«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет11/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

38
                                         
                       
                          Әйтек               Бір бай шықты...
                                        
                                  
                        Қалқаман               Мамыр  
Мұхтар  Мағауин  өз  зерттеуінде  «Осындағы  ақынның               
«бір  бай»  деп  отырған  адамы  –  Мамырдың  әкесі,  шежіре 
бойынша,  аты  –  Байғазы.  Қалай  бұлдыратсақ  та  екі 
ғашығымыз  шөбере  болып  шығады»  дейді  (Бес  арыс. 
А.,  «Жалын»,  1992,  116-118-бет).  Ал  осындай  туыстық 
жақындығына  қарамастан  Қалқаман 
«Мамыр-ау,  айтып 
тұрсың  әлденені,  Шариғат  қосады  екен  немерені»  деп 
шариғат заңын алға тартып қызды азғырады.
Міне,  осындай  қосымша  деректерді  пайдалана  отырып, 
шығармадағы басты тартыс халқымыздың салт-дәстүрі мен 
шариғат заңы арасында өрбитінін оқушыларға ұғындырамыз.
Оқушылардың  танымдық  ойлауын  және  тіл  байлығын 
дамыту мақсатында төмендегідей проблемалық сұрақтарды 
кубизм әдісі арқылы қоямыз:
1)  Қалқаман  мен  Мамырдың  дауы  неден  басталды? 
Даудың  ушыға  түсуіне  не  себеп  болды?  2)  Қалқаманның 
қателігі неде деп ойлайсың? Қалқаманның орынында өздерің 
болсаңдар  не  істер  едіңдер?  3)  Көкенайдың  іс-әрекетін 
(Мамырды  өлтіруін)  қалай  бағалайсыңдар?  Шындығында, 
Көкенай тас жүрек, жауыз адам ба? 4) «Жеті атаға дейін қыз 
алыспау» сияқты қазақ салт-дәстүрінің негізінде қандай ой 
жатыр? Қазіргі күнде бұл дәстүр сақтала ма?
«Нашар  мұғалім  ақиқат  жолын  ұсынса,  жақсы  мұғалім 
ақиқатқа жету жолын үйретеді» демекші, бүгінгідей нәтижеге 
бағытталған білім беру үдерісінде әр мұғалім осы қанатты 
сөзді өзінің ұстанымы етіп алса – табысқа жетері сөзсіз.
 


39
Зада САУРАНБАЕВА,
№1 Жамбыл атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Алматы облысы,
Балқаш ауданы,
«Бақбақты» ауылы.
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІ.                      
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  а)  ұлы  ақынымыз  Абайдың 
карасөздерін  оқыту  арқылы  оқушыларға  ақыл,  қайрат, 
жүрек,  ғылымның  адам  өмірінде  алатын  орынын  түсінуге, 
өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге 
үйрету; 
ә)  мәтінді  оқып  түсіне  алатын  нәтижеге  жеткізу, 
көркем  мәтінмен  жұмыс  істей  білу  дағдысын  жетілдіру, 
сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру,  ой-өрісін  дамыту;  б) 
оқушыларды  елін  сүюге,  адамгершілік,  адалдық,  ізгілікке, 
ғылым-білімді  меңгерген  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  азамат 
болуға тәрбиелеу. 
Типі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Әдісі:  түсіндіру,  талдау, 
рөлге бөліп оқу, топпен жұмыс. 
Көрнекілігі: ақын портреті, 
ұлағатты  сөздер,  кітап  көрмесі,  слайд,  тест  сұрақтары, 
электронды оқулық. 
Сабақтың барысы.
І.  Ұйымдастыру.  Оқушылармен  сәлемдесу.    Оқушы-
ларды түгелдеу. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Абай өлеңдерін жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын бекіту.
III. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Он жетінші қарасөзді оқып, мағынасын түсіну


40
ІV. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
1. Топтастыру.
а) Оқушыларға «Абай» тақырыбы беріледі (сызба).
ә)  Алдарына  дайын  қағаз,  сол  қағазға  сызба  бойынша 
білгендерін жазады.
2. Оқушыларды 4 топқа бөліп, доппен жұмыс жүргіземіз.
Енді топ басшыларын сайлаймыз.
I топ: «Ақыл» - Досжан. II топ: «Жүрек» - Гауһар. III топ: 
«Қайрат» - Бекжан. IV топ: «Ғылым» - Кәрима.
3. Абайдың қарасөздері. Он жетінші сөз туралы түсінік 
беру.
Абайдың  қарасөздеріндегі  гуманистік,  ағартушылық, 
әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ 
халқының  философиялық  тұжырымдамасын  құрайды. 
Абайдың  қарасөздері  –  адамзат  баласына  ортақ  сөз. 
Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» 
жұрналында жарық көрді. Қарасөздерінің жалпы саны – 45.
Бұл  қарасөздерді  кейде  Абайдың  ғақлиялары  деп  те 
атайды. 
Қарасөздерінде  Абай  өз  тұсындағы  қазақтың  қоғамдық 
өміріндегі,  адамның  тіршілік-әркеттеріндегі  маңызды 
әлеуметтік алуан мәселелерді өткір көтереді. 
4. а) «Он жетінші сөзді» мәнерлеп оқу. 
I топқа: мәтіннің басы. II, III топқа: мәтіннің ортасы. ІV 
топқа: мәтіннің соңы.
Әр  топ  оқиды,  сол  әр  топтан  бір  оқушы  мәтіннің  
мазмұнын айтып береді.
ә) Электронды окулықтағы тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. «Ақыл» сөзжұмбағын шешу.
1)  Ұлы  ақын.  2)  Абайдың  әкесі.  3)  Абай  туған  жер.                         
4) Абайдың анасы.
2-тапсырма. Тірек кесте бойынша екінші бөлігін табыңыз.


41
Ақыл:               Мен таза болсам, адам баласын 
                          алаламаймын, жақсылыққа елжіретіп, 
                          еритұғын мен, жамандықтан жиреніп, 
                          тулап кететұғын мен...
Жүрек:              ...күнәкарлықтан, көрсеқызар жеңілдіктен, 
                          нәпсі шайтанның  азғыруынан 
                          құтқаратұғын мен емес пе?
Қайрат:             Менсіз пайданы іздей алмайды екен, 
                          залалдан қаша алмайды екен,
                          ғылымды ұғып үйрене алмайды екен.
3-тапсырма. Шын немесе жалған. Дұрысын табу.
1. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. 2. Абай халықты 
жақтамаған.  3.  Абай  қазақ  халқының  жақсы  жағын  да, 
кемшіліктерін  де  айтқан.  4.  Абай  шындықты  айтпаған.                                   
5. Абай сазгер болмаған.
4-тапсырма. Абайдың қайрат, ақыл, жүрек, ғылым туралы 
өлеңдерін еске түсіру, мәнерлеп оқу.
5-тапсырма. Ақыл, қайрат, жүрек, ғылым туралы мақал-
мәтелдер айту.
5. Дәптермен жұмыс. Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, 
философия  туралы,  дін  туралы  қарасөзбен  жазылған          
еңбек.
Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.
Ғақлия  көркем  сөз,  дана  сөз,  асыл  сөз  деген  мағынаны 
береді.
V. Сабақты бекіту. Тест сұрақтарына жауап беру.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Не білдім?
Не білгім келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау.
   
 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау