«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет32/34
Дата10.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#18787
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

121
әлемінде шарықтап ұшып  келе жатқандай сезінейік. Айнала 
сондай  керемет!  Ғаламшарлар  әлемі  қызық  пен    құпияға 
толы. Енді көзімізді ашайық.  Бүгінгі сабағымыз дәл сондай 
биіктен көрінсін. Ол үшін бар ынтамызды сабаққа аударайық.   
Ұжымдық  оқыту  әдісі  бойынша  алдымен  сынып 
оқушыларын  5  адамнан  тұратын  топтарға  бөлемін.  Бұл 
«Отбасы»  тобы  деп  аталады.  Содан  кейін  «1,2,3,4,5»  деп 
санау  арқылы  1-лер  бөлек,  2,3,4,5-тер  бөлек    өз  алдына 
«Жұмыс» тобын құрайды. 
2.  Мақсат  қою.  Бүгінгі  сабағымызда  «Отбасы»    және 
«Жұмыс»  тобында  тапсырмалар  орындаймыз.  «Жұмыс» 
тобында  мәтіннің  тиісті  бөлігін  жақсы  меңгеру  керек. 
Өйткені  сол  бөлікті  «Отбасы»  тобында  оқушыларға 
түсіндіруге жауапты боласыңдар. 
3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың басында 5 топқа 
бөліндік. Сендерге «Бермегенді беріп ұялт»  тақырыбында 
мәтін  ұсынылады.  Мәтін    логикалық  5  бөлікке  бөлінген. 
Мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар,  3,4,5 
бөлігін осы сандарға сәйкес топтар алып оқиды. 
Бермегенді беріп ұялт 
№1 логикалық бөлік
Шешесі  Жомартбектің  қолына  аузы  желімделген  бір 
конверт ұстатты да:
-  Осыны  Қаратал  ауылындағы  Зияда  апайыңа  апарып 
кел,- деді.
-  Жарайды,-  деді  де,  Жомартбек  конвертті  екі  бүктеп, 
шалбар қалтасына салып алды.
Шешесі жұмысына кеткен соң ол велосипед іздеп көшеге 
шықты. Ойланып келеді. Бұлардың өз ауылы Теректі қаладан 
қашық,  он  бес  шақырым  жерде.  Ал  Қаратал  –  қаланың 
жанындағы  үлкен  ауыл.  Сонда  тұратын  шешесінің  сіңлісі 
Зияда  –  кәсіпкер,  арасында  шетелге  де  барып  жүр.  Таяуда 
Түркияға  кеткелі  жатыр  екен.  Шешесі  соған  байланысты 


122
хатында бір өтініш айтқан шығар...
№2 логикалық бөлік
Ойда-жоқта  алдынан  Есіркеп  шыға  келді.  Екеуінің 
қарым-қатынасы жақсы еді. Одан ештеңе алмаса да, талай 
рет сұраған затын бергені Жомартбектің есінде. Алғаш рет 
өтініш  жасаудың  реті  келіп  тұр.  Осыдан  жарты  сағаттай 
бұрын Есіркептің велосипедімен көшеде кетіп бара жатқанын 
терезеден көріп еді.
-  Есіркеп,  қалаға  барып  қайтуға  велосипедіңді  бере 
тұршы.
- Өзіңде бар емес пе?
-  Білмеуші  ме  ең?  Қоймай  сұрап  алып,  Құттыбек  мініп 
кетті ғой. Сонау Балбұлаққа нағашыларына мініп кетті.
- Қап-п !
- Не болып қалды?
- Кешеден бері менің де велигім сынып жатыр.
№3 логикалық бөлік
Жомартбек оның беті шылп етпей өтірік айтып тұрғанына 
қатты таңданды. Сынғанына өкініп, даусы дірілдеп, досына 
жаны  ашып  тұрғандай  түрі.  «Мана  көшеде  велигіңмен 
зымырап  жүргеніңді  көріп  едім  ғой.  Сонда  кеше  сынғаны 
қалай?»  деген  сөз  тіл  ұшында  тұрса  да,  Жомартбек 
сыпайылық сақтап оны айтпады.
-  Е,  онда  жарайды.  Басқалардан  сұрастырайын,-  деді, 
екеуі екі жаққа кетті.
№4 логикалық бөлік
Жомартбек содан кейін төрт балаға жолығып велосипедін 
сұрап көрді. Төртеуі де берген жоқ. Екеуі «Өзіме керек» деп, 
қалған екеуі «Сынып қалды» деген сылтау айтты.
Солардың  жаман  қылығы  мен  сараңдығына  ыза  болған 
Жомартбек  барлығына  қолын  бір  сілтеп,  он  бес  шақырым 
жердегі Қаратал ауылына жаяу тартып кетті.
Жаяу  жүріп  шаршап  қалған  Жомартбек  ертеңіне 


123
әдеттегіден кеш тұрады, шайын ішкен соң үй ішін жинастыра 
бастады. Жалғыз өзі. Әке-шешесі жұмыста.
№5 логикалық бөлік
Күтпеген  жерден  Есіркеп  жетіп  келді.  Өзі  көңілді. 
Кешегі  оқиға  көңіліне  дақ  салған  Жомартбек  салқын 
амандасса  да,  сыныптасы  түк  болмағандай  мәз-мейрам 
болып  сөйлеседі.  Сөйтсе,  атақты  Ермек  Серкебаевтың  
әндері  жазылған  ленталарын  сұрай  келіпті.  Магнитофонға  
көшіріп  жаздыратынын,  қолма-қол  әкеп  беретінін  екі-үш 
рет қайталап айтты. Жомартбек оған тесіле қарап еді, досы 
кешегі  оқиғаны  есіне  алғандай  көзін  төмен  түсірді.  Өтірік 
айтқанынан  қысылғаны  ғой.  Әйтеуір  мүлдем  ұятсыз  емес 
сияқты.    Кешегі  реніші  әлі  тарқай  қоймаса  да,  Есіркепке 
сұраған затын  берейін деді. « Бермегенді беріп ұялт» деген 
бар емес пе?
4. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру.  «Жұмыс» тобын-
да  мәтіннің  тиісті  бөлігін    меңгеріп  келген  оқушылар 
«Отбасы»  тобына  қайта  оралып,  өз  топтарына  мәтінді 
меңгеруге көмектеседі (Алдымен жұпта, сонан соң ұжымда 
талқылайды).
«Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі
Мәтіннің қатты әсер 
еткен тұсы
   Менің пікірім
Мәтіннің әсер еткен 
үзінділерін жазу
Нені еске түсіреді?
Себеп-салдары қандай?
Қандай сұрағың бар?
Әр  оқушы    мәтінмен    танысып,  күнделікті  толтырып 
біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. 
Пысықтау сұрақтар:
1.  Сіздің  ойыңызда  не  сақталып  қалды?  2.  Автор 
оқырманды  қалай  қызықтырады?  3.  Кейіпкерлердің  іс-
әрекетін  қалай  бағалайсыңдар?  4.  Өз  досың  үшін  қимас 
затыңды бере аласың ба? 5. Есіркептің істеген ісі дұрыс па? 6. 
Жомартбек қандай бала, сипаттама беріңдер. 7. Осы сыныпта 


124
   
   
 
нағыз достар бар ма? 8. Сенің басыңнан дәл осындай оқиға 
өтті ме? 9. Досыңнан көңілің қалған сәттер болды ма? 10. 
Нағыз достың бойында қандай қасиеттер болу керек ?
5. Жаңа сабақты бекіту.  «Еркін жазу» әдісі.
«Нағыз  дос  деген  кім?»  ,  «Доссыз  өмір  –  тұзсыз  ас» 
тақырыптарында эссе жаздырту.
 Эссе жазар алдында «Алтын ережелермен» таныстыру.
1. Айналаға ғашық көзбен қараңдар.
2. «Дос» деген ұғымның тереңіне бойлаңдар.
3. «Қарасазым» әніндегідей тарихта қалған Мұқағали мен 
Еркіннің достығын елестетіңдер.
4. Менің қолымнан бәрі келеді деп есептеңдер.
5. Біз бағындырмайтын белес жоқ  екенін ұмытпаңдар.
Венн  диаграммасы.  Мәтіннің  негізгі  кейіпкерлері  –  
Жомартбек пен Есіркепке салыстырмалы мінездеме беру.
Рефлексия.  Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай әсер алдыңдар?
- Өз әсерлеріңді мына жұлдызшалар арқылы білдіріңдер.
Егер  сабақ  ұнаса,  қызыл  жұлдызды  аспан  әлеміне 
іліңдер.  Егер  сәл  түсінбеген  жерлерің  болса,  сары  жұлдыз 
іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса, күлгін түсті жұлдызды 
таңдаңдар.
6.  Баланың  білімін  бағалау.  Оқушыларды  пікір 
талқысына  сала  отырып,  сабаққа  қатысқан  1,2,3,4,5 
топтардағы әр баланы бағалау.
7.  Үйге  тапсырма:  «Менің  досым»  тақырыбында 
шығармашылық жұмыс (өлең шығару, әңгіме жазу, ойтолғау, 
т.б.).


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау