- САЛАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
- 5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық
- машиналары мен жабдықтары мамандығына арналған
- пәннің оқу әдістемелік кешені
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты «Мұнайгаз кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасы - Татаева Жанар Құрмашевна дәрежесі: аға оқытушы; еңбек өтілімі: 10 жыл. Пәннің атауы: «Саладағы экологиялық қауіпсіздік» 5В072400-Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтар мамандығына арналған Кредит саны: 3
- Аңдатпа. Бұл ОӘК «Саладағы экологиялық қауіпсіздік» пәні бойынша 5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығында кредиттік жүйемен білім алушыларға арналған. Оқу-әдістемелік кешен – пәннің оқу бағдарламасынан (syllabus), глоссариден, қысқаша дәрістер конспектілерінен, зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаудан, студенттердің өзіндік жұмыстарға арналған оқу-әдістемелік мәліметтерден, пән бойынша есептік жұмыстардың орындалуы туралы кестеден, өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмаларынан, ұсынылатын әдебиеттер мен емтихан сұрақтарының тізімінен тұрады.
Саладағы экологиялық қауіпсіздік» пәнінен оқу-әдістемелік кешенінде Қазақстанда мұнай және газ өнеркісібінің дамуына, ел аймақтарындағы экономика-экологиялық жағдайларға, мұнай және газ өндірісіндегі инженерлік-технологиялық шешімдер мен өндіру процесіндегі апаттардың экологияға әсерлеріне, жалпы индустриальдық дамудың экологиялық проблемаларына, экологиялық бақылау мен мониторингке назар аударылған. - Саладағы экологиялық қауіпсіздік» пәнінен оқу-әдістемелік кешенінде Қазақстанда мұнай және газ өнеркісібінің дамуына, ел аймақтарындағы экономика-экологиялық жағдайларға, мұнай және газ өндірісіндегі инженерлік-технологиялық шешімдер мен өндіру процесіндегі апаттардың экологияға әсерлеріне, жалпы индустриальдық дамудың экологиялық проблемаларына, экологиялық бақылау мен мониторингке назар аударылған.
- Осы пәнді оқып-үйрену барысында бакалаврлар қоршаған ортаны ластау көздері мен олардың себептері, өндірістегі түрлі операциялар кезіндегі ластаушы заттардың концентрация сын есептеу мен оларды критерийлермен салыстыру, өндірісте апаттарды болдырмау мен олардың салдарларын жою жөнінде толық мәліметтер алады.
- Оқу-әдістемелік кешеннің артықшылығы ретінде осы пәнді оқып-үйренуде сөзсіз сәтті мүмкіндік беретін дәрістік мәліметтермен практикалық сабақтардың өзара тізбекті байланысын, оларды өздік жұмыстар мен әдістемелік нұсқаулардың логикалық толықтыруларын айтуға болады.
- Оқу-әдістемелік кешен қойылған талаптарға толық сәйкес келеді және оқу-әдістемелік құрал ретінде басылымға ұсынылады
Пәнді оқытудың мақсаты, міндеті - Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттер санасында мұнай-газ секторы объектілерінің қоршаған ортаға техногенді әсерін азайтуға бағытталған, ғылыми негізделген құрылымдық, технологиялық, ұйымдық іс-шаралар кешені туралы ой қалыптастыру.
- «Саладағы экологиялық қауіпсіздік» пәнін оқудың нәтижесінде студент мұнай-газ саласының объектілерінің эксплуатациясы мен қорын тапқан кездегі қоршаған орта компоненттеріне техногенді әсерлерін болжау мен бағалау тәсілдерін меңгеруі қажет
- Пәнді оқу нәтижесінде студент білуге тиіс:
- классификациясын, құрамын, мұнай-газ саласындағы объектілердің техногенді әсер ету көздерін;
- мұнай-газ саласындағы объектілердің қоршаған орта компоненттеріне техногенді әсерін азайту және алдын алуын қамтамасыз ететін жобалық шешімдер қабылдау өлшемдерін;
- экологиялық талаптарға сай келетін мұнай-газ секторы объектілеріне сенімділіктің жоғарылауын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технология мен техникалық құралдар негіздерін;
- мұнай-газ объектілерінің эксплуатациясы кезіндегі бұзылған, қоршаған орта жағдайының жақсаруы мен қалпына келтіру технологияларын.
Эколого-экономикалық микроанализдің негізгі мәселелері - - қоғамдық игілік және шамалары шектеулі қорларды, табиғат қорының жеке түрі ретінде, қоршаған ортаны пайдаланудың балама нұсқасын таңдауды негіздеу;
- - табиғат қорларын және қоршаған орта қызметін экономикалық бағалау;
- - табиғат қорғау қызметі тиімділігінің сыни өлшемдері (критерийлері) мен көрсеткіштерін негіздеу;
- - экологиялық сферада нарық қауқарсыздығы жағдайларын талдау, табиғат қорлары, экологиялық игіліктер мен қызметтер нарығының шекарасы мен ерекшеліктерін айқындау;
- - табиғатты пайдалнудың сыртқы әсерлерін талдау және оларды интернационализациялау, қоршаған ортаны пайдаланудың жекелік және әлеуметтік оптимумдарын келістіру;
- - эколого-экономикалық зияндарды бағалау әдістемелерін жасау және алынған нәтижелерді экологиялық саясаттың нақты мәселелерін шешуге қолдану.
Мұнайды тасымалдау және өндіру кезіндегі апаттар - Кейінгі жылдары танкерлер қирауынан мұхиттардың және ашық теңіздерде орналасқан бұрғылау ұңғымаларының мұнай шығаруынан болатын ластанулар қатты алаңдатуда. Бұндай мысалдар көп-ақ, бірақ олардан болатын ластанулар мұхит акваторияларының мұнай көмірсутектерімен жалпы азғана бөлігін құрайды. Мұнаймен ластанудың көпшілігі, өзіне ынта салдыратын, бақытсыз жағдайлар емес.
- Теңізге мұнайдың құйылуы танкерлер соқтысуы мен қайырлап қалуынан болуы жиі емес.
- Танкерлер тоннажының өсуімен ірі бақытсыз жағдайлардың қоршаған ортаға әсері өсуде. Супертанкерлерді пайдалану нәтижелері даулы болып табылады. Суығыстырғыштығы 500 мың тонна кемелер суда жүзіп жүр, ал суығыстырғыштығы 800 мың тонна кемелер болашақта пайдалану үшін жобалануда.
- Кішентай кемелерге қарағанда супертанкерлерді басқару қиындау, олардың отыруы мен массасы үлкен болуы себебінен тоқтау жолдары да ұзын. Мысалы, сыйымдылығы 200 мың тонна танкер тоқтауы үшін, өозғалтқышы реверске қосылғанның өзінде 4,5 км жүруі керек. Апаттық жағдайларда оларды басқару аса қиын. Суығыстырғыштығы 200-500 мың тонна танкердің шығыны, егер кемені босату мүмкін болмаса, жылына мұхитқа құйылатын мұнайдың жалпы шамасы 3-8% қосады.
- Бірақ танкерді басқару қиындығы оның өлшеміне тура пропорциональ өспейтініні айту керек; бұдан басқа жүккөтергіштігі үлкен кемелерді пайдалану олардың санын азайтады, ал тасымалдау құны маңызды төмендейді. Кемелер саны көп болмайтындығы себебінен, экипажды жоғары біліктілікті мамандардан жинақтауға болады. Үлкен танкерлерді, көптеген аз мөлшерлі кемелерді жабдықтау қымбатқа түсетін, жоғары сапалы навигациялық жабдықтармен жабдықтауға болады.
- Ашық теңіздегі мұнай өндіру орындарындағы апаттар мұхиттың қатты ластануына әкелуі мүмкін. Бұрғылау, құбырларды енгізу, мұнараларды орнату кезінде, сондай-ақ ұңғымаларды пайдалану уақытында ластанудың белгілі қаупі бар. Мұнай мен мұнай өнімдері қиын қышқылданатын заттар микроорганизмдеріне жатады, сондықтан мұнаймен ластанған су қоймаларының өздігінен тазалануы өзен ұзындығы бойынша үлкен қашықтыққа созылады, кейде ластану орнынан 500-900 км қашықтықта көмірсутектер ізін байқауға болады.
Мұнайөткізгіштердің апатты жарылуы нәтижесінде қоршаған ортаның келесі элементтері ластануы мүмкін: - - мұнайдың жеңіл компоненттерінің булануы нәтижесінде атмосфералық ауаның;
- - мұнайдың құмнан жер асты сулары горизонтына нәтижесінде жер асты суларының;
- - тікелей ластану нәтижесінде, сондай-ақ жер асты сулары арқылы жанама жер беті суларының;
- - құмдағы элементтермен мұнайдың араласуы нәтижесіндн жер беті құмдарының;
- - тікелей ластану нәтижесінде, жер беті және жер асты сулары арқылы жанама өсімдіктер әлемінің;
- - тікелей ластану нәтижесінде, сондай-ақ өсімдіктер, жер беті құмы, жер беті сулары арқылы жанама жануарлар әлемінің.
- Мұнайөткізгіштердегі апаттар кезіндегі экологиялық зиян қоршаған орта объектілеріне мұнай мен мұнай өнімдерінің зиянды әрекеттерінің әрқалай түрлерінің зияндарының қосындысы ретінде анықталады. Экологиялық зиян шамасы төгілген мұнай көлемі мен төгілу ауданына тәуелді.
Мұнай төгілуі салдарларын жою жоспар келесілерден тұрады - - мұнай төгілуі мүмкін объектілердің жайғасқан жері;
- - жабдықтардың, көліктердің, материалдардың, мамандардың тізімі, жайғасқан жерлері, типтері және әртүрлі санатты төгілулерді жою жұмыстарыныңәдістемелері;
- -пайдалануға болатын диспергаторлар тізімі;
- -мамандарды оқыту, жаттықтыру және жабдықтар мен техника күйлерін тексеру графигі;
- - жұмысты бастауға және әртүрлі санатты төгілулерді жоюға қажет уақыт есептеуі;
- - жаупты тұлғалар тізімі, олардың мекендері, мемлекеттік органдарға хабарлау процедурасы.
«Қоршаған ортаға және тұрғындар денсаулығына әсерді бағалау» (ҚОӘБ) бөлімі - ҚОӘБ келесі ережелер ескеріле жүргізіледі
- - ҚОӘБ Қазақстандық табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жұмыс жобасы бойынша жасалады;
- - қоршаған ортаны қорғау обылысындаңы орталық атқару органының келісімі бойынша, инженерлік-геологиялық іздеу, сейсмобарлау жұмыстары үшін ҚОӘБ толық көлемде жүргізбеуге болады, егер бұрынырақ ұқсас жағдайда пайдаланылған және ол бойынша сарапшылардың дұрыс қорытындысыбар,акустикалық сигналдарды қоздыру көзінің параметрлері пайдаланылса;
- - қоршаған ортаны қорғау обылысындағы орталық атқару органының келісімі бойынша, бұрынырақ келісілген ҚОӘБ бар телімдерде қосымша жұмыстар үшін оператор ҚОӘБ жүргізбеуі мүмкін мына жағдайларда:
- - мониторингті жүргізу жөніндегі есеп беру жұмыс жүргізілетін телімде қоршаған орта күйінің маңызды өзгеруі жоқ екенін дәлелдесе;
- - қосымша жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық шешімдер жұмысты жүргізудің алғашқы жобасындағы техникалық шешімдермен толығымен сәйкес келсе;
- - төтенше жағдайлар мониторингі мен әрекет етуді қамтамасыз ететін бұрынырақ келісілген құжаттар әрекеттілігі қоршаған ортаны қорғау обылысындағы орталық атқару органымен мақұлданса.
- ҚОӘБ белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ол кезде оператормен болжанған қоршаған ортаны қорғау мен төтенше жағдайларды болдырмау және жою жоспары ескеріле мүмкін әсер бағаланады.
Халықаралық және ғаламдық деңгейдегі табиғатты пайдалану экономикасының мәселелері - - қоршаған ортаның трансшекаралық және ғаламдық ластануы салдарларының экономикалық бағалау және сәйкес реттеу құралдарын жасау;
- - халықаралық сауда және валюталық-қаржылық қатынастар теориясы мен тәжірибесінде экологиялық факторларды ескеру, өнімнің салыстырмалы артықшылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне экологиялық саясаттың әсерін түсіндіру, халықаралық сауда тәртібін ырықтандыруға (либерализациялауға) экологиялық саясаттың салдарларын зерттеу;
- - тұрақты даму талаптарын ескере мемлекетаралық деңгейде келісілген экологиялық саясатты теориялық негіздеу және жасау.
Өндірістегі және мұнайөткізгіштердегі апаттар кезінде объектілерге келтірілетін зияндар - Қазіргі кезде мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қауіпсіздігі көптеген жағдайларда мұнайкәсіпшілігі объектілерінің пайдаланулық қауіпсіздігі болып табылады. Бұл объектілердің ішінде көрнектілері ұңғымалық өнімді жинау мен жер асты қысымын ұстау жүйелерінің мұнайөткізгіштері болып табылады. Мұнайөткізгіштерде болатын апаттар атмосфералық ауаға, жерасты, жерүсті, су бетіндегі объектілерге, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіреді.
- Кәсіпшілік мұнайөткізгіштердегі жарылыстар маңызды экономикалық және экологиялық зиян келтіреді. Мұнайжинау жүйесінің мұнайөткізгіштерінде болған бір апаттың қалпына келтіру шығыны орташа алғанда 35 мың тенгені, ал мұнайлы сұйықтың төгілу шамасы 5-6 т құрайды.
- Мұнайөткізгіштердің құрлықтағы телімдеріндегі апаттар кезінде апаттық жағдайдың дамуы ең ықтимал сценарийлардың бірі бойынша жүруі мүмкін:
- - мұнай тұтанбай жер және/немесе су бетіне мұнайдың төгілуі. Бұл сценарий ең алдымен қоршаған орта үшін қауіпті болып табылады. Бұл кезде тұрғындар өміріне қауіп үлкен емес, өйткені мұнай буының улылығы төмен, сондықтан апат болған жерде көмірсутектер буының концентрациясы жоғары болғанда да адам өліміне әкеле алмайды.Сонымен қатар бұның жанама салдарлары, сумен қамтамасыз ету жүйесінің (жер астындағы да, жер үстіндегі де) ластануы, сондай-ақ улы компоненттердің өсімдіктер мен жануарларда жинақталуы нәтижесінде адам денсаулығына белгілі мөлшерде қауіп туғызуы мүмкін.
- - төгілген бетте өрт болумен жүретін жер және/немесе су бетіндегі объектілер бетіне мұнайдың төгілуі. Бұл сценарий бойынша атмосфераға тарайтын мұнай жануының өнімдерінің жоғарғы улылығы әсеріне, сондай-ақ өрттің жылулық әрекетінен тұрғындар өміріне қауіп артады. Қоршаған ортаның ластану қаупі де жоғары, әсіресе кең көлемдегі өрт трассаның орманды телімдерінде болса.
Достарыңызбен бөлісу: |