«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,94 Mb.
Pdf просмотр
бет7/34
Дата09.11.2018
өлшемі0,94 Mb.
#18762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

22
1. Аты.     2. Сұрағы.      3. Пікір.     4. Ұсыныс.
7-қадам. Бағалау.
8-қадам. Үйге тапсырма: сан есімі бар мақал-мәтелдер 
жазып келу.
Құттықыз ЖӘНІБЕКОВА,
Қызылорда облысының
Жаңақорған ауданындағы
№247 «Бесарық» орта 
мектебінің мұғалімі. 
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ТҮРЛЕНУІ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: етістіктің ерекше бір түрі – тұйық 
етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың 
етістік  жайлы  білімдерін  кеңейту. 
Міндеттері:  а)  тұйық 
етістіктің  түрленуінің  ерекшеліктерін  ұғындыру,  білім-
білік  дағдыларын  қалыптастыру;  ә)  ауызша  және  жазбаша 
тапсырмалар,  мәтіндер  арқылы  тұйық  етістікті  тапқызу, 
жан-жақты  талдау,  оқушы  ойын  дамыту;  б)  сабақта 
пайдаланылған  мәтіндер,  мысалдар  арқылы  адамгершілік 
және эстетикалық тәрбие беру.
Әдісі:  жаңа  білімді  меңгерту,  баяндау,  сұрақ-жауап. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, оқулық.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. 
Сыныпты  үш  топқа  бөлу,  үй  тапсырмасын  сұрау.               
Көсемше жайында түсінік алу.   


23
Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұйық  етістік  туралы  түсінік  беру.  Ойшақыруға  мына- 
дай сөздер жазылады. 
У – жұрнағы, септік, тәуелдеу, шақ, жақ, зат есімдерше, 
қимыл, әрекет атауы.
Оқушыларға ереже шығарту. Бүгінгі сабақтың тақырыбы 
айқындалады.
Зат  есімдерше  түрленіп,  шақпен  де,  жақпен  де        
байланысты  болмай  қимылдың,  іс-әрекеттің  атын  білді- 
ретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.
Тұйық етістік 

 етістіктің ерекше түрі
Қимылдың, іс-әрекеттің атауы 
ретінде қолданылады, етістік 
тұлғаларына  тән шақтық 
мағынаны да, жақтық мағынаны 
да білдірмейді.
Мағынасы жағынан ол 
қимылдың, іс-әрекеттің атын 
білдіреді, шақпен де, жақпен де 
байланысты  болмайды.
Тұйық етістіктің жасалу жолы
Негізгі е.
Туынды е
Етіс
Болымсыз е.
Бар 
шеге-ле          у жұрнағы
айт-қыз          жалғану
кел-ме            арқылы
Қимыл, іс-әрекеттерінің 
атын білдіріп солардың 
атауы болып тұр.
Тұйық етістіктің емлесі
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге  
тұйық етістіктің у жұрнағы дауысты болып 
жалғанады. Дауысты дыбыстарға бітсе, у 
жұрнағы дауыссыз болып жалғанады. 
бар-у, қайт-у, 
көр-у, кел-у.
ойна-у, сөйле-у, 
келме-у, сана-у. 
2. Дауысты  ы,  і  дыбыстарына біткен 
етістіктерге тұйық етістіктің у жұрнағы 
жалғанғанда түбірдің соңындағы  ы, і 
дыбыстары жазылмайды.
оқы+у=оқу,  
тасы+y=тасу, 
кемі+у= 
кему, ері+у=еру.
3. Қатаң  п, қ, к дыбыстарына біткен 
етістіктерге тұйық етістіктің у жұрнағы 
жалғанғанда түбір соңындағы п дыбысы б-ға 
айналады,  қ, к дыбыстары г, ғ-ға айналады.
ақ+у=ағу, 
кеп+у=кебу,
үк+у=үгу.
 


24
Заттық мағына
Қимылдық мағына
Көсеуді әперші.
Отты көсеу керек.
Сабаумен жүн сабайды
Малды басқа сабауға болмайды.
Жасау – қызға жиналған 
дүние-мүлік.
Нағыз домбыраны шебер жасау 
керек.
Тапсырмаларды орындау. 
1-тапсырма.  1-топқа. Мына сөйлемдердегі көп нүктенің 
орынына тұйық етістікті  қойып жаз. 
Тапсырманы  уақытында        ....  керек.    Мектепте  және 
үйде тәртіпті   ...  керек. 
Үлкендерді  ....    керек.    Ұйым  жұмысына  ...    керек. 
Мәдениетті ...  керек. Сабаққа белсенді ...   керек. 
2-топқа. Шешендік сөзді толықтыр.
Дау мұраты – ... Саудагер мұраты – ... . Қыз мұраты – ... . 
Жол мұраты – ... .
3-топқа.  Көп    нүктенің  орынына  тұйық  етістік  болатын 
сөздерді қой. 
Жас бүлдіршіндер үйде ата-аналарын ....   тиіс, түзде  
үлкендерді ... керек. 
Іс- әрекетте сақ ... , сөзінде әділ, адамдарды шексіз ....  , 
сөйтіп адам сүйетіндерге жақындай ...  абзал-ақ.
2-тапсырма.  1-топқа.  Ағаш  кессең  –  ұзын  кес,  қысқар-
туың оңай; Темір кессең  қысқа кес, ұзартуың оңай.
Тұйық етістікті тап, тәуелдеп шық. 
2-топқа.  Оқу  инемен  құдық  қазғандай.    Тұйық  етістікті 
тап, септеп бер.
3-топқа. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістікті 
тап, мағынасын айт, тәуелдеп бер. 
3-тапсырма. Тұйық етістіктің емлесін ұғындыру.
1-топқа. Бекі – у- ...,   ұйы – у- ....,   сеп – у- ....
2-топқа. Бері – у - ....., шық –у - ...., шоқы – у- ....


25
3-топқа. Төк – у- ...., тай – у - ...., жап – у - .....
4-тапсырма. Кітаппен жұмыс.
Сабақты  қорытындылау.  Бір-бір  тұйық  етістікті  айтып 
тәуелдеп, септеп шығады.  
Оқушы білімін бағалау. 
Үйге  тапсырма:  тұйық  етістікті  оқу,  көркем  әдебиет-
терден  Мұхтар  Әуезовтің  «Көксерек»  әңгімесінен  тұйық 
етістігі бар сөйлемдер жазу.
Қарлығаш ШӘРІП,
Іңкәрбек Жұмағұлов  атындағы  
орта мектептің  мұғалімі.
Алматы облысы,
Райымбек  ауданы.
ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ
ҰБТ-ға дайындық барысында  оқушылардың  сөздің  тура 
және  ауыспалы мағынасын,  көп мағыналы  сөз бен  омоним   
сөздерден  қателесіп   жататындықтарын  көреміз.
Осы  сияқты    қателіктерді  болдырмау    мақсатында    сөз  
мағыналарына    қатысты    ұғымдарды    жинақтап,тиянақтап  
алу    үшін    оқушыларға    қайталау    сабақтарында  ереже  
дәптерлеріне  кесте толтыртамын.
Дағдының  қалыптасуы  үшін  жаттығу  жұмыстарының  
рөлі  зор. Демек,  жаттығу  жұмыстарын  түрлендіре  отырып, 
оқушылардың    шығармашылықпен    жұмысына    мүмкіндік  
жасау  керек. 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау