Қазақ мемлекетінің ҚҰрылымы жәие оның дамуындағы ерекшеліктер


Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi



жүктеу 0,67 Mb.
бет8/15
Дата20.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#29870
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
ҚАЗАҚ ХАНДЫ5Ы МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘИЕ ОНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ДИПЛОМ

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi. Кiрiспеден, екі бөлiмнен, төрт бөлiмшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 Қазақ ХАНДЫҒЫНЫҢ даму тарихының құқықтық-теориялық аспектілері (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.)
1.1 Қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылысы: патрономия және ел басқару құрылымы, әлеуметтік жіктелу (стратификация) және қоғамдык қатынастар
Қазақ халқынын дәстүрлі қоғамдык құрылымы шықкан тегі жағынан өзара туыстас тайпалар тобынан ғана емес, сондай-ақ тектік, туысқандық байланыстардан тысқары тұрған сословиелік топтардан да құралды. Мұндағы негізгі біріктіруші бағыт тектік-туыстық дәстүріне арқа сүйей отырып, ол қазақ қоғамында пайда болған әлеуметтік қатынастарды идеологиялық тұрғыдан негіздеуге қызмет етті. Сонымен қатар, рулық-тайпалық туысқандықтың байланыс негізі - әр кезде дербес, бөлек өмір сүрген рулық топтардың бір тайпаның құрылымына қосылу процесін де, олардың толыққанды туыстық деңгейін де бейнелемеді [1].

Бқл процестегі саяси факторлардың ролін жоққа шығармай тұрсақ та, әр түрлі деңгейдегі рулық-тайпалық одақтардың пайда болуының негізгі себебі, жалпы шаруашылық мүддесі болғанын, яғни тектік-туыстық байланыстарды екінші жағынан көршілік-қауымдық қатынастармен де байланыстырып қарауға негіз береді. Өйткені, қандық-туыстық байланыстар принциптері сол кезеңдегі қазақ қоғамынын ең төменгі ұйымы-патрономияда тұрақты әрі мызғымыстықпен сақталып келді. Патрономия терминіне тоқталсақ, ол ежелгі грек тілінен енген (patros -әке, ohvma ат, есім дегенді білдіреді) түсінік ретінде арғы ата-тегі ортақ, белгілі бір шаруашылық және қоғамдых бірлікте өмір сүретін отбасылар тобын құрайды. Сонымен дәстүрлі қазақ қоғамы жағдайындағы патрономия - шаруашылық, салт-дәстүр және жер аумағы тұрғысынан қарағанда жалпы бір мүддемен байланысты жақын туыстардың ұжымын білдіреді. Сондықтан қалыптасқан дәстүр бойынша көшпелі қазақ қоғамының әрбір мүшесі патрономия тарапынан жеке басына қатысты қорғаныш, көмек тауып отырды, сөйтіп бұл ұйым жеке адамның ғана емес бүкіл отбасының өмір сүруіне кепілдік бере отырып, жеке тұлғаны әлеуметтік жағынан көтер-мелеуде маңызды роль атқарды. Жалпы алғанда, патрономияға қатысты бірқатар зерттеу-шілердің білдірген ой-пікірлері бұл құбылысты Орталық Азия мен Қазақстанды мекендеген көшпелі тайпалардың патриархалды үлкен отбасылардың қалыптасып, өмір сүру процесінде пай­да болған рулык құрылыстың сарқыншақ формасы тұрғысында қарастырады және бұл мәселе Қазан төңкерісіне дейінгі біршама этнографиялық әдебиеттерде көрініс табады. Мәселен, сол кезеңге қатысты зерттеулерде патрономия ең алдымен белгілі бір рудың бастапкы шаруашылық ұйымы ретінде қарастырылды. Айталық, «О древних союзах киргиз-кайсаков» деп аталатын еңбекте бұл мәселе былайша сипатталады: «что основная общественная единица-аул, группа близкородственных семейств собрание нескольких родственных аулов составляет отделение, а собрание нескольких отделений составляет род» [2]. Сондай-ақ, бқл қарастырылған топты үлкен патриархалды отбасы ретінде немесе отбасылық қауым тұрғысында қарастырылатын бағыттағы пікір, көзқарастар да кездеседі. Мәселен, зерттеуші В. Остафьевтің ойынша бұл мәселе былайша тұқжырымдалады; «Такой аул (семья, группа) не имеет ничего общего с административном аулом и представляется первичной, жизненной, обособленной и характерной представительницей казахской общины» [3, с 2]. Осы аталған екі еңбектің ауқымында да патриархалды ірі отбасылық топтардың басында ақсақалдар, яғни ауыл ішінде үлкен беделге ие болған, немесе байлыққа ие, немесе ақыл-ой, қабілеті жағынан өте жоғары деңгейде танылып көзге түскен қадірменді адамдар тұрып, басқарады деп дұрыс тұжырымдалған.

Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі тығыз топтасып, жұмыла біріккен отбасылық-туысқандық топтарды алғашқы рулық қауымның сарқыншағы ретінде қарауға болмайды, керісінше бұл процесті шаруашылық және аумақтық байланыстардың нәтижесі ретінде қарап, қазақ халқының қоғамдық-саяси бірлігінде маңызды роль атқарған құбылыс деп бағалаған жөн. Келесі бір бағыттағы зерттеушілердің пайымдауынша, жоғарыда аталған отбасылық-туыстас ұжымдарда жалпы меншік болмағандықтан өндіру мен тұтыну жеке шаруашылықтар ауқымында отбасылық деңгейде ғана жүзеге асырылып отырса да, өндіріс процесі белгілі бір дәрежеде кооперативтік үлес сипатында болды, соңдықтан мұндай жағдай патрономиямен теңестіріліп қарастырылды.

Мәселен зерттеуші М.О. Косвен бұл ерекшелікгі қазақ халқының сол кезеңдегі әлеуметтік дамуының әмбебап формасы ретінде бөле қарастырьш, патрономияға өз тұрғысынан мынандай анықтама береді: «Патрономия представляет собой группу семей, больших и малых, образовавшихся в результате возрас­тания и сегментации (бөлінуі) одной патриархальной семейной общины, сохраняющих в той или иной форме хозяйст­венное, общественно и идеологическое единство и носящих общее патрономическое, т.е. образованное от собственного имени главы разделившейся семьи, наименование» [4, с 25].

Жоғарыда келтірілген патрономия түсінігіне қатысты пікірлердің бәріне қатысты ортақ кемшілігінің бірі - патриархальдық - отбасылық қауымнан патрономияға өтудің нақты мәні, яғни жолдары, ауысу нысандары, бөлінудің шарттары анық көрсетілмеген. Біздің ойымызша, бұдан шығатын негізгі түйін - қарастырылып отырған XVII-XVIII ғ.ғ. ауқымында көшпелі қазақ қоғамы жағдайында классикалық үлгідегі отбасылық қауымдар толық қалыптасып, кең өріс ала қоймады. Өйткені, кез-келген жайылымдық-көшпелі қауым өз тұрғысынан шағын ғана отбасылық кооператив ретінде сақтала отырып, экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы мен соған сәйкес жұмыс жағдайында ірі отбасылық қауыммен сәйкес еместігі нақты өмір жағдайында көрініп отырды. Сондай-ақ патрономиялық топтарға қатысты қолданылатын қазақ терминдері «бір ата» немесе «ата баласы» бір аймақта қоян-қолтық бірлесіп өмір сүрген, қандық-туысқандық жағынан өте жақын шағын қауымдық ұжымдарға қатысты да қолданылады. Сондықтан, «отбасылық-туыстық топ», «бір ата», «патрономия» түсініктерін біріңғай, ортақ мән-мағынаға сыйдыра отырып, сөз саптау, ой түзу ыңғайына байланысты аталған терминдердің кез-келгенін қолдануға болады деп тұжырымдауға болады.

Қазақ қоғамының дәстүрлі тайпалық құрылымында отбасылық-туыстық топтар ру-тайпалардың құрамдас бөлігі есебінде өмір сүре отырып, барлық қоғамдық, атқарушы саладағы іс-әрекет құқығына ие бола алмады, тіпті одан айырылып отырды, өйткені, аталған функциялардың барлығы тайпалық құрылымдардың төменгі сатысындағы органдардың құзырына беріліп, солардың өкілеттігімен жүзеге асырылып отырды, Тіпті, шаруашылық өмір саласында да, әлеуметтік ауқымдағы адамгершілік нормаларын сақтап, реттеуде де тайпалардың ролі өте зор болды. Сондықтан тайпалық құрылымның әлсіреуі, олардың өздерінің негізгі функциялары мен беделін жоғалтуы нәтижесінде ғана рулық-туыстық топтардың күшею мүмкіндігі болды. Патша империясының ғасырлар бойы жүргізген отарлау саясатындағы басты принциптердін бірі - қазақ халқының арасындағы рулық-тайпалық құрылымдардың күшті ықпалын, әсерін барынша әлсірету мақсаты болғанын өткен тарихымыз дәлелдейді.

Қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық даму барысының деңгейін толыққанды зерттеу жұмыстары, қазақ хандықтары толық жойылып, қазақ даласы патша империясының отарлық жүйесіне кіргеннен кейін жоспарлы түрде іске асырыла бастағаны мәлім. Осы мақстатты көздей отырып, патша империясы ХІХ ғ. аяғына қарай зерттеуші-шенеуніктер Ф. Щербина, В. Кузнецов, А. Переплетичков, А. Скриплев, П. Ру­мянцев бастаған статистикалық экспертшілер қазақ даласының бірқатар аймақтарында тыңғылықты жұмыс істегені белігілі.

Өз тарапынан бұл зерттеушілер қазақ қоғамының өткен тарихындағы патрономия жүйесіне ерекше мән беріп, оның құрамдас бөлігі шаруашылық ауыл тұрғысындағы (әкімшілік ауыл емес) ойларын былайша тұжырымдайды: «Аул, собственно зимний аул, является наиболее мелкой и постоянной единицой казахского общежития. Одноаульцы обыкновенно являются связанными близким родством и общностью хозяйственных интересов, аул имеет общих пастухов, почти кочует вместе, причем более самостоятельные хозяева помогают кочевать менее состоятельным. Хозяйственный аул ни коем случае нельзя смешивать с администартивным аулом, потому что «степные положение» постановило под одной единицей аульное общество и его компетенцию передало поземельные споры, возникающие в нем, между тем у казахов аульное общество есть бумажная податная единица и не соответствует с родовою поземельную общиною, которую следует считать на основную единицу казахского кочевого быта» [5, с 56]. Сонымен жоғарыдағы берілген пікір-тұжырымнан байқайтынымыз, патрономияға немесе «бір ата», «ата баласына» қатысты айтылған анықтамалар шаруашылық тұрғыдағы қазақ ауылының көптеген өлшемдерімен сәйкес келетінін пайымдауға болады. Сондай-ақ, «бір ата» немесе «ата баласы» ең жақын туысқандардың тобы болғандықтан өзаракөмек және өзара міндеткерліктің барлық нысандарымен иеленді, өйткені бұларға әкесі енші беріп, бөліп шығарған немесе бірнеше ағайынды адамдардың өздерінің дербес шаруашылық ұстауына байланысты мұндай өзара көмектің, міндеткерліктің болмауы мүмкін емес еді. Осындай ерекшеліктеріне байланысты шағын әлеуметтік ұйымдар бірінші қатардағы патрономия деп аталып, қазақ түсінігіндегі «бір ата» деп аталатын әлеуметтік ұжымның атауына сәйкес келеді [6]. Өз кезегінде «бір ата» баласына бұдан да кең көлемдегі әлеуметттік топтар, яғни ең жоғарғы қатардағы патрономия да кіреді. Тек осы деңгейдегі патрономия ауқымында ғаңа барлық туыстардың қоғамдық өмірі бір арнаға тоғысып, жерге иелік жасау соның қолында болады. Үлкен патрономияға кіретін «бір атадан» тараған туысқандардың «күз-күздеуі», «қыс-кыстауы», «жаз-жайлауы» және көктемдегі көктеуі ортақ болып, бірге көшіп-қонып отырған. Бұлар идеологиялық тұрғыдан бір атадан тараған ұрпақтар ретінде өздерінің шыққан тектерінің бірлігін әрқашанда сезініп отырған. Сондықтан да болар үлкен патрономия мүшелерінің қоғамдык мүдделері өлгендерге ас беру, қалыптасқан салт-дәстүрге байланысты той-томалақ жасау, мейрамдарды өткізу, барымтаға қатысу, қалың мал, құн төлеу, жетім-жесірлерге көмектесу сияқты маңызды мәселелердің төңірегіне шоғырландырылып, әрі нақты іске асырылып отырды. Осындай дербес коғамдық бірліктердің орындайтын жалпы функцияларының жиынтығын XVII ғасырдың аяғындағы қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымының негізгі элементі ретінде бөліп қарауға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан атап өтетін ерекше мәселенің бірі - көп сатылы тең бағыныштағы өзара туыстық баспалдақта тұрған бір рулық қауымның өз ішінде қалыптасқан әдет-ғұрылқа сәйкес некеге тұруға қатаң тиым салған (экзогамия) принципке негізделген, қазақ халқының әлеуметтік өмірінде маңызды орын алатын «жеті ата» түсінігінің қалыптасуы болды. Осыған байланысты қазақ халқы ерекше мән беріп қараған осы терминнің мән-маңызын қысқаша ашып көрсету артық болмайды. Адамзат тарихында адамдар ұжымы қалыптасқан алғашқы қоғамның әлеуметтік-реттеушілік функциясының бастапқы фор­масы ретінде қандас некеге тұруға тиым салу жүйесінін ерекше маңызы болды. Осының негізінде жақын және басқа да туыстардың арасында неке одағына тиым салу (экзогомия) нормалары қалыптасып, бұл тиым шаралары келесі ұрпақтарға таралып отырды. Қазақ коғамында экзогамиялық нормалардың сақталуы өте қатаң әдет-ғұрыптық ережелермен бақыланып отырды. Туысқандық принциптерге негізделген қазақ этносының құрылымы әсіресе, тайпалық ұстанымның төменгі сатысында мүмкін болатын экзогамиялық нормалардан ауытқудың қандай да болмасын фактісін жіті қадағалап, қатаң ұстанып отырды. Сондықтан, экзогамиялық нормалар халқымыздың әдет-ғұрып құқығында ерекше көрініс тауып, оны бұзғандарға өте қатаң жазалар қолданылып отырды. Тіпті бұл жазалар қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесінде соттық прецедент ретінде қалыптасып қазақ фольклорының бірқатар түрлерінде жан-жақты насихатталады.

Мәселен, «Қалқаман-Мамыр» тарихи поэмасында Тобықты руынан шыкқан қыз бен жігіттің өздерін өлімге бас тіккен қайғылы махаббаттары мен өзара сүйіспеншілігі сипатталады. Өйткені, бастарын қатерге тіккен екі жас та сол рудың бесінші атасынан қосылатын туыстар болғандықтан ел ішінен біржолата қуылып моральдық тұрғыдан қарағанда өлім жазасынан да қатаң жазаға тартылғаны белгілі.

Қарастырылып отырған кезеңде экзогамиялық нормалардың талаптарын қатаң сақтап, орындау үрдісі тайпалык немесе ірі тайпалык құрылымдарындағы неке, отбасы қатынастарына таратылмай, тек қана рулық-туыстық қатынастар принциптерін қан тазалығын сақтауды өрескел бұзуға жол ашатын «жеті ата» ауқымында орын алатын әрекеттер жіті қадағаланып, тиым салынып отырды. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы неше түрлі аумалы-төкпелі тарихи даму кезеңдерін бастан кешіп, патриархальдық институттардың ыдырауына қарамастан жакын туыстардың бір-бірімен некелік қатынаста болуға тиым салмайтын ислам дінінің құқықтық негізі - шариғаттың ықпалына қарамай, осы уакытқа дейін «жеті атаға» толмай қыз беріп, қыз алыспау ғұрпы мүлтіксіз орындалатын қасиетті салт-дәстүр және халқымыздың рухани байлығы ретінде жалғасын тауып сақталып келеді. Экзогамия талаптарын орындаудың негізгі шарты - кез-келген патрономия мүшесі кем дегенде өзінің жеті атаға дейінгі шежіресін жақсы білуге тиіс болды. Ел арасында өзінің жеті атаға дейінгі шықан тегін білмегендер «жеті атасын білмеген жетесіз» деп қатал сыналып, ал жеті атасынан бастап, ру, тайпа, ел шежіресін жақсы біліп, меңгерген адамдар үшін «жеті атасын білген жеті жұрттың қамын жейді» деген мақал айтылып, мадатқалатын болған. Үлкен патрономияға жататын «жеті ата» сандық мөлшері жағынан кіші патрономияға қарайтын «бір атамен» салыстырғанда бірнеше есе көп болған. Мәселен, қазақ қауымында кей кездері «аймақ» деген термин жиі қолданылып, ауыл деген түсінікпен бір мағынада айтылады. Айталық, қазақтардың ауыз екі сөзінде айтылатын: «Ауыл-аймақ аман ба?» - деген сәлемдесу рәсімі кең ауқымдағы патрономиялық туыстықты және территориялык бірлікті білдірген [7]. Үлкен патрономиялық құрылымдардың пайда болуына жоғарыда айтылып өткен «бір ата» қауымының қалыптасу, орнығуы негізіне ұқсас экономикалық сипаттағы себептер үлкен роль атқарды. Өйткені қарастырылып отырған кезеңде «бір ата» қауымы жерді пайдалануда жеке дербестікке ие бола алмағандықтан, шаруашылық қатынастарда рулық-қауымдық жердің иесі, кожасы болып саналатын үлкен патрономияның құрамына өз туыстарымен бірге кіруге мәжбүр болып отырды. Өз кезегінде үлкен патрономия қауымдастығы барлық топтардың мүдделерін қорғап, күзетіп, кейбір жеке қожайындардың үлкен патрономияның ортақ қауымдық жерді басқару, билеу құқығын басқа біреулерге беріп жіберу әрекетіне тиым салып отырды. Сондықтан үлкен патрономия басшылығы ғана сырттан келетін малды жайылымға жіберуге болатын-болмайтындығын, өз территроиясында тек отау (шаруашылық) құру мүмкіндігі қандай екенін қарастырып, мүмкін болған жағдайда мұндай мәселелерді үлкен патрономия қауымдастығының жалпы жерінің есебінен шешіп отырды. Сонымен қатар, ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша осы кезеңге қатысты патрономия жүйесінде ру, сүйек, ұрық сиякты түсініктер сақталды. Бұл аталған терминдердін де мән-мағынасы бір ортақ түсінікпен сипатталып, бастапқы шығу тегінің, жер аумағының және шаруашылық тұрғысынан тұтастық ретінде сипатталады.

Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақтардың патрономиялық үлгісі шаруашылық жүргізу ерекшелігі мен көшпелі өмір-салты дәстүрінің ықпалы негізінде қалыптасты. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың үй-жайына және патрономиялық қоныстану, орналасу жағдайына әсерін тигізді. Бірнеше үй бір ауыл болып есептелді. Ауыл дегеніміз - патрономия тұрғысынан қарағанда, бір атадан таралған бірнеше туыстас отбасы. Олардың өріс-қоныстары бір болды, шаруашылықты бірлесіп жүргізіп, бірге көшіп-қонып жүрді.

Киіз үй - көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайында өте қолайлы құрама баспана болды. Осындай патрономиялық ауылда киіз үй айнала, дөнгелене тігіліп, ортасындағы алаң «қотан» деп аталды. Қотанның он жағында ауыл ақсақалының және басқа да беделі үлкен адамдардың үйлері тігіліп, қоныс тепсе, сол жағына немесе артқа қарай кіші отбасыларының үйлері орналасты. Ауылдың ішкі жағына, яғни қотанға түн мезгілінде ұсақ малдарды айдап кіргізіп, түнетіп отырды, қотанның жалпы ауқымы 100-150 метрді құрады. Патрономиялық қоныстың кіріп-шығатын алдыңғы есіктерінің барлығы онтүстік, шығыс бағытқа қарап орнатылды. Бөтен адамдарға қотан арқылы жүріп өтуге тыйым салынды, өйткені қалыптасқан дәстүр бойынша жусап жатқан малды үркітіп, мазасын алуға болмайтын еді, сондықтан ауылға келетін қонақтар киіз үйдің артынан келіп түсетін болған [8].

Қазақтардың қарашадан наурызға дейінгі отыратын тұрақты қонысы «қыстау» деп аталды. Әдетте қыстау ықтасын жерлерге салынды. Қыстаудағы үйлердің жағдайы сол өңірдің жағырапиялық, жаратылыстық жағдайларына және ауа-райына байланысты болды. Қалың орманды жерлерде ағаштан, орманы аз жерлерде құйма кірпіштен, соқпа дуалдан, таулы жердерде тастан салынды. Бұл үйлер төрт бұрышты, текше төбелі келеді. Әдетте мұндай қыстау - үйлері бірнеше бөлмеледен құралды, әсіресе ауқатты қазақтар өздерінің қыстық баспаналарын екі үлкен бөліктен - біреуін өзінің отбасы үшін, екіншісін - қонақ­тарға арнап салдырды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше қыс жағдайларындағы қазақ патрономиясының негізгі ерекшелігінің бірі - әрбір қыстау қонысының ауқымында 15-тен 50-ге дейін түтін бір жерге шоғырландырылып жинақталған, мұның басты себебі, олар өздерін қыстың каһарлы аяз, боран, үскіріктерімен, басқа да төтенше жағдайлардан қорғау қажеттілігінен туындады.

Жоғарыда көрсеткеніміздей патрономиялық ауыл жеке отбасылардан (түтіндерден) құралды. Ауылдағы үлкен шаңырақ қоғамдық пікір білдіретін қауымдық жиналыстардың, отырыстардың орны ретінде танылып, онда патронимя мүддесіне қатысты барлық мәселелер талқыға түсетін болды. Ауыл ағасы-ақасақалдардың өкілеттігінде патрономия ауқымындағы соттық-бітімгершілік биліктің барлық күші болды, яғни отбасылық-туыстық топтардың арасындағы түсінбестік тұрғысындағы кез-келген істер ақсақалдардың тікелей араласуымен шешілді. Көптеген зерттеушілердің жазбаша пікірлеріне сүйенсек, патрономия ауқымында билер сотынан басқа, патриархалдық негіздегі үй соты болды, оны жақын туыстардың арасынан сайланған ақсақал басқарып, ру аумағындағы барлық істерді шешіп отырды және билер сотының бакылауына жатады [9].

Патрономия жүйесіндегі ақсақалдардың атқаратын аса маңызды ролі жайындағы өз ойын зерттеуші Н.П. Рычков былайша тұжырымдайды: «Маленькие поселки как общее правило скопляли себе юрты, родичей потомков и того же семейства, дедовского или же более дальнего. Таких дедов киргизы называли аксакал, что означает седая борода. Предводитель-это только самый уважаемый человек в аймаке его оракул. Вот почему влияния предводителей на местах было огромное, невзирая на всю формальную незначительности их власти, и потому они становились сильным орудием управления в руках хана, которое через них мог сделать очень много» [10].

Патрономиядағы үстемдік мәртебесі рулық-туыстық тұрғыдағы өзара қарым-қатынас мәселелерін қауымда немесе ақсақалдар кеңесінде шешудің өкілдігі ретінде қарастырылды. Сон­дықтан, кеңес беруге қатысты тәлімгерлік құқығы кей-кездерде өктемдік сипатта да көрініп отырды. Мәселен, ауыл ақсақалы патрономия үшін тиімді әрі пайдалы келісім жасалуы мүмкін жағдайда (үлкен мөлшерде қалың мал, жақсы жайылымдық т.о.) қалыңдықтың ата-анасының алдын-ала келісімінсіз-ақ құда түсу құқығын жүзеге асыра беретін болды. Патрономияның ішкі өмірінде «бәйбішенің» атқаратын ролі зор болды, әдетте, ол, ақсақалдың үлкен әйелі болып есептеледі. Атап өтетін жәйт, егде жасқа келген кез-келген әйел «бәйбіше» деген құрметті атакқа ие бола алмады. Үлкен бәйбіше тіпті әр түрлі шаруашылық саласына басшылық жасап және отбасылық мейрамдарды өткізуде салт-дәстүр, ғұрыптық ережелердің сақталуын қадағалап отырды. Осы тұрғыдан бәйбіше қызметіне қатысты айтылған, қазақ арасында кең тараған мына мәтелді келтіре кетуге болады. Мысалы, «Аймақтың құты - ақсақал, ауылдың құты бәйбіше» - деп екі ауыз сөзбен дөп басып айтқан.

Қарастырылып отырған кезеңдегі патрономияда негізгі меншік нысаны - отбасылық меншік бола тұрса да, алғашқы ұжымдық қауымның кейбір сарқыншақтары жиі көрініс беріп отырды. Бұл жағдайды халық арасында таралып, сақталып кел­ген «Кім бұрын ұстаса ат соныкі, кім бұрын сойса кой соныкі» деген мақалдың мән-мазмұнынан пайымдауға болады. Жоғарыда айтылған мақалдан алғашқы ұжымдық меншік көрінісінің іздерін көре отырып, соны мұрат еткен идеалды сәтті байқаймыз. Дегенмен, патрономиялық жүйеде жалпылық, ортақтық элементтері әр кезде байқалып отырды, мәселен, «Үлкен шаңыраққа» сусын ішіп, тамақтану үшін ешқандай шақырусыз кіруге бо­латын еді. Кейбір деректер бойынша үлкен шаңырақ астына кешкі ас ішу кезінде 36 адамға дейін жиналатын болған. Патрономияның ішкі өміріндегі осындай қатынастарды сипаттайтын, «Үлкен үй - ортақ, кіші үй - бұлтақ» деген мақал сақталған. Түтін (үй) иесі «отағасы» деп аталып, отбасы құрамына кіретін әйелдер мен балалары үй қожасының шексіз билігінде болды. Дегенмен, өмір жағдайы, көшпелі тұрмыс салты «отағасының» отбасы мүшелеріне қатысты қатаң талаптарын барынша жұмсартып отырды. Өйткені, әйел үйдін барлық ішкі шаруасын жүргізіп, реттеп отырды, яғни үйдің кіріс-шығыс бюджетін жоспарлау, сондай-ақ үй ішінің ауқаттылығы, молшылығы, береке - бірлігі отбасы ортасындагы әйел қызметінің сипатына байланысты болды. Сондықтан, әйел затының ер адам иелігіндегі жай ғана меншігі болып қалуы мүмкін емес еді, бұл жағдай дәстүрлі қазақ қоғамының барлық кезеңінде өз көрінісін тапты.

Отағасы шаңырағындағы от қасиетгі деп есептелді. Патрономияға жас келін түскен кезде, мұнда «отқа май күю» рәсімі жасалды. Жас әйелдер алғашқы баласын босанғаннан кейін, «үлкен шаңыраққа» келіп кіретін, есікке қарсы тұрған төрге иіліп тағзым етіп, отқа май құятын болған. Үлкен шаңырақтың ұлы өзінің еншісін алып, жеке отауға, дербес шаруашылыққа бөлініп шықкан сәтте алғашқы отты үлкен үйдің ошағынан алатын болды. Патрономия қауымы бір орында тұрып жатқан кезде, мұралық жолмен беріліп келген арғы ата-бабаларының «ескі үлкен шаңырағының» қадыр қасиетті, оған деген құрмет сезімі басқалардан ерекше болды. Егер де патрономиялық отбасының кез-келген адамы ауыра қалған жағдайда оны «ескі үлкен шаныраққа» әкеліп жайғастыратын болған, өйткені, патрономия мүшелерінің арасындағы қалыптасқан пікір бойынша, бұл шаңырақта науқасты қолдап, қоршап жүретін бабалар аруағы мекендейді деп пайымдаған. Жас әйелдер, әсіресе, келіндер мен олардың абысындары бұл үйдің табалдырығын аттап кіргеннен кейін міндетті түрде иіліп сәлем жасайтын болған. Сонымен, ата-бабалар рухына, аруағына табыну дәстүрі ислам діні ықпалының күшеюіне қарамастан патрономиялық идеологиямен жан-жақты қуатталып, әрі қолдау тауып отырды. Әсіресе, ата-бабалардың сүйегі жатқан жерлер-мазарлар ерекше құрметтелді; әйелдер және жас қыздар бұл жерлерден өту қажеттілігі болған жағдайда аттарынан түсіп, жаяулап, жайлап қана жүріп өтетін болған. Патрономияның үлкен адамдары мұнда арнайы аялдай, бабалар рухына құран бағыштайды, тіпті кей кездерде ауырған адамдарды мазар басына алып келіп, аруақтардың «көмегімен» емдеп жазуға болады деп тұжырымдаған.

Дәстүрлі қазақ қоғамында баспананың қасиеттілігі жөніндегі түсінік қазақтардың әдет-ғұрып құқығы көзкарастарында да көрініс табады. Мәселен, «Әркімнің өз үйі - өзіне мешіт» деген нақыл сөзді қолдана отырып, оны кол сұғылмайтын меншік ретінде танып, әспеттеп, мадақтап, өз баспаналарын құдайдың үйі - мешітке теңестіріп отырды. Кісі өлімі болып, құн төлейтін жағдайларда зәбір көруші тараптың туыстары ешкімге зәбір көрсетпейтін зиян келтірмейтін іс-әрекет ауқымында кісі өлтіруші кінәлі адамның ауылына шабуыл жасау көрінісін іске асырулары тиіс болды. Оның мәнісі мынада болды, жәбір көруші жақтың үлкен, беделді адамының бірі кісі өлтірген кінәлі адамның киіз үйінің бірнеше уықтарын немесе керегесін, есігінін жақтауын айбалтамен яки қылышпен екі-үш рет соққы беріп, зақымдауға тиіс болды. Адам өлімі болған отбасының туыстары тарапынан жасалған мұндай іс-әрекет кісі өлтірушіні символикалық тұрғыда өлім жазасына кескендігін білдірді. Қарастырылып отырған тарихи кезеңдегі патрономиялық ауылдарда көшіп қонуға ыңғайлы баспаналардың - түрік және қалмак типтегі киіз үйлер, абылайша, жолама, қос, лашық аталатын түрлері болды. Оның ішінде көлемі жағынан «үлкен шаңырақ» алты, сегіз, он екі қанат үйлер болды, жас отбасылар тұратын киіз үйлер төрт қанат көлемінде болды. Ал он екі қанат үйді «Ақ орда» деп те атады. Бұл Ордалар салтанатты мерекелерге арнап тігілетін болды. Жалпы баспанаға байланысты мәселеде белгілі бір ұстанған катаң ереже болмады, барлығы үй иесінің әлеуметтік-құқықтың жағдайлары, мүмкіндіктері арқылы анықталды [11].

Қалыптасқан дәстүр бойынша отағасы үйленген ұлдарын той рәсімі өткеннен кейін бірден жеке отау жасап бөлек шағарып отырды және бұған себепкер болған жағдайдың бірі -қалыңдықтың төркінінен жіберілген қосымша мүлік «жыртыстың» ең басында отау үйдің шаңырағы болды, сондықтан оны тез арада көтеру міндеті тұрды. Екінші тұрғыдан отау үйді жеке құқықтық тұрғыдағы тиымдар әлі де беті ашылмаған жас келіннің моральдық жағынан қысылып-қымсынуына, ұялуына әкеліп соқтыратын еді. Ал малды және жерді бөлу, той өткеннен соң біраз уақыттан кейін патрономияның жасы үлкен, беделді адамдарының куә ретінде тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Патрономияның басқа мүшелерінің келісімі негізінде жас отау «жабар», «енші» алады, яғни төрт түлік үй жануарларының әр түрінен белгілі мөлшерде өздеріне тиісті үлестері бөлініп, малды ажырату үшін салынатын ен қоса беріледі. Енші бөлуге қатынасқан туыстар өз кезегінде жас отауды құттықтап, әрі қолдау, әрі көмек көрсету мақсатында «емеурін деп аталатын» сый-сиапаттарын тапсырады. Енші бөлу рәсімі «қосақ басы» деп аталатын ғұрыппен аяқталады, яғни жас отау иесінің келіншегі өз төркінінен әкелінген жыртыстың ішіндегі ең жақсы мүлік болып есептелетін шапанды қайын атасының иығына жауып сыйға тартады, ал атасы оған жауап ретінде қой қосақтайтын мықты, ұзын арқан сыйлап, өзінің аталық ізгі ниетін білдіреді.

Әдетте мүлікті бөлу инициативасы жасы үлкен, беделі мен құқықтық мәртебесі жағынан отбасында маңызды роль атқаратын «отағасы» тарапынан басталады, немесе бірге туған ағайынды бауырлардың келіспеушілігінен туындайды. Мүлікті бөлу кезіндегі әкесінде қалатын үлес, болашақта ата-анасына қамқорлық жасап, бағатын баласына қалдырылады, дәстүр бойынша мұндай құқыққа көп жағдайларда отбасындағы кенже бала ие болады.

(Осы тұрғыдан атап өтетін жайт, бөлінбеген әке үлесінің кенже баласына берілуі (минорат) қазақ арасында кең тараған көрініс болғанмен, бұл дәстүр барлық кезде сақталып отырмайды. Өйткені, бұл құбылыс нақты қалыптасқан жағдайлармен, әсіресе, қарт ата-аналардың келіндерімен өзара қарым-қатынастарына да байланысты болды [12].

Дегенмен, қазақтың әдет-ғұрып құқығының қағидалары бойынша әкесінің тірі кезінде мұрагерлік жолмен өз үлестерін бөліп алған ұлдары әкесінен қалған үлес-мүлікті бөліп алу үшін үміттенуге қақылары жоқ. Сондай-ақ, минорат гек қана әке мүлкіне қатысты таратылады, мұндағы басымдылық негізінен отбасындағы үлкен баласына беріледі. Егер «отағасының» полигамиялық отбасы болған жағдайда (бірнеше әйелі өзінің тірі кезінде мүліктік ауқатын, байлығын екі-үш немесе одан да кеп үлестерге бөледі). Патрономиялық ауылдарда қариялардың балалар тәрбиесіндегі ықпалы ете зор бодды. Атап айтқанда, қарттардың қолдауымен, олардың тікелей тәлімгерлік іс-әрекетінің барысында жас ұрпақтарға әр түрлі саладағы әлеуметтік функцияларды игеруге, еңбек дағдысына баулу, жақсы мінез-құлық қалыптастырудағы құндылықтар - шыдамдылықты, табандылықты, батылдықты, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді жас ұрпақтардың бойына, санасына сіңіруге барынша ат салысып, мұндай қасиеттер келесі буыннын ұрпақтарына сабақтастықпен көшіп отырды. Сондай-ақ ғасырлар бойына біртіндеп қалыптасқан дәстүрлердің ролі де аса зор болып, шаруашылық, идеологиялық, діни және тұрмыстық саладағы концепциялар бір ұрпақтан келесі ұрпаққа тиянақты түрде беріліп отырды. Сол кезеңдегі қазақтарға қатысты басты ерекшелік ерте дербестікке ие болып, әлеуметтену болды. Егер де балалар жас кезінен бастап, үлкендердің қадір-қасиетіне бас иіп, оларға құрмет, қошемет көрсетіп кызмет етсе, олар да болашақта соған сәйкес лайықты құрметке ие бола алды. Осы тұрғыдан қариялардың жастарға алғыс сезімін білдіріп, бата ретінде айтқан. «Сіздер бізді сыйласаңыздар, сіздерді құдай сыйласын» деген салмақты сөзін келтіруге болады. «Жағына қарай сөйлеп, жасына карай отырады» де­ген қағидаға сүйене отырып, балалар үлкендермен тең деңгейде сөйлесе отырып, өздерінің рухани деңгейлерін, дәрежесін көотеpiп отырды. Балалар қоғамдық отырыстарға қатысуға ерте жіберіліп, шаруашылық істеріне белсенді араласып, он бес жастан бастап кәмелетке толды деп есептелді. Бірақ, балаларға қатысты әке билігі олар 35-40 жасқа жеткенше жүрді және осы уақыттан бастап қана олар, толық іс-әрекет, қимыл еркіндігіне ие болды.

Ауылдық патрономия белгілі бір жер аумағына ортақ меншік негізінде қалыптасты, бірақ патрономияның ерекшелігі жерді пайдаланудың әр түрлі нысаны, бірге көшіп-қону, өзара көмек тұрғысындағы іс-әрекеттермен анықталады. Туысқандықтың тиянақты, өзгермейтін басты қағидаларының бірі - өзара міндеткерліктен басқа, патрономиядағы туыстық ынтымақ пен бірлік оның мүшелерінің жалпы қауіпсіздікті сақтау, қорғау мақсатында туындайтын істерде де көрініп отырды. Мәселен, патрономияға қатысы бар төтенше жағдай немесе оқиға қалыптасқан кезде «Аттан» деп айқайлап хабарланған бұйрық сөзінің өзі, қолына қару ұстауға жарайтын барлық ер-азаматтарды шұғыл түрде атқа қондыруға жеткілікті болды.

Патрономия жүйесінін және оның негізгі қағидаларының ғасырлар бойына сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуі нәтижесінде көшпелі қазақ қауымында ата-бабалар салт-дәстүріне негізделген топтық некенің түрлері «әмеңгерлік (левират), балдыз алу (сорорат), көне ұжымдық меншіктің белгісі - тамға, өзара міндеткерлік нормалары: «жылу жинау», «қызыл көтеру», «жан беру» т.б. әдет-ғұрыптар сақталды. «Жан беру» - патроно­мия ауқымындағы жақын туыстардың кез-келген адамыньщ тарапынан жасалған теріс әрекетіне ұжымдық жауапкершілік тұрғысынан жауап беретін отбасылық-туыстық топтардың негізгі белгілерінің бірі болды. Ал, некеге тұрудың көне нысандары - «әмеңгерлік», «балдыз алу» этнографиялық, құқықтық әдебиеттерде жан-жақты сипатталган, бұның өзі патрономиялық жүйедегі патриархальдық дәстүрлердің ықпалының күшті сақталғандығын дәлелдейді. Туыстық өзара көмек дәстүрінің жарқын көрінісінің бірі - өз туысының басқа бір ру аумағында жасаған қылмыстық әрекеті үшін патрономияның жауапкершілігі болды. Өйткені, қасақана адам өлтірген немесе ауыр дене жарақатын салған жағдайда, өлген кісінің туыстарына, яки зәбір көрушіге құн төлеу жалғыз-жарым отбасының қолынан келмейтін еді. Сонымен қатар, патрономиялық идеология кедей-кепшік туыстарының отбасын құрап, үйлену үшін жағдай жасап, белгілі мөлшерде қалыңдық үшін қалың мал төлеуді де іске асырып отырды. Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған жетім-жесірлерді және қарайтын адамы жоқ, салт қарттар мен мүгедектерді ағайын-туыстары яки руластары асырап, бағып-қағуға міндетгі болған. Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің өмір сүруі қазақ қоғамында қайыршылардың болмауына игі әсер етіп отырды.

«Жылу жинау» - патрономия мүшесінің шаруашылығы ойсыраған кезде, оның пайдасына туыстарының өз еріктерімен іске асырған қайырымдылық іс-әрекеті болып саналады. Бұл әдет-ғұрып бойынша: табиғи апат-жұтқа, өртке, селге тағы басқа да дүлей табиғат күші кесіріне кенеттен кездесіп, мал-мүліктен, баспанасынан айырылып, күн көрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу-жәрдем сұрайды. Бұған ағайын-туыстары мен руластары түгел көмектесіп, жылу-жәрдем жинап береді, ал мұндай шараға қатынаспаған ағайындар өз басына осындай күн туғанда мұндай көмектен мақұрым қалады және жалпы жұрт келісімін бұзғандығы үшін жек көрінішті болады.

«Қызыл көтеру» - жақын туыстардың арасында шығын үлесін өзара бөлісу, яғни кіші патрономия мүшелерінін арасын­да кездеседі. Бұл дәстүр бойынша, жақып туыстары ішіндегі бір отбасының ірі қара малдары жоғалып кеткен жағдайда, өлім­-жітімге ұшыраған кезде, үй иесі сойған малының етін жақын ағайындары «он екі мүшеге» бөліп алып, келген зардаптың шығынын он екі мал есебінең толтырып береді. «Ас беру» рәсімі патрономия жүйесіндегі ең көне институттардың бірі болып есептеледі. Асты ұйымдастыруға және оған жұмсалатын шығынды көтеруге патрономияның барлық мүшелері тегіс қатынасуға тиіс болды. Бір жыл яки одан да артық уақыт өткен соң қайтыс болған адамға арнап «сауын айтып» ас беріледі. Астың көлемі қайтыс болған адамның әл-ауқат күйіне жұрт ішіндегі беделіне қарай болады. Асқа шақырылған жұрт тегіс жиналып, ас басталғанда тұлданған ат ас берген үйдің алдына әкелінеді. Ac берілген адамның әйелі мен балалары жоқтау айтып, атқа қоштасады. Бұл ат асқа сойылады. Азалы ту жығылып, сабы сындырылады. Асқа жиналған жұрт күтіледі. Ac аяқталған күні әйелінің жамылған қарасы мен ақ бүркейі алынады. Қаралы үйдің жүгіне жиналған сеп (қайтыс болған адамның киім кешегі) жиналады, сонымен ас аяқталады [13].

Сондай-ақ, патрономия ауқымында әр-түрлі маңызды оқиғаларға байланысты мәселен, көші-қон орнын ауыстырғанда, әр түрлі календарлық, діни даталарға байланысты «ерулік», «тау майлар», «омыртқа», «құрбан айт», «наурыз» сияқты әр түрлі мерекелік шараларда үнемі өткізіліп тұрған.

Дәстүрлі қазақ қоғамының әдет-ғұрып жүйесінде ерекше маңызды орын алатын салт-дәстүрдің бірі - қонақжайлық болып есептеледі. Қазақтар үйіне келген қандай да болмасын мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамастан) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің ең сүйікті асын қонақасыға береді. «Қонақасы - қазақтың бөлінбеген еншісі» есептеледі. Меймандостық дәстүрі материалдық жағдайына (әл ауқатына) шыққан тегіне қарамастан қа­зақ қауымының барлық мүшелеріне тегіс тараталады. Тек қонақтың өзін ғана емес, оның ат-көлігін де күтіп, аттанарда аман-есен қолына тапсырады. Бұл жөнінде зерттеуші М. Красовский былай деп куә келтіреді: «что проезд всякого человека через казахские аулы, хотя бы это было на тысячу верст, в отношений прокорма, простоя и переездов не влечет за собой ни одной копейки расходов» [14, с 48].

Сондай-ақ ел ауызында айтылатын, «Егер қоналты жердің бәрінде қазақ болса, бір уыс азық, бір тиын қаражат алмай жылдық жолға жолаушы жүруге болар еді» деген қанатты сөз осыдан шықкан.

Егер де келген қонақка үй иелері тарапынан жылы шырайлы қабылдау, құрмет көрсетілмей, мейман ашқұрсақ қалған жағдайда, ол әдет-ғұрыптық құқық ережелеріне сәйкес қонақжайлық қасиетті дәстүрді сақтамағандығы, тіпті «Қонақасы» бермей оны қорлағандығы үшін қонақ сол рудың биіне шағым айтуға құқылы болды.

Сонымен кысқаша түйіндесек, қарастырылып отырған кезеңдегі патрономия жүйесі дәстүрлі қазақ қоғамынын сол уақыттағы барлық маңызды қажеттіліктеріне жауап бере алатын белсенді әрі рационалды ұйым ретінде өзінің позициясын әрқашан да мығым ұстап отырды. Қазақ тілінде патрономияға тікелей қатысы бар, бір біріне мазмұны жағынан туыстас мынандай терминдер де кездеседі: ата, ағайын, ауыл-аймақ, айнала, карындас, тұқым, жұрағат, сүйек, ұрық, туысқан, ата-баба, тайпа, топ, ата ұлы, ел ағасы, ел кісісі, жұрт, шаңырақ, түтін, үлкен үй, отау т.б. Тіпті бұл аталғандар да патрономиялық терминдердің толық тізімін қамтымайды, өйткені бұл терминдердің бірқатарының қандай деңгейде функционалдық қызмет атқаратыны толық зерттелген жоқ. Көп реттерде, ғылыми әдебиеттерде үлкен патрономияға қатысты «тайпа» термині қолданылып келеді. Осы тұрғыдан зерттеуші - этнограф А. Харузин былайша пікір білдіреді: «Роды делятся на отделения (тайфы), а некоторые отделения на подотделения (ата баласы)» [15, с 49].

Қарастырылып отырған XVII-XVIII ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамының патрономиялық жүйесіндегі рулық-тайпалық тәртіптердің сақталуына қарап, сол кездегі қазақ қоғамын тек «рулық қоғам» ғана болды деп қарау дұрыс емес, өйткені бұл тәртіптер тек форма жағынан сақталғанымен, оның мазмұны әлдеқашан өзгерген, ауыл мен атаның негізгі ұйытқысы туыстық байланыс болғанымен, атасы басқа кірмелер де, тіпті бұрынғы құлдардан тәуелді шаруаға айналған қоңсылар да, мал иесі бай да, жалданған кедей де, Шыңғыс тұқымынан тараған ақсүйек «төрелер» де болды. Демек бұл алғашқы қауым емес халықтын әр түрлі топтары мен таптарынан құрылған, саяси­әлеуметтік құрылысы, оның түзілімі де дала тұрмысына бейімделіп, мықты салт-дәстүрге негізделген, дала демократиясының үрдісі басшылыққа алынып жасалған таптық әрі өркениетті мемлекет болды.

Жалпы, осы тұрғыдағы мәселе жөнінде айта кететін жәйттің бірі - жетпіс жылдан аса бойы жүрігізген кеңес империясының саясатының басты бағыт-бағдары, осыған сәйкес жазылған көп томдық тарихтардың, ресми жинақтардың, зерттеулердің негізгі мақсаты қазақ халқының төл тарихын бұрмалап, тіпті жоққа шығарып көрсетуге барынша бағытталды. Атап айтқанда, қазақ халқының төл тарихы, мемлекеті бұрын-соңды болған емес, олар еуропа халықтары сияқты өз тарихын жасауға, оны лайықты жазып шығуға қабілетсіз деген пікір қалыптасты. Әрине, кеңес дәуіріндегі мұндай сұркия саясаттың концепциясы ашық, жария түрде айтылмады. Алайда бұл саясат қалай негізделді деген сұрақ туындауы мүмкін.

Аталған концепцияның тұжырымында ең алдымен, қазақтарда ешқашан ұлттық мемлекет болған емес, тек мемлекеттік құрылыстың жеке элементтері болды деп көрсетілді. Тіпті бұл біртұтас құрылым емес, әр ру, әр аймақ өз бетінше оқшау өмір сүріп, өзін-өзі басқарып отырды, яғни қазақтарда ешқандай біртұтас хандық болған жоқ деген дәйектемелер айтылды. Осындай бытыраңқылыктың әсерінен қазақтар үнемі өзара қырқыс-тартысты бастан кешіріп, «ұшарын жел біліп, қонарын сай біліп» үнемі көшіп-қонып жүретін, егіншілік пен мал шаруашылығын ең төменгі деңгейде меңгерген, жаппай сауатсыз, тіпті қайыршылықта, жабайылықта өмір сүрді деп сипаттауға дейін барды. Сөзіміз дәлелді болу үшін кезінде «Большевик» журналында жарияланған материалдан мәтінін өзгертпей мынандай үзінді келтіруге болады. В действительности в XV-XVIII веках существовали лишь зачаточные формы казахского государства, которое в силу исторических условий так и не могли развиться в централизованное государство. И далее в промежутках между государством каждого из этих ханов насту­пали периоды длительной междусобной борьбы и государство, по существу распадалось на части» [2].

Өкінішке орай, қазақтардың ешқандай бірлігі және өз мемлекеті болған емес, оларға жан-жақтан қысымшылық көрсетіледі, олар жер бетіндегі ең бақытсыз халық дегенге дейін айтылған негізсіз дөрекі, жабайы түсініктер осы уақытқа дейін кейбір халықтардың сағасына ұялаумен қатар, өз халкымыздың орыс тілді зиялы өкілдерінің арасында да бой көрсетіп калады. Бұл тұрғыдан айтылатын негізгі шындық мынандай болуға тиіс деп тұжырымдаймыз. Халқымыздын ежелгі даму кезеңін есепке алмай-ақ, оның «қазақ» деген атқа ие болған сонғы кезеңін алып, ой елегінен өткізетін болсақ, онда қазақ ұлы халық екендігіне көз жеткіземіз. Оған дәлел, XV ғасырдың ортасында қазіргі тәуелсіз, ұлттық республикамыздың аумағында Қазақ Ордасы деп аталатын қуатты, қаһарлы мемлекет құрдық. Бұл қуатты Ұлыс төрт ғасырдың ішінде ұлы даланы игеріп, еркін өмір сүріп, өзімізге тән алдыңғы қатарлы мәдениет қалыптастырдық.

Молшылықта бақуатты өмір сүрдік. Елімізді, жерімізді ер жүректікпен жауымыздан қорғап, дербестік сақтап отырдық, нәтижесінде ұлан-байтақ, бай жерімізді ұстап қалып болашақ лайықты ұрпаққа жеткізіп отырмыз.

Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ мемлекеті - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ұлан-байтақ қазақ даласын, Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы, егінші аймақтар мен қалаларды қамтыған әдет-ғұрып құқығы жүйесіне негізделген дәстүрлі қоғам болды. Қазақ мемлекетінде облыстық басқару жүйесі емес, рулық-тайпалық (ұлттық) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде, әкімшілік бөліктерді айыруда көшпелі қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан рулық-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он-шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (әулет) болып есептелді. Он үш - он бес атадан қосылған аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Арыстардан ұлыс ұйымдасты, ұлыстардан жүздер болды. Жалпы қазақ қауымы үш жүзге (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) бөлінді. Үш жүздің қазағы біртұтас қазақ мемлекетіне бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «ұлы хан» болды. Ол қазақ Ордасының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқығын қолына ұстаған жеке дара билеуші болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды (арыстарды) билер, руларды ру басылары, ал аталарды (әулеттерді) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі дәстүрлі қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.

XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Ибн Рузбиханның деректеріне қарағанда, қазақ мемлекетінде он ұлыс болған, әр ұлыстың жан саны жүз мың адам. Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидің қазақ хандығының саны 1 миллион адам деген дерегіне сай келеді. Бұл ұлыстарды хан тұқымынан шыққан сұлтандар басқарды. Бастапқыда ұлыстар мен ру-тайпалардын қоныстарының шекаралары тиянақсыз болды. Белгілі бір сұлтанның қол астына қарайтын жерлердің көлемі оған қарасты ру-тайпалардың жазғы жайлау, қысқы қыстау және ұдайы көшіп-қонатын жолдары жорамалмен белгіленіп отырды. Бұл жер көлемдерінің өзі де бір-бірімен айқасып жатты. Мәселен, Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары жылына 700-жүз шақырым, Ұлы жүз қазақтары 200-300 шақырым көлемде көшіп-қонып отырды, мұндай жағдайда ұлыстардың тұрақты шекарасын белгілеу, белгілі бір әкімшілік басқару жүйесін орнату мүмкін емес еді. Ал отырықшы егінші, қалалы аймақтар әмір, мың беп, жүз бегі сияқты жергілікті жүйе бойынша басқарылды.

Жалпы, қазақ халқының ел басқару жүйесі пәлендей күрделі емес. Оның негізгі буыны - әулет, ауыл, ел (ру), мемлекет басқару жүйелерінен тұрған. Басқару буындарының (мемлекет басқаруынан басқасы) басына келген топ жұртшылыққа жан-жақты қабілетімен әбден танылған азаматтарды құрады. Олардың көпшілігі қазақ даласының «сенім демократиясы» арқылы басқару ісіне ие болды. Басқарудың әулет, ауыл, ел (ру) буындарының басына келген адамдарға халық шүбәсіз бағынған. Өйткені, олардың көпшілігі халық сенімі деңгейінен шыққанға дейін де елге көрнекті азаматтар еді. Бұған қоса басқарушылардың қайсысын алсақ та қызметгі ешбір ақысыз - пұлсыз, яғни еңбеқақы алмай, қоғамдық негізде атқарған. Мұның өзі басқарушының жұртшылыққа талап қою, тәртіпке шақыру сияқты іске күш беріп отырған. Енді әр түрлі денгейдегі негізгі басқару буындарының қызметіне қысқаша сипаттама берген жөн болар деп ойлаймыз.

Әулетті басқару ісі. Әулет - кіші патрономия деңгейіндеп жеті атаға дейінгі туыстық топтың адамдарын (шамамен 20-25 үй) басқару. Басқарудың бұл буыны - туыстықтан тұратындықтан түбегейлі сыналған, орнықты басқарушыны сырттан сарылып іздемей-ақ, араларындағы жасы үлкен адам сол әулетті басқарып отыратын болған. Әулет басқарудын негізгі қызмет ауқымы - туыстар арасындағы барлық шаруа саласын реттеуден басқа, жаңа туған баланың шілдеханасын өткізуден бастап, қайтыс болған қариясын соңғы сапарға жөнелтуге дейінгі істерді үйлестіру болып табылды. Әулет үйі ішіндегі үйлер - «Үлкен үй», «Отау үй» болып бөлінген. Үлкен үй - атаның үйі де, отау үй - баласының үйлері. Әр үй өз шаруасын өздері жасап, иеліктеріне өздері қожалық еткен. Ал ортақ шаруа болған кезде, оны ойласып бірлесіп атқарған, Мәселен, оған қыстаудан-жайлауға, жайлаудан - қыстауға көшіп қону, құдық қазу, отын-су іздестіру, пішен дайындау, үй, қора-қопсы жөндеу сияқты шаруашылықтары жатқан [16, 189 б].

Ал бұлардан басқа әулеттің туыстық қарым-қатынасында ұйымшылдық, бірлік танытатын тұстары аз болмаған. Олардың қатарына қыз ұзату, келін түсіру, қайтыс болған адамды жөнелту сияқты т.б. істер кірген. Әулет басшысы сол әулеттің ең үлкен адамының алдынан өтіп, оның келісімін алып отырған. Ал той иесі, басқа да шаруа иелері басшыға ере барып, әулет үлкені аталған ақсақалдың батасын алатын болған. Мұның өзі әулет ынтымағының дұрыс қалыптасып, бірліктерінің одан әрі нығая түсуіне зор әсер еткен.

Ауыл басқару ісі. Ауыл - бір аталас туыстар ішіндегі бірнеше әулет адамдарының отбасыларынан қалыптасқан. Әдетте, дәстүр бойынша араларынан ауылдастарына силы, беделді, ұйымдастыру қабілеті жағынан жоғары деңгейде көріне білетін азаматты ауыл басшысы етіп қойған.

Ауылды басқарудың негізгі белгісі - «ауыл болсаң қауым бол» деген қағидаға сүйеніп, ауыл басшысы өз ауылының барлық шаруасын басқаратын болған. Ал ауыл адамдары да қауымдық міндеттерін жете әрі, жақсы түсініп, барлық іске барынша белсенді ат салысып отырған. Ауыл басқарушысы әулет басқаратын істерге көп араласпаған. Өйткені бір ауылдың құрамында 4-5 әулет болғаннан сон, әр әулет жоғарыда көрсетілген шаруаларілн өздері дербес атқара беретін болған. Ауыл басшысы тек сол ауылдың бірлескен ынтымағын қалыптастыруға ұйытқы болған. Ауыл басшысы сондай-ақ, жер-су, жайылымдық, шабындыққа иелік етіп, басқа бір ауылдың иеленіп немесе пайдаланып кетуіне жол бермей отырған. Жерге байланысты дау-дамай, түсініспестік бола қалған жағдайда оны реттестіріп отыруға күш салған. Ауыл адамы басқадан зәбір көрген жағдайда соның арын арлап, намысын қорғаған.

Әулет және ауыл басқарушыларын кейде «әулет ағасы», «ауыл ағасы» деп те атай берген. Сонымен бірге басқарудың бұл буындарында «әулет аксақалы», «ауыл ақсақалы» деп аталатын кеңесші, ақылғой адамдары болған. Сырттан келген адам ауыл сырын білгісі келсе, «Ауылыңның ағасы кім?» немесе «Ауылынның ақсақалы кім?» деп сұрайды екен. Әлгі адамдарды білгеннен кейін ғана соларға жолығып, келген шаруаларын тындыра алған.

Тіпті, қазақтың ауыл атауы - «Ойыл ауылы», «Аманкөл ауылы», «Қарағайлы ауылы» деп жер атауымен аталмаған. Ауыл - сол жердегі бедел иесі немесе сол ауылдың басқарушысының есімімен (мәселен, Байғабыл ауылы, Беркімбай ауылы, Сәтбай ауылы) аталған. Егер ауылдан ауыл бөлініп, жаңа ауыл пайда болып жатса, сол ауылдың жаңа басшысымен ауыл атала берген.

Ел басқару ісі. Ел басқару ісіне бір елдің (немесе бір ірі рудың) барлық шаруасы түгел қараған. Сондықтан жоғарыдағы аталған басқарудың әулет, ауыл буындарынан өзгешелігі сол - оның басқару құрамында ел басқарушысы биі, батыры сияқты адамдары болған. Бұл лауазым иелерінің немен айналысатын аталып тұрған атауының өзінен-ақ бірден аңғаруға болады. Ел басқарушысы - жалпы басқару ісімен, би - ел арасында даулы істерді реттеумен, батыр - елді қауіп-қатерден қорғау жайымен айналысқан. Елдің - атауы сол елдің ірі руымен аталған. Мысалы, Адай елі, Шекті елі, Табын елі, Албан елі деп атаған. Кейде жер, өңір атауларымен «Сыр бойы елі», «Жайық бойы елі», «Сарыарқа елі», «Жетісу елі» деп те аталатын болтан. Өңір, жер атауымен аталатын елге бірнеше ірі ру құрамасы кірген.

Ел басқару ісінде - басшылар туыстық қарым-қатынас, көші-қон т.б. шаралар ісімен шұғылдынбаған. Бір елдің (рудың) ішкі ынтымағы мен сыртқы абырой-атағын, намысын қорғау ісімен айналысқан. Сайып келгенде көрші елдермен тату, тыныштықта өмір сүруін қадағалаған. Көбінесе ел басқарушы лауазымына батырлығы да, билігі де, беделі де өзше жетерлік адамдар қойылған. Сондықтан олардың қызмет бабындағы іс ­әрекеттері халыққа тұжырымды, сенімді әрі әділетті көрінген. Ел басқарушысы көрішлермен арадағы қарым-қатынасына жік түсіп, суық қабақ танылған жағдайда ел азаматтарын өз туының астына біріктіріп, қол жинап өз елінің аманшылығын қорғауғада көңіл бөлген.

Мемлекет басқару ісі. Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ қоғамының мемлекеттік басқару ісі - хандық биліктің қолында болған. Қазақ қауымдастығында хандықты «Ұлы хандық», «Кіші хандық» деп екіге бөлген. Ұлы хандық - бүкіл қазақ жұртының басын қосып басқаратын хандық.

Кезінде Өзбек хандығы (Әбілқайыр), Моғолстан, Ноғай одағы, Сібір хандықтарына бөлшектенген қазақ жұртшылығы Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке хандардың түсында бір-түтас қазақ мемлекетіне біріктіріліп, Ұлы хандық болды. Кіші хандык - әр жүзді басқаратын хандықтар. Әр жүзді басқаратын Кіші хандықтар - Ұлы хандықтың құрамына кірген.

Ұлы хандықтар мен Кіші хандықтардың басқару құрылымы жағынан пәлендей айырмашылығы болмаған. Әр хандықтың құрамында - хан (жеке билеуші), би, әскер (сарбаз) басы, ақылғой (сарай) ақын, уәзірлер тобы, шабармандары, аламандары тағы басқа ішкі шаруашылықтарды атқаратын жүйелері болған. Хандық лауазымға төре тұқымдары (Шынғыс хан) мұрагерлік ретпен ұсынылып, сайланып қойылған. Егер хан өлсе орнына үлкен баласы отырды, ер жеткен баласы болмаған жағдайда ағайын-інілері, яки олардың балалары отырды. Бірақ, хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшылары өкілдерінің жиналысындағы (құрылтай) «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Бұл жөнінде қазақ халқы өмірінің білгір зерттеушісі А. Левшин былайша түйіндейді: «В ханы избирают только султанов, которые достоинство, как мы видели, есть наследственное. Как бы ни была белая кость ханского потомка, но если он умом, богатством или другими качествами, не составил себе значительного числа приверженцев, то голос его не делает перевеса в собрании народных». Осыдан кейін оны хан болуға лайық деп, ак киізге отырғызып, үш рет көтеріп, «хан атасы» болған қадірлі адамның батасын алғаннан кейін ресми түрде заңды хан болып тақта отыратын болған. Сөйтіп, мұрагерлік тәртіп «хан көтеру сай­лауымен ұштасып» отырды. Бұл «хан көтеру» салты - султан, би, батырлардың және ру-тайпа басшыларының жаңадан көтерілген хан билігін мойындайтындығының айғағы еді. «Хан көтеру» сайлауындағы шешуші шарт: хан тұқымының ақсүйектігі (Шыңғысхан тұқымынан болуы), байлығы, ықпалы, акыл-ой денгейінің биіктігі, сұлтандар мен билер ішінен жақтастарының көптігінің болуы. Хан тағына отырған соң, оны құттықтап той-мереке өткізілді. Бұл рәсім Орта Азиядағы түркі тілдес және монғол тілдес халықтардың борінде болған көне салт еді [17, 247 б].

Сайланған хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын басқарумен бірге әскери қолбасшы да болған. Хан жылына бір рет өзін сайлаған өкілдер жиналысын шақырып, мемлекеттік маңызы бар күрделі мәселелерді халықпен ойласып шешіп отырған. Мәселен, Әз Тәуке хан билік құрған кезеңде ел аузында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген тарихи сөз қалған болса, Әбілқайыр хан Ресейге қосылу (бодан болу) пиғылын іске асыру үшін кіші жүздің 29 ру өкілдерін Ырғызға шақырып, «Майтөбенің» басында жиын өткізіп ақылдасқан. Жиырма тоғыз рудың жиырма бесінен өкілдер тобы келген. Хан «Майтөбедегі» ұзақ талқылау мен тартыстан кейін ортақ түсіністікке жетіп, Ресей елшісі Тевкелев алып келген келісім-шарттың жобасына қол қойған. Осы сияқты күрделі істер халық өкілдері жиынының талқысына салып қана шенилген екен.

Бұдан басқа хандықтың атқару кеңесі болған. Хандық өзінің атқару кеңесіне - билермен, әскери басшымен, уәзірлер тобымен ойласын, кезек күттірмейтін істерді қалай іске асыруды бірлесе ойластырып шешіп отырған. Шешілген мәселе бойынша хан жарлығы шықкан. Оны халыққа жария етіп жеткізуді - «Хан тәңірі» деп атаған. Бұл сондай-ақ «хан хабары» деген ұғымды білдіреді.

Би - хандықтағы лауазым иеленетін екінші тұлға. Биді би­лер кеңесі сайлаған. Билер кеңесіне сол хандық аумағындағы елдің билері кірген. Ол билер кіші билер деп аталған. Кіші би­лер сайланбаған, олар қабілетіне қарап, танылып қойылған. Бидің қызметі, негізінен мемлекетаралық мәмілегерлік (дипломатиялық) жұмыстар, мемлекет аумағындағы даулы мәселелерді қарап, шешу болған. Билер өздері қарап шешкен мәселелерге байланысты шешім қабылдап, (көбінесе ауызша) оның орында­луын тиісті адамдар дан талап еткен. Олардың айтқан биліктері әділдігімен әркімнің көңілінен шығар шешімдер болған. Би болатын адамның лайыктылығы - оның жан-жақтылык қабілетіне байланысты болған. Оның білімпаздығы, ақындығы, батылдығы, заңгерлігі, сайыскерлігі, әділдігі, тәрбиелілігі сияқты ерекше қасиеттері тумысымен де, ескен орта әсеріне де бай­ланысты қалыптасқан. Сондықтан да, биді хан да қара да (бұқара) барынша тыңдап, соған жүгініп, шешімше құлдық етіп, бас иген. Сонымен бірге, билердің халық бұқарасының мүддесінен туындайтын маңызды істерді де көтеріп, ханға орындатып отыратын кезеңдері де болған. Әсіресе, «Ұлы хандықта» билердің кеңесіп жасаған ұсыныстарын әр кез ескеріп, әрі үнемі іске асырып отырған.

Әскер (сарбаз) басы. Мемлекеттің әскер (сарбаз) басын хан өзі жеке тағайындаған. Көбіне әскер басына талай ұрыстарда шыңдалып, батыр атағын алған адамдар тағайындалған. Ба­тыр атағы тегіннен-тегін берілмеген және жеке бір ұрыстағы жеңістері үшін батыр деп атай салмаған. Әскер басына ұйымдастыру қабілеті жоғары, қол бастай алатын, шабуыл мен қорғану ісіне шебер, әр істе батылдық көрсетіп, жаумен шайқаста талай жеңістерге жеткен батырды ғана әскер (сарбаз) басы қойған. Мысалға, Богенбай батыр жоңғарлықтарға, құба қалмақтарға, қоқандықтарға тағы басқаларға қарсы соғыстарда талай рет жеңістерге жеткен батыр болған. Оның аса әскери шеберлігі, жеке ересен ерлік істерімен қатар, ақылды батыр екенін білетін Әбілқайыр хан оны Кіші жүздің әскерінің (сарбазының) басшы­сы етіп тағайындаған. Оның осындай қадір-қасиетін білетін Әбілқайыр онымен көңілі жақын дос болып кеткен. Сондықтан да болар, Әбілқайыр ханның Ресей империясының қол астына кіру тұрғысындағы іс-қимылын, саясатын дәйекті түрде қолдаған Бөгенбай батыр болғанын тарихи деректер растайды.

Әрбір Кіші хандық сарбаздар құрамасында өте көп адам күшін шоғырлап ұстамаған. Ен көп болса 10-15 мың сарбаз шамасында ғана болған. Дәстүрлі қазақ қоғамының әулет, ауыл құрылымының өзі жартылай дайын сарбаздары бар жағдайда болған. Егер мемлекет тарапынан жау шабуылынан қорғануға дабыл қағылатын болса, немесе соғыс жариялаған жағдайда, барлық ел сарбаздары асқан ұйымшылдықпен, тізе қосып, күш біріктіріп, шайқасқа араласып кете беретін болған.

Ақылгөй (сарай) ақын. Қазақ мемлекетінің ел басқару құрылымында сарай ақындарының алатын орны, атқаратын рөлі аз болмаған. Кез-келген хан таңдаулы акындардан өзіне ақылшы боларлық немесе ханның істерін насихаттасын деген мақсатпен акылгөй ақындар ұстаған. Әрине, олардың бірқатары ханның өзін, оның ісін дәріптеген. Ал енді бірсыпырасы елдегі жағдайға талдау жасап, ханның ел басқару ісіндегі кемшіліктері мен қиянаты болса, соған қынжылып, жыр арқылы ханға мән-жайды құлақ қағыс етіп жеткізіп отырған. Хандар да осы жырлардағы сын-ескертпелерді еске алып, әрдайым ел басқару ісіне өзгеріс енгізіп отыруды жөн көрген. Осы орайда Майқы биден бастап, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұхар сынды аузы дуалы дала билері мен ділмәр тілділері нағыз қайшылықты дәуірдің төрелік биігінен көрінген. Халықтың қайғы-мұңын жеңілдетіп, қуанышын көкке көтерген құдіретті өлең туындыгерлері «тура биде туған жоқ» деген семсер ұғымды ұстанып, «кестім - үзілді», «айттым - шешілді» сынды бәтуәгер жыр төккенін осынау інжу-маржан қазынаны қайталап парақтаған сайын сезінуге болады.

Қара ормандай жұртының қамын жеген қылыш тілді тұлғалардың ел бітімін ойлаған, жер тұтастығын толғаған жан айқайы ұрпаққа да сабақ, үлгі болары даусыз. «Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе тілдің шешені» (Қазтуған жырау) болған. «Сөйлегенде сөзі аузына сыймаған, қызыл тілін тыймаған» (Шалкиіз жырау) бітімі бөлек жандар қай кезде де құрметке бөленген, билік тізгінін ұстаған. Әлеуметті аузына қаратып қара қылды қақ жарғандар отбасы, ошақ қасын ғана емес, бүкіл адамзатты елең еткізер қорғасындай салмақты ойымен ерекшеленеді. Ал осы орайда Ақтамберді жыраудың (1675-1768):

Ер жігіт елін меңгерсе,

Жетімдерге кем берсе,

Жесірлерге жер берсе,

Алдында тентек жөнделсе,

Әділдігін ел көрсе,

Бұл азаматтың реті, - деп бағалауы ел билігін қолына ұстаған ақыл иесі, лауазымды адамдар алдына көлденең тартылған бағдарламанын дәл нұсқасы деп бағалауға тұрады [6]. Жыр өзегіне айналған ел басқару ісі, жер мәселесі, тәртіп пен құқықтық жай-күйін қарапайым ғана түсінікті етіп, жайып салу үлгісін бұдан артық табу киын. «Жетімдерге жем берсе, жесірлерге жер бер­се» деген мәңгілік ұғым ақындар аузынан әлі күнге дейін түспей келеді. Ал бұл тақырып бүгіндері өзінің мемлекеттік дербестігін жүзеге асырып, жаңа тұрпаттағы қоғам құрып жатқан Қазақ мемлекетіне де тікелей қатысы бар гой. Өйткені, «Тура биде туған жоқ» дегенді арқа тұтқан, үкімін өрттей лаулаған өлеңмен жүргізген наркескен, абыз-ақындар төрелігі құқықтық, іргелі мемлекет боламыз деп талпыныс жасап жатқан дәл осы тұста қайта-қайта парақтап, оқып терең үнілуді сұранып тұрғандай.

Уәзірлер тобы. Қазақ мемлекетінін құрамындағы әрбір дербес хандықтың құрылымында уәзірлер тобы болған. Олар бас уәзірлер, кіші уәзірлер болып бөлінген. Уәзірлік топ мемлекетінің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына байланысты шараларды атқарумен айналысқан. Уәзірлік-ханға пара-пар, тетелес лауазым болып табылмаса да, ішкі ұйымдастыру жұмыстарын аткарғандықтан ханға жақын танылған. Сонымен бірге, уәзірлік топ ханның шабармандары мен алармандарының жұмыстарын да басқарған. Ханның шабармандары «ханнын полициясы» - қоғамдық тәртіп сақшылары міндетін атқарды. Біл жерде келеңсіз жәй болып жатса, соны тыныштандыруға шабармандарын жіберіп отырған. Алармандары (бүгінше айтсақ ханның салықшылары) салық тәртібі бойынша халықтан алынатын алым-салықтың түсуін қамтамасыз етумен айналысқан. Ханның уәзірлік тобын басқаратын - шабармандар мен алармандарды және ішкі шаруашылық атқару ісіндегі адамдарды кейде бір атаумен - «ханның төлеңгіттері» деп те атаған. Төлеңгіт - ақысы төленген қызмет адамдары деген ұғымды білдіреді. Сонымен тарихи деректер дәйектемелеріне сүйене отырып, қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ мемлекетінің ел басқару құрылымына қысқаша сипаттама берілді. Өйткені, ел басқару тарихының осы бір кезеңі қай қырынан алып қарасақ та, көмескі қалған белгілі. Сондықтан халық зердесінде сақталып келген кейбір жайларды болашақ ұрпақтардың танымына, зердесіне ұсыну қажеттігі бар деп пайымдаймыз және көне тарихымызды біліп, оның сабақ болар жағын ескерудің өзі жаңа өмірімізді дұрыс қалыптастыруға септігін деп тигізер деп келешекке үмітпен қараймыз.

Зерттеліп отырған кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамында әр түрлі деңгейдегі патрономиялық құрылымның қалыптасуымен бірге әлеуметтік жіктелу (стратификация) процесі де тез карқынмен жүріп отырды. Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеушілердің басым көпшілігі қазақ қоғамында қалыптасқан негізгі екі әлеуметтік топ - «ақ сүйек», «қара сүйектерді» ерекше бөліп қарастырады. Ақ сүйектерге барлық Шыңғыс тұқымдарын, ал қара сүйектерге басқа барлық әлеуметтік топ өкілдерін жатқызады. Бұл аталған екі топ та барлық зерттеу еңбектерінде тұрақты қалыптасқан, мызғымайтын әлеуметтік категориялар ретінде қарастырылды. Сондықтан да, XV ғасырдан бастап XIX ғасырды қамтитын зерттеуші-авторлардың еңбектерінен «ақ сүйек», «қара сүйек» терминдерін кездестіруге болады. Осы тұрғыдан атап өтетін жәйттің бірі - қазақ хандықтарының Ресей империясының қол астына қарап, біртіндеп мемлекеттік дербестігінен айырылып, соның салдарынан империяның біріңғай отарлық жүйесіне енгізілуі қазақ қоғамында патриархалдық-рулық қатынастардың ыдырауына, таптық жіктелудің күшеюіне әсерін тигізіп, «қара сүйектердің» арасынан әлеуметтік мәртебесі жағынан «ақ сүйектерден» кем түспейтін рулық-тайпалық «атқамінерлерді», сондай-ақ тәуелді қоғамдық таптың жаңа өкілдері - егінші, жатақ, байғұс т.б. қалыптасуына ықпалын тигізді. Жоғарыда көрсетілген мәселелер зерттеу тақырыбы кезеңінің ауқымына жатпайтындықтан оған арнайы тоқталмаймыз.

«Ақ сүйек» терминінің пайда болуы қазақ халқының тарихының ерте кезеңімен байланыстырылады. Алайда, «ақ сүйектердің» шығуы моңғол-татар жаугершілігі кезеңімен және қазақ даласында феодалдық қатынастардың орнығуымен байланысты деп пайымдауға болады. Өйткені, «ақ сүйек» топтарынын өкілдері өздерін Шыңғысханның ұрпақтарымыз деп атады. Бұл жөнінде қазақ халқының шығу тегін арнайы зерттеген белгілі шығыстанушы-ғалым В.В. Григорьев өзінің ғылыми тұрғыдағы пікірін былайша білдіреді: «Можем заключить, что к этим наро­дам (казахам и узбекам) понятие естественных прав белой кости на господства над черной перешло от монголов. Владельцы считаются особым от народа племенем, вследствие мифических представлений об их совсем земном происхождении» [18].

Академик В.В. Радловтың айтуынша және ежелгі ұйғыр жазба ескерткіші «Құдатқу, Білік» кітабында көрсетілгендей ежелгі түрік термині «Тора ханзада (принц), князь ұғымдарын білдіретіні айтылады [19]. Орталық Азия тарихын зерттеуші Құрбан Халид Оғлының пікір-тұжырымы да «төре» сөзі Шыңғыс-ханның заң жинақтарының атауы болған, ал кейіннен оның ұлдары мен басқа да ұрпактарының шені, дәрежесі, мәртебесі ретінде қалыптасқан» [20].

Автордың түсіндіруі бойынша «төре» терминінің шығуы парсының «дрэ» сөзімен тамырлас, яғни бағынышты адамдары шыбыртқымен (қамшымен) жазалау дегенді білдіреді. Аталған автордың одан әрі пайымдауы бойынша Шыңғыс хан заманынан бастап, қазақ хандары «төре» сөзін өздерінің ұлдары мен туыстарына қатысты қолдана бастады. Ханның әмірі мүлтіксіз орындалуға тиіс болды, ол қарамағындағы бағынышты адамдарды өлім жазасына бұйыруға құқы болса, балалары мен туыстары мұндай құқыққа ие бола алмады, тек өз қарамағындағы тәуелді адамдарды жазалауға ғана мүмкіндігі болды. Сонымен төрелер -өздерінің құқықтық жағдайы жағынан ханнан төменгі сатыда тұрған оның туыстары. Қазақ тіліне аударылғандағы «төре» сөзінің мағынасы - шен, дәреже дегенді білдіреді. Шыңғысхан заманында мұндай дәреже (титул) толық билігі жоқ шенеуініктерге берілген. Сонымен жоғарыда айтылған ғылыми тұжырымдарды зерттеуші В.В. Григорьевтің «төре» терминінің шығуы пікірімен мазмұндас, сабақтас келеді [18].

Шығу тегі жағынан ерекше сословияның өкілдері болғандықтан сұлтандар қазақ руларының құрамына косылмады. Мұрагерлік жолмен беріліп отыратын аристократиялық «ақ сүйектер» тобының өкілдері - сұлтандардың әлеуметтік және құқықтык мәртебесі көші-кон аймағын басқару, бөлу, дербес билеп-төстеу мүмкіндіктерімен анықталды. Ірі көші-қон аудандарының шаруашылығының бөлініп, ерекшеленуі жағдайында сұлтандардың құқықтык мәртебесі өз қол астындағы рулардың кең байтак аймағын меншіктену құқығымен ғана шектелмей, билер мен батырлардың билік ықпалындағы көші-қон аумағы мәселелерімен де айналысты. Әдетте, сұлтандар өздерін батырлардың көші-қон аймағы есебінен бекітіп, қоршап отырды. Бұған мысал ретінде XVII ғасырдың 90-шы жылдарындағы Түркістан қаласындағы Тәуке ханның Ордасын алуға болады.

Ірі көші-қон аймағын дербес басқарып, билеп-төстеу құқығын және мұрагерлікпен берілетін билікті пайдалана отырып, сұлтандар өздерінің ата-бабалары көшіп-қонған жерлердің барлығын өз меншіктері деп есептеді. Сондықтан олардың кең ауқымдағы жерлерді бөліп басқару құқығы ірілі-ұсақты рулар мекендеген ең жақсы жайылымдық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Осы кезеңге қатысты қазақ әдет-ғұрып құқығының жазбаларында, «егер де сұлтан ауқатты, бай, қуатты болған сайын оның бет-беделі, қоғамдағы алатын орны салмақты бола түседі деп көрсетілген. Сұлтанның байлық деңгейі ең алдымен мал санының көптігімен, қол астындағы түтін санының мөлшерімен (шаруашылық, отбасы) және әр түрлі әлеуметгік деңгейдегі халық тарапынан алым-салық жинаудан түскен табыстың жиынтық мөлшерімен анықталды.

Сонымен, қарастырылып отырған XVII-XVIII ғасырлардың толық ауқымында «ақ сүйектер» тобының өкілдері - хандар, сұлтандар дәстүрлі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси және құқықтық өмірінде үлкен артықшылық жағдайларды пайдаланып, өмір сүрді. Қазақ қоғамында мызғымастықпен қалыптасқан дәстүрге сәйкес хан лауазымына тек ақ сүйек» өкілдері ғана сайлануға тиіс болды. Сұлтан лауазымы тек Шыңғыс тұқымдарына ғана берілді, бұл мәртебе оларға қазақ халқының қоғамдық-экономикалық өміріндегі бірқатар артықшылықтарды иеленуге мүмкіндік берді.

XVII ғасырдың соңы - XVIII ғасырдың алғашқы жартысында мемлекет ауқымында әкімшілік және сот билігін кеңінен иеленген ру басшылары - билердің материалдық, әлеуметтік жағдайы барынша нығайып, олардың ролі арта түсті. Жер рулық қауымның меншігі ретінде есептеледі. Билер өз кезегінде құқықтық және экономикалық артықшылыктармен пайдаланды. Мәселен, олар өз қол астындағы көші-қон аймағына дербес билік жүргізіп, басқару құқығына және әртүрлі алым-салықтар жинауға, сот ісін жүргізу құқығына ие болды. Сонымен қатар, рулық-тайпалық деңгейдегі билер, хан, сұлтандармен бірге түрлі соттық талап қою істерін тікелей карап, шешу арқылы одан түскен табыстарды бөлісуге катысып отырды.

Негізінен би лауазымын «қара сүйек» тобынан шыққан халықтың өкілдері иеленді. Шыңғыс тұқымдары би лауазымына сайланбады, алайда олар өз орталарындағы сот істерін талдап шешуге құқылы болды. Қарастырылып отырған кезеңдегі би лауазымын иеленудің басты ерекшелігі - би атағы рулық-тайпалық ауқымда мұрагерлік жолмен беріліп отырды, өйткені биді сайлау, өзінің бастапқы маңызын жоғалтқан еді. Би сайлауына қатысты мынандай қанатты сөз калыптасты: «Кімде-кім өз елін білмесе, ол адам өз халқына би бола алмайды» яғни би болуға талаптанған үміткерге қойылатын басты шарттың бірі - ол шыққан тегіне, руының үлкен-кішілігіне, ауқат, байлығына қарамастан, ең алдымен өз елінің тарихын, шежіресін, салт-дәстүр әдет-ғұрып қағидаларын жоғарғы деңгейде меңгеру керек.

«Би» сөзінің шығу төркіні ғылыми ортада әлі де болса, біріңғай түсінікпен анықталмаған десек те болады. Мәселен, жоғарыда аталған Құрбанғали Халид Оғлының пікірінше «би» атауының шығу төркіні «бек» немесе «биюк» сөздерінен туындап, нақты аудармасында билік құрушы, халық басшысы дегенді білдіреді деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, «би» және «бек» сөзі араб тіліндегі «кабир», «газим» сөздерімен теңестіріліп, қазақша аудармасында бір рудың басшысын, немесе ақсақалы, екі қаланың «бегі» деген түсінікті білдірсе керек [20].

Белгілі түрік сөздігі «Турклу-отида» «бек» сөзінің мәні былайша анықталады: «Бек» - патшалардың қызметінде тұрған адамдарға, немесе шетелдердегі өкілдік саласында тұрақты жұмыс жасайтын бірқатар шенеуініктерге берілетін дәреже. Мәселен, Сефир-бек, Консул-бек автономиялық облыстардың басшыларына берілетін қызмет дәрежесі. Осы тұрғыдан алғанда «бек» титулы «ханзада» (принц) дәрежесімен сәйкес келеді. Ежелгі түрік тектес халықтардың ғұрып, салт-дәстүр, басқа да рухани өмірінің сабақтастығын бейнелей отырып, билер әдет-ғұрып құқығын сақтаушылар, түсіндірушілер оны іс жүзінде нақты жүзеге асырушы тұлғалар ретінде дәстүрлі қазақ қоғамында аса зор орын алғанын жақсы білеміз.

Билер қазақ, қоғамында ежелден қалыптасқан жер дауы, жесір дауы, мал дауы, құн дауы сияқты маңызды мәселелерді қарап шеше отырып, жауапкер тарапынан төленетін құнның, айыптың «билік» деп аталатын белгілі мөлшердегі (1/10 бөлігі) үлесін алып отырған. Мәселен, кісі өлімі болған жағдайда жауапкердің кұн төлеуге мүмкіндігі болмаған кезде, дәстүр бойынша ұжымдық жауапкершілік негізінде, оның жақын туыстары - байы да, кедейі де құн төлеуге бірдей қатысатын болған. Денеге ауыр жарақат салу кісі өлтіргені үшін төленетін құнның жартысына теңестіріліп, тіпті бұл құнды хан да төлеуге міндетті болған. Зерттеуші Н.П. Рычковтың куәлік етуі бойынша Кіші жүздің ханы Нұралы денесіне ауыр жарақат салғаны үшін қара халықтың арасынан шыққан қарапайым адамға құн төлеуга мәжбүр болған. Ол былай деп жазды: «Когда Нуралы не желая платить этого куна, пытался протестовать, «народ» принудил его платить половину установленного за убийству по праву куна». Бұл фактіден біз ханның да қараның заң алдындағы тең жауаптылығын бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі құқықтық мемлекет қағидасының сол дәуірдегі дәстүрлі қазақ қоғамында да нақты іске асырылғанын байқаймыз [10].

Зерттеліп отырған кезеңдегі ауылдық қауымдастықтың жоғарғы сатысында байлар тұрды. Олар ауыл ауқымындағы көші-қон жерлері - жайлау, көктеу, қыстау, күздеулердің ең ыңғайлы, шөбі шүйгін, шұрайлы аймақтары дербес иемденіп, көшіп-қонып жүрді, Байлар жазғы жайлымды ауыстырып, көшіп-қону кезінде ауыл ақсақалдарының жоғарғы беделін тиімді пайдаланды. Өйткені, байдың көп малын бастап, шұрайлы жерге қоныстанған беделді ақсақалға ешкім де, оның ішінде би де қол сұға алмады. Әдет-ғұрып құқығы ережесіне сәйкес ақсақалдар ру ауқымындағы жасы үлкендік мәртебесін пайдалана отырып, көші-кон кезінде ауыл қонатын аялдаманы өзі белгілеп, сол қонысқа ру тамғасын койып, немесе жылқы ұстайтын құрықты жерге шаншып отырды.

Бір ауылдың аумағы 5-10 шаруашылықты қамти отырып, олар бір-бірімен бірлесіп көшіп-қонуда, төтенше, оқыс жағдайлардан қорғануда және өз малдарын жалпы күзетуде тығыз байланыста болды, өйткені, жолы ұзақ, үлкен аумақтарға көшіп-қонуға шағын, жеке шаруалардың мүмкіндігі келмеді. Сонымен бірге, малшы-шаруа ауыл-ру басшысының қол астындағы, иелігіндегі жерлердің маусымдық жайылымдарын пайдаланып көшіп-қонып жүргендіктен, олардың пайдасына, мемлекет қазынасына әр түрлі алым-салықтар төлеуге міндетті болды.

XVII ғасырдың аяғында мемлекет пайдасына алынатын салықтың екі түрі - «зекет» (азық-түлік салығы, малдың 1/20 бөлігі) мал шаруашылығымен айналысатын аймақтардан жиналса, «Үшүр» (астықтың 1/10 бөлігі) егін шаруашылығымен айналысатын диқандардан алынатын міндетті салықтар болды. Зекет пен үшүрдың басым бөлігі мемлекет қазынасына, яғни ханның қарамағына түсетін болған.

Жыл сайын мал семіретін күз уақытында қазақтың малшы-шаруалары өздерінің ең жақсы, қонды малдарыңың есебінен хан, сұлтандарға «соғым» салығын төлеп тұру міндеті болды. Бұл алым-салықтың төленуі - «хан-сұлтандарды халық асырайды» деген қағидаға негізделіп жүзеге асырылды. Сондай-ақ көктем кезінде шаруалар өздерінің сойыс малының ең жақсы мүшесінен «сыбаға-тарту» беретін болған. Пісірілген еттен дайындалған «сыбағалар» негізінен хан, сұлтандардың, билердің пайдасына тартылып отырды [22].

Сонымен қатар, тұрақты жиналып тұратын алым-салықпен қатар эпизодтық сипаттағы төлемдер де болды. Мәселен, хан өз ұлын аманатқа жіберген кезде шаруа мал есебінен оброк салығын төлесе, сұлтандардың құда түсуі кезінде оның пайдасына қалың малдың бір бөлігін төлеуге мәжбүр болып отырды.

Ханға түсетін табыстың қайнар көзінін бірі - сот істерін қараумен байланысты болды. Билер сотының шығарған шешіміне қанағаттанбаған талапкер ең жоғарғы сот сатысында тұрған ханға шағым беруге құқылы болды. Ханның атына тікелей түскен шағымды ханның жеке өзі немесе оған еріп жүрген билердің қатысуымен, жыл сайын бір рет өзінің хандық иелігін аралаған кезінде қарап, шешіп отырған. Осындай шағым істерін қарап, шешкені үшін хан соттық төлем - «хандық алып отырды, ол, барлыө талап қою ісіндегі сот шығының 1/10 бөлігіне тең болды.

Ханның тікелей қатынасуымен шешілетін сот шешімі «төрелік» деп аталды. Сондықтан да болар, ежелгі моңғолдардың қағаз бетіне түспеген, әр түрлі деңгейдегі даулы істерді шешу кезінде заңды күшке ие бола алатын әдет-ғұрып құқығының нұсқасы «төре» атауы, кейіннен қазақтар тарапынан Шыңғыс тұқымдарының арасынан шықкан барлық шенеуініктердің жалпы ұғымы ретінде қабылданды.

Хан өз құзырындағы соттық төлем үлесі - «хандықты» төре тұқымдарының арасындағы даулы істерді шешкенде, мәселен, адам өлімі үшін, денеге ауыр жарақат салғаны үшін құн түрінде, ұрлыұ жасағаны үшін, өзара барымтаға қатынасқан руларды татуластырған үшін айып түрінде «хандық» үлесін алып отырды.

Қарастырылып отырған кезеңдегі әлеуметтік қатынастар ауқымындағы кедей, малшы-шаруалардың билердің пайдасына алынатын «билік» үлесінен басқа (талаптың 1/10 бөлігі), байлардың пайдасына түсетін міндеткерлік - олардың қарамағында уакытша мерзімде жұмыс жасау және мал есебінен «сый» тарту түрінде болды. Өздерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін және байдың пайдасына уақытша немесе белгілі бір мерзімге жұмыс атқарудың жөн тараған түрі «сауын» деп аталып, кедей-шаруалар өздерінің ауқатты туыстарының малдарын белгілі бір келісім-шарт негізінде бағып-күтуге міндетті болды. «Сауын» міндеткерлігінің пайда болуының басты себебі - қыс өте қатты болған жылдағы, жұттың, әр түрлі феодалдық ішкі қақтығыстардың және түрлі алым-салықтардың ауыртпалығын көтере алмай малдарынан айырылған кедей-кепшіктер өз отбасыларын асырап, сақтау үшін өздерінің бай туыстарының көмегіне жүгінуден туындаған мәжбүрлік әрекет еді.

«Сауын» шарты бойынша кедей-шаруа байдын есебінен бағып-күтуге мал алып, оны белгілі бір уақыт өткенде төлімен қайтарып беруге тиісті болды. Малды бағып-күту кезіндегі еңбегінің өтемі үшін кедей-шаруа оның сүтін, жүнін пайдалануға құқылы болды. «Сауын» малы кедей отбасына бағу үшін бірнеше жылдарға берілгендіктен, оларды бағу мерзімі біткен кезде ересек төл есебіне қайтаруға тиісті болды. Мұндай міндеткерлік жқт болған жылдан кейін де өз күшін жоймады. Сондай-ақ қазақ қоғамындағы әлеуметтік таптардың арасында тәуелділік жағынан төменгі деңгейде тұрғандар қонсы-кедейлер болды. Мұндай топтар бай отбасымен, оның мал-жанымен бірге ұзақ уақыт бойы көшіп-қона жүріп, оның шаруашылығында бақташылық және үй қызметшілігі ролін атқарды [22].

XVII ғасырдың аяғында Әз-Тәуке ханның басшылығымен қазақтың әдет-ғұрып құқығының жүйеленуіне (кодификация) байланысты «Жеті Жарғы» заңында құлдардың құқықтық жағдайы былайша анықталған: «Құлдың қожасына оның өмір сүруі үшін және өлімі үшін шексіз құқық беріледі, құлдар тарапынан қожайынының үстінен берілген арыз-шағым қабылданбайды. Жасалған қылмысқа қатысты құлдардың айғақ, куәгер болуына тыйым салынады».

Сонымен катар, тарихи-құқықтық жәдігерлерді сараптау барысында байқайтынымыз - қазақ қоғамындағы құлдардың әлеуметтік және құқықтық жағдайы «Жеті Жарғы» заңымен тұжырымдалған ережелермен салыстырғанда онша ауыр болмаған. Көшпелі қазақ қоғамы жағдайында белгілі бір уақытты артқа салып, мінсіз қызмет етіп, өз қожайынының сеніміне кіргеннен кейін оны өз алдына үй етіп шығарып, алдына мал салып, отбасын құруына мүмкіндік беріп, жартылай тәуелді жағдайға көшіріп отырған. Құлды еркіндікте ұстау - ең алдымен, оның қожасының оған тұрақты өндіргіш күш ретінде қарап, тәуелді-феодалдық тиімді еңбек ету мүдделілігінен байқалса, екіншіден, сенімге кіріп, отбасын құрып, жеке отауға, шаруаға ие болған құлдың өз қожасынан кашып кетуге ұмтылу қаупі жойылды, үшіншіден өз құлын еркіндікке шығару мұсылмандық шарт бойынша Алланың алдында жасалған рақымды іс болып есептелді. Жас нәресте кезінен құлды асырап алу шаралары да жүргізілді. Ондай жағдайда ол сол отбасының тең деңгейдегі мүшесі ретінде есептелді, оның құқықтық мәртебесі өзінің туған балаларының құқығымен тең жағдайда қарастырылды.

Сонымен, қорыта келгенде дәстүрлі қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы, Қазақстан аумағында құл иеленудің жойылуына дейін, әдет-ғұрып нормаларында құл иеленушілік қоғамдағы сияқты затқа теңестірілгенімен де, іс жүзінде олардың жағдайы онша ауыр болмады. Құлдар коғамның толыққанды емес мүшесіне теңестіріліп әр түрлі жеңілдіктерге ие болды. Мұның өзі көшпелі қазақ қоғамындағы адамгершілік қағидаларының жоғары құрметтелгендігінің айғағы деп түсінуіміз абзал.


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау