Ауыр металлдардың өсімдіктерге әсерін бағалау


Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі



жүктеу 0,91 Mb.
бет7/16
Дата04.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#31485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
дипломная

2.3. Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі
Өсімдік жасушасындағы хромосомалардың құрылымдық өзгерістеріне анализ жасау үшін, цитогенетикалық зерттеу әдісі қолданылды. Ол үшін интенсивті бөліну сатысындағы ұлпалар пайдаланылады. Митоз стадиясындағы соматикалық хромосомаларды зерттеу, кариотипін қарастыру және хромосомалық өзгерістерді есепке алу үшін тамыр ұшындағы меристемалық ұлпа пайдаланылады, ол үшін қажетті метериалдар төмендегідей өңдеуден өткізіледі.

Тұқымды өндіру. Алдын-ала 12 сағат көлемінде суға салынған өсімдік тұқымын Петри табақшаларындағы ылғалды фильтр қағаздарында өндіреміз. Ол үшін +25-280С термостатта тұқымның өркені 10-15 мм жеткенше ұстаймыз.

Кариотиптік зерттеу жүргізу немесе хромосомалардың санын анықтау үшін метафазалы пластинка стадиясындағы көп жасушалар қажет.

Фиксация. Цитогенетикалық зерттеулер үшін әдетте хромосома нуклеопротоидтерін коагуляциялайтын фиксаторлар пайдаланылады. Біз ядролық құрылымды зерттеуде кең қолданылатын фиксаторды, яғни 96%-ті сірке қышқылы мен 96%-ті этил спиртінің қоспасы (1:1) қолдандық. Мацерация. Мацерация жасуша аралық байланыстарды әлсірету және жасуша қабырғаларын бұзу үшін пайдаланылады. Мацерация 3,0 N НСІ ерітіндісінде материалды 20-30 минут ұстау арқылы орындалады. Материалды мацерациялаған соң бірінше рет жуады.

Күкірт қышқылды фуксин ерітіндісімен бояу. Фиксацияланған материалды 3 рет дисстилденген сумен жуады. Салқын гидролиз жасалынады. Соның нәтижесінде, ДНК молекуласы пуринді негіздердің әлсіз қышқылды гидролизі нәтижесінде бос альдегид топтары түзіледі де күкірт қышқылды фуксин ерітіндісімен әрекеттеседі. Нәтижесінде хромосомалар күлгін-қызыл түске боялады.

Жасуша аралық байланыс пен жасуша қабықшасын бұзу үшін ферментативті мацерация жүргізіледі. Содан соң объектіні бір тамшы сірке қышқылымен бірге зат шынысына қойып препаратты инемен ұсақтап, бетін жабын шынысымен жабады. Иненің сабымен шынының бетін ұрғылап ауаны шығарады. Фильтр қағазымен жауып қатты басып езеді. Осылайша жазықтықта шашырап жатқан хромосомалардың қабатын алған соң, сірке қышқылы ұшып кетпес үшін препараттың жиегін глицеринмен бекітеді. Дайындалған препарат МБИ-3 жарық микроскоптарының көмегімен (х90 обьективпен үлкейту арқылы) зерттеледі.





    1. жүктеу 0,91 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау