Қазақ мемлекетінің ҚҰрылымы жәие оның дамуындағы ерекшеліктер



жүктеу 0,67 Mb.
бет1/15
Дата20.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#29870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚАЗАҚ ХАНДЫ5Ы МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘИЕ ОНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ДИПЛОМ


Мазмұны





Кіріспе


6

1

Қазақ хандығының даму тарихының құқықтық-теориялық аспектілері (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.)

11

1.1


Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылысы: патрономия және ел басқару құрылымы, әлеуметтік жіктелу (стратификация) және қоғамдык қатынастар

11

1.2

XVII ғасырдың соңғы ширегі - XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ хандығы: әлеуметтік-экономикалық қатынастар және ішкі-сыртқы саяси ахуал

35










2

Қазақ хандығының құрылымы және оның дамуындағы ерекшеліктер

46

2.1


Қазақ хандығының жоңғар мемлекетімен, Цинь империясымен арадағы мемлекетаралық-саяси қатынастар мәселелері

46

2.2

XVII-XVIII ғасырлар ауқымындағы қазақ-ресей мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері

59













Қорытынды

69













Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

73











Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ хандығының, оның саяси-құқықтың даму тарихындағы аса бір маңызды, әрі күрделі, қарама-қайшылықты кезеңі болып есептелетін дәуірі алынып отыр. Зерттеу барысындағы тарихи-құқықтық деректерді жан-жақты сараптағанда байқайтынымыз, қазақ халкының бірыңғай ұлт, ел одан әрі мемлекет болып қалыптасуы ұзақ, әрі күрделі даму жолдарынан өткендігіне көз жеткіземіз. Өйткені, халқымыздың тарихи-құқықтык дамуының бір кезеңінде, біз дәстүрлі қазақ коғамының және оның демократиялык институттарына ғана тән үглгідегі мемлекеттілікті байқасақ (әдет-ғұрып құқығы моделі, келісім-шарттық негіздегі хандық билік, тепе-теңдік деңгейдегі өкілетті қазақ мемлекетінің саяси сахнадан жойылуының алғышартының негізі болып саналған, яғни сыртқы жаулардың қазақ жерінің тұтастығына нұқсан келтірген жиі-жиі шапқыншылығы, ел ішіндегі кейбір саяси топтардың мемлекет бірлігін бұзуға бағытталған сепаративтік іріткі әрекеттері, тақ билігі үшін ішкі-тартыс, түптеп келгенде қазақ мемлекеттігінің шаңырағын шайқалтып, қазақ жүздерінің сол кездегі қуатты мемлекет Ресей империясының қол астына мәжбүрлі түрде біртіндеп өтуіне байланысты отарлық езгіге түсіп, бодандық қалыптағы дамуымыздың басталғанына күә бола аламыз.

Дегенмен, аталған кезеңде Қазақ Ордасының мемлекеттік және саяси-құқықтық дамуында үлкен өзгерістер мен бет бұрыстар да болды. Тарихымыздың сабақтастығын сақтай отыра сараласақ, әйгілі Есім ханның (1598-1628), Жәңгір ханның (Сал­қам Жәңгір) (1628-1652) әсіресе, Тәуке ханның (1680-1715) билік құрған кездерінде қазақ мемлекеттігі өзінің күш-қуатын барынша қалпына келтіріп, әскери-саяси жәнс құқықтық дамуының жоғарғы деңгейіне көтерілді.

Осы тұрғыдан диплом жұмысымыздың жалпы сипаттамасы қарастырылып отырған кезеңнің негізгі өзегі болып табылатын қазақ мемлекеттігі мен құқығының, оның басқару жүйесінің және билер институтының қалыптасу, даму, өркендеу мәселесіне қатысты патша империясы дәуіріне бастау алып, кеңестік тоталитарлық режимнің коммунистік идеологиясының үстемдік құруы кезінде, одан әрі өзінің жалғасын тапқан, қазақтарда ешқандай ұлттық мемлекеті болған емес, мемлекеттік құрылыстың тек қана жеке элементтері өзі ғана кездеседі.

Дәстүрлі қазақ қоғамының құқықтық болмысында сот құрылымының жоғарғы денгейлігі, оны нормативтік тұрғыдан тәптіштеліп реттелгендігі құқық шығармашылығы техникасының білікті жүргізілгендігін сипаттайды. Бұл қазіргі тілмен айтқанда азаматтық құқық нормаларына қатысты және оны нарық қатынастар конституциясы деп атау қалыптасқан. Атап айтқанда, ұқыпты әрі мүқият даярланған қазақ құқығы сол кездің өзінде-ақ өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамның көрсеткіші болатын.

Патшалық Ресей, тіпті кеңес дәуіріндегі кейбір, ғалымдардың пікірі бойынша қазақтар «үкіметі жоқ», қалай болса солай, өз бетімен жүрген «бейбастық», «жабайы» халық ретінде көрсетілді. Егер ақиқатын айтқанда «бейбастық» дегені «бостан», «еркін», «үкіметсіз» дегені - өзін-өзі басқаратын; «жабайы» дегені - демократиялық және де самодержавиялық биліктен ада, ұлықшылдық пен басыбайлықтан бос деген мағыналарды бұрмалағаны, өздерінің ұлы державалык пайдасына бола өңін айналдыру арқылы отарлау саясатына ыңғайлау, бұрмалау арқылы дәлелдік негіздер іздеудің сылтауы болатын. Біздің пікірімізше дәстүрлі қазақ қоғамы демократиялық, өзін-өзі басқаратын бостандық, еркіндік белгілері бар азаматтың қоғам болды деп сипаттауға болады.

Қазақтарда азаматтық қоғам тек теория жүзінде ғана емес, ол әр кезеңдерде де болған және өзіне тән ерекше түрде бол­тан. Және де ол құқық пен мәдениеттің тегеурінді талабына, өзін-өзі басқарудың басымдылық бастауларына, беделді, әрі білікті соттар билігіне негізделген болатын.

XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII-XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.

КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық ойлауды көрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді.




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау