«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет24/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36

88
Шабдан  –  әкесі  Әлмағамбеттің  домбырасын  Абай 
мұражайына  табыс  етумен  қатар  әкесінің  ғұмырына 
байланысты  естеліктер  қалдырған  адам.  Ол  орта  бойлы, 
қоңыр  өңді,  қалың  мұртты,  жүріс-тұрысы,  сөйлеген  сөзі 
салмақты,  жиын-тойда,  қонақта  домбыра  тартып,  ән 
салатын. Үні жіңішке, ашық шығатын. Ол кісінің Әсемхан, 
Несіпхан,  Рүстемхан,  Алтынхан  атты  ұлдары,  Салтанат 
атты  қызы  болды.  Ұлдарының  барлығынан  да  ұрпақтар 
бар.  Бәрі  Семей  қаласында  тұрады.  Қызы  Әлмағамбетова 
Салтанатқа  атасының,  әкесінің  әншілік  өнері  қонған 
деуге  болады.  Жас  кезінде  ауылдағы  «Қаракөз»  ансамблін 
ұйымдастыруға  ұйытқы  болды,  қалалық  филармонияда 
әншілік қызмет атқарды. Қазір көпшілік орындарда, жиын-
тойларда, қонақтарда  қолқа салушылардың бетін қайтармай, 
ел  көңілінен  шығатындай  әндерді  айта  біледі.  Салтанат 
Семейдегі Орталық неке сарайында қызмет атқарады.
Ал Әлмағамбеттің Шабданнан кейінгі баласы – Қабылан, 
одан  –  Жеңісхан.  Әкелі-балалы  екеуі  де  қайтыс  болған. 
Олардың ұрпағы әрі домбырашы күйші, әрі әнші болатын. 
Қанат әншілік өнерімен жас болса да ауыл, аудан көлеміне 
танылып отыр. Семейдегі музыкалық колледж бітірген ол – 
қазіргі күнде ауылда музыка пәнінің мұғалімі.
Әлмағамбет  Абайдың  «Жарқ  етпес»,  «Айтым  сәлем, 
қаламқас», «Татьяна», «Бойы бұлғаң», «Сегіз аяқ», «Өзгеге, 
көңілім, тоярсың», т.б. әндерін қалың жұртқа насихаттаушы, 
таратушы да болған. Сондай-ақ Абай тапсырмасымен Біржан 
сал әндерін де орындаған. «Жиырма бес», «Жамбас сипар», 
«Топай көк», «Гауһар тас», «Ағаш аяқ», «Қарғаш-ау» сияқты 
әндерді тұрақты түрде айтып жүрген.
Әлмағамбет әнші ғана емес, күйші де болған. Ол «Бұлғаң 
жігіт», «Тепең  көк», «Түрікпен», «Бозайғыр»,  «Саймақтың 
сары  өзені»  сияқты  күйлерді  бабына  келтіріп  тартатын 
болған.  Скрипкада  ойнауды  жақсы  меңгергендіктен  орыс 


89
   
   
 
күйлерін де тартқан.
Әнші  Жәнібек  Кәрменов  «Ақылбайдың  әні»  атты 
кітабында былай жазады: «Қайнына ұрын кетіп бара жатқан 
Мекайлдың  серігі  Әлмағамбет  Ақылбайға  келіп:  «Ақыл 
аға,  матайлар  –  сауықшыл,  өнерлі  ел.  Олар  Абай  ағамның 
әндерінің бәрін біледі. Құдалар «Жаңа бір ән естігіміз келеді» 
десе  не  дейміз?  Бір  ән  тауып  беріңіз»  деп  қолқа  салады. 
Ақылбай  Әлмағамбетке  «Сен  ағамның  (Абайды  айтады) 
әндерін бір айтқаннан жаттап алатын құйма құлақтығың бар 
еді.  Кәне,  сынап  көрейін»  деп  қолына  домбырасын  алып, 
біраз іштей ыңылдап отырып, сол жерде «Ақылбайдың әні» 
деген әнді шығарады. Осы әнді қазақ еліне жайған – әнші 
Әлмағамбет» (А., 1980, 108-б.).  
Абай қайтыс болғаннан кейін де Әлмағамбет өзінің ұлы 
ұстазы Абай әндерін халыққа таратуды жалғастыра берген. 
Қазақтың зиялы қауымы Семейде қазақтың тұңғыш театрын 
ұйымдастырғанда соның белсенді мүшесі болған.
ӘНШІ  ӘЛМАҒАМБЕТ
           Күйші де өзі бал тамған бармағынан,
           Тұрған да жұрт қаумалап жан-жағынан,
           Болған еді сол кезде нағыз сынақ –
           Шыға білу Абайдың талғамынан.
           Әлмағамбет сол сыннан сүрінбеген,
           Туа біткен дарыны дүрілдеген.
           Тамылжытып, жан тербеп салған әнін
           Тыңдағанда жан жоқ-ау сүйінбеген!


90
Авторлық бағдарлама
Жанбике ДӘРІБАЙ,
Маңғыстау облыстық білім беру 
ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін 
арттыру  институтының  
«Оқыту теориясы мен әдістемесі» 
                        кафедрасының аға оқытушысы.
ЕРЕСЕК ОРАЛМАНДАРҒА 
АРНАЛҒАН ТІЛ ҮЙРЕНУ КУРСЫ 
Түсінік
Тарихи Отанына қайта оралған ересек қандастарымызға 
ана тілін жедел меңгерту – кезек күттірмейтін, аса маңызды 
мәселе.  Маңғыстау  өлкесіне  көшіп  келуші  оралмандар 
тобын,  негізінен,  Иран,  Түркменстан,  Өзбекстаннан 
қоныстанушылар құрайды.
Оралмандар ана тілін оқып үйренуді қажет етіп, сұраныс 
білдіреді.  Осы  ұсынылып  отырған  Ересек  оралмандарға 
арналған  жеделдетілген  курс  –  «Қазақ  тілінің  жедел 
жәрдем»  бағдарламасы  оралмандардың  тілді  білуге, 
үйренуге деген мұқтажын өтей алады. 
БАҒДАРЛАМАНЫң МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. 
Мақсаты:  қазақ  тілінің  жазу  мен  сөйлеу  тілін  ересек 
оралмандарға үйрету. 
Міндеті:  қазақ  тілінің  дыбысталуынан  бастап  оқыту; 
жүргізіп оқу, сауатты жазу, мәтін мазмұнын түсініп айтуға, 
сөйлеуге үйрету; тілдесу арқылы мәлімет алу, іс қағаздарын 
талапқа  сай  жүргізуді  үйрету,  қазақ  әдебиетінен  мағлұмат 
беру, әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуге дағдыландыру. 
Әдіс түрі арнайы курста оқыту, топтық оқыту, отбасылық 
оқыту, жеке оқыту арқылы жүзеге асады. 


91
Тіл үйрену бағдарламасының тақырыптық жоспары
Р/
с
Тақырып атауы
Сағат 
саны
1
 Қазақ әліпбиін оқыту.Дыбыстарды дұрыс айтуға 
жаттықтыру. Әліппемен жұмыс. Сөздерді дұрыс оқу, 
дұрыс жаза білуге үйрету. Әр дыбысқа 5-6 сөзден 
диктант жазып үйрету. 
2
2
Фонетика. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі 
/Блогты таблицаны қолдану/. Фонетикалық талдау. 
2
3
Қосарлы дыбыстар, ұқсас дыбыстардың ерекшелігін 
оқыту. Жұптық дыбыстарды ажырата білуге оқыту. 
А-ә, ы-і, қ-к, ғ-г, ұ-ү, о-ө т.б. ерекше дыбыстар, 
жеке һ, ң дыбыстарының оқытылуы /Қазақ тілін 
үйренушілерге арналған оқулықтар мен көмекші 
құралдардан осыған сәйкес материалдарды 
қолданыңыз/. 
2
4
Буын және оның түрлері. Тасымал. Үндестік заңы. 
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Ілгерінді ықпал. 
Кейінді ықпал. Тоғыспалы ықпал /Әр ережеге сәйкес 
шағын диктанттарды үнемі жүргізіп отыру/.          
3
5
Орфография және орфоэпиялық норма /диктант/.         
2
6
Лексика. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары.  2
7
Көп мағыналы сөздер                       
2
8
Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. 
2
Фразеологизм сөздер.
2
9
Сөз құрамы. Түбір мен қосымша, жұрнақ, жалғау. 
Сөздердің түрленуі: көптік, септік, тәуелдік, жіктік  
жалғаулар.                           
4
10
Дара сөздер мен күрделі сөздер /Негізгі сөз. Туынды 
сөз. Қос сөз. Біріккен сөз. Қысқарған сөз. Тіркес сөз/.
2
11
Сөз таптары. Зат есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. 
Етістік /көсемше, есімше, тұйық етістік/. Үстеу.
Еліктеу. Шылау. Одағай. Сөз табына талдау. 
5
12
Оқшау сөздердің тыныс белгісі.                                              
1
13
Сөйлем мүшесі. Бастауыш. Баяндауыш. Толықтауыш. 
Пысықтауыш. Анықтауыш.                                                                                         
2
14
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі.                                                           1
15
Сөйлем түрлері. Жай және құрмалас сөйлем, тыныс 
белгілері.  
2
16
Өтілген ережелерді бекітуге, қайталауға арналған 
жұмыстар.    
2
17
Тіл сындыру. Жергілікті басылымдар арқылы 
географиялық ұғымдарды, жер-су аттары туралы 
танымдық мәлімет беру.                               
3
18
Тілдесу /Сәлемдесу, танысу, қоштасу, т.б./.                                1


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау