«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет19/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34

71
шығарып қоймаған. Ол қыз бен жігіттің, кәрі-жастың ойын-
тойда,  қоштасқанда,  қаза  үстінде  айтатын  өлең-жырының 
бәріне  құлақ  тосып  отырған.  Сөйтіп  басқа  мұраны  да  зер 
сала жинайтын кәрі құлақты ақындар өз жырларымен бірге 
халық  арасынан  естіген  сол  жырларды  да  қоса  айтқан. 
Кім  шығарғаны  беймағлұм  өлең-жыр  жалпақ  даланың  бір 
түкпірінен бір түкпіріне, ғасырдан ғасырға осылай таралып 
отырған» [Уақыт және әдебиет. А., 1962, 35-б.] деген Мұхтар 
Әуезов  пікіріне  сүйене  отырып,  Абайды  халық  поэзия-
сының ірі өкілі ретінде тұлғалайды. 
«Абай мұрасын игеру, оның творчествосын терең зерттеу 
өткендегі мәдени қазынамызды пайдаланудағы ең түбегейлі 
мәселелердің бірі болғаны сияқты, біздің әдебиетіміз, әсіресе, 
поэзиямыз  өзінің  қалыптасып  дамуының  қай  кезеңінде  де 
ұлы ақынның жемісті, құнарлы дәстүрлерінен сырт қалған 
емес.  Бұл  –  даусыз  шындық.  Мұны  өткендегі  және  қазіргі 
әдебиетіміздің  даму  тарихынан  анық  көреміз.  Қазақтың 
айтулы, ірі-ірі ақындарының қай-қайсысы да өздерінің іздену 
жолдарында Абай творчествосының тереңіне үңілмей, оның 
тұнығынан сусындамай кете алмады» [М.Әуезов. А., 2010, 
468-б.]  деп  түйген  белгілі  сыншы  Айқын  Нұрқатовтың 
пікірінің тереңдігіне тоқталады. 
«Ақын танымында сәулеленген заман болмысы мен адам 
келбеті,  ақынның  адам мен  заман  хақында түйген  ойлары, 
ұсынған қағидалары белгілі бір дәуір сипатын, сол дәуірдің 
адамның  құлқын  танып  бағалау  негізінде  туған.  Дәуір  си-
патының, адам құлқының мезгілдік және мекендік шегі мен 
шеті нақты, өлшемді, мөлшерлі. Ал ақындықтың осы нақты, 
өлшемді,  мөлшерлі  болмыс  шегінде  айтылып  отыратын 
ойы, насихаттаулары, қағидалары мен тұжырымдары нақты 
бір  заман  үшін,  сол  заманның  нақты  адамы  үшін  ғана 
емес,  барша  заман,  барша  адам  үшін  маңызды,  ғибратты 
жалпы  адамзаттық  рухани  құндылықтар  қатарына  жатады. 


72
Ақын 
шығармаларында 
негізделген 
қағидалардың, 
құндылықтардың  әлеуметтік,  көркемдік-эстетикалық  мә-
ні  адамдардың  бәріне  бірдей  маңызды.  Абайдың  әдеби 
мұраларының бүгінгі қоғам үшін маңызы мен мәні – ондағы 
адам келбеті, заман сипаты туралы әлеуметтік, адамгершілік 
ұстанымдар  мен  тұжырымдардың  өміршеңдігінде,  өмірлік 
өзектілігінде.  Ақынның  жақсы  мен  жаман,  надандық  пен 
адамдық,  махаббат  пен  ғадауат  туралы  әр  ұстанымы,  әр 
тұжырымы  өткен  өмірдің,  бүгінгі  күн  мен  келер  шақтың 
рухани  келбетін  кемелділік  деңгейінде  дәл  анықтайтын 
айырықша  өлшемдік  көрсеткіші  болып  табылады»  деген 
тұжырымдарының  Абайтануды  бүгінгі  күн  тұрғысынан 
терең зерделеудің  руханият үшін қаншалықты маңызға ие 
екендігін айғақтайды. 
Мұхтар  Әуезовтің  заманымыздың  заңғар  жазушысы 
ретіндегі  даралығын,  жаңашыл  бағыттағы  ізденістерін 
талдайтын  зерттеу  мақалаларында  ұлы  Абайды  таныту 
арқылы  ұлттық  әдебиетке  зор  серпін  бергендігін  қайталап 
айтып,  жазушы  шығармашылығы  әдебиет  үшін  үйрену 
мектебі,  шеберлік,  парасат  мектебіне  айналғандығын  атап 
айтады. 
Лекциялар 
курсындағы 
талдауларынан 
Жанғара 
Дәдебаевтың  шын  мәніндегі  өнерге  адал  берілген,  өз 
ісінің  майталман  білгірі  екендігін  байқаймыз.  Ол  тек 
Мұхтар            Әуезов  шығармашылығы  ғана  емес,  Ғабит 
Мүсірепов,  Ғабиден  Мұстафин,  т.б.  шығармашылығын 
зерделеп,  монографиялық  еңбек  жазғандығын  ескерсек, 
сыншы-ғалымның  тақырыпқа  адалдығын,  өзінің  терең 
түйсінген,  көңілінен  берік  орын  тепкен  сөз  зергерлерінің 
шығармашылығын  ой  елегінен  өткізетіндігінің  куәсі 
боламыз.
Жанғара  Дәдебаев  өз  зерттеулерінде,  ғылыми 
мақалаларында  зерделі  зерттеуші,  философ  ғалым  ретінде 


73
таныла  білді.  Сөз  өнерін  «Әр  халықтың  рухани  өсуінің, 
өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде 
танылуымен  бірге  оның  мақтанышы,  даңқы»  деп  жоғары 
бағалайды. 
Жанғара Дәдебаев М.Әуезовті зерделеу арқылы Абайды 
толық танып, танытты. Ж.Дәдебаев орыстың ұлы сыншысы 
В.Белинскийдің «Ұлы шығарма жайында не айтылатындығы 
туралы мәселенің маңызы сол ұлы шығарманың өзінен кем 
емес» деген пікіріне сүйене отырып, Мұхтар Әуезовтің «Абай 
жолы» эпопеясы ғана емес, шығармашылығын толық қамтып  
талдау  арқылы  жазушылық  шеберлігі  мен  суреткерлік 
тұлғасына тоқталады. Әдебиеттанушы ғалымның ұлы Абай 
мен  жазушы  туралы  жазылған  зерттеулері  М.Әуезовтің 
көп  салалы,  кең  арналы  шығармашылық  жолына  шолу 
жасауға,  оның  басты-басты  еңбектерін  талдап  баға  беруге, 
жазушының  қазақ  кеңес  әдебиетіндегі  ғана  емес,  әлемдік 
классикалық әдебиеттегі алатын орынын айқындап береді. 
Жанғара  Дәдебаев  әдебиетке  белсене  араласқан 
жылдарынан  бастап,  жалпы  әдебиеттің  даму  ерекшелігі, 
жанр  табиғаты,  дәстүр  мен  жаңашылдық,  әдеби  үдерістегі 
әлем әдебиетінің озық үлгілерінің көріністері хақында шағын 
мақалалардан  бастап,  терең  тағылымды,  мол  мазмұнды 
теориялық-монографиялық еңбектер жазды.  
Әр  жазушының  өзіне  тән  өмір  жолы,  өзіне  лайық 
шығармашылық  даралығы,  өзіндік  стилі  бар.  Сол  Мұхтар 
Әуезов  те  бүгінгі  дүниежүзілік  мәдениетке  үлкен  үлес  
қосқан  көрнекті  қаламгер  дәрежесіне  жеткенге  дейін 
тарихтың  талай  тар  соқпағы  мен  бұралаң  сүрлеуін  артқа 
тастады.  Демек,  оның  шығармашылығының  даралығы,  
қыры  мен  сыры,  өзіндік  өзгешелігі  мол  болуы  –  табиғи                                                                                                                
нәрсе.  Зерттеушінің  міндеті  осындай  өзгешелікті  көре 
білу  болса,  Жанғара  Дәдебаев  зерттеулері,  ғылыми  ой-
тұжырымдары  сол сауалға жан-жақты жауап бере алды.  


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау