Қазақ тіл білімі тарихы алматы, 2016



жүктеу 350,49 Kb.
бет31/46
Дата11.01.2022
өлшемі350,49 Kb.
#32175
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Қазақ тіл білімі тарихы

Тапсырма:

М. Оразов еңбектерін оқу, талдау;

М. Оразов – семантикалық зерттеудің негзін қалаушы.

М. Оразовтың етістік туралы ғылыми көзқарасы.

М. Оразов көмекші сөздер туралы.

М. Оразов зерттеулерінің ерекшелігін ғылыми тұрғыдан талдау.

 

 

МЫРЗАТАЙ СЕРҒАЛИЕВ



 

ХХ ғасыр қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасу ғасыры болды десек қателеспес едік. Ғасырдың басындағы балапан басында, тұрымтай тұсында болған кезеңде шыққан кемеңгер ғалымдардың өзінен кейін шәкірт дайындауға мүмкіндігі бола бермеді. Оған заман ырық бермеді. Кеңес өкіметі тұсында да қазақ тілінде ғылым жасауға толық мүмкіндік бола қоймады. Мәскеудің биліктегі білімділері түсіну үшін, қазақ тіл білімінен орысша ғылыми жұмыс жазу міндетті болған тұста, Қазақстанда жылына асса екі-үш қана диссертация жазылғаны қазір біз үшін тарих. Ал ғылымның өркендеп дамуы үшін, үлкен ғылыми мектептер қалыптасуы шарт. Білікті ұстаздың ұстанған ғылыми бағыты мен жолын жалғастырушы шәкірті болмаса, жасаған ілімі жалғасын таппай қалары анық. Өкінішке орай, мұндай фактілер де аз емес. Мырзатай Серғалиұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде 10 жылдан астам уақыт диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Бұл қазақ тілінен орысша зерттеу жазғызған сұрқия саясаттың айылын жиған кезі еді. Сөйтіп қазақша диссертация қорғауға мүмкіндік алған алғашқы бір сәтті жылдар болатын. Бітеліп қалған таза бұлақтың қайнар көзі ашылғандай болып, айына екі-үш кандидаттық диссертация қорғалып жатты. Осы ұлағатты істің басында Мырзатай ағай жүрді. Кең  мінезді, парасатты жан өз шәкірттерінің ғана емес, жалпы қазақ тіл білімінің маңында жүрген жас ғалымдардың маңдайынан сипап, ақылын, қамқорлығын аяған жоқ. Қазақ тілінен қазақша ғылыми жұмыстар жазғызудан аянған да жоқ. Ана тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты жер-жерде ашылып жатқан алғашқы практикалық қазақ тілі кафедралары мамандарға өте зәру еді. КазГУ-ден түлеп, жетіліп ұшқан ғылым кандидаттары еліміздің түпкір-түпкіріне барып, белсене қызметке кірісіп жатты. Кішіпейіл, жаны жайсаң, кісілігі биік азамат аға өзінің осы бір ұлық ісінің халыққа қандай пайдасы болып жатқанын, кезек күттірмес зәру іс екенін білер еді.

Мырзатай Серғалиұлының негізгі шығармашылық талантының да шарықтап көрінген тұсы ҚазМУ-дегі істеген жылдары болса керек. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқару Мырзатай Серғалиұлы үшін ең бір нұрлы шақ болды десек қателеспеспіз. Университет тек ғылым мен білімнің ғана ордасы емес, кісілік пен ұлағаттың, ізгілік пен мейірімнің де шапағатын шашар сәулетті орын. Оның табалдырығынан төріне дейін Мырзатай ағаға таныс, өзі басып өткен жолдары. Мектепті бітіріп келіп табан тіреп оқуға түскен ҚазМУ-де студент атанды, аспирант болып, кандидаттық диссертациясын жазды, үлкен ғылыми ізденістің нәтижесінде осы шаңырақта докторлық диссертациясын тамамдап қорғады. Профессор атанып, республикадағы негізгі теориялық кафедра саналатын қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. Факультет деканы қызметін атқарды.

“Кісі білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің формасы” – деп ғалым өзі айтқандай, университет қабырғасында жүріп, сөз өнерінің нағыз ұстасы ретінде сөз мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің үлгісін танытып, шәкірт құлағына татымды етіп жеткізе алды. Ұстаз-ғалымның ғылыми жетекшілігімен қаншама жас ғылымға жолдама алды: қыз-жігіттер ғылым кандидаты атанып, докторлық диссертациялар қорғады.

Мырзатай Серғалиұлы – қазақ тіл біліміндегі қаламы қарымды санаулы ғалымдардың бірі. Көрнекті ғалымның 5 монографиясы, 7 оқулық пен оқу құралдары, 10-нан аса әдістемелік нұсқауы, 4 әдеби-сын кітабы, 400-ден аса ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған мақалалары жарық көрді. Әртүрлі ғылыми анықтамалар мен энциклопедияларға, жинақтарға шыққан еңбегі қаншама. Бұл тізімнің толық болмауы да мүмкін, бірақ әңгіме оның тек санында ғана ма? Әңгіме сапасында ғой.

М. Серғалиев қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілінің синтаксисі, көркем әдебиет тілі, тіл мәдениеті, лексикография саласы бойынша еңбектер жазды. “Етістікті сөз тіркесінің синонимиясы” — ғалымның кандидаттық диссертациясының негізгі желісіне айналса, докторлық диссертациясын “Синтаксистік синонимдерге” арнады. Қазақ халқы қашан да сөз иірімінің, сөз саптауының дұрыстығына мән берген. Ал оның ғылыми негізделуі өте жауапты іс. Осындай күрделі ғылыми жұмыстың басы-қасында ұстазы Мәулен Балақаевтың бастаған ісін жалғастырып, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Серғалиұлы жүреді.

Мырзатай Серғалиев қазақ сөзінің дұрыс, таза қолданылуы, мәнерлілігі, логикалылығы, қисындылығы туралы ғылыми тұжырымдар жасаған. Оның ”Қазақ тілінің мәдениеті” деп аталатын еңбегі ұстазы М.Балақаевпен бірге жазылған. Зерттеудің негізгі мақсаты – халықтың ғасырлардан келе жатқан қазынасы – тілдің мәйегін, дұрыс жаза білу мен дұрыс сөйлей білу мәдениетін бүгінгі ұрпақтың көкірегіне қайта құю. Оны ғылыми тұрғыдан саралау, жүйелі түрде түсіндіру. Зерттеу қазақ тіліндегі әдеби тілдің нормаларын айқындап, жұрт алдында сөз сөйлеу , сөз қолдану мәдениетін,    сөз дәлдігі мен мәнерлілігін, сөздің байлығы мен тазалығын зерделеуді негізгі нысан етеді. Ғалым көркем әдебиеттің көрнекті өкілдері М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов шығармаларының тілін зерттеді. Өз шәкірттерінің де осы бағытта зерттеу жүргізуіне көп көңіл бөлді. Сондықтан да М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов,                          М. Әуезов, Ғ. Малдыбаев, Ғ. Мүсірепов, О. Әубәкіров, М. Мақатаев,                             Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев т.б. ақын-жазушылар шығармаларының тілі қазіргі таңда жүйелі зертеу нысанына айналып келе жатыр.

Ұстаз өзінің ұстазы туралы жақсы лебіз айтудан жалыққан емес. Өмірде пір тұтар ұстазы Мәулен Балақаевтың жасаған әкелік қамқорлығын айтқанда оған деген таза да мөлдір шәкірттік сезімі әсте таусылмайды. Әңгіме төркіні ұстазы жайына ауысқанда: “Сол кісідей лекция оқуды армандаймын. Сол кісідей мәжіліс басқара алсам деймін. Сол кісідей әзіл айтқым келеді.” ( Егемен Қазақстан, 1995, 18 қазан) – дейді. Біздіңше, аға осы жолмен келе жатыр. Сол кісідей біздерге дәріс оқи алды. Балақаевша мәжіліс басқара алады, Балақаевша әзіл де айта біледі. Біздер, шәкірттер де Мырзатай аға сияқты мәжіліс басқарып, осы кісідей әзіл айтып, осы кісідей доспен де, дұшпанмен де сөйлесе алсақ қой деп іштей ағаға ұқсағымыз келетіні тағы да шындық. Ағаның кеңдігі, азаматтығы, мейірімі, кейінгі шәкірттерге ұстаздық қамқорлық жасауы, әрі осы қамқорлығын ешқашан міндетсіп сатпауы – үлгі.

“Қолына қалам алып, қалың оқырман қауымға эстетикалық тәрбие беруді мақсат тұтқан адам өз заманының алдыңғы қатарлы мәдениет иесі болғандықтан, оның сөзге деген талабы мен талғамы сол мәдениеттің биігінен көрінуге тиіс” – деп жазған еді ғалым өзінің «Көркем әдебиеттің тілі» атты зерттеуінде. Олай болса, М. Серғалиев қаламынан туындаған публицистикалық шығарма болсын, сыни еңбектері мен ғылыми зерттеу, монография, сөздіктері болсын, үлкен мәдениетті зиялы ғалымның қолынан шыққандықтан да, жоғары талап пен биік талғамға жауап беретін туындылар ретінде қазақ қауымына белгілі дүниелер.

 

Әдебиет:



  1. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. – Алматы, 1981.

  2. Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. – Алматы, 1991,

  3. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. – Алматы, 1997.

  4. Серғалиев М. Синтаксистік зерттеулер. – Алматы,

  5. Серғалиев М. Қазіргі қазақ әдеби тілі (морфология, синтаксис). – Алматы,

  6. Серғалиев М. Көркем әдебиеттің тілі. – Алматы, 1995.

  7. Серғалиев М. Қазақ тілі мәдениеті (М.Балақаевпен бірге) . – Алматы, 1995, 2004.

  8. Серғалиев М. М.Әуезов және көркем шығармалар тілі. – Алматы, 1998.

  9. Серғалиев М. Ғ.Мүсірепов және тіл мәдениеті. – Алматы, 2003.

  10. Серғалиев М. Сөз сарасы. – Алматы, 1989.

  11. Серғалиев М. Ой өрнегі. – Алматы, 1995.

  12. Серғалиев М. Русско-казахский словарь. – Алматы, 1993, 1995, 2000, 2002- 04

  13. Серғалиев М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. – Алматы, 1996.

  14. Серғалиев М. Казахско-русский, русско-казахский словарь. – Алматы,

 


жүктеу 350,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау