық»
Ерте, ерте, ертеде. Осыдан көп жыл бұрын су болмапты. Құстар шөлден қаталапты. Ағаштар қурап қалады, гүл солады. Шаршаған құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір - бірімен қосылып бұлтқа айналады. Жерге жауын жауды. Жер рахаттана демалды.

ХІ «»Ағашта не өседі? Не өспейді?» ойыны.
Өседі: алмұрт, шие, өрік, апельсин, алма, жүзім
Өспейді: Баклажан, пияз, қызанақ, асқабақ, сәбіз

ХІІ Сабақты бекіту
Күз мезгіліне: қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады.
Қыс мезгіліне: Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады.
Көктем мезгіліне: наурыз, сәуір, мамыр айлары жатады.
Жаз мезгіліне: маусым, шілде, тамыз айлары жатады.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 02.12.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз
Сабақтың мақсаты: Мүсін өнері туралы түсінігін кеңейту, түрлі мүсіндеу тәсілдерімен танысу, бедерлі мүсіндеуді үйрену. Мүсіндеу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру; байқағыштығы мен зейінін дамыту; қол ептілігіне жаттықтыру. Мүсіндеу арқылы эстетикалық тәрбие беру; табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: құс бейнесі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, ермексаздан жасалған мүсін үлгілері.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

-сабаққа назарын аудару

-оқу құралдарын дайындату
ІІ. Жаңа сабақ

Құс суретінің көшірмесі мен фотосуреттеріне қарап, құстар жайлы, құстардың пайдасы туралы әңгімелесу.

Жер бетінде қанша құс бар? Өте көп, тек біздің еліміздің өзінде ғана құстардың мыңдаған түрлері кездеседі. Олар ауылда, қала, тауда, су қоймаларында – барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса, зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалады.
ІІІ. Іс-тәжірибелік сабақ

Слайд-шоу – құс фотосуреттерін көрсету. 

Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық.

Мүсін дегеніміз не?

Мүсіннің қандай түрлерін білесіңдер?

Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.

Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін.

Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.

Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.



 құстар мүсіндерін көрсету.
 
жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау