Батыс Қазақстан облысы, Орал қ. 31 мамыр 2017 ж



жүктеу 67,53 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.11.2017
өлшемі67,53 Kb.
#1914


              

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                                                                       

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.                                                       31 мамыр 2017 ж. 

 

 



«Экологияның және энергия үнемдеудің заманауи мәселелері. Дамудың жаңа 

әдістері және жолдары» тақырыптары аясындағы «Uralsk Green Forum» (UGF) 

халықаралық экологиялық форумының 

 

РЕЗОЛЮЦИЯСЫ  

 

Форумның  өткізілуіне  Батыс  Қазақстан  облысы  Прокуратурасының  қатысуымен,  ҚР 



Энергетика  Министрлігі  мен  Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қолдауымен 

Карачаганак Петролиум Оперейтинг б.в. халықаралық консорциумы бастамашы болды.  

 

Форумның  мақсаттары:  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  B2G  және  B2B  пішімінде 

энергияны үнемдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін мұнай-газ өнеркәсібі саласында 

тиімді  байланыс  және  іскерлік  алаңын  құру,  «жасыл  экономика»  тұжырымдамасын 

жүзеге  асыру  аясында  кейінгі  ынтымақтастықты  құру  мақсатында  тәжірибе  алмасу, 

мұнай-газ саласында экологиялық бағыттың қарқынды дамуына ықпал ету. 

 

Форумға  қатысушылар:  ҚР  Үкіметінің,  өкілдік  және  атқарушы  органдардың  өкілдері, 

«Астана»  Халықаралық  Қаржы  Орталығы,  мұнай-газ  саласындағы  ірі  компаниялар, 

экология  саласындағы  қоғамдық  ұйымдар,  нарықтың  беделді  сарапшылары,  кәсіби 

мемлекеттік емес қауымдастықтар мен бірлестіктер. 

 

Форум пленарлық және секциялық отырыстар түрінде ұйымдастырылды: 



 



Пленарлық  сессия  «Қазақстандағы  мұнай-газ  өндірісі:  экологиялық  тұрақты 

даму үлгісіне көшу»; 



Сессия  №1  «Энергияны  үнемдеу  мен  энергия  тиімділігін  арттыру  арқылы 

«жасыл» экономикалық өсімге қол жеткізу»; 



Сессия  №2  «Мұнай-газ  өндірісіндегі  қалдықтарды  басқаруға  қатысты 

инновациялық шешімдер»;  



Интерактивті  талқылау:    «Жасыл  экономикаға  көшудің  даму  жолындағы 

мүдделі тараптардың перспективалары мен тиімді өзара әрекеттесуі»; 



Сессия №3  «Мұнай-газ өндірісін дамытудағы ғылыми-техникалық әлеует және 

жаңа эко-мүмкіндіктер»; 

Форум  қатысушылары  экология  және  жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы 

төменде  келтірілген  өзекті  мәселелерді  шешу  үшін  мүдделі  тараптардың  күш 

біріктіру қажет екендіктерін атап көрсетуде: 

қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  қалдықтарды  басқаруға  қатысты 



сұрақтар ұлттық стандарттармен толық қарастырылмаған; 

қауіпті  қалдықтарды  қоса  алғанда,  қалдықтармен  жұмыс  істеуге  арналған 



лицензия жоқ; 


              

 

 



 

 

 



 

 



қалдықтарды  басқару  бойынша  ведомствоаралық  үйлестіру  қарастырылмаған, 

тиісінше  бір  мезгілде  талаптары  бір-біріне  қарсы  келетін  үш  қалдықтарды 

топтастырушы жұмыс істейді

қалдықтардың  арнайы  мамандандырылмаған  ұйымдармен  қайта  өңделуі  мен 



заңсыз бәсекелестік орын алып тұрады; 

аймақтарда  қалдықтарды  жинау,  қайта  өңдеу  және  пайдалану  бойынша 



инфрақұрылым дамымаған; 

қалдықтарды 



басқару 

бойынша 


қолданыстағы 

нормативтік-техникалық 

құжаттаманы аяқтап бітіру қажет; 

орнықты  органикалық  ластағыштарды  қоса  алғанда,  химиялық  заттектерді  және 



қауіпті қалдықтарды қауіпсіз басқарудың механизмдері жоқ

қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  тамақ  қалдықтарын  қайта  өңдеуге 



қатысты квалификациялық талаптарды белгілейтін стандарттар жоқ, сәйкесінше 

тамақ қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорындар да жоқ;  

келешекте  халық  денсаулығының  нашарлауына,  жердің  тозуына,  жер  үсті  және 



жер  асты  суларының  ластануына,  экологиялық  тепе-теңдіктің  бұзылуына  әкелуі 

мүмкін  құрамында  мұнай  бар  қалдықтарды  қоса  алғанда,  өндіріс  және  тұтыну 

қалдықтарымен  жұмыс  істеуді  реттейтін  нормативтік-құқықтық  актілерді  әзірлеу 

қажет;  


энергияны  үнемдеу  мен  энергия  тиімділігін  арттыруға  қатысты  мемлекеттік 

саясатты  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  мемлекеттік  деңгейде  бекітілген  энергия 

тиімділігінің  нысаналы  көрсеткіштері  болуы  қажет.  ҚР  ЖІӨ-нің  энергия 

сыйымдылығын  қысқартуға  қатысты  интегралдық  көрсеткіштер  берілген 

Қазақстанның  мемлекеттік  бағдарламасы  «Энергияны  үнемдеу  -  2020»  2016 

жылы өз күшін жоғалтқан болатын, сәйкесінше қазіргі кезде Қазақстанда энергия 

тиімділігі бойынша негізгі көрсеткіштер (KPI) жоқ; 

қолданыстағы энергия тұтыну нормативтері (2015 ж. 31-ші наурызда шыққан ҚР-



ның  Инвестициялар  мен  Даму  Министрінің  бұйрығы  №394)  кәсіпорындардың 

жұмысына  қатысты  әрдайым  қолданыла  бермейді.  Әр  кәсіпорын  үшін  жеке 

энергия тұтыну нормаларын энергия аудиті кезінде әзірлеп, нормаларды энергия 

аудиті қорытындысына қосу қажет; 

қазіргі  уақытта  қолданыстағы  энергия  тиімділігіне  қатысты  талаптар  жобалау 



барысында  негізінен  ғимараттарға,  құрылымдарға,  құрылыстарға  және  құрылыс 

материалдарына  қатысты  қойылады.  Өндіріс  жабдықтары  бойынша  энергия 

тиімділігіне қатысты талаптарды әзірлеу қажет;    

кәсіпорын  шығарылатын  өнімнің  және  көрсетілетін  қызметтердің  энергия 



сыйымдылығын  қысқартуды  мақсат  еткен  жағдайда,  кәсіпорында  әзірленген 

және енгізілген энергияны басқару жүйесінің болуы аса маңызды, атап айтқанда, 

білікті энергия менеджерлерінің болуы

үздік технологияларды енгізу үшін қолданыстағы ұлттық заңнамада шаруашылық 



жүргізуші  субъекттерге  арналған  экономикалық  ынталандыру  шаралары 

қарастырылмаған; 

қалдық  ресурстарды  шаруашылық  айналымында  қолдануды,  қалпына  келетін 



энергия  көздерін  қолдануды  ескеретін  табиғи  ресурстарды  игерудің  жаңа 

әдістерін  енгізу  қажет,  сондай-ақ  ең  үздік  қолжетімді  технологияларды  ескере 

отырып, экологиялық нормалаудың заманауи тәсілдерін енгізу қажет; 

халықаралық  деңгейде  де,  Қазақстанда  да  қалпына  келетін  энергия  көздерін 



енгізудің  оң  беталысы  байқалуда.  Сондықтан  табиғат  пайдаланушыларға 


              

 

 



 

 

 



 

 

қалпына  келетін  энергия  көздерін  зерттеу  мен  енгізу  мүмкіндіктерін  қарастыру 



қажет; 

мұнай-газ  секторында  инновациялық-белсенді  кәсіпорындардың  аз  болуы 



байқалуда.  Мұнай  компаниялары  әлеуметтік  міндеттемелер,  жергілікті  қамту 

саясаты  және  т.б.  аясында  өңірде  энергияны  үнемдеуге,  энергия  тиімділігін 

арттыруға,  жаңа  материалдар  мен  қалпына  келетін  энергия  көздерін  өндіруге 

бағытталған инновациялардың дамуына жағдай жасауы қажет;    

барлық  Қазақстан  Республикасы  тұрғындарының  белсенді  азаматтық  ұстанымы 



мен  жасампаз  іс-әрекетін  қалыптастыру  үшін  қоршаған  ортаны  қорғау  мен 

энергияны  үнемдеу  саласында  қоғамдық  экологиялық  және  энергетикалық 

ұйымдардың әлеуетін одан әрі тиімді түрде пайдалану қажет; 

Қалыптасқан жағдайларда келесі аталғандар ерекше мәнге ие болды: 

қалдықтармен  жұмыс  істеуге  қатысты  нормативтік-құқықтық  базаны  жақсарту, 



экологиялық  нормалауға  қатысты  табиғат  қорғау  іс-шараларын  техникалық 

реттеу және оған экономикалық ынталандыру жүргізу;  

барлық  дәрежелі  билік  органдарының  міндеттері  мен  уәкілдіктерін  экологиялық 



және  экономикалық  тұрғыдан  бөлу  арқылы  мемлекеттік  экологиялық  басқару 

жүйесін жақсарту;  

мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес табиғатты қорғау қауымдастықтарының 



өзара  әрекеттесуін  нығайту;  халыққа  экологиялық  тәрбие  беру  бағытында 

қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру;  



«Uralsk  Green  Forum»  халықаралық  экологиялық  форумның  қатысушылары 

келесі шешімдерді қабылдады: 

1. 


Экологиялық  форумды  ұйымдастырғаны  және  қоршаған  ортаға  қамқорлық 

танытып  жүргені  үшін  Карачаганак  Петролиум  Оперейтинг  б.в.  компаниясы  мен 

БҚО Прокуратурасына алғыс білдіру және олардың бастамасын атап көрсету

2. 


БҚО Әкімдігінің ұсынысымен жыл сайын осыған ұқсас экологиялық форумдарды 

өткізу; 


3. 

Уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  бірлесе  отырып,  ҚР-ның  табиғат  қорғау 

заңнамасын  үздіксіз  жетілдіруге  бағытталған  жыл  сайын  бірлесе  отырып 

атқаратын іс-шаралар жоспарын әзірлеу; 

4. 

Экологиялық  және  энергетикалық  басқару  жүйелерін  кәсіпорындарда  енгізуге 



қатысты  сұрақтар  бойынша  шағын  және  орта  бизнес  кәсіпорындарына  кәсіптік 

және  техникалық  көмек  көрсету  мақсатында  Орал  қаласында  консультациялық 

экологиялық орталықты құру мүмкіндігін қарастыру; 

5. 


Қалдықтарды  басқару  саласындағы  мәселелерді  шешуге  бағытталған 

«Табиғатты бірге сақтайық» атты ведомствоаралық жобаны қолдау; 

6. 

Қоршаған  ортаны  қорғау,  энергия  тиімділігін  арттыру  саласындағы  заң 



жобаларын  интерактивті  түрде  талқылау  үшін,  сондай-ақ  энергияны  үнемдейтін 

жаңа 


технологиялар 

мен 


табиғатты 

тиімді 


пайдалану 

саласындағы 

технологиялар  жайында  ақпарат  алмасуға  мүмкіндік  беретін  алаң  құру 

мақсатында республикалық маңызы бар электрондық ақпараттық ресурсты құру; 




              

 

 



 

 

 



 

 

7. 



Мүдделі  тараптардың  хабардарлығын  арттыру  мақсатында  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  халықаралық  экологиялық  форумның  қорытындылары  жайында 

баяндау. 

«Uralsk  Green  Forum»  халықаралық  экологиялық  форумның  қатысушылары 

келесіні ұсынады: 

I. 

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына, және олардың аумақтық 

бөлімшелеріне: 

 

жаңа  заңдар  мен  нормативтік-құқықтық  актілерді  әзірлеу  кезінде  олардың 



теріс  әсерді  азайтудағы  тиімділігіне  қатысты  қорытындыларымен  бірге 

оларға міндетті түрде бірден апробация жасау;  

бас  артықшылығы  нәтижеге  қол  жеткізуді  мақсат  еткен  топтық  жұмысқа 



негізделген  жобалық  басқару  принциптерін  мемлекеттік  бақылау 

практикасына барынша енгізу; 

табиғат  пайдаланушыларды  табиғат  қорғау  шараларын  жүзеге  асыруға 



ынталандыру,  ресурстарды  үнемдейтін  технологияларды  қолдану  мен 

өтемдік көгалдандыру механизмін әзірлеу; 

тұрақты  түрде  және  заңды  және  жеке  тұлғалардың  өтініштері  бойынша 



табиғат 

қорғау 


заңнамасындағы 

қарама-қайшылықтарға 

қатысты 

консультациялық-түсіндіру  жұмыстарын  оперативті  түрде  өткізу,  атап 

айтқанда, 

қалдықтарды 

орналастыру, 

негізсіз 

айыппұлдарды 

тағайындаудың  алдын  алу,  энергияны  үнемдеу  мен  энергия  тиімділігін 

арттыру мәселелеріне қатысты; 

уәкілдікті  асыра  қолдану  жағдайларын  болдырмау  үшін  бақылау  және 



қадағалау органдарының уәкілдіктерін анық жіктеу; 

тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдарды және «Атамекен» ҰКП-



ны (ұлттық кәсіпкерлер палатасы) тарту арқылы әдістемені дайындау және 

Қазақстан  Республикасының  мұнай-газ  секторындағы  компаниялардың 

мықты  және  осал  тұстары  көрсетілген  экологиялық  (өндірілген  шикізат 

бірлігіне  шаққандағы  қоршаған  ортаға  түсетін  үлестік  шығарындылар, 

парниктік  газдар  шығарындылары,  ілеспе  және  табиғи  газды  пайдалану, 

ағынды суларды кәдеге жарату және қайта пайдалану, қалдықтарды қайта 

өңдеу)  және  энергетикалық  (өндірілетін  шикізат  көлеміне  шаққандағы 

энергияның үлестік шығысы) рейтингін құру; 

әр  жылға  әрбір  экономика  саласы  үшін  энергия  тиімділігі  бойынша  негізгі 



көрсеткіштерді  айқындау  және  белгілеу,  және  оларды  мемлекеттік 

деңгейде бекіту;  

энергия  аудиті  кезінде  кәсіпорындар  үшін  жеке  энергия  тұтыну 



нормаларын әзірлеу және бұл нормаларды энергия аудиті қорытындысына 

қосу қажеттігі жөніндегі талаптарды енгізу; 

өндірістік жабдықтың энергиялық тиімділігіне қатысты талаптарды әзірлеу; 



ХҚОА(Халықаралық  қаржы  орталығы  «Астана»)-AIX  биржасы  жасайтын 

жағдайларды  пайдаланудың  мүмкіндігін  қарастыра  отырып,  CO2 

шығарындыларының  биржа  саудасымен  байланысты  мәселелерді 

талқылауды жалғастыру; 

 



              

 

 



 

 

 



 

 

II. 



Табиғатты пайдаланушыларға: 

 

табиғат 



қорғау 

заңнамасын 

жетілдіру 

мақсатында 

мемлекеттік 

органдармен  және  үкіметтік  емес  қауымдастықтармен  бірлесе  отырып, 

нормативтік-шығармашылық жұмысқа белсенді түрде қатысу; 

нақты  шешімдерді  таба  отырып,  қазіргі  экологиялық  проблемаларды 



оперативті  түрде  шешу  үшін  бақылау-қадағалау  органдарымен  және 

үкіметтік емес қауымдастықтармен тығыз өзара әрекеттестікті орнату; 

заңнамадағы  қарама-қайышылықтарға  қатысты  түсініктеме  алу  үшін 



бақылау-қадағалау органдарына бірден жүгіну; 

қазіргі,  арнайы  тақырыптық  бағыттағы  проблемаларды  (қоршаған  ортаны 



қорғау  мен  энергияны  үнемдеу  саласындағы  ең  үздік  қолжетімді 

технологиялар)  шешу  үшін  қазақстандық  жобалау,  ғылыми-зерттеу 

ұйымдарын және жоғары оқу орындарын белсенді түрде тарту; 

қалпына  келетін  энергия  көздерін  зерттеу  және  енгізу  мүмкіндіктерін 



қарастыру, және баламалы энергетиканың дамуына жағдай жасау

әлеуметтік  міндеттемелер,  жергілікті  қамту  саясаты  және  т.б.  аясында 



өңірде  энергияны  үнемдеуге,  энергия  тиімділігін  арттыруға,

 

жаңа 



материалдар  мен  қалпына  келетін  энергия  көздерін  өндіруге  бағытталған 

инновациялардың дамуына жағдай жасау;  

жасыл  облигацияларды  орналастыру  мен  экологиялық  жобаларға 



инвесторларды  тарту  бойынша  «Астана»  халықаралық  қаржы  орталығы 

инфрақұрылымының мүмкіндіктерін пайдалану;   

 

III. 

Үкіметтік емес қауымдастықтар мен БҚО-ның жоғары оқу орындарына: 

 

табиғат қорғау заңнамасын жетілдіруге белсенді түрде қатысу; 



мүдделі  тараптарды  тарта  отырып,  жалпы  Батыс  Қазақстан  облысында 

кездесетін  өзекті  экологиялық  мәселелер  бойынша  және  жеке 

кәсіпорындардың 

өтініштері 

негізінде 

«дөңгелек 

үстелдер» 

мен 

жиындарды оперативті түрде ұйымдастырудың мүмкіндіктерін қарастыру;  



Батыс  Қазақстан  облысы  аумағында  экологиялық  бағыттағы  және 

энергияны  үнемдеу  саласы  бойынша  оқу  семинарларын  өткізудің 

мүмкіндігін қарастыру. 



 

Форум  қатысушылары  жоғарыда  берілген  ұсыныстардың  практикада  жүзеге 

асырылуы  «Жасыл  экономика»  тұжырымдамасын  сәтті  іске  асырып,  Қазақстан 

Республикасының  тұрақты  даму  үлгісіне  көшуі  үшін  қажет  әлеуметтік-

экономикалық платформаны құрудағы ең маңызды қадамға айналатынына сенім 

білдіреді. 

 

жүктеу 67,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау