84
Айгүл НҰРЫМБЕКОВА,
Семей қаласындағы
№15 орта мектептің мұғалімі.
ӘЛМАҒАМБЕТТІң АБАЙ
ӘНДЕРІН ОРЫНДАУДАҒЫ ЖӘНЕ
ТАРАТУДАҒЫ ОРЫНЫ
Абай әндерін халыққа көп таратқан әншілер әйгілі
Майбасардың Мұхаметжаны, Әлімханның Мұқасы, сондай-
ақ ақынның өз тәрбиесінде болып, үлгі-өнегесін көріп өскен,
оқу-тоқуы аз болса да, кезінде қалың елге белгілі болған төл
шәкірті – Әлмағамбет Қапсалямұлы.
Әншінің өмірі мен өнері жөнінде ел ішінде ауызекі
көптеген әңгімелердің куәсі болғанымызбен, оның нақтылы
өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған толық
мәліметтер аз. Алайда кейбір деректерде кездеседі. Мәселен,
ұлы ақынның қайтыс болғанына он жыл толуына орай
Семейдегі Жағырапия қоғамының ұйымдастыруымен 1914
жылы 26 қаңтар күнгі еске алу кешінің “Бағдарламасы”.
Осы кештің бірінші бөлімінің бағдарламасында “Любовь
юноши. Стихи. Мотив Абая, исполнитель Алмаганбет
Капсалямов” деп атап көрсетілген. Осыған байланысты
«Айқын» жұрналының №4 санында (1914 ж.) Мұстақым
Малдыбаев жариялаған қысқа хабарда Әлмағамбет есімі екі-
үш жерде аталып өтіледі.
Тағы бір дерек. 1915 жылы 13 ақпанда Абайдың туғанына
70 жыл толуына орай Семейдің Приказчиктер клубында
қазақша әдебиет кеші өтеді. Мақсаты – «Россия мұсылманы
атынан ашылған Петроградтағы соғыс ауруханасы һәм
оқушы жастарының пайдасына» қаржы жинау. Бұл кештің
бағдарламасы орыс және қазақ тілінде жазылған. Бағдарлама
85
төрт бөлімнен тұрады. Осының екінші бөлімінде Әлмағамбет
Қапсалямовтың «Ырғақты», «Татьяна», «Жарқ етпес»
әндерін орындайтындығы көрсетілген. Ал үшінші бөлім
бойынша Жанақ пен баланың айтысын да орындайтындар
Ғабдулахмит пен Әлмағамбет екендігі жазылған /«Абай»
жұрналы. 1992, №4, 37-б./
«Қазақ тілі» газетінің 1924 жыл 27 желтоқсандағы №131
санында жарияланған «Білдіру» атты құлақтандыруда «Осы
жылы 29 желтоқсанда Луначар клубында қазақтың байтақ
даласында өткен атақты сыршыл ақын Абай (Ибраһим)
Құнанбайұлының дүниеден көшкеніне жиырма жыл толуын
еске түсіру үшін Семейдің «Географический общества
құрметтеп ескерткіш кешін жасайды» дейді де, Абай әндері
орындалатыны айтылады, әншілер Әміре, Әлмағамбеттердің
есімдері аталады.
Мұхтар Әуезов әнші Әлмағамбетті жақсы білген, таныс,
сырлас, дәмдес болған. Жазушы романда оны Абайдың
балалары Ақылбай, Әбіш, Мағауиялардың қатарында,
соларға қатысты оқиғалар ішінде көрсетіп, суреттеп отыра-
ды. Мысалға, «Қазір Әбіш қазақ әндерін тартып кеткен еді.
Осы жылдар жаңа келген «Бурылтай» әнін әсем бұралтып,
созып жөнелгенде, Әбіштің қасына барған Әлмағамбет
әнді шырқап тұрып қосылып кетті. Жиынға түсінікті қазақ
әні бар скрипкада, әрі өнерлі, жіңішке ашық үнді әншінің
көмейінде ырғалғанда жұрт жаңадан рахат тауып, тамашалап
отыр... Ауыл иесі Мұсабайдың өтініші бойынша Әбіш Абай
әндеріне ауысты. Әлмағамбет «Тәңірі қосқан жар едің сен»
деген өлеңімен «Татьяна» назын толқытып жөнелді».
Әлмағамбет туралы Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында,
Семей қаласында тұратын немере, шөберелерінен сұрау
арқылы Әлмағамбет баласы Шабдан ақсақалдың Абай
мұражайына әкесі туралы жазып, қалдырып кеткен
құжаттары мен Молдабек Жанболатовтың «Тобықты-
86
Шыңғыстау» шежіресі арқылы біраз мағлұматты айтуға
болады. Әлмағамбеттің өз әкесі Қапсалям Тобықты ішінде
Тоғалақ деген рудан. Тоғалақтың тоғыз баласының бірі –
Серкебай. Серкебайдан Шалғынбай, Уақбай, Қапсалям туа-
ды. Қапсалям 1830 жылы туып, 95 жасында 1925 жылы қай-
тыс болған. Шыңғыстауда Бақанас өзенінің Әрхам Ысқақов
алған арықтың сол жағалауында жерленген. Бүгінде бейіті
бар. Бақанас ауылынан екі шақырым жерде. Қапсалямның
бәйбішесі Қанымбала Абай үйінің тошаласын ұстаған.
Зираты Көкен тауының шығыс жағындағы Қызылқайнар
деген жерде. Бойы кіші, жүріс-тұрысы ширақ болғандықтан,
Абай Қанымбаланы «шипақай» деп атаған. Әлмағамбеттің
әкесі Қапсалям денесі ірі қарулы, палуан тұлғалы адам
екен. Өзі кедей болған. Әншілік қасиеті де болыпты, бірақ
кедейшіліктен ән салып, серілік құрып жүруге мүмкіндігі
болмаған. 1875 жылдары Топай Беркінбайдың ауылынан
Абайдың шақыртуымен Абай ауылына көшіп келіп, 1904
жылға дейін Ақшоқы бойында Абай жылқысын бағады.
Әлмағамбет 1870 жылы Қыдыр бойында туып, 1932 жылы
маусым айының бас кезінде Абай ауданының орталығы
Қарауылда қайтыс болған. Бейіті Қарауыл өзенінің оң жақ
жағалауында. «Кейіннен бейітін өзім жөндеп, 1954 жылы
қайта салғыздым» дейді баласы Шабдан ақсақал. Одан
кейінде Абай аудандық әкімшілігінің көмегімен зираты
қайта жөнделіп, кесене түрінде тұрғызылды. Басына «Бұл
жерде Абай сүйіп тыңдаған әнші Әлмағамбет мәңгі ұйқы
құшағында жатыр» деген тас орнатылды.
Қапсалям Абай ауылына барғанда Әлмағамбет бес
жастағы бала екен. Ол Абай балаларымен бірге болып,
ескіше арабша оқыған. «Әкем осы Абай аулында болғанда
ондағы Кішкентай молда, Мүрсейіттерден оқып сауатын
ашқан. Жиырма жасқа дейін өнер іздену соңында болған.
Атақты әнші-күйші Мұқадан көп үйреніп, өзінің ұстазы
87
санаған. Абай Мағауия, Тұрағұл мен Әлмағамбетті үш қыс
Семейде орыс музыкантына беріп, скрипка үйреткен» дейді
Шабдан ақсақал естелігінде.
Абай атамыздың Әлмағамбетті іш тартып, өз әншісі етіп
шығарудың бірнеше себептері болған. Абай 1889 жылдары
6-7 ән шығарған екен. Бұл кез ақын Абайдың қырық жастан
асқан шағы, өлең, ән қуаты тасқындап, кемеліне келген кезі
еді. Абай өлеңдерінде жастық махаббатты, ыстық сезімді,
ой-толғаныстарын дәл Әлмағамбеттей жете сезініп, дөп
басып, жеріне жеткізер әнші некен-саяқ еді. Оған себеп,
ең алдымен, Әлмағамбеттің бойына туа біткен әншілік
дарындылығымен қоса албырт жастығы, сондай-ақ Абай
әндерінің жаңашылдығы да әсер етсе керек. Екінші жағынан,
Абайдың өз балаларымен бірге ойнап өсіп, сол ортада
тәрбиеленген Әлмағамбет Абай балаларымен бірге өнер
үйреніп, қаладағы музыканттардан дәріс алуы себеп болды.
Жастайынан пысық, зерделі, жүйрік көңілді Әлмағамбет
өзге өнерпаздардан қара үзіп, дараланып,сол жас кезінің
өзінде-ақ «Абай әншісі» деген атаққа ие болады.
Әлмағамбет жиырма жасында Маржан деген қызға
үйленген. Ол кісі жай түсіп бір баласымен өлген. Одан кейін
руы тарақты Төлепбердінің қызы Құнапияға үйленген. Ол он
бір бала көтерген. Тұңғышы – Шабдан, одан кейін – Қабылан,
ең кенжесі – Уалхан. Өзгелері жастай қызылшадан қайтыс
болған. Уалхан Қасқабұлақтағы жеті жылдық мектепті
бітірісімен 1942 жылы әскерге алынып, соғыста қаза тапқан.
Әлмағамбеттің тұңғыш баласы – Шабдан 1908 жылы
туған. 1980 жылы Қасқабұлақта қайтыс болған. Ол өз
заманындағы сауатты адамдардың бірі еді. 1930 жылдардың
бас кезінде халық милициясы болып қызмет атқарды. 1934
жылы Қасқабұлақта мектеп ашылғанда мектептің алғашқы
мұғалімі етіп тағайындалды. «Мектепте үш парта болды.
Тақтаны қаңылтырдан өзім жасадым» дейтін.
Достарыңызбен бөлісу: |