«Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне қысқаша шолу»


«Синтаксистің экспрессивтік стилистикалық қызметі»



жүктеу 75,55 Kb.
бет15/26
Дата16.01.2022
өлшемі75,55 Kb.
#32881
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Экпресивті стилистика

4.2 «Синтаксистің экспрессивтік стилистикалық қызметі». Сөздер, элементтік номинация құралы болуымен байланысты ауыспалы мағынада қолданылатыны сияқты, айтылымдар да (сөйлемдер) күрделі түрдегі номинация бірлігі бола отырып, екінші қабаттағы мағынаға ие бола алады. Мұнда «тіл тұтастығына сай келетін форма мен мазмұн арасындағы қозғалысты қатынас орын алады». Ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуы сөйлемнің экспрессивтілігі деп аталады. Сөйлем-айтылымдардағы экспрессивтіліктің мынадай синтаксистік берілу жолдары бар: сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына беру; бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосу; баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті ету; сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы экспрессивті мағына үстеу; сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою арқылы экспресивтікті күшейту.

Синтаксистік құрылымдардың синонимиясына  трансформациялану құбылысы негіз болады. М.Серғалиев синтаксистегі «трансформациялық дегеніміз – белгілі бір морфологиялық құрылымда келген конструкцияны өзімен мазмұндас екінші бір конструкцияға айналдыру»,- деп тұжырымдайды [27]. Грамматикалық стилистиканың экспрессивтік стилистикалық құрылымдары сөздердің лексика-грамматикалық сипаты мен синтаксистік тіркесімдік қасиет-сапаларының сөйлеудегі қолданымдық ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Эллипсис – сөйлеу үстінде түсіріліп айтылатын, бірақ мәтін арқылы қалпына келтіруге болатын элемент. Эллипс сөйлемнің ықшамдылығын, әсерлілігін арттыратын стилистикалық тәсіл ретінде қолданылады.

  Синтаксистің стилистикаға байланысты қарастырылатын маңызды мәселелердің бір шоғырын парентеза құрайды. Ғылымда парентезаны қыстырма сөйлем, қосымша сөйлем, парентетикалық қосылымдар деп анықтайды. Тіл білімі терминдерінің сөздігінде «сөйлемнің құрамына енгізілген, бірақ онымен грамматикалық байланысқа түспейтін, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер» айтылады [19]. Синтаксистік, ырғақтық, әуезділік тәрізді мәнерлілік белгілері поэтикалық экспрессивтілік туғызады. Парантеза  ассоциативті негізде синтаксистік сөздер тізбегіне қосымша ақпарат қосады. Парентетикалық құрылымдар атқаратын қызметінің байлығына қарай экспрессивті стилистиканың өзге құбылыстарынан кем емес. Солардың кейбіреулері мыналар: айтылымның қандай да бір бөлігінің мәнін күшейту, идеяны айқындау,  бағалау хабарламаның әсер ету күшін көбейту т.б.

Осы сияқты лепті сөйлем, қаратпа, сұраулы, атаулы сөйлемдердің де өзіндік экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктерін айтуға болады. Грамматикалық стилистикадағы біртұтас сөйлем аясындағы экспрессивті құрылымдар, инверсия мен жалпылау да өзіндік сипатқа ие. Сегментацияның экспрессивті құрылымдары – парцелляция мен антиципация синтагмалық тізбектің мүшеленуінен жасалады. Қос мүшелі бірлестік болатын сегменттелген құрылымдар, бірінші бөлігі жеке позицияға шығады, ал айтылымның «темасы» деп аталатын екіншісі біріншісі туралы ақпаратқа ие («атаулы тема» немесе «атаулы көрініс» атауы осыдан шығады). Бұл Н.Х.Демисинованың монографиясында [29], Л.П.Борисованың жұмысында қарастырылған. Атаулы тақырып пен атаулы көріністің экспрессивтік синтаксистік құбылысы Л.Е.Майорованың зерттеу жұмысының нысаны болған.

  4.3 Қайталау және оның экспрессивтік стилистикалық қызметі. Әрбір сөйлеу мәнісі өзіндік қайталау элементімен жан-жақты таныла алады. Бірақ кез келген қайталама стилистиканың негізі болып есептелмейді. Тек берілетін, алынатын ақпараттың эмоционалды, экспрессивті және көркем-эстетикалық ерекшелігін жеткізудегі қайталама түрі ғана стилистиканың ерекшелігі бола алады.Жұмыста қайталамалардың түрлері, олардың экспрессивтік стилистикалық қызметі кең түрде талданды.


жүктеу 75,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау