«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет35/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

132
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау:
а) Жырдан үзінді жатқа сұралады. ә) Төлеген мен Жібекке 
мінездеме беріліп талданады. б) Тапсырма.
  Шығарманың 
тақырып, идеясы
Жағымды 
кейіпкерлер
Жағымсыз 
кейіпкерлер
Жырдың композициялық құрылымына талдау.
Басталуы:  Базарбайұлы  Төлегеннің  жар  іздеп  жолға 
шығуы.  Байланысы:  Төлеген  мен  Жібектің  кездесуі. 
Шарықтау  шегі:  Бекежанның  Төлегенді  мерт  қылуы. 
Шешімі: Сансызбайдың Жібекке қосылуы.
Екі  түрлі түсініктеме күнделігі
                  Мәтін
                Өз пікірім
Бір жорытпай, шешеке-ау,
Сірә, көңілім тынар ма?!
Талап қылған ісінен
Ат басын ерлер бұрар ма?!
«Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені»
дейді атамыз қазақ. Ендеше, ер жігіт 
айтқанынан қайтпайды. Еркін 
махаббат іздеген, ескі әдетке қарсы.
Алпыс қадам жақындап,
Бір қурайды паналап
Мылтыққа білте басады.
Төлеген сынды батырдың
Қанын судай шашады.
  Бекежан  бойынан батырға тән емес 
мінезді, қарақшылық, әккілік, 
пасықтықты байқаймыз. 
Өлікті тонап,  бетін жаппауынан 
имансыз екенін  көреміз.
Білетінім
Білгенім
Мен үшін жаңа
Таңғалдырды
«Қыз 
Жібек» 
жыры – 
ХVІІ ғ. 
лиро-
эпостық 
жыр.
«Қыз Жібек – 
лиро-эпостық
жырлардың
классикалық  
үлгісі. Ауызша 
да, жазбаша да 
тараған.
Бұл жырдағы
оқиғаның  Батыс
Қазақстандағы
Жайық өңірінде 
болғандығы. 
 Қазақ 
қыздарының 
сұлулығы мен 
паңдығына, 
ақылдылығына 
таңғаламын. 
«Ат – ер қанаты» (әңгіме жаздыру).
Үйге  тапсырма:  жырдан  мысал  келтіру,  батырлардың 
тұлпарларының атын атау; жырдағы көріктеуіш құралдарды 
тапқызу;    «Махаббаттың  қос  шынары»  тақырыбында 
шығарма жазу.


133
Қалдықыз НҰРТАЗАЕВА, 
№247 орта мектептің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, 
«Бесарық» бекеті.
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК - 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ 
БЕРУ НЕГІЗІ
Құзыреттіліктің  мазмұны  жеке  кәсіптік,  интегралдық 
сипаттама ретінде төмендегі функцияларын жүзеге асырумен 
анықталады:  болжау,  ұйымдастыру,  бақылап  реттеу, 
үйлестіріп сәйкестендіру,белсенділігін арттыру, зерттеу. 
Қазіргі  кезде  жоғары  білім  жүйесін  реформалаудың 
басты мақсаты – білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге 
қол жеткізу. Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға 
ауысады.  Бұл  кезде  тұлға  өзінің  өмірлік  проблемаларын 
тиімді  және  рухани  тұрғыдан  шешетіндей  өмір  сүре 
алуды  үйренуге  міндеттеледі.  Жеке  тұлға  бұрын  білімді 
қабылдаушы,  жинақтаушы  болса,  ал  жаңа  талап  бойынша 
өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. 
Қазіргі біздің қоғамда жоғары білікті, кәсіби дайындалған, 
шығармашылықпен  ойлайтын  мамандар  қажет.  Сондықтан 
да жоғары білім беруді модернизациялау қажеттілігі туындап 
отыр.  Қазіргі  заманғы  білім  берудің  модернизациялау 
стратегиясын «құзыретті білім беру»   деп атап жүр. 
Қазіргі  заманғы  ғылым  тарихында  түрлі  әдіс-тәсілдер, 
әдістемелер  пайда  болып,  жаңаша  білім  жолдары 
іздестірілуде. Соның  айғағы  ретінде өз  біліміңді жетілдіру 
мақсатында Джордж Соростың  ашық қоғам институтының 
«Сорос  Қазақстан»  қоры  арқылы  келген  Қазақстан    оқу 
қауымдастығы ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы сын 


134
тұрғысынан  ойлауды  дамыту»    жобасын  терең  меңгеру 
бағытында  оқу  курсына  қатысып,  бірер  жылдан  бері  өз 
тәжірибемде  қолданудамын.  Сын  тұрғысынан  ойлаудың 
авторлары: Джинни Стилл, Курт Мередит, Чарлз Темпл.
Сын  тұрғысынан  ойлаудың  100-ге  тарта  әдіс-тәсілдері 
бар. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының оқушыларды 
еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай 
жеткізе білуге мол әсері бар.  Сабақ құрылымы үш кезеңнен 
тұрады.
І.  Қызығушылығын  ояту  стратегиялары.  Ой  қозғау. 
Топқа бөлу. Топтастыру. РАФТ. Дөңгелек үстел, т.б.
ІІ.  Мағынаны  тану  стратегиялары.  ДЖИГСО.  Венн 
диаграммасы. Бес жолдық өлең. Өзара оқыту. Ассоциация, 
т.б.
ІІІ.  Толғаныс  стратегиялары.  Автор  орындығы.  ББҮ. 
Эссе. Кейіпкерге хат. Иә, Жоқ, т.б.  
Бүгінгі күні өркениетті елдерде қоғамды ақпараттандыру 
кең  өріс  алуда.  Осыған  байланысты  жаңа  ақпараттық 
технологиялар  кәсіби  қызмет  пен  білім  беру  үрдісінде 
де  үлкен  сипатқа  ие.  Ақпараттарды  өз  бетімен  алуға, 
талдауға,  қайта  өңдеуге  үйрету  ақпараттық  құзыреттілікті 
қалыптастыру сабақ сайын жүргізілетін күрделі үрдіс болып 
табылады.  Бұл  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда  жеке 
тұлғаның  танымын  кеңейтіп  қана  қоймай,  құзырлы  тұлға 
болуына, яғни, бір сөзбен  айтқанда, «Сегіз қырлы, бір сырлы» 
болуына  лайықтау  мақсаты  алға  қойылады.  Құзыреттерді 
меңгерту  үшін  оқушының  психикалық  әрекеттерін  дамыту 
қажет екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. 
Құзыретті  маман  дайындау  мәселесін  құзыретті  білім 
беру арқылы шешуге болады. «Қазіргі заман талабына сай 
құзыретті маман қандай болу керек?» деген сұрақ әркімнің 
көкейінде тұрады.
Құзыретті  маман  –  өз  бетінше  білім  алып,  құбылмалы 


135
заманға  ыңғайланып,  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
меңгерген жеке тұлға.
Өз  ұлтымызды,  мемлекетімізді  өркендететін  білімді, 
болашағы  зор  шәкірттер  тәрбиелеу  үшін  бірінші  кезекте 
балалардың  сезімталдығын,  ойын,  тілін  дамытуды  қолға 
алған жөн деп ойлаймын.
   
   
 
Зәрия ОМАРБАЙ,
Шоқан Уәлиханов атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Ақшатау кенті.
ПІКІРТАЛАС ТҮРЛЕРІН 
ПЫСЫҚТАУ
(11-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімдік – оқушылардың  пікірталас  
түрі , оның  мәні, сөз әдебі, ерекшелігі  туралы  түсініктерін  
пысықтау, тиянақтау,  шығармашылық  қабілетін жетілдіру; 
дамытушылық – оқушылардың  алған  білім  дағдыларын, 
есте    сақтау    дағдыларын,  логикалық    ойлау    қабілетін,  
әдеби  тілде ойларын  жеткізе  білуін  дамыту; тәрбиелік 
  шығармашылықпен    жұмыс    істеуге,  шапшаңдыққа,  
сауаттылыққа,    сүйіспеншілікке,  өнерлі,  шыншыл, 
мәдениетті болуға,  шешендікке  тәрбиелеу.
Түрі:  шығармашылық,    танымдық    әрекетті    дамыту. 
Оқыту    формасы:  электронды    ақпараттық    сабағы,  тест  
түрлерін қолдану. Ұстанымдары:   біртұтастық,  жүйелілік, 


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау