117
Жанат ОМАРХАНОВА,
Абай атындағы мектеп-гимназияның
мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы,
«Қалбатау» ауылы.
СИНТАКСИС БІРЛІКТЕРІН
ОҚЫТУДЫң ИННОВАЦИяЛЫҚ
ӘДІСТЕРІ
Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты
тұлға – мұғалім. Қазіргі заманның мұғалімі заман талабына
сай білім беруге жаңалықпен қаруланған, оқытудың жаңа
инновациялық технологияларын жете біліп, шебер қолдана
алуы керек. Педагогика ғылымының докторы Б.Баймұқанов
жаңа технологияның әдіс-тәсілдеріне мынадай талаптар
қояды:
мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен
арылуы; оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім
беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын
оқушы екендігі; балалардың оқуға деген ынтасын күшейту;
өз дербестігін, белсенділігін дамыту; оқу-тәрбие жұмысын
ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін
дер кезінде айқындау [«Бастауыш мектеп», №8-9, 2000, 12-
бет].
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа инновациялық
технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу оқушының
өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі
тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына
көмектеседі.
Алынған жаңа білімді бекіту мақсатында жаңа жағдайда
қолдану үшін қазақ тілі пәні сабақтарында тіл саласының әр
түріне байланысты әр түрлі талдаудың түрлері қолданылады:
фонетикалық талдаудың математикалық ықшамдалған
118
үлгісі, лексико-грамматикалық
мағынасына талдау, т.б.
Әріптестеріме үлгі ретінде сабақта өз тәжірибемде
қолданып жүрген сөз тіркесі, сөз тіркесінің байланысу
тәсілдері, байланысу түрлері мен сөз тіркесін білдіретін
синтаксистік қатынастар туралы талдаудың тиімді тәсілін
ұсынбақшымын.
Мәселен, «Оқушылар сабақта
ақылды қоян туралы
ертегіні ұйып тыңдады» деген сөйлемді алып,
сөйлемдегі
барлық жалғау түрлерін белгілеп шығамыз да, байланысу
тәсіліне жіктейміз.
Оқушылар сабақта (жатыс септігінің жалғауы) ақылды қоян туралы
ертегіні(табыс септігінің жалғауы) ұйып тыңдады (нөлдік форма –
жатыс септігінің ІІІ жағы)
Байланысу тәсілдері
Сөз тіркестері
1. Жалғау арқылы.
жатыс,
табыс септігінің жалғауы,
жіктік жалғауының ІІІ жағы.
2. Орын тәртібі арқылы.
ақылды қоян, ұйып тыңдады.
3. Септеулік шылау арқылы.
қоян туралы.
4. Интонация арқылы.
Оқушылар ...тыңдады (ұласпалы
интонация).
Сөйлемді сөздердің байланысу тәсіліне толық жіктеп
алған соң байланысу түрлерін анықтаймыз.
Байланысу түрлері
Сөз тіркесі
1. Қиысу
оқушылар ... тыңдады.
2. Матасу
-
3. Меңгеру
сабақта тыңдады, ертегіні тыңдады
4. Қабысу
ақылды қоян
5. Жанасу
ұйып тыңдады
Келесі кезекте сөз тіркесінің түрін және синтаксистік
қатынастарды анықтаймыз.
Сөз тіркесі
Сөз тіркесінің
түрлері
Синтаксистік
қатынастар
сабақта тыңдады. етістікті тіркес.
толықтауыштық.
ертегіні тыңдады.
етістікті тіркес.
толықтауыштық.
ақылды қоян.
есімді тіркес.
анықтауыштық.
ұйып тыңдады.
етістікті тіркес.
пысықтауыштық.
119
Соңында сөйлем мүшесіне талдап, сөйлемнің түрлерін
анықтаймын.
Оқушылар сабақта ақылды қоян туралы ертегіні ұйып
тыңдады (Айтылу мақсатына қарай: хабарлы; құрылысына
қарай: жай сөйлем, жақты, толымды, жайылма сөйлем).
Бұл талдаудың үлгісін орындағанда оқушы білгенінен
білмегеніне, қарапайымнан күрделіге деген ұстанымды
басшылыққа алып жүргізеді.
Талдаудың бұл түрі арқылы тілді оқытудың жүйелілігі
мен ғылымилығын дәлелдейді; синтаксис саласы бойынша
меңгеруге тиісті білім, білік, дағдыларының кешенді түрлерін
меңгереді; оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай
меңгереді; қайталау, қайталау арқылы есте сақтау, зерттеу,
іздену, өз бетімен жұмыс істеу, қорытындылап диагностика
жасау дағдыларын қалыптастырады.
Бақытгүл НАЙМАНБАЕВА,
Әл фараби атындағы
№145 жалпы білім беретін
мектептің мұғалімі.
Алматы қаласы.
СЫН ЕСІМНЕН ӨТКЕНДІ
ҚАЙТАЛАУ
Сабақтың мақсаты: сын есімнен алған білімдерін
қалыптастыруға жағдай жасау.
Оқушының міндеті: а) оқушы сын есімнің ерек-
шеліктерін ажырата біледі; ә) сын есімді басқа сөз табынан
ажыратады, сөйлемді түрлендіреді; б) оқушылар бірін-бірі