Қазақ мемлекетінің ҚҰрылымы жәие оның дамуындағы ерекшеліктер



жүктеу 0,67 Mb.
бет12/15
Дата20.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#29870
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ҚАЗАҚ ХАНДЫ5Ы МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘИЕ ОНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ДИПЛОМ

Қорытынды
Дипломдық жұмысты жазу барысында төмендегідей қорытындылар жасалды:

1. Қазақ хандығы мен құқығының тарихын түбегейлі түрде зерттеу соңғы он-он бес жыл ішінде, яғни халқымыз егемендік алғаннан бері (1990 жылдан бастап) қолға алына бастады. Өйткені, қазақ халқының өзін-өзі тануда, ұлтық тарихын тануда ғасырлар бойы «идеологиялық бұғау» салынған қысымшылық дәуірдің жойылып, көп уақыт бойы бұрмаланып келген жалпы тарихи-құқықтық сана-сезімімізді калына келтірудің нәтижесінде халқымыздың рухы көтеріліп көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болуда.

Тарихи деректерді мұқият сараптай қарасақ, қазақ халқының мемлекеттігі мен құқығының ұзақ әрі күрделі даму белестерінен өткендігін байқаймыз. Қазақ мемлекеттігі жер шарының батыс Сібір және Орталық Азиялық бөлігіндегі кең далада калыптасып, орныққан көшпелі түрік тілді өркениеттің тарихи-құндылықты құбылыстардың бірі болды. Бұл аймақ тарихи әдебиеттерде қыпшақтардың отаны - Ұлы дала (Дешті-Қыпшақ) деп немесе осы жерлерді, мекендеген этникалық бірлестіктердің атымен Қазакия деп аталды. Бұл ұлы даланың дамуында өзіндік ерекшеліктері болды. Олар төмендегідей еді: а) бірнеше мың жылдықтар бойы көптеген тайпалар мен этностар аралас-құралас, көшіп-қонып жүрген кең әрі «еркін аймақ» болды; б) бұл жерлерді мекендеген халыктар негізінен жоғарғы деңгейде дамыған мал шаруашылығымен айналысты; в) осы «еркін аймақта» қазақ-түркі этносының біртұтас тілдік мәдениеті және XV ғасырдың ортасында көшпелі қазақтардың өзіндік, дербес мейлінше дамыған мемлекеттігі мен демократиялық құқықтық мәдениеті қалыптасып, бекіді. Осы тұрғыдан, қазақ халқының мемлекеттігі мен құқығының тарихи дамуының бір белесінде, біз дәстүрлі қоғамның және оның демократиялық институтарына ғана тән үлгідегі әдет-ғұрып құқығы моделін, келісім-шарттық негіздегі хандық билікті, тепе-теңдік деңгейдегі өкілетті-сословиелік ұжымдарды, рулық-тайпалық құрылысының күшті реттеушілік ролін сипаттайтын мемлекеттіліктің орныққанын байқаймыз. Ал, келесі тарихи даму кезеңінде қазақ мемлекетінің өз жерінің тұтастығы, ұлтының тәулсіздігі үшін жан беріп, жан алып жүз жылдан аса уакыт бойы жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен ауыр әрі ерлікпен, өрлікпен өткен даңқты жол белестерін, соңдай-ақ қазақ мемлекеттігінің саяси сахнадан жойылуының негізгі алғы шарты болып есептелген, қазақ жүздерінің патшалық Ресейдің қол астына мәжбүрлі түрде өтуімен байланысты қазақ халкының біртіндеп Ресей империясының отары деңгейіндегі ерекше даму жолына куә боламыз.

2. Зерттеуімізге арқау болып отырған XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының даму тарихындағы аса бір маңызды әрі күрделі кезең болды. Өйткені, аталған кезеңде қазақ қоғамының мемлекеттік және саяси-құқықтық рухани дамуында үлкен өзгерістер мен бетбұрыстар әрі қиыншылықтар болды. Халқымыздан жүріп өткен тарихының сабақтастығын, үндестігін сақтай отырып зерделесек, әйгілі Қасым ханның (1510-1521), Есім ханның (1598-1628), Жәңгір ханның (Салқам Жәнгір) (1628-1652), әсіресе Тәуке ханның билік құрған тұсында қазақ мемлекеті өзінің күш-қуатын мейілінше жоғарғы деңгейде ұстап, әскери және саяси дамуының лайықты белеріне көтерілді.

3. Қазақ хандығының тарихында Қасым ханның алатын орны ерекше. Ол хан тағына 1510 жылы отырған кезінде қазақ хандығының құрылғанына әлі де жарты ғасыр өтпеген еді (1465 ж.). Ол алғашында жер көлемі аз бытыраңқылық сипаты басым, ортақ мемлекеттік билігі әлі қалыптаса қоймаған ұлыстардың басын біріктіріп, өзінен кейінгі ұрпаққа сол кездегі жер көлемі ең үлкен (шамамен қазіргі Қазақстан аймағына тең) бірлігі мықты мемлекетті қалдырып кетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ мемлекеті дамуының нақты көрінісі еді. Осы тұрғыдан XV-XVI ғ.ғ. Қазақ хандығының тарихын зерттеуші А.Н. Атығаевтың еңбегінде былай делінген: «XVI ғасырдың 30-жылдарының басында қазақ хандығы Орта Азиянын ірі және мықты мемлекеттерінің біріне айналды. Ол кездері оның билігі оңтүстік-шығыстағы Жетісудің біраз бөлігі, Қаратал және Аягөз өзеңдерінің аймақтарын қамтыды, солтүстік-батыста Волга өзеніне дейін тірелді, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау таулары мен Балқаш көлі арқылы өтті, оңтүстікте Түркістан қалаларының отырықшы аймақтарын қамтыды. Қасым ханның билік құрған жылдарында Қазақ хандығының құрамына Қазақ халқының бүкіл дерлік этникалық аумағы кірді. Ол жылдардағы мемлекеттің халық саны 1 млн асты. Жоғарғы биліктің беделі өте жоғары болды».

XVII-XVIII ғғ. ауқымындағы қазақ даласын зерттеуші белгілі саяхатшы-ғалым Д. Ганвайдың қалдырған жазбасының мәтініне өзгертпей көңіл аударсақ оның «Киргизские татары (қазактар) занимают очень обширные территории, граничащую с башкирскими татарами на севере с черными калмыками и городом Ташкентом на востоке, с Каракалпаками и татарамии Аральским морем на юге с рекой Яик на западе. Они делятся на три орды или племени находящиеся под верховной властью одного хана» - деген пікірінен қарастырылып отырған кездегі қазақ мемлекетінің саяси-әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан барынша нығайып, тұрақты, біртұтас саяси бірлестікке айналғанша нақты дәлел болады. Жоғарыда айтылған дәйекті фактілерге негізделген пікірлер отаршылдық және тоталитарлық кезеңде қалыптасқан «қазақтардың ешқандай бірлігі, өз мемлекеті болған емес, олар жабайлықта өмір сүрді» деген халқымыздың намысына тиетін әділетсіз, дөрекі пікірлердің негізсіз екенін көрсетеді.

4. Қасым ханның есімімен «Қасым ханның қысқа жолы» деп аталған кешенді заң жинағы - қазақ мемлекетінің тарихында ерекше орын алатын маңызды құқықтық құжат болды. Бұл заңның негізгі мазмұны, бағдары, мақсаты Қасым ханның сол кезеңде жүргізген мемлекеттік саясатымен тығыз байланыста құрылып, өзара үндестікте жасалған. Атап айтқанда, Қасым ханның реформалары өзі өмір сүрген заманының өлшемі бойынша ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділер өмір-салтына нұқсан келтірместен белгілі бір жаңалықтар енгізді, әрі олар ауқымды болды. Оның реформаларының негізгі бағытын - қазақ жерлерін бір ұлысқа біріктіру, көшпелі халықты ыңғайына қарай тиімді орналастыру саясатын негіздеді деп айтуға болады. Ол әкімшілік-аумақтың бөліністі жетілдірді, әсіресе басқару жүйесінде Дешті Қыпшақ даласында қолданыстан шыға бастаған араб моңғол сөздерінің орнына қазақ және түрік терминдері мен ұғымдарын енгізді, көшпелі ұжымдардағы дәстүрлі институттар мен «халықтық» қағидаларды бекітгі, билердің және билер сотының ролін күшейтті, көшпенділер арасындағы дінбасылардың ықпалын әлсіретті. Қасым хан реформаларының халық арасында кенінен қолдау тауып, іске асуының тетігі - «Хан болсын, ханға лайық заң болсын» деген қағидамен өрнектелді.

Касым ханның ісі мен саясатын одан әрі жалғастыру, оларды үлгі етіп ұстауды Есім хан (1598) міндетіне алды. Ол өз ата-бабаларының рухына лайық елдің салт-дәстүрін жоғарғы деңгейге көтеріп, оны ту етіп ұстаған дара тұлға, (Тәуекел ханның туған інісі) Енсегей бойлы ер Есім деген құрметті атқа ие болды. Ол тек тәжірибелі саясаткер ғана емес, ержүрек қолбасшы да болды. Есім хан қазақ мемлекетінің біртұтастығын сақтау үшін жанкештілікпен күресті. Есім хан өзінің қызмет ауқымында Қазак Елінің сыртқы шекараларын жан-жақты нығайтумен бірге елдің ішкі жағдайын, тәртібін ретке келтірді. Ол өзінің іс-әрекетінде Қасым ханға ұқсауға, көшпелі мәдениеті тұрақтандыру жолындағы оның саясатын басшылыққа ала отырып, оны сабақтастықпен жалғастыруға тырысты. Есім ханның осы бағыттағы істері, бастамалары мен басқару тетіктері көшпенділер тарапынан кең қолдауға ие болды. Олар ұрпақтан ұрпакка жетіп, «Есім ханның ескі жолы» деген атпен үлгі-өнегелік, қоғамдық ереже ретінде орнықты. Билік пен қоғамды басқаруда Есім ханның жеке қасиеті мен дүниеге көзқарасы да көрініс тапты.



5. Сонымен, «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағы сол дәуірдегі қазақ қоғамындағы азаматтық және басқа да құқықтық ережелерін, мемлекеттік басқару жүйесін реттеуге бағытталган, жүз жыл бойы қазақ мемлекеті басшылыққа алған негізгі заңы болып есептелді. Сақталған деректерге сүйенсек, «Есім ханның ескі жолына» қосылған жаңалық; «хан болсын, ханға лайық заң болсын; батыр болсын жорық жолы мақұл болсын; абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын; би болсын, би, түсетін үй болсын» деген ережелер екен. Бұл қанатты сөздер сол дәуірдегі қазақ мемлекеті құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніңдегі заң сипатындағы төрт тұғыры екендігін білдіреді. Елдің ішкі тәртібіне Есім хан енгізген саяси өзгерістердің нәтижесінде Шығыс әулеті тегінен шыққандардың саяси құқықтарына, билік өкілеттіктеріне белгілі.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау