Қазақ мемлекетінің ҚҰрылымы жәие оның дамуындағы ерекшеліктер



жүктеу 0,67 Mb.
бет10/15
Дата20.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#29870
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ҚАЗАҚ ХАНДЫ5Ы МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘИЕ ОНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ДИПЛОМ

2 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ құрылымы және оның дамуындағы ерекшеліктер
2.1 Қазақ хандығының Жоңғар мемлекетімен, Цинь империясымен арадағы мемлекетаралық-саяси қатынастар мәселелері
Жоңғарлар - Қытайдың жазба деректерінде батыс моңғолдар деп аталады. Олар тегінде батыс Монғолияны мекен еткен ойрат тайпалары еді. Ойраттар туралы тұңғыш мәлімет 1204-жылдан бастап тарихи деректерде көріне бастады. Ал, 1206 жылы Моңғолияда құрылған Шыңғысханның әскер жасағының сол қанатына қосылды. Сол қанат моңғол тілінде «жоңғар» (сол қол) деп аталды. «Жоңғар», «Жоңғария» деген атаудың арғы тегі моңғол тіліндегі «сол қанат» яки «сол қол» (әскер) дегеннен шыққан.

1368 жылы Қытайды билеген Юань патшалығы ыдыраған соң Моңғолияда өзара қырқыс өріс алды. Шығыс моңғол шонжарлары мен Батыс моңғол билеушілері Қытайдың ішкі өлкелеріне шығатын керуен жолдарын басып алуға таласты. XV ғасырдың алғашқы жартысында батыс моңғол (ойрат) билеушілері Тоған (1418-1440), Есен (1440-1455) жеңіске жетіп бүкіл Моңғолия жеріне билік жүргізді. Алайда ойраттардың билігі онша ұзақка созылған жоқ, XV ғасырдың екінші жартысында олар Моңғолиядағы билігінен айырылды. Соның салдарынан Қытайдың ішкі өлкелеріндегі базарлармен байланысы үзілді. Мұның өзі ойрат қоғамының экономикасына зардабын тигізбей қойған жоқ.

Шығыс моңғолдың қалқа тайпалардың жеңілген Батыс моңғолдың ойрат тайпалары өздерінің бұрынғы өріс-қоныстарынан айырылып, топ-топ болып қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар бірте-бірте қазақ даласына және Моғолстан қарамағындағы Жетісу өңіріне ене бастады. Бұл арадағы жайылымдық жерлер үшін жергілікті көшпелі тайпалармен қақтығысты. Бұл кезде бытыраңқылыққа ұшыраған ойрат тайпалары Моғолстан және қазақ хандарының шапқыншылығына ұшырады. Шығыс жақта қалқа тайпаларынан, батыс және оңтүстік жақта Моғолстан хандары мен қазақ хандарынан кысым көріп, жайылымдық жерлерінен айырылған және көршілес отырықшы елдермен сауда-саттық жасау мүмкіндігінен өол үзген ойрат тайпалары аса ауыр жағдайға тап болды. Оның үстіне ойрат нояндары арасында билікке таласқан феодалдық қырқыс барынша үдеп отырды, мұның өзі ел басына төнген дағдарысты одан әрі тереңдете түсті.

Өздерінің алғашқы шабуылдарында сәтсіздікке ұшырап, Қазақ хандығынан жеңілген ойрат тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырда қазақ мемлекетіне бағынып тәуелді болды.

Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Даниил Губин 1536-жылы Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жөнінде хабарлаған. Мәскеуге барған казақ елшісі Құлмұхаммед 1595-жылы Оразмұхаммед сұлтанмен әңгімесінде оған былай деген: (Сенің туысың Тәуекел ханзада қазақ ордасына хан болып орнықты, ал өзінің інісі Шахмағамбетті қалмақтарға хан етіп отырғызды. Олардың барлығы жақын көшіп жүр, барлығы бірге», - деп мәлімет берген. Тәуекелдің өзі осы кезде Мәскеуге жіберген грамотасында өзін қазақтар қалмақтардың патшасымын деп атайды. Тәуекелдің мұндай атақпен аталуын басқа деректемелер де растайды.

XVI-ғасырдың соңында ойраттар Торғауыт, Дорбыт, Хошауыт, Шорос деп аталатын ірі тайпалық бірлестіктерден құралды. Торғауыттар - Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлерді, Дорбыттар - Ертіс өзенінің басын, Хошауыттар - қазіргі Үрімжі маңын, ал Шоростар - Іле өзенінің басына қоныстанды. XVII ғасырдың басында шығыстан басқа көшпенділер тобының келуіне байланысты ойраттар күшейіп, олар қазақ мемлекетіне ашықтан-ашық жауыға бастады. Бұл кезде ойрат тайпалары бытыраңқы, ал қазақтар жұмса жұдырықтай, күш-қуаты мығым ел болатын. Сондықтан, біріккен қазақ хандығына соқтыққан бытыранқы ойрат тайпалары жеңіліске ұшырап отырды. XVII ғасырдың 20-шы жылдарында ноғайлармен күш біріктірген қазақ хандары мен сұлтандары ойраттарды Жетісудың бүкіл аймағынан қуып шығуға күш салған. Бұл жолғы шайқастың аяғы тыныштықпен шешілген. Тобыл воеводасының елшісі Яков Бугалоковтың айтуына қарағанда, ойрат тайпаларынан 1624 жылы қазақтың Тұрсын мен Есім хандарымен келісімге келіп бітім жасауға елшілер келген.

XVII ғасырдың бірінші ширегінде Торғауыт тайпасының князі Хорлук қырық мың түтінді бастап Сібірдің оңтүстік шекараларына келген, ал 30-шы жылдары Оралдан өтіп, Еділ өзенінің (Волга) сағасында қалмақ хандығын құрған. «Дербен ойраттар туралы аңыздың» авторы Башур Түменнің айтуынша ойраттар кейінірек қалмақ атанған, 1627 жылы ойраттар одағы ыдыраған. Қалмақтар батысқа, хошауыттар Тибетке кеткен, ал жоңғарлар (шоростар) Жоңғарияда қалған [27, с 96].

XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ішкі-сыртқы қиын-қыстау жағдайға душар болып, ауыр дағдарысқа ұшыраған ойрат халқы өздерін аласапыранға салып келген феодалдық бытыранқылықтың жойылуын, тайпалар арасындағы ішкі тартыстың тыйылуын, сыртқы жаулардың шапқыншылығынан қорғанатын берік одақтың болуын, халықтың бейбіт өмір сүруін арман етті. Халықтың бұл арманын пайдаланған ойрат феодалдары өздерінің мақсат-мүддесін қорғайтын бір орталыққа бағынған феодалдық мемлекет құруға ұмтылды.

XVII ғасырдың 20-30 жылдарында Шорос тайпасының көсемі Қарақұлай саяси сахнаға шықты. Ол ішкі жақтан бытыраңқылыққа ұшыраған ойрат тайпаларын бірте-бірте біріктірді, ол сыртқы жақта қалқа, моңғол тайпаларының билеушісі Алтан ханға және Моғолстан және қазақ хандарының шапқыншылығына қарсы күресті, барлық соғыстар мен жорықтарда өзі шеру тартып, қол бастады. Мұның өзі ауыр дағдарысқа ұшыраған ойрат халқының қал-жайын оңалта бастады.

Қарақұлайдың баласы Батырдың (1635-1653) тұсында ойраттар едәуір күшейді. 1635 жылы ойрат тайпаларының одағы қалыптасты. Бұл тарихи әдебиеттерде «жоңғарлар» деген атпен әйгілі болды. «1640 жылы Тарбағатай маңында (Жоңғарияда) моңғол және ойрат тайпаларының құрылтайы болып, моңғол-ойрат заңын қабылдады. Бұл заңның негізгі мақсаты - сырттан қауіп төнген жағдайда оған қарсы күш біріктіру және феодал шонжарлардың халық бұқарасына деген үстемдігін күшейту болатын. Осы мезгілден бастап жоңғарлар күшейе түсті. Олардың күшеюіне ішкі феодалдық қырқыстар мен тайпалар арасындағы тартыстардың тыйылуы, сондай-ақ Қытайдың ішкі саяси жағдайы да және Орта Азияда туындаған ірі тарихи оқиғалар себеп болды. «Бұл кезде Моғолстанның жеке-жеке иеліктерге бөлшектеніп кетуі ойрат жеріне батыс пен оңтүстіктен төнген қауіпті бәсеңдетті. Дәл осы кезде Тәуекел ханның мұрагерлері Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы алауыздық казақ хандығын әлсіретіп, жоңғарларға батыстан төнетін қауіпті жеңілдеьті.

Ойрат-жоңғар одағының ең жоғарғы билеушісі хұнтайшы деп аталды. Оның қол астында тайшалар, нояндар, жайсандар деп аталатын әскери феодал-шонжарлар болды. Олар будда жоғарғы лауазымына ие болған феодалдардың ерекше тобы еді. Бұлардың бәрі ойрат-жоңғар қоғамындағы феодалдық қанаушы тапты қалыптастырды. Қаналушы қалын шаруалар «араттар» деп аталды. Шаруалар өз ішінен «албаттылар» және «шабинарлар» деп екі топқа бөлінді.

Албаттылар - әскер феодалдық-шонжарларға, яғни хұнтайшыларға, тайшаларға, нояндарға және жайсандарға тәуелді болды. Шабинарлар - діни феодалдық-шонжарлар билеген күрелерге тәуелді болды. Ойрат-жоңғар қоғамында феодалдық қатынас қалыптасты. Әскери феодал-шонжарлар саяси - экономикалық билікті өз қолына ұстап, өріс-қоныс жайылымдық жерлерді билеп-төстеп, шаруаларды кіріптарлыққа түсіріп отырды.

Жоңғар қонтайшылары өздерінің Қытай империясының құрамдас бөлігі екендігін, бұлар билік еткен территорияның Цинь патшалығына тәуелді иелік болғандығын мойындап, Ежен ханға (Цинь империясының патшасына) үнемі алым-салық төлеп, маңызды сыртқы әскери-саяси мәселелерді шешуде Ежен ханнан нұсқау сұрап отырды. Мәселен, 1698 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында соғыс болғанда, жоңғарлардың қонтайшысы Суан Рабдан Кан-Чи патшаға мәлімет жолдап онда, қазақтың Тәуке ханы ойрат халқын қырып-жойып тонап жатыр, ойраттарға қарасты ұранқайларды талан-таражға ұшыратты, «қызметкерлерініздің шеру тартып, оларға қарсы аттанатынын ұлы мәртебеңізге мәлімдеп, бұйрық күтемін», - деп өтінген болатын.

Осы кезенде жоңғар билеушілерінің өздерімен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастарында (қазақ хандығымен де) дүрдараздық, тіпті басқыншылық, соғысқұмарлық саясат ұстанғанын жоғарыда келтірілген тарихи деректің келесі бір құжатынан пайымдауға болады. Онда былай делінеді: «Суан Рабдан барлау отрядының екі ойрат жауынгері Цинь армиясының Баркөлдегі тобына тұтқынға түскен. Олардың көрсетуінше, Суан Рабдан бұрынғысынша өзінің ордасында тұрып жатыр, ол, орыстарға, қазақтарға және бұқаралықтарға қатысты көзқарасында, әлі де жаугершілік пиғылда».

Жоңғарлар XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басында әскерін жарақтап, мықты әскери-саяси одаққа айналды. Олар Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып алып отырды. «Жоңғар әскерлері жорық кезінде жүз мың адамға дейін жетті, бұлардың әскерінде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар да пайдаланылды. Әскер ішінде қатаң тәртіп сақталды, бұл тәртіпті бұзғандар қатты жазаланып отырды».

Жоңғар билеушілері өзінің күш-қуатына сене отырып, Моғолстан хандығы мен қазақ мемлекетінің жоңғарларға іргелес жатқан өңірлеріндегі ұлан-байтақ- жайылымдық жерлерді басып алып, иелене бастады. XVI ғасырдың соңында ойрат-жоңғар тайпаларының біразы қазақ хандығына бағынған болса, енді жоңғарлар басып алған кездегі казақ тайпаларының біразы жоңғар қоңтайшыларына бағынып, алым-салық төлеп, аманат беріп отыратын болды. Сөйтіп, жоңғарлардың өріс-қонысы - батыс Моңғолиядан Іле өңіріне дейін созылды және қазіргі шығыс және оңтүстік шығыс Қазақстан территориясының бір бөлігін алып жатты.

Жоңғар-қазақ қатынасы кейде шиеленісіп, қан төгіс соғыстарда ұласып, кейде бәсеңдеп уақытша бітімге келісіп, 120 жылға созылды. Бұл екі арадағы алауыздық талас-тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған екі елдің шұрайлы, жайлы жерлерге Жетісу мен Сырдария өңірін басып өтетін керуен, сауда жолдарындағы қалаларға таласуында болды.

Әсіресе, Батыр қонтайшының (1635-1653) тұсында қазақ-жоңғар мемлекетаралық қатынасы мейілінше шиеленісті. Бұл кезде жоңғар әскери жасақтары Қазақ жеріне үш рет ірі шапқыншылық жорық жасап, Қазақ хандығы мен жоңғарлар ортасында үш рет қанды шайқас болды. Бірінші шайқас 1635 жылы болды. Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық дерек жоқ, осы шайқаста қазақ әскерлеріне қолбасшылық жасаған Жәңгір хан қолға түсіп, қашып құтылған, бұл жоңғарлардың басым болғандығын байқатады. Екінші шайқас 1643-жылы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батыр қонтайлы күйрей жеңіліп, шегінуге мәжбүр болады. Үшінші шайқас 1652-жылы болды. Бұл шайқаста қазақтар жағы жеңіліске ұшырайды. Осы шайқастан соң 1653-жылы Батыр қонтайшы қайтыс болды. Батырдың орнына баласы Сенген (1653-1670) отырды. Бұл тұста жоңғар билеушілерінің арасында билікке таласқан ішкі қырқысы үдей түседі. Нәтижесінде Сенген қонтайшы осындай қырқыс-таластың бірінде өлтіріледі. Оның орнына інісі Қалдан Серен (Боғлақты) (1670-1697) билік ұстап, хан болады. Ол 1678-жылы ішкі феодалдық қырқыстарды пайдаланып, оңтүстік Шынжанды басып алды. Ал, 1683-жылы Қалдан Серен хан Цинь империясына қарсы шықты, 1695 жылы оның әскерлерін Цинь мемлекетінін армиясы талқандады.

Жоғарыдағыдай ішкі қырқыс, басқа аймақтарда сыртқы соғыспен айналасқан жоңғар билеушілері қазақ даласына жорық жасауды бір мезгіл толастатқан еді. Бұл кезеңде қазақ-жоңғар мемлекеттерінің арасы соғыстан аманболып, отыз жылдай тыныштықта өтті.

XVII-ғасырдың 80-ші жылдарында жоңғар билеушілері қазақ еліне қатысты өздерінің басқыншылық саясатын қайтадан өрістете түсіп, Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария бойындағы керуен жолдары мен сауда орталығы саналатын қалаларды басып алу үшін бірнеше дүркін жорық жасады. Бұл жөнінде Жоңғар хандығына жіберілген орыс елшісі И. Унковский былай деп жазды: «Тауық жылы (1681) Қалдан Серен шеру тартып барып Сайрам қаласын қоршады, ит жылы (1682) қайтадан Іле өзенінің бойын қыстады. Доңыз жылы (1683) қайтадан Сайрамға жорық жасап, жазда Сайрам қаласын қиратты».

1697жылы Қалдан Серен қонтайшы өліп, оның орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан (1697-1727) тұсында жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдеп кетті [28].

Жоңғар феодалдары Қытайды билеген Цинь әулетіне (Ежен ханға) тәуелді екенін мойындап келгенімен, саяси-әскери жағынан күшейіп алған соң Цинь империясына қарсы шығып, одан бөлініп шығуға әрекет жасады. Сонымен катар, көршілес елдерге де үздіксіз жорықтар жасап отырды. Әсіресе, жоңғар билеушісі Суан Рабдан билік басына келгеннен кейін, XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ Еліне жеті дүркін (1698-1711-1712-1714-1718-1723-1725 жылдарда) басып кірді. Қазақ-жоңғар мемлекетаралық қатынасының мұншалық шиеленісуінің себебін жоңғар қонтайшысы Суан Рабдан өзінің Канчи патшаға жолдаған мәліметінде: «Қазақтың Тәуке ханының ойраттарды қырғындап, ұранқайларды шапқандығынан болды» деп түсіндіреді. Ал Суан Рабдан орыс елшісі Иван Унковскийге айткан сөзінде: бұл соғыстың басталуына қазақтар себепші болды, Еділ жағасындағы қалмақ ханы Аюкенің Суан Рабданға ұзатылып бара жатқан қызының көш-керуеніне Тәуке хан шабуыл жасады деген. Бұл тек қана сыныққа сылтау іздеу еді. Сөйтіп, XVIII ғасырдың алғашкы ширегінде жоңғар билеушілерінің шапқыншылығы қазақ халқының өміріндегі ең ауыр кезеңінің бірі - «Ақтабан шұбырынды» апатына душар етті.

1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, қазақ билеушілерінің арасындағы қырқыс пен алауыздыктың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ мемлекетін саяси - экономикалық тұрғыдан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери күшін мейілінше әлсіреткен еді. Жоңғар феодалдарының үздіксіз шабуылы, олардың отырықшы-егінші аудандармен сауда керуені жолындағы қалаларды тонау және шұрайлы жайылымдарды басып алуы қазақ халқын ауыр экономикалық қиыншылыққа душар етті. Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың калың қолы Қазақ Елінің оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Бұл кезде шабуыл бола қояды деп ойламай қаннен-қаперсіз жатқан ел енді ғана жайлауға көшуге қамдана бастаған болатын. Жоңғар жасақтарының қарулы қолы қорғануға мұршасы келмеген бейбіт елді шауып-жаншып, қырғындап, үй-мүлкін тонап, малын айдап кетті, тірі калғандар атамекені мен мал-мүлкін тастап қашуға мәжбүр болды. 1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының шапқыншы әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы-егінші ауылдары мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласын, және Қазақ Еліне қарасты Ташкент, Сайрам т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолонері мен сауда-саттық жым-жылас болды. Бұл егіншілік ошақтары мен қолонер, сауда орталықтарынан қол үзу елдің экономикасын қатты күйзелтті. Жасанған жаудың тұтқиылдан жасаған жойқын жорығынан есі шығып, бас қосып тойтарыс беру мүмкіндігінен айырылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің арғы жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бұқара мен Самарқанға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға беттеді.

Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобаланға тап болып, адам айтқысыз ауыр аянышты күндерді басынан кешірді. Ата қоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылған, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мүз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатып, үсіп өлді. Ашаршылықка ұшыраған жұрт жол-жөнекей жер желкегін, шөптің тамырларын, жаужұмыр, алғыр, қозықұйрык сияұты жабайы өсімдіктерді теріп жеп, қайыр сұрап күнелтті. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам тһзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқақол сұлама» деп аталады. Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың қауым әрі болдырып, әрі ашаршылықтан бұралып, Алқакөл көлінің жағасына келіп сұлап жатқанда, көп ішінен бір ақсақал адам шығып: «Адам баласы өмірде көрген жақсылық пен жаманшылықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы көрген күнімізді не деп атасақ болар?» деп сұрапты. Сонда тағы бір қария орнынан тұрып: мұның аты «Ақтабан шұбырынды, Алқақөл сұлама» болсын депті. Мұның мәнісі: «ата-мекен, мал мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, азып-тозды деген сөз екен. Бұл оқиға қазақтың Кіші жүзі арасында «Сауран айналған» деген атпен әйгілі болды.

Жоңғарлардың шапқыншы әскерлерінен қашқан Кіші жүз қазақтары, соңынан түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала көшкендіктен, бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталған екен.

«Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген калың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халінен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім-ай» сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән халық жүрегінде жатталып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

«Қаратудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айырылған жаман екен, екі көзге мөлтілдеп жас келеді».

Ел есінде сақталған «Елім-ай» әнінің баска да шумақтары халық бұқарасының зар замандағы мұң-зарын бейнелейді.

«Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақтарға қарсы шабуыл мен талан-тараж тұс-тұстан анталады. Жоңғар феодалдары қазақтарға шығыс және оңтүстік жағынан қаптағанда, Еділ бойындағы қалмақ хандары солтүстік батыс бүйірден тиісті. Орта Азия хандықтарының жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан мал жайылымына қолайлы жер таба алмай сенделіп, көзге түрткі болды. Қазақтарға бір жағынан Қоқанның бектері қоқандаса, тағы бір жағынан Бұқара мен Хиуаның хандары жаппай құлдыққа кіріптар еткісі келді. Иран мемлекетінің маңына ығысып барған қазақтар, Иран Шахы Нәдір Афшардан зорлық-зомбылық көрді. Қазақ халкы сонша сұмдық жағдайда жүрсе де, олардың ешқайсысына құлдық ұрмай, бас ұрмай, өзіне тиіскендердің бәрімен жанқиярлықпен шайқасты. Бұл кезде Орта Азияның өзі де аласапыран соғыс жағдайында болатын. 1721-1725 жылдар аралығында Бұқарада болған орыс елшісі Ф. Беновени былай деп хабарлаған: «Орта Азияда үздіксіз соғыс болып жатыр, бұл соғысқа ауғандар, парсылар, хиуалықтар, қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар және қалмақтар қатысуда. Бұлардың бәрінің де өзара бір-бірімен дау-шарлары бар».

Орта Азияда баспана таба алмаған қазақ қауымы тұс-тұстан анталаған жауымен жағаласа отырып, батысқа және солтүстік батысқа қарай ығысты. Олардың алдыңғы шебі Жем, Жайық, Елек, Ор, Ойыл алабына жетіп тоқтады. 1725 жылдың қыркүйегінде Уфа әскер басы Петерборға: «Қырғыз-қайсақтар» (қазақтар) әйелдерімен, балаларымен топ-топ болып Елек өзеніне кетуде, бұларды да қарақалпақтар мен қайсақтарды, хұнтайшы талқандап, олардың екі қаласын (Түркістан мен Ташкент қаласын айтып отыр) басып алыпты және үйлеріндегі әйелдерін, балаларын қосып, көп адамды кескілеп өлтіріпті, мүліктерін алып кетіпті» деп мәлімдеген. Дәл осындай мәліметтер Жем, Жайық маңайларынан да түсіп отырған. «Ақтабан шұбырынды» болған қазақ халқы бұл жерде де үздіксіз шапқыншылыққа және талан-таражға ұшырап отырды: «Еділ бойының қалмақтары, Жайықтың қазақ-орыстары мен башқұрттар тұс-тұсынан қазақ ұлыстарын талқандап, малын айдап кегті, адамдарын тұтқынға алды, қыстың суығы, жұт пен аштық күйзелісі күшейе түсті». Әйгілі қазақ ғалымы Ш. Уәлиханов «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын айта келіп, XVIII ғасырдың алғашқы 25 жылы «қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Еділ бойының қалмақтары тұс-тұстан қазақтардың ұлыстарын қырғынға ұшыратты, малдарын айдап әкетті, қазақтарды бүкіл үйелмендерімен тұтқындап алды» деп жазды. «Ақтабан шұбырынды» кезінде Орта Азияның хандары мен бектеріне, Еділ бойындағы қалмақ хандарының, Жайық бойындағы казак-орыс атамандарының тұс-тұсынан жасаған шапқыншылығына ұшырап, өріс-қоныстан қысылып, барар жер басар тауы қалмай тарыққан қазақтар қатты күйзеліске ұшырады.

Жоңғар хунтайшысы Цебан Рабданға жіберілген орыс елшісі Иван Унковский өзінің (1722-1724 жылдардағы) күнделік дәптерінде: «Өзі билік жүргізу бастағаннан бері хунтайшы (Цебан Рабдан) қазақ ордасымен үздіксіз соғысуда, ал қазақ ордасы қарақалпақтармен бірлесіп соғысуда, хунтайшы қазақ ордасына қарсы 30 мыңдай адам ұстап отыр және хунтайшы көп қазақты жеңіп алды» деп жазған, Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы тек қазақ халқына ғана емес, сол кезде қазақтармен одақтас қырғыз, қарақалпақ халқына да ауыр зардабын тигізді. «Ақтабан шұбырынды» кезінде қарақалпақтар қазақтармен бірге Орта Азия хандықтары мен Ресей шекарасына қоныс аударды. Бұл шапқыншылық соғыстар ойрат-жоңғар тайпаларының еңбекші халқына да ауыр зардабын тигізді, билеуші топтар оларды бұл соғыстарға еріксіз айдады, толассыз жүргізген соғыстардан алым-салық ауыртпалығы еңбекші шаруаларға түсті, олардың өмірін мейілінше күйзелтті, соғыс талан-таражынан түскен ақшалар тек соғысушы әскери-феодалдық шонжарларды ғана байытып отырды.

«Ақтабан шұбырындының ауыр апаты бес жылға (1723-1728) созылды. Бұл апаттың зардабы қазақ даласының жерінде біркелкі болған жоқ. 1723 жылы көктемде тұтқиылдан шапқыншылыққа ұшыраған Оңтүстік Қазақстанның аудандарында, Талас өзенінің алқабы мен Сырдария өңірінде өте ауыр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің осы өңірді мекендеген ұлыстарын ойрандап, бұл өңірдегі егіншілік пен қала мәдениетін қиратты. Ең алдымен, «ақтабан шұбырынды» болғандар осы өңірлердің тұрғындары, оның ішінде осы аймақта қоныстанған арғындар еді, сондықтан арғындар Қаратудан аса көшкен, ақтабан шұбырынды осы деген» деп айтылады. «Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақтардың бәрі бірдей өз мекенін тастап, жалпы қоныс аударып кеткен жоқ. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі жоңғарлар басып алған жерлердегі қазақтар уақытша жоңғар билеушілеріне бағынып, аманат қойып, ауыр алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Ұлы жүздің ханы Жолбарыс осылай істеді. Қазақ ұлыстарының едәуір бөлігі өз мекендеріндегі мықты тауларға бекініп алып, берілмей күрес жүргізе берді. Жоңғар билеушілері басып алған жердегі қазақтар жаудың артқы шебінде қарулы көтерілістер жасап отырды. Бұл күрестердің негізгі күші халық бұқарасы еді, оны ұйымдастырушылар қарапайым халық ішінен шығып, ел-жұртына деген адалдығымен, еңіреген ерлігімен таңылған қазақ батырлары болды. «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Жәнібек батыр», «Сабалак батыр» сияқты оңдаған тарихи жырлар осы күресті бейнелейді. Халық басына зор-зобалаң, қиын-қыстау күндер туғанда басын бәйгеге тігіп, ел қорғаған ерлерді қазақ халқы дастан етіп жырлады, олардың аты ұранға айналып отырды.

Қазақ халқы «ақтабан шұбырындының» ауыр жылдарында адам төзгісіз қиыншылықтарға қажымай, бойындағы бар қайратын сарқа жұмсап, тұс-тұсынан қаптаған жауларға қарсы күрес жүргізе отырып, өзінің азаттығын, елдік еркін қорғап калды. Қазақ халқы жерінің едәуір бөлігін жоғалтып, бірқатар тар кезеңдерді басынан кешкендеріне қарамастан, елдің саяси және экономикалық дербестігін сақтай білді, жауына соқкы беретін тың күш жинап, жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күреске жаппай аттанды. Осынау ел басына күн туған аласапыран кезде бүкіл қазақты жоңғар басқыншыларына қарсы біріктірген, осы күрестегі үлкен бетбұрыс кезеңге жол салған, пәтуаға шақырған жер Ордабасы тауындағы бас қосу болды. Үш жүз өкілдерінің билері мен сұлтандарының байларының, бүкіл қазақ сахарасынан келген мыңдаған жасақтардың жолын түйістірген кездесуіне, міне 280 жыл толады екен.

Алайда Қазақ Елі тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезеңде 1726 жылдың мамыр айында өткен Ордабасы кездесуіне жеткілікті көңіл бөлінбей келді. Тіпті сол кездегі оқиғалар айтылған күннің өзіне Қазақстанның Ресейге «өз еркімен» қосылуы төңірегінде ғана сөз болып, XVII ғасыр мен XVIII ғасырдын 60-жылдарына дейінгі қазақ халқының жоңғар шапкыншылығы бұғауына қарсы күресі көмескіленіп керсетілді. Халық ішінен шыққан дара тұлғалы, аттар аңызға айналған қолбасшылар мен батырлар, билер мен хандардың есімдері қасақана айтылмаған еді. Әрине, халқымыздың оңдай ерлік істерін айту қазақтардың батыр да, батыл, жауынгер, туған жерінің, халқының бостандығы үшін қаһармандықпен соғыса алатындығын көрсетіп, олардың бостандыққа деген ұмтылысын оятып, рух берер еді. Сондықтан тоталитарлық кеңес жүйесі кезінде халқымызды ынтымаққа, бірлікке, бостандыкка шақырған Ордабасы кездесуі ауызға алынбады. Мұның өзі сол замандағы халқымыздың басына ауыр зардап әкелген жоңғарлармен бір жарым ғасырға созылған күрестің тарихын, Ордабасыдағы кездесудің саяси тарихын шындық тұрғысынан терең зерттеуге, оның маңыздылығын көрсетуге көп уақыт бойы мүмкіндік бермеді. Соның маңыздылығына байланысты 1993 жылы 27-29 мамырда бүкіл Қазақстанның, түркі халықтарының назары осы Ордабасыға ауып, XVIII ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күндері өтті. Осы алқалы жиында 1726 жылы дол осы тауда қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күш біріктіргендігі атап көрсетілген болатын.

Енді осы айтылған қазақтың үш жүзінің өкілдерінің басын қосып, аса маңызды саяси роль атқарған Ордабасы жиынына қысқаша тоқталатын болсақ, 1726 жылы мамыр айының соңына қарай бүкіл қазақ халқының асыға күткен жиыны басталып, оны Тәуке ханның орнына отырған оның ұлы Болат хан басқарды. Осы кездесуге Ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қазыбек билердің қатысқандары анық. Ал Кіші жүзден қатысқан би жөнінде тарихшылар, заңгерлер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Кездесу қарсанында Әйтеке бидің қайтыс болуы себепті, басқа бидің болғаны анық. Осы жиында Ұлы жүздің ханы Жолбарыс, Орта жүздің ханы Семеке, Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың да болғаны анық. Бірақ та олар сол кезде хан дәрежелі емес, сұлтан дәрежелі болуы мүмкін. Осы кездесуте қазақтың сан мыңдаған жасақтарын басқарған қолбасшылары да келеді. Бүгінгі Ордабасы тауының беткейінде саналы өмірін туған жерін, қазақ елін қорғауға арнаған халық батырлары Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай т.б. көптеген батырлардың іздері қалған. Бұл жерді тек үш бидің ғана емес, бүкіл қазақ хандарының, ондаған мың әскерлерінің табаны тиген жер деп түсінген жөн.

Бұл жер А. Левшиннің 1832 жылғы кітабында жазылғандай, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды бас сардар сайлап, арғымаққа мінгізген, болашақ жеңіс үшін ақбоз атты құрбандыққа шалған жер. Дәл осы жерде, қазіргі кезде бірде «Ту төбе», бірде «Бірлік төбесі» деп аталатын Қарауыл төбенің түбінде, билер мен хандардың ақ шатырларының алдында арғыннан шыққан қарт Бөгенбайға жеңіс туын көтерткен еді, дәл осы жерде бір ынтымаққа келгеннен кейін, үш жүздің бірлігі жария етілген болатын [29, с 105].

Сонымен, Ордабасы кездесуі - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ Елінің азаттық қозғалысындағы аса маңызды кезең болды. Онда үш жүздің баласы бір бәтуаға келіп, ата жауға қарсы бірлесіп аттануға анттасқан еді. Найзаның ұшын қай жаққа бұру керектігі де шешіледі. Ата жұртты басқыншылардан бірлесіп азат етудің «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі алғашқы аттанысы осылай, 1726 жылдың мамыр айында басталды деуге негіз болады.

1728 жылы қазақ жасақтары Шұбар теңіз көлінің маңында, Бұланты өзенінің жағасында жоңғар әскерлеріне күйрете соққы беріп, жоңғар феодалдарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Бұл жеңіс халық бұқарасын жаумен онан әрі күрес жүргізуге жігерлендіре түсті. Келесі 1729 жылы Балкаш көлінің оңтүстігінде жоңғар әскерлерімен тағы да бір үлкен ұрыс болды. Жоңғар жасақтары тағы да үлкен жеңіліске ұшырады, нәтижесінде Кіші жүз бен Орта жүздің территориясының едәуір бөлігі азат етілді.

1727 жылы жоңғар хұнтайшысы Суан Рабдан өліп оның орнына Халдан Церен (1727-1746) таққа отырған тұста Қазақ-жоңғар мемлекетаралық қатынастарындағы шиленістің жаңа кезеңі басталды. Бір мезгіл күш жинап, 1740 жылдарда жоңғар билеушісі Халдан Церен қазақ жеріне бірнеше peт шапқыншылық жорық жасады. 1740-42 жылдары бір мезгілде олар Есіл, Ырғыз және Елек өзендерінің бойына бұзып-жарып кірді, 1742 жылы Сырдарияның орта саласына бір рет жорық жасалды. Осы жойқын жорықтардың нәтижесінде жоңғар әскерлерінің бір бөлігі Орта жүз, енді бір бөлігі Кіші жүз жеріне келіп кірді-Есін енді жия бастаған қазақ халқынын басына қайтадан қара бұлт үйіріле бастады. Ресей империясының қол астына кіріп, бағынуға ант берген Кіші жүздің ханы Әбілкайыр дереу Ресейден әскери көмек сұрады. Бірақ орыс патша өкіметі бұл өтінішке тартымды жауап қайтармады. Тек, қысылтаяң күн туғанда Әбілқайырдың үй-іші және қол астындағы қызметкерлерімен бірге Орынбор бекінісіне келіп паналауына рұқсат берілетіндігін айтты.

Орыс патшасының көмегінен көңілі қалып, түңілген Әбілқайыр хан астыртын жоңғарларға елші жіберіп, олармен елдесуте ұмтылды. Бірақ орыс үкіметі оған жол бермеді. Осы тұрғыдан мұрағат қорында сақталған жоңғар билеушісі Халдан Цереннің (1741 ж. желтоқсан айында) Кіші жүздің ханы Әбілқайырға және оның барлық старшындарына оның қол астына бағынуды талап етіп, жолдаған хатынан үзінді келтіру жөн болады. Бұл жолдаудың мәтінін өзгертпей қысқаша баяндасак, онда былай делінген: «С ордой своей перекочуй, в место, мною указанное. Если будете поступать согласно этому, буду говорить: исполнили по моему указу. Если не сделайте по этому, то разве не будет войны? Как неприятель поступлю я. Наконец говорю я, не упущу Вас. Ты почему осенью велел сказать Манджи: послать сына и аманатов отцов, спокойно буду жить. Разве не говорил» [30].

Қазақ-жоңғар мемлекетаралык қатынастарындағы шиеленістің шырқау кезеңі және жоңғар билеушілерінің қазақ еліне қатысты агрессияшыл пиғылдағы саясатын сипаттайтын фактілерді сол кезеңге қатысты бірқатар қытай құжаттары мен материалдарынан да кездестіруге болады. Мәселен, әскери барлауға қатысы бар бір құжатта былай деп көрсетілген: «Халден Церен прошлого года (с 12 октября по 10 ноября 1730 1 ) направил послов в Яркинд, Кашгар, Хотан, чтобы отобрать там 30-тысячи коней, для ведения войны с казахами, что вызвало протест уйгуров во всех этих трех местности» [30].

XVIII ғасырдың 40-жылдарының ортасында жоңғар билеушілерінің арасында туған тақ таласына байланысты қырқыстар жоңғар мемлекетін мейілінше әлсіретіп, ойрат халқын аса ауыр күйзеліске түсірді. Қазақ халқының үш жүзінің басын қосып, үлкен қажыр-қайрат көрсеткен, осы қиын кезеңде саяси сахнаға шығып, қазақ елінің іс жүзіндегі билеушісі ретінде танылып, тізгінді өз қолына алған Абылай хан осы орайды тиімді пайдаланып, жоңғардың ішкі ісіне кигіліп, үкімет билігіне таласып, қырқысқан жоңғар билеушілерінің біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартыстарды ұшықтырып, оларды әлсірете түсті. Сол арқылы бұрын жоңғарлар тартып әкеткен қазақ жерлерін кайтарып алды. Сондай-ақ, ол, Ертістің жағалауындағы құнарлы қоныстарды алуға да ұмтылды. Бұл оқиғаның мән-жайы қысқаша мынандай еді.

1746 жылы хұнтайшы Халдан Церен қайтыс болған соң орнына ұлдарының бірі Цеван Доржы таққа отырды. Көп ұзамай оны өз інісі Лама Доржы өлтіреді. Халдан Цереннің қалған екі ұлы Дабашы мен Әмірсана таққа таласып Лама Доржымен соғысты. Бұл соғыста жеңіліп қалған Дабашы мен Әмірсана Қазақ хандығына қашып келіп, Абылайды паналады. Абылай оларға әскери көмек көрсетті, Дабашыны қолдап, хунтайшының тағына отырғызуға ұмтылды. Бұл жөнінде Қытай тарихи деректерінде былайшы сипатталады: «Нынешней весной (1753 г.) Лама-Доржы направил свои войска к казахам, чтобы покорить Дабашы. Его войска напротив, объединившись с Дабашы заключили союз с казахами, захватили в плен Лама-Доржы. Дабаши провозгласили правителем» [31, с 24].

Бұған мейлінше кектенген Лама-Доржы 1751-53 жылдары Қазақ хандығына қайта шапқыншылық жасады. Абылай бастаған қазақ әскерлері Лама-Доржының әскерімен соғысты. Абылай Дабашыны барынша қолдады, Дорбыттарды барынша күйзелту үшін оған бес мыңнан аса қазақты көмекке жіберді. Шайқасқа қатынасқан қазақ әскерлері көп мал және көп тұгқын түсірді, «ал басқа малдың бәрін Дабашы өзі алды» [31].

1753 жылы Дабашы жеңіп шығып, Лама-Доржыны тағынан тайдырып, хұнтайшы болды. Көп ұзамай Әмірсана өзінің бұрынғы одақтасы Дабашыға қарсы шықты, Абылай Әмірсананы қолдады. Ойрат тайпалары аласапыран жағдайға тап болды. Соғыста Дабашыдан жеңілген Әмірсана Ежен ханға (Қытай билеушісі) қашып кетті. Бұл орайды тиімді пайдаланған қазақ қолбасшылары тұс-тұстан шабуылға шықты, жоңғарлардың Әмірсананы жақтайтындары Абылайға ілесті. Абылай өз жасағымен 1754 жылы казанда Дабашының әкімшілік орталығы Іле өңіріне дейін жорық жасады, он мыңдай әскерімен Бұратала өңіріне келіп орнықты, бұл арадағы ойрат тайпаларын айдап әкетті. Дабашы әскерлерінің Іле өзенінің аңғарында сақталған астық, торғын-торқа қоймасын басып алды.

1755 жылы ақпан айында қайтадан есін жиып, әскери күш жинаған Дабашы Қазақ Еліне қарсы жорық жасады. Қазақтар да қарсы шабуылға аттанды. Сол жылы (1755) жоңғарды тыныштандыруға шыққан Ежен ханның әскерлері Дабашы жасағын толық талқандап, өзін қолға түсірді. Бірақ бұл әскерлерді бастап келген Әмірсана Цинь империясына қарсы бүлік тудыруға кірісіп, қазақ хандығына қашты. Ежен ханның әскерлері бұл бүлікті тыныштандыруға аттанды. 1757 жылы жоңғарларды тыныштандыру аяқталды, жоңғар әскерлерінің қалдықтары біршама талқандалып, нәтижесінде 120 жылдан астам уақыт бойы Қазақ мемлекетіне қарсы соғысқұмарлық саясат жүргізген, халқымыздың басына небір зобалаң туғызып, қайғы-қасірет әкелген жоңғар мемелекетінің саяси сахнасындағы тарихи дамуы аяқталды. Бұған қазақтың ұлы хандарының бірі - Абылай аса зор үлес қосты.



Тарихи кайраткердің халық мойындаған қаһарман дәрежесіне көтерілуінің өзіндік терең заңдылықтары бар. Өйткені, мемлекет басшысының қандай да болмасын жоғарғы парасаты, адамшылық келбеті, ел басқару ісіндегі қалдырған қолтаңбасы қарапайым халықтың қырағы көзінен қағыс қалмайды. Осы тұрғыдан, «көптің көзі тінтуші деген нақыл сөзде растық бар. Бұқара халық ел басшысының ісіндегі шын халықтық мүддеге негізделген әрекеттерді де, жалғандықты да капысыз таниды. Өз басына ақылы мен айласы жетерлік қаншама хандар мен сұлтандардың арасынан халық пікірі Абылайды ерекше бөлек орынға қоюы, оның қасиетін дәріптеп, көкке көтеруі кездейсоқ нәрсе емес. Ол Абылайдың барлыө ақыл-парасатын, қабілетін қазақ халқының өсіп-өркендеуіне азаттығы жолындағы күресіне жұмсағандығына байланысты. Халық үшін еңбек етемін деп айтпайтын, осылай деп өзін-өзі сендіргісі келмейтін басшы болмайды. Өкінішке орай, кей-кездері олардың ісі мен сөзі алшақ кетіп жатады. Елдің түпкілікті мүдделерін жиі ұүмытып кететін, күллі әрекеті жеке мансабын, билігін сақтауға ғана бағытталған ел басқарушы ағаларынын дақпырты ұзаққа бармайтыны белгілі. Ал, Абылай хан халықтың шын перзенті екенін сан-алуан істер үстінде, өз халқының болашағы үшін жүргізген қиын-қыстау күресте ұзақ жылдар бойы дәлелдей алғандықтан, өз халқының ыстық ықыласына бөленіп, казақ мемлекетінің тарихында ерекше орын алатын ұлы тұлға ретінде көрінді. Абылайдың Ресей мен Қытай сынды ірі империялар арасында икемді саясат қолданып, казақ мемлекеттігінің өмір сүруінің ең күрделі, әрі қиын кезеңіндегі тұтастығы мен тәуелсіздігін ұстап тұруға жұмылдырылған қажыр-қайратын ерекше бағалауға болады. Оның қытай, орыс патшаларына «бағыныштылық» көрсетіп, олардың сеніміне ие болуы, сөйтіп өз халқының тыныштығы мен азаттығын қорғай білуі арзан жалтылдақ саясат емес, оның өмірлік арманына айналған ізгі мұратымен ұштасып жатқан көрегендік құбылыс еді. Осы тұрғыдан қазақ ханы Абылай бірыңғай пысықтык жолына түсіп, өзінің тұлғасын мүлде жоғалтып алған емес, ол керісінше, жауларымен тіресетін жерде тірескен, сіресетін жерде сірескен айла мен айбатты кезек қолданған алғыр саясаткер де болды. Бір мықтының қаһарына ұшырап қалмайын деп, әркімнің аузына қарап, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жорғалай беру Абылайға мүлде жат еді. Оның дәлелі - қалмақтың тұтқынында болған кездерінде де өзінің өрлік қасиетін жықпай, өз халқынын қадір-касиетін төмендетпей, каһарлы дұшпаның өзімен де «терезесі тең» сөйлесе білуі Абылайдың қадірін, беделін одан да биікке көтергені белгілі. Өз жұртын ойрат ойранынан, Ресей мен Қытай қыспағынан, Қоқан, Хиуа хандарының жұтынған іс-әрекетінен қорғаймын деп «жарғақ құлағы жастыққа тимеген; бір басына қолбасшылық, қайраткерлік, мәмілегерлік (дипломаттық), шешендік, даналық дарыған сирек тұлғаның қазақ сынды бытыраңқы елді біріктіріп, айбынды мемлекет жасаймын деген арманы толық жүзеге аспауының объективтік себептері де жеткілікті. Осындай жағдайларды ескергенде Абылайдың өз кезінде ұлы әрекеттерге барып, халқы үшін жан аямай қызмет етіп, көн игілікті істерді тындырып үлгергені қазақ мемлекеттігі тарихынан мәңгі өшпейтін қасиетті құбылыс деп санаймыз. Қазақ-қытай қатынастары. Қытай Елінің түрік тектес көшпелі тайпалармен арадағы саяси-экономикалық, сауда тұрғысындағы қарым-қатынастары ежелгі замандағы тарих қойнауынан бастау алады десек қателеспейміз. Көшпелі ғұн империясының қалыптасып, нығайып, барынша күшейіп, саяси үстемдікке ие болған кезеңде қытай үкіметі ғұн билеушілерінің талабы немесе өтініші бойынша шекара шебіндегі сауда-саттық орындарын ашуға мәжбүр болады. Бұл саясаттың екінші мақсаты - ғұн тайпаларының тарапынан мүмкін болатын жойқын шабуылды осындай жолмен бәсеңдетіп, тұрақтылыққа қол жеткізіп, өз мемлекетінің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін нығайту еді. Ғұн тайпалары- бұл сауда нүктелерінің мән-маңызын жоғары бағалап, тіпті соғыс қимылдары кезінде де сауда-саттық толастаған жоқ. Қытай билеушілері өз кезегінде бұл сауда орындарын өздерінің соғыс мақсатына пайдаланып, ғұндарға қарсы шабуыл ұйымдастыру үшін платцдарм ретінде пайдаланды [32]. Бұл сауда орындарындағы алыс-берістің негізгі шарттары жөнінде ежелгі қытай деректерінде ешнәрсе айтылмаған. Мұндай деректер тек орта ғасырлар кезеңіндегі жәдігерлерде көрсетілген. Мәселен, Н.Я. Бичуриннің зерттеулерінде Қытай өкіметі 758 жылы «көшпенділерден айырбас үшін алынатын әр жылқының басына қырық бөлік жібек мата төлеуге міндеттенгенін» көрсетеді [33, с 62]. Сонымен, Қытай елінің көрші көшпенді халықтармен жылқы түлігімен бағаланатын айырбас саудасының көп ғасырлық тарихи бар және ол берік қалыптасқан дәстүрлер негізінде анықталып отырды. Мәселен, көшпенділер күшейіп тұрған кезде Қытай жағы мүмкін болатын шабуылдан өз шекарасының қауіпсіздігін қорғау мақсатын көздей отырып, әр жылқының айырбас нарқын жоғарғы бағамен төлеуге келісіп отырды. Ал 1407 жылдан бастап Қытай өкіметі шекараларын қорғап, нығайту мақсатында көшпенділердің кейбір жеке топтарын өз жақтарына тарту саясатын басшылыққа ала отырып, мұндай жеңілдік бағаларды ешкімнің қысымынсыз дербес белгілеп отырды. Жылқы түлігінен басқа сауданын объектісі ретінде бағалы бүлғын терілері түріндегі аңшылық өнім түрлері де болды. Жалпы, Қытай мемлекетінің халқы көшпенділермен тұрақты сауда байланысын ұстап тұруға мүдделі болды және мұндай мүддені қытай өкіметі ескеріп отыруға тиісті болды. Өйткені, көшпенділермен сауда қатынасының тиімділігі анық көрініп тұрды, бұдан көп уақыт бойы көпестер пайда түсіріп отырды, XIV ғасырдың соңында мемлекет тарапынан саудаға монополия орнаған кезде бұл пайданың табыс көзі мемлекет қазынасына түсіп отырды. 1506 жылғы басылған ресми құжаттан пайымдайтынымыз - көшпенділермен арадағы рынок уақытша жабылғаннан кейін, жаңадан заң қабылданып, көрші көшпенді тайпалармен екі арадағы айырбас саудасын қайта жалғастыруға шешімі алынғанын байқаймыз. Мұндай сауда нүктелері шекара аймағында жылына үш рет ашылып отыруға тиісті болды. Көшпенділер өз тарапынан шекаралық сауда орындарына жылқы, сиыр, тері алтын, күміс әкеліп, Қытай көпестерінсн айырбас негізінде жібек, ыдыс-аяқтар, бояулар алып отырды.

Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ-қытай қатынастарының қалыптасу, даму барысын қысқаша түйіндесек, Қытай империясы тарапынан қазақ даласын басып алып, өзіне қарату пиғылы болмады. Өйткені, сол кезде қазақ хандықтары қытай мемлекетінің арасындағы қатынастар баяу қарқынмен дамып, эпизоттық сипатта болды. Ұзаққа созылған қазақ-жоңғар соғысы тұсында Цинь империясының тікелей ат салысуымен олар талқандалғаннан кейін де Қытайдың әскери басшылары қазақ хандарын өздерінің жағына тартуға бірнеше рет ұмтылыс жасады. Осы жөнінде Францияның Шанхай қаласындағы бас консулдыгының өкілі Имбо-Юарт (1881 ж.). Қазақ-қытай қатынастары жөнінде деректер жариялады. Бұл жәдігерлерде қазақ ханы Абылайдың Қытай императорымен келіссөздер жүргізіп, оның билігін мойындағанын, императордың бұл ұсынысты қабылдап, бірнеше рет екі жақты елшілер алмасқандығы айтылады. Қытай елшілерінің деректерінде негізінен қазақ даласының жалпы сипаттамасы, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшеліктері баяндалған. Қытай жағының ең басты талаптарының бірі - қазақтармен сауда-саттық қарым-қатынасын барынша дамытып жолға қою болды. Алайда, қазақ хандықтарына Қытайға қарағанда, Ресейдің жақын орналасуы, түптеп келгенде қазақ хандарының саясатында әрі көршілес, әрі Ресей мемлекетінің жағына шығып, оның қол астында турa бағытталған іс-әрекетке баруға мәжбүр етті. Өйткені, бұл хандығымен көршілес оны қоршап тұрған үш мемлекеттің қазіргі қуаты жағынан, даму деңгейі жағынан ең жоғары ресей империясы болды. XVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында Ресей империясы өзінің басқыншылық, отаршылдық саясатын барынша күшейте отырып қазақ хандықтарына, Орта Азияға, тіпті Қытайдың өзіне қауіп төндіре бастады.



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау