Ауыр металлдардың өсімдіктерге әсерін бағалау



жүктеу 0,91 Mb.
бет1/16
Дата04.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#31485
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
дипломная



Ауыр металлдардың өсімдіктерге әсерін бағалау

МАЗМҰНЫ





Кіріспе




1. Ауыр металдардың өсімдіктерге сіңірілу және жинақталу процестеріне тамыр клетка қабығының атқаратын рөлі




1.1. Ауыр металдардың (Cu, Cd) өсімдіктерге тигізетін улы әсері



1.2. Ауыр металдардың өсімдіктерге биологиялық әсері



1.3. Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттiк iс- шаралардың жүргiзiлуi




2. Зерттеу әдістері




2.1. Топырақтағы ауыр металдарды анықтау әдісі




    1. Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі




2.3. Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі




    1. Ауыр металдардың физика-химиялық сипаттамасы




2.5. Ауыр металдардың кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің

құрғақ биомасса жинауына әсері






2.6 Кейбір табиғи астық тұқымдас өсімдіктердің жекеленген мүшелерінде ауыр металдардың таралу ерекшеліктері




3. Нәтижені талқылау




3.1. Ауыр металдардың экологиялық рөлі




3.2. Топырақтың ауыр металдармен ластануын зерттеу нәтижелері




3.3. Өсіміктердегі ауыр металдардың мөлшері. Кеніштен қашықтаған сайынғы өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшері




3.4. Қоршаған ортаны қорғау




Қорытынды




Ұсыныстар




Пайдаланған әдебиеттер





Кіріспе

Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасымен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Құмкөл кен орыны және тағы басқа мұнай-газ кен орындарын игеретін Қызылорда облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.

Мұнай-газ өндіруде баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Сонымен қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге


қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. «Ол үшін Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рыногқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет» - делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа Жолдауында. Демек, мұнай-газ өндірудің табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Топырақтардағы ауыр металдардың аумақтық, кескіндік орналасу заңдылықтарының сипаттамасын беру, олардың миграциясы мен аккумуляцияларының ерекшеліктерін анықтау және ландшафтардың ластануға тұрақтылығын зерттеу геохимиялық құрылымын бағалауға негіз болып табылады. Бұған қосымша, бұл зерттеулер топырақтардың химиялық құрамын, сол аумақтың литологиялы-құрылыстық сипатын, техногендік, биологиялық зат айналымының ерекшеліктерін айқындайды. Осының бәрі ластану үрдісінің индикаторы ретінде топырақтың құрамы мен қасиеттерін зерттеудегі үлкен ғылыми және практикалық өзектілігін көрсетеді.

Топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежелері туралы ақпаратты мониторингтерді жүйелендіру, техногендік жағдайдағы өсімдікке, топырақ биотасына әсер етулері ландшафтарды зерттеудің өзекті экологиялық мақсаты болып табылады.

Табиғи экожүйелердің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тек мұнай өндіруші аймақта ғана емес, одан алыстағы аймақтарға да экологиялық проблема туындатады. Мұнайдың апатты және кездейсоқ төгілуі кезінде топырақтың физикалық-химиялық қасиеттері өзгеріп, су-ауа режимі бұзылады, топырақтың микробиологиялық белсенділігі бәсеңдеп, биоценоз құрылымы өзгереді.

Бұл аймақта мұнай өндіру кезіндегі ластану қаупі мұнай-газ қабаттарының күрделі геологиялық құрылысынан, жоғары қысым және осы кен орны мұнайының флюидальды құрамынан туындайды.

Мұнай және мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдікте жиналып, қоректік тізбек арқылы жануар және адам организміне түседі, сол арқылы аймақтың экожүйесіне және халық денсаулығына нұқсан келтіреді.

Мұнаймен, оны өңдеу кезіндегі өнімдермен және оның жеке компоненттерімен ластанған топырақты тазарту мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.

Сондықтан топырақтың мұнаймен ластануының экологиялық зардаптарын зерттеу және тазартудың қайсы- бір әдістерін пайдалануды, утилизациялау мен рекультивациялауды экономикалық тұрғыдан негіздеу аса маңызды міндет болып табылады.




жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау